Материалдар / Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілінен қызықты логикалық тапсырмалар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауыш сыныптарға арналған қазақ тілінен қызықты логикалық тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылып отырған «Логикалық тапсырма» 4 - сыныптағы қазақ тілінің бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгертуді көздейді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
21467
31 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Логикалық тапсырмалар.

Ұсынылып отырған «Логикалық тапсырма» 4 - сыныптағы қазақ тілінің бағдарламалық мазмұнын тереңдетіп меңгертуді көздейді. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, баланың шығармашылық қабілетін дамыта түсу үшін, оқушының дарындылығын тану үшін қазақ тілі пәнінен логикалық тапсырмаларға баса назар аударылды.

Берілген тапсырмаларды орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой өрісін кеңейтіп есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады.

Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушының интеллектуалдық деңгейін көтереді.

«Логикалық тапсырмалар» оқушының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.

Тапсырма

Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.

А) Семей, Астана, Қарағанды, Өскемен.

Ә) Әсем, Сырым, Райгүл, Айбек

Б) Қалам, дәптер, өшіргіш, сызғыш

А) __________________________________________

Ә) __________________________________________

Б__________________________________________



Дыбысы жоқ болса да,

Алфавитте орны бар.

Оқылмайтын жазса да,

Қай белгі ол табыңдар.

Шешуі _______ ____



Тапсырма

Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.



«А» дегенің –Ана,

«Б» дегенің-бала.

«Б» дегенің –баға,

«Бестен» басқа алма.



Жуан

Жіңішке

Қатаң

Ұяң

Үнді

...................

...............

................

.................

.................



У - дыбысының жазылуы

У - әрпі кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбысты білдіреді.

Уыс –дауыссыз, өйткені дауыстының алдында тұр.

Суға -дауысты дыбыс, екі дауыссыздың ортасында тұр.

Тауық -екі дауыстының ортасында келсе, дауыссыз дыбыс.

У дыбысына біткен қимылды білдіретін сөздерге у дыбыс қосылғанда екі у жазылады. Мысалы: Жуу, қуу, буу

Тапсырма

Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.

Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.



Дауысты : __________________________________

Дауыссыз : __________________________________

Тапсырма

Кестені толтыр.

Да уысты у Дауыссыз у

Тулақ Уәзір

__________________ _________________

__________________ _________________

__________________ _________________

__________________ _________________



Я, ю, ё әріптерінің жазылуы



я=й+а

ю=й+у

ё=й+о



я, ю, ё - әріптердің дауысты дыбыстар. Бұл әріптер жеке тұрып та, дауыссыздармен тіркесіп келіп буын құрайды.

Есік жоғын ұқтық,

Люктен шықтық.

Елка деген-бұрыс,

Шырша деген-дұрыс.

Қ. Мырза Әли.

Тапсырма

Сөз жұмбақты шеш.







я

Кісінің аты



я



Кісінің аты





я



Шөп







Шөп







я



Жәндік аты





я



Адамның дене мүшесі



Ф, В - дыбысының жазылуы.



В - ұяң дауыссыз дыбыс

Ф- қатаң дауыссыз дыбыс.

Бұл дыбыстар сөздің барлық буынында келеді.

Ч, щ,ц,х,һ –қатаң дауыссыз дыбыстар.



Қызықтырып бізді,

Ағам чертеж сызды.

Біздің туған шаһарда,

Тұрады көп қаһарман.

Циклон- ол дауыл,

Көрді соны ауыл.

Зообақта көп хайуане,

Келген бәрі қайдан?!

Ащы тамақ ауыр,

Тұщы тамақ тәуір.

Қ. Мырза Әли

Тапсырма

Өлең жолдарынан қатаң дауыссыз дыбыстарды тап. Олардың неліктен қатаң дыбыс екенін дәлелде.







Тапсырма

Берілген екі сурет бойынша екі бөлек әңгіме құра. Құраған әңгімелеріңде қандай ұқсастық және қандай айырмашылық болды, ол неге байланысты?

--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Тапсырма

Дәмді шөпті таңдаған,

Дәмді шөпті толғаған.

Дағдысынша Дуадақ,

Даланы еркін шарлдаған.

Шырмалған шырмауық,

Шүпірлеп шығыпты.

Шілдеде су ішпей бір ауық,

Шытынап бұтағы сыныпты

Өкпелеп қуып,

Көшкен ауылды.

Өкпем өшті,

Өкшем ауырды.

Жаңылтпаштарды тез қайтала және жаттап ал. Қай дыбыстың көп қайталанғанына назар аудар.

*Өзің де дауыссыз дыбыстарға жаңылтпаш құра.

Мәтін бере отырып қателерін тапқызу, жазылуы күрделі сөздермен жұмыс жасату, іздендіру. Орфографиялық сөздікпен жұмыс жасау.

* Сөзжұмбақ құрату, шештіру.

* Түбірлес сөздерден картотека тергізіп жасату

Анаграмма «К» әрпіне

К









К









К









К









К









К









К









К









К









К









  1. Кісінің аты

  2. Ұя салмайтын құс

  3. Жанғыш пайдалы қазба

  4. Тағам түрі

  5. ... білім бұлағы

  6. Жер қазатын құрал

  7. Қыста ұйықтайтын жануар

  8. Спорт түрі

  9. Жәрдем жасау

  10. Машина, автобус, трамвайдың жалпы атауы

Тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.

ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, Гау...ар, … адиша, жи…аз, …оккей, қа….арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка, кон...ерт, стан....ия, ....ифр, ...абар.

Тапсырма

ұ, ү дыбыстарына мысал келтір.

Мысалы: Ұядан, үйге, ұмытшақ, үйірсек.



* Мына сөздердің жазылуын есіңде сақта!

Тәрбиелейді, дағдысынша, баулиды, көгілдірі, баулудағы.

Тапсырма

Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Қорада емес сарайда,

Аспанда емес тоғайда.

Отында жоқ кйеде,

Жылқыда жоқ, түйеде.

Қырда емес, сайда бар,

Құнанда жоқ, тайда бар.

Бұл жұмбақты шешетін

Тапқыр бала қайда бар?

Қай әріп? ........

Тапсырма

1.Берілген өлең жолдарынан ілік септігінің жалғауын тап.

Көзімнің қарасы,

Көңілімнің сарасы.

Бітпейді іштегі

Ғашықтың жарасы.

2. Көп нүктенің орнына н, ң әріптерін қойып, көшіріп жаз.

Адамны..., ананы..., қошақаны..., алақанны..., ауылды..., сананы..., жаманны..., түнні..., қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны..., оқушымсы..., перзентімні..., балапаны..., арманымны....

Тапсырма

Төмендегі дауыссыз дыбыстардың ортасына оң жақтағы дауысты дыбысты араластырып, қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Шешуі не?

Ж П Н Д Б Р Н Р -

А а а і ә

С Б Р У З Ж Б Қ ,

Е а а ы а ы

Ш Л Р М З Г Л Н Д

А ы а е і і е

Б У Р Н Ж З П ,

А ы а ы

Ш Н Д Т Л П Ж Т -

І і е о ы о ,

К Н Қ З Н С Б Р ,

А а ы а ы а

Қ Р К Қ П П И Д -

О е ы а а

Л Н Р Т М М Х Л Қ ,

А а а а а ы

Сөйлем

Сөйлем бірнеше сөздерден құралады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Айтылу сазына қарай үш түрі болады. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.

Тапсырма

Берілген сызба бойынша сөйлем құра.

________ __________ __________ .

__________ __________ __________ ?

__________ __________ __________!



Тапсырма

Берілген сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.

1. Біз баққа бардық. 2. Сәуле үшінші сыныпта оқиды. 3. М.Әуезов 1897 жылы туған. 4. Абай – ұлы ақын. 5. Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап оқулық жазды.

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

Тапсырма

Жұмбақтар

Сидам аяқ, ұзын мойын:

Таң қаласың көрсең бойын.

Тілі - ұзын, жемі - тікен,

Мейірбан жуас айуан екен. (Керік)

Мүйізі бар тұмсықта,

Өте қатал мінезі.

Аяқтары қып-қысқа,

Сом денелі аң өзі. (Мүйізтұмсық)

Алшаң-алшаң басады,

Құйрығында шашағы,

Аң біткен одан қашады. (Арыстан)

Жұмбақтардың шешуі не туралы? Олар туралы баяндап бере аласыңба?

Тапсырма

«Балқарағай, омарташы, қанағат, ұсынылатын» сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау

Үлгі:

«Балқарағай» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау

(Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар, балға, Арай, қарға, лақ, арал...)

Тапсырма

Тәуелсіздік жастар рухы ап келген,

Қазағыма бақыт берген, бақ берген.

Тәуелсіздік мерекеміз бүгінгі,

Мәңгілікке орын алшы нақ төрден.

өлеңдегі ойға назар аударып, қара сөзбен баяндап беріңдер. Қандай дыбыстар үндесіп тұр, неліктен деп ойлайсың?

Тапсырма

«Ұйқасын тап»

  1. Өзінше ноян,

Қорқақ кім... (қоян)

  1. Алмастан тыным,

Шабады ... (құлын)

  1. Бата алмас түлкі,

Үсті тікен ... (кірпі)

  1. Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы ... (арыстан)

*Өздерің де осы үлгіде ойын құрастырып келіңдер.

Дидактикалық ойын

Мақсаты: Зат есім туралы түсініктерін кеңейте отырып, балалардың сенсорлық қабілетін (сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу) дамыту.

Ойын шарты: Оқушының көзі байланады. Қорапшаның ішінен түйме, бор, бет орамал, алма, ермексаз, сақина т. б заттарды оқушылар кезек-кезек көзі байланып тұрған оқушыға ұстатады. Оқушы баланы да, затты да дұрыс таба білу керек.

Жұмбақ шешу

Белі қылдай, кең құрсақ,

Жұмыскер жәндік соны тап. (Құмырсқа)

Ызыңдауын қоймайды,

Қанға өмірі тоймайды. (Маса)

Ас көрсе-ақ болды жалайды,

Ауру содан тарайды. (Шыбын)

Жұмбақтың шешуінен нені аңғардың, олар туралы не айта аласың?

Жұрнақтар ойыны.

Қай жұрнақ жүр жайлауда?

Көп шалғынды қойнауда.

(сиыршы, қойшы, жылқышы, сауыншы)

Қай жұрнақ жүр құрылыста?

Қызып алған жұмыста.

(тас қалаушы, сылақшы, сүргілеуі)

Бір жұрнақ бар затқа қосылса,

Оның сапасына, сынына айналады.

(ат-ты, көрік-ті, еп-ті, қоным-ды...)

Шарада.

Бұрыл десем тезірек,

Түбірін тауып алдағы.

Ыс-ты жалға басына,

Пішініңді сал дағы,

Жаңа ұғымды табасың,

Оны біліп аласың. (бет-бұр-ыс)



Бір ақынның атында

Үш буын мен екі сөз.

Үш дауысты тірегі,

Айтшы кімдер біледі? (Тұ-ман-бай)



Етістікке ал деген,

Қоссам өлім жазасын.

Ертегіден, аңыздан,

Оны тауып аласың. (Ал-дар)

Сәйкестендіру тесті

1. Кім? 1.Сәкен, Ертіс, Байшұбар

2. Кімдер? 2. домбыра, гүл

3. Не? 3. оқушы , ана

4. Нелер? 4. әндер, құстар

5. Жалқы есім түрі 5. оқушылар, аналар

6.Жалпы есім түрі: 6. Қобыз, ән, құс



Тапсырма

Тұрақты тіркестердің мағынасын балама сөздермен ашыңдар.



Үлгі:

Аузына құм құйылды - аузын ашпау.



  1. Жұлдызы қарсы -

  2. Көз қырын салу –

  3. Құрдай жэорғалау –

  4. Дүние есігін ашу –

  5. Жаны мұрнының ұшына келу –

  6. Ат тонын ала қашты –

  7. Тас бауыр –

Тапсырма

Суретке қарап, әңгіме құрап, сөйлемдегі зат есімдердің астын сыз.





_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

_____________________________________________

Тапсырма

Өлеңнен зат есімдерді теріп жазып, мағынасын аш.

Мәз болады болысың

Мәз болады болысың,

Арқаға ұлық қаққанға.

Шілтірейтіп орыстың,

Шенді шекпен жапқанға.



Үйі мәз боп, қой сойды,

Сүйіншіге шапқанға.

Әуре қылды, салды ойран,

Үйдегі тыныш жатқанға.



Еш нәрсе емес жұбанар,

Ақыл көзбен баққанға.

Жас баладай қуанар,

Бір дәмдіні татқанға.



Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы



Өлеңнен таңдап алынған сөз

Түсініктеме

Болыс

Ел басқаратын адам. Өз қарамағындағы бүкіл халықтың қамын жейді. Оларға көмектеседі...













Тапсырма

«С»-дан басталатын сегіз сөз.

Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын:

1.Сұйық зат

2.Зат немесе құбылыс атауы

3.Дақыл атауы

4.Жеміс аты

5.Қарудың аты

6.Жоғары оқу орнының оқушысы

7.Өсімдік атауы

8.Студентке төленетін айлық

С





С







С









С











С













С















С

















С



















Тапсырма

Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?



Жақын қалды көмбе,

Бұл жерге оны көмбе!



Тапсырма

Сәйкестендіру тесті

1. Қандай? 1. таза

2. Қай? 2. ақылды

3. Негізгі сын есім: 3. қара

4. Туынды сын есім: 4. ойлы



Тапсырма



Тақырыпқа сай, тілдік қорын молайтуға, сөз мағынасын үйрететін ойын түрлері.

Мысалы: Үлгі.

«Өсімдік» сөзге байланысты, сонымен байланысқа түсетін сөздер.

Кәрі емен, селдір селеу, бұйра тал, шашақты қарағай, желекті сасыр, сұлу қайың, қайыспас емен, топтанған тобылғы, боз қараған, бұйра көкпек, иісті жусан, шашылған ши, мөлдіреген долана.



І  топ Бала..........................................................................................

ІІ топ Құс..........................................................................................

Сан есім.

Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.

Қанша? Неше? алты, жеті, он бір.

Нешінші? бірінші, оныншы

Нешеу ? екеу, жетеу.

Дара сан есім: он, алты.

Күрделі сан есім: он бес, жиырма сегіз

Есептік: бір, екі, үш

Реттік: бесінші, алтыншы.

Тапсырма

Өлеңді оқып, сан есімдердің астын сыз.

Он саусақ

Жалғыз саусақ тіпте де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.



Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.



Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

2. Өлеңді қара сөзге айналдыр.

Тапсырма



Сәйкестендіру тесті



1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз

2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.

3. Нешеу ? 3. жеті, он бір.

4. Дара сан есім: 4. он, алты.

5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.

6. Есептік: 6. бірінші, оныншы

7. Реттік: 7. бір, екі, үш



Тапсырма

Сан есімге байланысты мақал-мәтел жаз.

1 ____________________________________________

2 ____________________________________________

3 ____________________________________________



Тапсырма

Лексикалық ойын.

Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.



Білімді............... жығады, білекті............... жығады.

............ауыз сөздің тобықтай түйіні.



Етістік

Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.

Не істеді? Келді.

Қайтті? Кісінеді.

Неғылды? Ұшты

Негізгі етістік: біл.

Туынды етістік: шеге+ле, сап+а

Дара: оқы, кел.

Күрделі етісітік: оқып отыр, келе жатыр.

Болымды етістік: айт,бар, жүр

Болымсыз етістік: айтпа, барма, жүрме.



Тапсырма

Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға. 2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа. 5.Олар, алмады, жұмыртқаны.

Етістіктерді тап. Олардың түбірін, қосымшасын тауып, мағыналық түріне ажырат. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.



Тапсырма

Өлеңнен адамның қимыл –қозғалысын бейнелейтін сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіруге тырыс.



Күлембай

Күштілерім сөз айтса,

Бас изеймін шыбындап,

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап,

Сияз бар десе жүрегім

Орнықпайды суылдап...

Сыртқыларға сыр бермей,

Құр күлемін жымыңдап...

Жай жүргенде бір күні,



Үлгі:

«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы



Өлеңнен таңдап алынған етістік сөз

Түсініктеме

Орнықпайды суылдап.



Суылдау сөзін көбіне шөптерге пайдаланады. Шөптердің салмағы болмағандықтан олар жел соқса да қасынан қатты жүгіріп өтсең де қозғалып кетеді. Бірақ бұл арадағы суыл адамның қорқақтығын айтып тұр.















Тапсырма

Он дара етістік жазыңдар. Біріншісі-бір, екіншісі-екі, үшіншісі-үш т.с.с оныншысы он әріптен, барлығы да «Е» әрпінен басталатын әр формадағы етістік болсын.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!