Бастауыш сыныптарға арналған тест жинақтары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сыныптарға арналған тест жинақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып тест
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 нұсқа

4 СЫНЫП

Математикалық сауаттылық

1. 76 342-нің алдындағы сан

  1. 76 324

  2. 76 343

  3. 76 314

  4. 76 341


2. Кестенің бос торкөздеріне қойлатын сандар

Бөлінгіш


458 · 2 + 84

Бөлгіш

52 ·3


Бөліндінің мәні

230

40

  1. 881 және 45

  2. 4 205 және 20

  3. 11 960 және 18

  4. 35 880 және 25


3. 879564 санының 325678 санынан нешеуі артық

  1. 553757

  2. 454562

  3. 549870

  4. 553886


4. а=5 болғандағы а∙ 2005 әріпті өрнегінің мәні

  1. 11025

  2. 10025

  3. 1025

  4. 2025


5. Әсемгүлдің ата-анасы «Метро» ойын-сауық орталығына 2 билет алды. Екеуінің орындары қатар, анасының орны билетте көрсетілген, әкесі сол жақтан отырады. Билеттерге төленген ақшаны және екінші орынның нөмірі:

Билет 27 желтоқсан КРЦ "Метро" басталуы: сағат 17 : 00

Бағасы: 1700 т 12-қатар 25-орын

  1. 3 400 тг, 24 - орын

  2. 3 600 тг, 25 - орын

  3. 3 400 тг, 26 - орын

  4. 1 700 тг, 24 – орын


6. х+1640=12320 теңдеуінің шешуі

  1. 1680

  2. 10780

  3. 10680

  4. 11680


7. Ауданы 360 м2, ені 10 м болатын жер телімінің ұзындығы

  1. 36 м

  2. 370 м

  3. 350 м

  4. 90 м


8. 810 030 санын разрядтық қосылғыштарға жікте

  1. 810 030 = 8 + 1 + 3

  2. 810 030 = 800 000 + 10 000 + 30

  3. 810 030 = 810 000 + 30

  4. 810 030 = 80 + 10 + 30


9. Өрнектің мәнін тап: 9 000-ды 18 есе кемітіп, шыққан санды 9 есе арттыр

  1. 4 500

  2. 45

  3. 500

  4. 100


10. (а + в) · с өрнегіне сай әріпті өрнек

  1. (а + с) + в

  2. (а · в) · с

  3. а · с+ в · с

  4. (а + в) · с


11. Қысқаша жазуды пайдаланып, есепті шығар

Р – 1 800 мм

а – 600 мм

в - ? мм

  1. 400

  2. 500

  3. 900

  4. 300


12. Айнұрдың анасы оның достарына арнап 40 самсаны 3 тәрелкеге салып берді. Бірінші және екінші тәрелкеде 27 самса, ал екінші және үшіншіде – 28 самса. Әр тәрелкедегі самсаның саны:

  1. 13, 13, 14

  2. 15,15, 10

  3. 12, 15, 13

  4. 5, 15, 20


Жаратылыстану сауаттылығы


13. Тірі ағзалардың арасындағы қарым-қатынас қалай аталады?

  1. тозаңдану

  2. қоректік тізбек

  3. симбиоз

  4. қоректену


14. Өткір тырнағы болмайтын жануарлар тобының атауы

  1. жыртқыштар

  2. өсімдікқоректілер

  3. аюлар

  4. бүркіттер


15. Еліміздегі мемлекеттік қорықтар саны:

  1. 30

  2. 15

  3. 5

  4. 10


16. Жойылу шегінде тұрған жануарлар қатарын белгіле:

  1. қара дегелек, қоқиқаз, барыс

  2. аю, үй қоян, қоян

  3. түлкі, қасқыр, қоян

  4. ит, мысық, аю


17. Сыртқы ортадан келген әсерге жауап беретін мүшелер жүйесі - ....

  1. тынысалу мүшелері

  2. зәр шығару мүшелері

  3. жүйке жүйесі

  4. сезім мүшелері


18. Жыртқыш жануарлардың ерекшелігі

  1. иіс сезе алмайды

  2. қараңғыда жақсы көреді бірақ түс ажырата алмайды

  3. қараңғыда нашар көреді,иіс жақсы сезеді

  4. түстерді ажыратуында


19. Даму кезеңі үш сатыдан тұратын бунақденелі:

  1. шегіртке

  2. бал ара

  3. қанқыз

  4. көбелек


20. Дыбыстың кері шағылуынан пайда болатын дыбыс қалай аталады?

  1. түтік

  2. қоңырау

  3. термометр

  4. жаңғырық


Оқу сауаттылығы

Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Мәтін №1

Сынық құмыра

Бір қарт адам екі ұшына құмыра ілінген жуан таяқты мойнына асып, бұлақтан үйіне су тасиды екен. Бұл құмыралардың бірінің жанында жарықшақ бар екен.Үйге жеткенше судың жартысы тамшылаумен азайып қалады екен. Ал екінші құмыра бүтін кемшіліксіз болыпты. Қария үйіне жеткенде бір жарым құмыра су қалады екен. Бүтін құмыра өз міндетін таза орындаған үшін қатты тәкаппарланытын көрінеді, ал жарық құмыра болса қатты ұялып өкінеді екен. Екі жыл өткен соң бір күні тесік құмыра, қарияға былай депті:

Қатты ыңғайсызданып жүрмін. Бүйірімдегі жарықшақтың кесірінен тасыған судың жартысы үйге жеткенше босқа төгіліп жатыр. Сонда қария күлімсіреп құмыраға былай депті:

Сен ештеңені байқамадың ба? Сен жақтағы жолдың тұсы гүлдерге толы. Ал екінші құмыраның тұсында ешқандай гүл жоқ. Мен о бастан сенің бүйіріңдегі жарықты біліп, сол тарапқа гүлдің тұқымын еккен болатынмын және күнде мен су тасығанда сен ол гүлдерді суарып өтесің. Екі жыл болды сол әдемі гүлдерді жинап үйімді сәндеп жүрмін. Егер де сенің сол тесігің болмағанда, үйімді осыншама көркейтіп, гүлдендіре алмас едім…


21. Мәтіннің жанрын анықта

  1. өлең

  2. ертегі

  3. аңыз

  4. мақал

22. Қарияның даналығы байқалатын әрекет

  1. Тесік құмыраны жұбатқаны

  2. Гүлдің тұқымын еккендігі

  3. Үйді әдемі гүлмен сәндендіруі

  4. Тесік құмыраны лақтырмағаны

23. Мәтін мазмұнын түйіндейтін мақал-мәтел

  1. Жақсы ниет — жарым ырыс.

  2. Жағымпаз — жасқаншақ, Жаман — мақтаншақ.

  3. Өзіңді өзің сыйламасаң, Өзгеден сый күтпе.

  4. Азаматтық жасай алмаған адам – Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей.


24. Мәтіндегі бүтін құмыраның сипатын көрсет.

  1. Ұялшақ

  2. Жасқаншақ

  3. Тәкаппар

  4. Бүйірі жарық

Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Мәтін №2

Күріш туралы сыр


Мақсұт Нұрылдаев бала кезінде әкесінің аузынан мынандай бір аңыз естіді.

Баяғыда Сыр өңірі-ырысты өлке болыпты. Ақ күріш жайқала өсіп, қамба астыққа толыпты. Халықтың қуанышы Сырдария өзеніндей тасыған кез екен. Ауылдағы күріш егетін жалғыз қарт кәрілік жеңіп, төсек тартып жатып қалыпты. Сонда әлгі ақсақал ауылдастарын жиып алып:

- Жарандар, асарымды асап, жасарымды жасадым. «Ас адамның арқауы» деген ғой, ол еңбекпен табылады. Арқауы бос арқан үзілгіш келетінін ұмытпаңдар. Көктем болса, мынау, келіп қалды. Егін егу қажет. Кетпен ұстар кім бар? Көзімнің тірісінде қасиетті кетпенімді өз қолыммен табыс етейін. Елін Асырайтын ер қайда, қайсың барсың?-депті.

Жиылған жұрт үн-түнсіз. Қарттар жастарға, жастар ақсақалдарға қарайды.

-«Сыр өңірі қамысты келеді, Сыр перзенті намысты келеді»,-деуші еді аталарымыз. Намыссыздар ғана қалғаны ма, түге? Бұларың қалай? Кім бар менің қолымнан кетпенді алар?

Тіс жарып сөйлеген тірі жан болмайды. Қарт диқан теріс қарай аунап түседі де мәңгілік көз жұмады.

Көктем өтеді, жаз өтеді. Қыс қаhарына мінген шақта қамбадағы ақ күріш те таусылады. Ала жаздай атқа мініп, көкпар шапқанына мәз боп жүрген көпшілік не істерін білмей, қатты күйзеледі.

«Ақымақтың ақылы түстен кейін енеді» дегендей, бәрі де бармағын тістеп, диқан атаның тілін алмағанына өкінеді. «Енді жаз шықса, бәріміз де күріш егейік»,-деп келіседі.

Әкесі осы жерге келгенде Мақсұт:

- Әке, мен де күрішші боламын!-деді алысқа қарап.

Содан бері көп жыл өтті.

Баяғы ертегінің әсері ме, өзінің таңдағаны ма, -әйтеуір, Мақсұт агрономдық білім алып шықты. Талай жыл диқандардың күріштен мол өнім алуына көмектесіп, тапқырлығымен, еңбекқорлығымен елін сүйсіндірді.



25. Ауылдастарын жинаған кім?

  1. Мақсұттың әкесі

  2. ақсақал

  3. Мақсұт

  4. қарттар


26. Шығарманың негізгі ойы қандай?

  1. еңбек ету

  2. күрішші болу

  3. кетпенді табыстау

  4. агрономдық білім алу


27. Үзіндіден теңеуді тап.

Халықтың қуанышы Сырдария өзеніндей тасыған екен.

  1. тасыған

  2. халықтың

  3. өзеніндей

  4. қуанышы


28. Әңгіме жоспарының дұрыс ретін тап.

1. Күйзелген көпшілік

2. Ырысты өлке

3. Мақсұт – агроном

4. Ақсақал сөзі


    1. 3,2,4,1

    2. 4,1,3,2

    3. 2,3,1,4

    4. 2,4,1,3


29. Үзінді шығарманың қай бөлігі?

Көктем мен жаз өтеді. Қыс қаһарына мінген шақта қамбадағы ақ күріш те таусылады.

  1. сюжеттің басталуы

  2. сюжеттің шешімі

  3. сюжеттің дамуы

  4. сюжеттің шиеленісуі


30. Әңгіме қорытындысына сай келетін нақыл сөз.

  1. еңбек түбі – береке

  2. еңбек етте мақтан, ойнап күл де шаттан

  3. еңбегі аздың өнбегі аз

  4. еңбек етпей, елге өкпелеме. Егін екпей жерге өкпелеме



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2025
215
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі