жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бастауыш сыныптарына арналған Жаңа жыл мерекесінің сценарийі
Жаңа жылдық мерекеге арналған сценарии
Авторы: Коккозова Назигуль Курманбаевна
Қарағанды обл. Балқаш қ.
Жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебі
І аққала: Ассалаумағалайкум! Құрметті қонақтар!
ІІ аққала: Армысыздар, ардақты ұстаздар, оқушылар!
І аққала:
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Ит жылы келіп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
ІІ аққала:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
(І аққалаға) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
І аққала: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!
ІІ аққала: Құрметті, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен
Бірге: Құттықтаймыз!
ІІ аққала:
Жаңа
жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын
болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге
қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп
тұрып.
І аққала: Өзінің құттықтау әнімен ортаға әншілеріңіз (ұл, қыз) келіп тұр екен, қарсы алыңыздар!
Музыка қосылады. Ән
1 аққала -Бірдеңе ұмытып кеткен сияқты сезімім кетпей тұр (уайымдап турады)
2 аққала - Айттым гой йодамарин іш деп саган.
1 аққала – (дорбасын ақтарады).
- Ойбой әбден ұмытып кеттім ))))
Шырша мерекесіне ормандағы достарымызға Түлкіге, Қасқырға, Қоянға шақыру хаттарын беруге ұмытып кеттім.
Сол уақытта Ақшақар кіреді. Музыка ойнайды
Ақшақар биі
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Жаңа
жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер
маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт -
жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле
тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай
тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні
жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Ақшақар: - Неге көңілсізсіздер?
Аққала1: Ормандағы достарымызды шақыруды ұмытып кетіппіз.
Ақшақар: - Жарайды әлі де кеш емес,
Маған Аяз ата ұялы телефон сыйлады. Қазір мен оларға ұялы телефоннан шақыру жаза салам.
СОТОВЫЙ ДЫБЫС
Бұған суретке түсуге болады
Селфиге түседі
2 Аққала: - Қандай тамаша зат!!
1 Аққала : - Қане көрсетші ! (деп барлығы шыршанын артына кетіп қалады)
(Түлкі кіреді де жан- жаққа қарап)
( Қасқырға қоңырау шалады)
- Әй, қасқыр, бізді Жаңа жылға шақырмапты
Қазір мен оларға көрсетем!!!
- Алло, Апатай, қалыныз қалай??
- Мен ғой Түлкі.
- Сізді жаңа жылға шақырды ма ?
- ААА Қалай ол ??
- Келіңіз, Шырша мерекесі басталды
ХА-ХА-ХА (Мысқылдап күліп кетеді)
(Ақшақар жане аққала шыршаның артынан кіреді)
1 Аққала: - Жақсы болды ғой барлық достарымызды шақырдық.
Ұялы телефон жақсы зат екен. Аяз атадан сұрап алмасам.
2 аққала: Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз атаны шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!
ІІ аққала: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлық балалардың қуанышы Аяз атаны ортаға шақырайық.
Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
ІІ аққала: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!
(Аяз ата келеді. Таяғын тарсылдата кіріп келеді)
Аяз ата:
Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,
Жауғанын жапалақтап көріп қардың,
Асыға ұшып келдім құрдай жорып,
Ал, достар алдарыңа келіп қалдым.
Оо, қарақтарым! Мен сендерді сағына жетіп келдім
Аяз ата: Қызым, мен адасып басқа мектепке кетіп қала жаздадым.Боран соққанда екеуіміз екі бөлек кетіп қалыппыз...... Жолда шырша мерекесіне келе жатқан қоянды кездестірдім. Бірге келдік.
Ақша қар: Аяз ата, дұрыс айтасыз! Иә, достар. Біз келгенше көптеген жерлерде болдық. Әлемнің әр жерінде той-думан болып жатыр. Бірақ мен сіздерге тез жол тауып келдім.
Ақша қар:- Ата, қараңызшы, қандай әдемі балалар!
Аяз Ата:- Менде сіздерге сиқырлы керемет бір зат әкелдім.
- бұл таяқша
- бұл жай таяқша емес.
- сиқырлы, барлық тілегіңді орындайды.
(Қорқақ қояндар батыл болады.
Таяқпен қояндардың басын түртеді.
Дірілдеп тұрған қояндар батыл, көңілді боп секіріп кетеді.)
Аққала1: - Қандай тамаша!!!
Аққала 2: Сіздің кұрметіңізге біздің оқушылар бірге шыршаны айналып ән айтқысы кеп тур.
Аяз ата:
Келтірейін сәніңді.
Бұзба енді мәніңді.
Әнші балалар, тоқтама,
Шырқап жіберіндер кәне, әндеріңді..
(Шырша әні)
Аяз ата:
Тамаша, тамаша,
Күн туылды жаңаша.
Тамасанады барлығы,
Өнеріне қараса.
Тамаша, тамаша!!!
Ата, бірақ шыршамыз жанбай тұр?!
Аяз ата:
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды, шырша шамдары жағылады.)
-«Шырша жан» «Шамдарыңды жарқырат»
«Шырша
жан» «Шамдарыңды жарқырат»
Аяз
ата:
Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап,
айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның
құрметіне ән айтып, шыршаны айналып
өтейік.
Ән
Аяз ата: - Таяғымды қоя тұрайын,
- Өзім шаршап кеттім.
Ақшақар: - Демалып отырыңыз.
Сол уақытта түлкі мен қасқыр кіріп таяқшаны ұрлап кетеді.
(музыка ойнайды)
Балалар айғайлайды.
Аққалалар артынан қуады шыршаны айналып. )
Түлкі қасқыр таяқшаны ұрлап шығып кетеді.
Аяз ата : - Ай, палелер таяқшамды ұрлап кетті. Мен сендерге көп әндер, билер, сыйлықтар сиқырлы таяқшамен ..көрсетем дегем.
Аққала: - Уайымдамаңыз, біздің оқушылар өздері өнерлі, дарынды.
Арнайы дайындалып келді.
Ендеше ортаға ...............................................
Қарсы алыңыздар!
Аяз ата: Тамаша! Керемет! (кәмпитерін береді)
Мыстан кемпір кіреді
АААААААААААААА!!!!
Мені шақырмадыңдар ғой !» Мен сендердің таяқшаларыңды ұрлап кеттім!!!
(Секіріп балаларды қорқытып шыршаны айналып өтеді)
Аққала 1: - Мыстан кемпір, біз сізді шақырдық .Ұялы телефоннан хат жібердік.
Мыстан кемпір: - А қазір көремін.
Бәрібір ренжідім. Мен таяқшадан (ойланып тұрып айтады)-
- Сұрайтыным ЖАС, Әдемі болғым келеді.
Қасқыр: МЕН ТІС сұраймын.
Түлкі: МЕН ше –МММ- Қалың тон!
Аққала 2: - Бұл таяқша Аяз атаны қана тындайды.
Мыстан кемпір: - Жоқ, мені де тындайды.
(Күліп қашып кетеді).
Аяз ата: - Қарақтарым, бұларға біз назар аудармай шырша мерекесін тойлай берейік. Өздері таяқшамды қайтарып береді. Көресіңдер.
Аққала 1: - Ал ендеше алдарыңызда ....... сынып
.........
Аяз
ата:
Ой , Жарайсыңдар, өнерлі екендерің
көрініп- ақ тұр!
Аққала2: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да, ән де жаөсы айтады.
Түлкі: Ішім пысты -эх)) (күрсінеді)
Мыстан кемпір: Қараңдар маған, қазір мына сиқырлы таяқша мені әдемі қылады - Қане, мені жас, әдемі қыл.
-Айна әкел!
- ХМ!!
Түлкі: бәлкім менің арманымды орындайды?.
Мыстан кемпір: Қане түлкіге жаңа тон бер!!!
Түлкі: Өзгеріс жоқ!!! МММ
Қасқыр:-Сендер қырсықсыңдар!!!
Менің арманымды орындайды
Түлкі: Міне қасқырға сүйек мүжу үшін, тіс бер кәнекей.
(Қасқыр сүйек алып кеміреді )
Қасқыр: - Ммм, тісім ауырып тұр.
Аққала1: Меніңше, сендер бірдеңе сұрағанда сиқырлы сөздерді қолданбайсыңдар.
Балалар, ол қандай сөздер?
Балалар Өтінем,Рахмет,Кешір!
Қоян: Мыстан кемпір, жас, әдемі көріну үшін меніңше көп жақсылық жасап көңілді боп және спортпен шұғылдану керек.
Мен сияқты.
Аққала: 2 Ал қасқыр, тісің ауырса, дәрігерге бар және тісіңді күнде тазала.
Аққала 1: Ал сен түлкі, тоның әдемі болу үшін көп витаминдер жеу керексің.
Мыстан кемпір: Түсіндім, мен мен әдемі жас болу үшін барлығын істеймін. Қане көңіл көтерейік.
Аяз ата : Бұның дұрыс болды.
Аққала: Балалар, көңіл көтеру үшін ойын ойнайық.
Әр сыныптан екі оқушыдан шықсын.
Бірінші біз ойынның шартын көрсетеміз.
Пимамен ойын.
Кім бірінші пима киіп шыршаны айналып келеді.
Екінші ойын.
Кім жылдам және көп қар жинап алады.
Түлкі: Кім шоколад жақсы көреді?
- Мен жақсы бір би білемін билейсіңдер ме ?
- Біздің артымыздан қайталаңыздар!!
Танец шоколадо.
Мыстан кемпір: Жасарып қалдым!!!
Аяз Ата оқушыларға кәмпит береді оқушыларға.
Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек.
Түлкі:
Ананы
да, алдадым,
Мынаны да алдадым.
Мен
түлкімін айлакер
Аяз ата, сыйлық бер.
(қолын жаяды)
Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен
қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын
өрістен.
Ұйқым кейде келмейді
Қозы
етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.
(осы
кезде Ит -жаңа жыл шыға келеді)
Ит,
тауықпен бірге шығады
Ей,
қасеке, қасеке
Сен де сұмдық адал
екенсің.
Мен тұрғанда қозы,
лақты
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф
- аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр
келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Би
билеп беремін.
Күшіктер би
Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. Жаңа жылымыз. Қандай қамқоршысың. Ит жыл бізге көп табыстар, молшылық, тыныштық, жақсылық, жетістіктер, тек қуанышты күндеріміз көп болатын жыл болсын.
- Ал сен ескі жыл не айтасың?
Тауық:
Мен ескі жылмын сіздерге молшылық бақыт әкелдім
Мына жылға тілер тілегім
Жасампаз заман, бұл заман
Бүгіннен ертең ғаламат
Алдыңғы қатарда боларсың
Қош сау болыңдар, балалар!!!
Музыка ойнайды.
Ән: «Жаңа жыл»
Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл - жаңа бағыт,
Әкелсін далама құт.
Өнерлерің көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін,
Өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге,
Көптен-көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар,
Тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше,
Амандықта болыңдар!
І аққала : Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
ІІ аққала: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
Аяз ата қызын ертіп, бірге шығып кетеді.
І аққала: Құрметті достар!
ІІ аққала: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!
І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!
Түлкі.- о - о, мыналарды қара! Аяз атадан сыйлық алмақшы. Сендерден бұрын мен аламын. (Аяз атаға келіп) Хи - хи - хи, Аяз ата, мен сіздерге өлең айтып берейін бе?
Аяз ата: Айта ғой, түлкішек
Түлкі:
Ананы
да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен
түлкімін айлакер
Аяз ата сыйлық бер.
(қолын жаяды)
Қасқыр: Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен
қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын
өрістен.
Ұйқым кейде келмейді
Қозы
етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.
(осы
кезде ит жаңа жыл шыға келеді)
Ит:
Ей,
қасеке, қасеке
Сен де сұмдық адал
екенсің.
Мен тұрғанда қозы,
лақты
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф
- аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр
келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ
айтып беремін.
«Көңілді
жаңа жылдық кейіпкерлер» биі
Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. Жаңа жылымыз. Қандай қамқоршысын. Ит жыл бізге көп табыстар, молшылық, тыныштық, жақсылық, жетістіктер, тек қуанышты күндеріміз көп болатын жыл болсын.
Шырша биі
Музықа ойнайды түлкі мен қасқыр ақырын кіріп келедіде
Шанасында жұмыртқа.
І аққала: - Ә !!! бәлем ұсталдындарма!!!
ІІ аққала: - ұста тез!!)))
ұста!!))
тұлкіні мен қаскырды Аяз атаға алып келеді !
Түлкі:
Кешіріндерші біз келесі жолы жамандық жасамаймыз ( жылап тұрады)
Ол мынау ғой қарнымыз тояды деп (қасқырға қарап ұрады)
Мен жақсамын
Қатысайықшы біз де Шырша мерекесіне?
Қасқыр: - Я, би билеп, олен айтқымаз келіптұр.
Тауық: - Жоқ кешірме бұл алаяқтарды!
Қатырып тастаныз бұларды)))
Құт! Құт! Құт!
Жұмыртқам қайда?!!
Аяз ата: - Қой ашуынды бас!
Ал сендер Сайқырлы жұмыртқаны әкеліндер!!
Тұлкі, Қасқыр: - Міне, міне
Ақшақар: - Бүгінше кешірейік оларды.
- Кешіреміз бе балалар?
Аяз ата:
Мен жылбой сендерге қарап, сендердің тәртіптерін бақылап
Өз комекшілеріменсендерге сыйлық дайындадым.
Ал енді комекшілерімді шақырайын!!
Олар да осы мерекеге бір би дайындап қелібет.
(Гном биі)
Аяз ата:
- Жарайсыңдар гномдар!
І аққала: - Бызбен бырге мерекемізді жалғастырайық. (Балаларды орнана тұрғызады)
Ақшақар: -Быреу жылаптурган сияқты естыдындер ме?
(Бір маймыл жылап шығады)
ІІ аққала: -Не болды?
Быреу ренжыттыме?
Мешін: - Жоқ
Тауық: - Тұлкі мен қасқыр шығар?
Мешін: - Жоқ
І аққала: -Не болды? Айтсаш!!
Мешін: Сендер мені ұмытып кеттіндер!
Аяз ата: Неге?, біз ұмытқанжоқпыз!!
Балалар айтындаршы не болды осы мешін жылымызда ?
(Мен бырыншы сыныпқа келдым, Тәуелсіздігімізге 25 жыл болды, меның денсаулығым мықты болды, менде достарым көбейды)
Балалар не айтамыз мешінге ?
Рахмет!!
Мешін: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім.
Мына
келер жылға айтар тілегім.
Қуанышты
ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын
мәңгі ашық аспан
2017 жыл қадам
басқан
Гүлденіп көркейе бер
Қазақстаным.
Келесі
жыл бастауын әтешке
берем
Сыздерге достарымен бір би арнадым.
(мешін биі)
Музыка ойнайды жұмыртқа жарылады
Тауық : Құт! Құт! Құт!
Жұмыртқанын ішынен кышкентай әнеш шығады.
Аяз
ата: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле,
төрле жаңа жыл
Бізге құтты
жол болсын.
Бәрекелді
жаңа жылым. Төрімізге шық. Бірімізге
жаңа бақыт, жаңа қуаныш ала кел.
Әтеш:
- Кукареку!!
- Кукареку!! (әтештің даусы шығады) шыршаны айналып шығады
- Сәлеметсіздерме!! (Оз балапандарын шақырады)
(Балапан биі)
Түлкі мен қасқыр сыйлықтын қасында искелеп жүреды.
Түлкі: - Бұнда не бар екен?
Қасқыр: - Бұнын ішінде көп ет бар шығар?
Аяз ата: - Не болды сендерге?
Бұнда сыйлықтар
Жыл бойы балалардың тәртіптері жақсы болыды және жақсы баға алды сол үшін мен оларға сыйлық әкелдім.
(Сыйлықтар биі)
Аяз ата: Ақшақар қызым менің қолғабымды көрген жоқсың ба?
І аққала: Қолғап тауып Аяз атадан сұрайды: Аяз ата мынау сіздің қолғабыңыз ба?
Аяз ата: Иә қолғап менікі (Балалар бір - біріне қолғапты беріп, Аяз ата балалардан алуға тырысады). Ойын: «Қолғапты қуып жету».
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, жылдам екенсіңдер.
ІІ аққала: Қане, балалар барлығымыз бірігіп ән айтайық.
Ән: «Жаңа жыл»
Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл - жаң бағыт,
Әкелсін далама құт.
Өнерлілерің көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін,
Өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге,
Көптен-көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар,
Тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше,
Амандықта болыңдар!
І аққала : Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
ІІ аққала: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
Аяз ата қызын ертіп, бірге шығып кетеді.
І аққала: Құрметті достар!
ІІ аққала: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!
І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!
Ән салынады. Ән айтылып болған соң Аяз ата әншіге сыйлығын береді.
ІІ жүргізуші: Аяз ата, көрдіңіз бе, біздің жастар өнерлі. Сіз келеді деп күтіп отырғандары қаншама?! Солардың да өнерін тамашаласақ.
ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға биші қыздарымызды шақырайық. "Салтанат" бишілер тобы. Қарсы алыңыздар!
Аяз ата:
Тамаша, тамаша,
Күн туылды жаңаша.
Тамасанады барлығы,
Өнеріне қараса.
Тамаша, тамаша!!!
Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына жастардың жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.
Сыйлықтар беріледі.
І жүргізуші:
Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі жастарымыз да бір риза болып қайтатын болды. Аяз ата, бізде ақын жастар да бар еді. Солдардың бірі сізге және Ақша қарға, Жаңа жылға арнаған жүрекжарды жырын оқып берсем деп тұр, қалай қарайсыз?!
Аяз ата:
Мынау жатқан қазақтың жері емес пе,
Ақындарын сыйлаған ел емес пе.
Биылғы келіп отырған жыл да қазақ халқы үшін қасиетті жылқы жылы! Ендеше бабына келіп отырған жүйрікті жібер ортаға! Өнеріне бір тамсанайық!
Ортаға ақын шығып өлеңін оқиды.
ІІ жүргізуші: Бәрекелді! Шабытың шарықтай берсін!
Ақша қар: Қандай керемет жыр жолдары!
Аяз ата: Көрдің бе, Ақша қар! Қазақ халқы сөздік қорға бай әрі тілдің майын тамыза сөйлейтін халық деп, саған жол бойы айтып едім ғой.
Дәл осы кезде сырт жақтан жүгіре басып қолдарында сиқырлы таяқтары бар Аяз атаның көмекшілері (ергежейлілер сияқты киінгендер) кіріп келеді.
Ергежейлілер: Сізді іздеп таппай жүр едік, ата! Қайда жүрсіз? Біздің сізге шағымымыз бар.
Аяз ата: Әй, жүгірмектер, мұнда не істеп жүрсіңдер, бар, тез қайтыңдар! Менің солтүстік даламды иесіз қалдырдыңдар ма?!
Ергежейлілер: Жоқ, ата! Сіз жыл сайын жастардың өнерін көремін деп кетіп қаласыз да, біздің өнерді бағаламайсыз. Бүгін, ақыры сәті түсіп тұр екен, осы жастарыңыз мықты болса, бізбен жарысып көрсін.
Бәрі жамырай шулап кетеді.
Аяз ата: Тоқтатыңдар! Тоқтаңдар, қане! Сендер бұларың үшін әлі-ақ жауап бересіңдер!
І жүргізуші: Аяз ата! Біз үшін бұл күтпеген жағдай, әрі тосын сый болды ғой. Олардың несін тоқтатасыз. Көрелік. Сіз және Ақша қар төреші боласыздар. Кім жеңімпаз екенін бірге анықтармыз. Сіздің көмекшілеріңізбен жарысуға біздің жастар дайын. Солай ма, жастар?
Жастар: Иә! Дайынбыз!
Аяз ата: Жақсы. Ендеше, бастаңдар өнерлеріңді.
Өнерлі жастар екі жаққа бөлініп жарысқа түседі. Кезек-кезегімен ән айтып, би билеп, қызықты сұрақтар қояды. Ойындар ойналады. Өнер жарысы аяқталған соң, Аяз ата сөз алады.
Аяз ата: Ой, бәрекелді! Мен мұндай ерекше кеште бірінші рет болудамын. Сендерге рақмет жастар, әрі сендерге де, көмекшілерім! Ақша қар, біз шынымен де өзіміздің өнерлі жандарға мән бермей жүре екенбіз ғой.
Ақша қар: Иә, ата! Бірінен-бірі өткен өнерпаздар екен!
ІІ жүргізуші: Ал, Аяз ата! Бағасы мен сыйлығын беріңіз бұл екі жақтың! Сіздіңше кім жеңді?
Аяз ата: Әәә не дейін, Жаңа жылдың осынау шаттықты кешінде бірі жеңілді, бірі жеңді деп айту маған да оңай емес. Дегенмен бүгін бірлік пен достық жеңсін. Мен өзімнің осы уақытқа дейінгі жолымда тек Ақша қарымды алып сапар шегетін едім. Енді қарап тұрсам бәрі басқаша екен. Ендігі жылдан бастап мен көмекшілерімді ерте келемін. Бірақ жарысу мақсатында емес, бірігіп өнер мен қызықтар көрсетіп, Жаңа жылдың жаңа күнін тойлатуға келемін.
І жүргізуші: Бәрекелді, Аяз ата!
ІІ жүргізуші: Шынымен де сөзіңіздің жаны бар! Екі жақ та өнерден кенде емес екендерін көрсетті. Жаңа жылда жарылқап, жүйрік аттай бірге қоса шауып сіздің көмекшілеріңізбен бірге біздің өнерлі жастар тартысты, көңілді кеш сыйлады. (Сағат тілі қаттырақ тық-тық етіп қағып кетеді сол кезде)
Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!
Жаңа жыл - жаң бағыт,
Әкелсін далама құт.
Өнерлілерің көп болсын,
Елде уайым жоқ болсын.
Тілектерің ақ болсын,
Бастарыңа бақ қонсын.
Келер жылы келермін,
Өнер тағы көрермін.
Сыйлық әкеп сендерге,
Көптен-көптен берермін.
Жақсылыққа толыңдар,
Тек биікке қоныңдар.
Келесі жылы көргенше,
Амандықта болыңдар!
І жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.
ІІ жүргізуші: Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.
Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.
І жүргізуші: Құрметті достар!
ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!
І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!
ІІ жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!
«Қош
келдің, Жаңа жыл» 2016 жылдың балаларға
арналған ертеңгілігі
Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан
үн
Бақытты
боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен
келді той деп жаңа жыл
Құтты
болсын жаңа бақыт достарым
Жүргізуші:
Құрметті балалар, ата - аналар, ұстаздар,
қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған
«Қош
келдің, Жаңа жыл» атты кешімізді бастауға
рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар
алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді
ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі
сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп
жатқан білім ұясының білікті басшысы
Түсіпқалиева Айзада Мұғиқызына
береміз.
Жүргізуші:
Осындай ғажап тілектен біз енді ертегілер
еліне саяхат жасап, жаңа жылымызды әрі
қарай мерекелейік.
1
Сайқымазақ: Армысыздар, Халайық!
2
Сайқымазақ: Жақсы жайғастыңыздар ма,
қымбатты достарым? Бәрі естіліп, көрініп
тұр ма? Бәріне орын жетті ма?
1
Сайқымазақ: Сендермен кездескендерімізге
өте қуаныштымыз. Біз бүгін жаңа жылдық
мерекені тойлағалы отырмыз.
2
Сайқымазақ: Бүгінгі мерекемізді көңілді
әуенмен шыршаны айналып өтуден
бастайық.
Хоровод
ән
1
Сайқымазақ: Біз мұнда жай отыру үшін
емес, ән айтып, би билеуге келдік.
Сондықтан көңіл көтерейік.
2
Сайқымазақ: Мен сендерге шығыстың түнін
қандай болатынын көрсетейін бе? Оны
көру үшін бір көзіңді жұмасын, ал екінші
көзіңмен мына жәшіктегі тесікке қарайсын.
Сонымен, ғажайып басталады.....
(
Ойынға қатысушының үстіне қара плащ
жабады, ойыншы тесікке қарайды, бірақ
ештеңе көре алмайды.)
1
Сайқымазақ: Қалай көрдің бе? (ойыншы
ештеңе жоқ деп жауап береді.)
1
Сайқымазақ: (ашуланып) Бұны қалай түсінуге
болады.
Бұл
не сұмдық сен ештеңе көрген жоқсынба?
Сен қараңғылықты көріп тұрсын. Ғажайып,
жұмбақ шығыс түні дегеніміз енді қара
сонда көресің. жәшікке қарайды.
(аржағынан
биші қыздар шыға келеді.)
Жүргізуші;
Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады
екен балалар қысқы уақытта
Ақшақарды
Қасына ертіп алып
Жер
бетін шарлайды екен дамыл таппай
Жүргізуші:
Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз
ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
2
Сайқымазақ: Кәне бәріміз қол шапалақтап
қарсы алайық!
(Аяз
ата ақшақарымен бірге кіріп келеді.)
Аяз
Ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл
қыздарға
Бүлдіршін
балаларға бір сәлем!
Қандай
жарқын жүздерің,
Қандай
әсем жырларың
Асулармен
алысқан,
Асау
желмен жарысқан
Аталарың
сендерге
Шаршап
келді алыстан
(Балалармен
амандасады.)
Ақшақар;
Амансыздар ма, балалар, ұстаздар, ата -
аналар. Өздеріңді сағынып келдік, жаңа
жылдарыңыз құтты болсын, Өтіп кеткен
Жылан жылымызға аман есен саулық тілеп,
келер жылымыз Жылқы жылына табыс жыл,
береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл
болсын деймін.
Ақшақар;
Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай
әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен.
Бәрі де сұлуланып кетіпті.
Шырша
шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық.
Барлығымыз «Шырша жан» «Шамдарыңды
жарқырат» деп айтайық. (Барлығы айқайлайды,
шырша шамдары жағылады.)
Аяз
ата: Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап,
айналаға қуаныш сыйлауда. Шыршаның
құрметіне ән айтып, шыршаны айналып
өтейік.
Би
(билеп
жатқанда ескі жыл шығады,)
Жылқы
жылы: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық,
бақыт әкелдім. Мына келер жылға айтар
тілегім.
Қуанышты
ортамыз сазға ұласқан
Тілегім
болсын мәңгі ашық аспан
2015
жыл қадам басқан
Гүлденіп
көркейе бер Қазақстаным.
Келесі
жыл бастауын қойға берем
(Сақнаға
қой шығады,)
Қой:
Сәлеметсіздер ме, кешіккен жоқпын ба,
мен сондай асықтым, сондай жүгірдім,
кешігем деп қатты қорықтым, уақытында
жеттім бе?
Жылқы
жыл:
Мен
тағы бір қонақпын
Он
екі жылда оралар
Үлкендерге
ақ ниет
Сіздерге
де ақниет
Сіздерге
де мың рахмет.
Барлығы:
Қош бол, жылқы, қош бол.
Ақшақар:
Қош келдің жаңа жыл.
Аяз
Ата: Ал айналайын жаңа жыл, келген
қадамыңа нұр бітсін. Мынау менің
ұлдарыммен қыздарым, мынау халқым саған
аманат. Он екі ай бойы бағып қағу сенің
мойныңда. Жақсы жыл бол, жаңа жыл.
Ән
«Қош келдің жаңа жыл»
(шыршаны
айнала билейді.)
Би
Аяз
ата; Бәрекелді жаңа жылым. Төрімізге
шық. Бірімізге жаңа бақыт, жаңа қуаныш
ала кел.
Жылқы;
Құрметтеріңізге рахмет. Шын көңілмен
жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын.
Байқаймын барлықтарыңыз да мерекеге
жақсы дайындалыпсыздар.
Жүргізуші:
Иә, барша балалар жаңа жылды қарсы алуға
келіп тұр.
Аязата:
Ал енді біз келместен бұрын бүлдіршіндеріміз
бізге тағы не әзірледі екен соны
көрейік.
Жаңа
жылдық би
Жаңа
жылдық әнмен шыршаны айналу
Жүргізуші:
Қане балалар Аязатамызды ортаға алып
өзіміздің дайындаған тақпақтарымызды
айтайық.
Ақшақар:
Қанекей балалар біріміздің артымызға
тұрып алып Аязатаға арнаған тақпақ,
өлең шумақтарымыз болса айтамыз.
(
аязата ортада отырып балалардың өлең
шумақтарын тыңдап сыйлықтарын
береді)
Ән:
Аязата:
Жаңа жылдарыңызбен достар, шанамызға
мінейік, ақшақарым, Алда барар ауыл, жыл
қуантсын баршаны.
Ақшақар:
Жаңа жылда сіздердің барлығыңызға
жақсылық тілеймін.
Барлығы:
Қош бол, Аязата, Ақшақар, Аязата
ақшақар......
Ән
Би
1
Сайқымазақ: Міне, қымбатты балалар,
бірлесіп, достасып өткізген мереке
қашанда қуанышты өтеді, достық, бірлік
бәріне де жеңеді. Аспанымызды бұлт
торламасын. Көктегі күніміз сөнбесін.
2
Сайқымазақ: Барлық жандар бір тілекке
қосқан үн
Бақыт
боп бастады жыл дастанын
Қуанышпен
келді той боп жаңа жыл.
Құтты
болсын жаңа бақыт достарым.
Жаңа
жылдық ән бұл мерекенің соңы сәтті
болады.
Жүргізуші:
Жаңа жылдарыңыз тағы да құтты болсын.
Соңы.
Жаңа 2017 жылға сай
безендірілген зал ортасында түрлі -
түсті жарқыраған ойыншықтары көз тартар
жасыл шырша орын алған. Жанға жайлы әсем
музыкамен балалар кіреді. Жүргізуші:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жыл
келді о, міне, Далама, қалама, жеріме
Шаттыққа бөлеп әр үйді, Шыға ғой менің
төріме. (Сиқыршы шығады) Сиқыршы:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Міне, мен де
сіздердің мерекелеріңе келдім. Сіздерге
жетем дегенше, орманнан өтіп бара жатып
жолдан кебіс тауып алдым. (Балаларға
көрсетіп) кім жоғалтып алуы мүмкін,
білмеймін? Жүргізуші: Мүмкін, балалардың
біреуі жоғалтып алған шығар. Сиқыршы:
Балалар, сендерге қарасам өнерлі балалар
сияқтысыңдар? Жүргізуші: Иә, сиқыршы
дұрыс айтасың, расында біздің балалар
шетінен өнерлі. «Сыңғырла, жаңа жыл»
биі. Сиқыршы: Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші: Сиқыршы, сен кебісті орманнан
таптың ба? Демек, орманға бару керек.
Жол табу керек. Барлық індерді, апандарды
қарау керек. Орманға біз шаңғымен
барамыз. (Балалар жұп болып қатарға
тұрып шыршаны айналады) Балалар
орындықтарға отырады, әуен шырқалады,
Қоян секіреді. Жүргізуші: Ой мынау не?
Балалар: Мынау, Қоян. Қоян: Сәлеметсіңдер
ме, балалар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен
құттықтаймын. Жүргізуші: Қоян, сен
кебістің екінші сыңарын көрген жоқсың
бе? Қоян: Жоқ, көрген жоқпын. Жүргізуші:
Енді, не істейміз? Сиқыршы: Қазір мен
барлық балаларды орман гномдарына
айналдырып жіберемін. (Сиқырлы таяқшасымен
балақайларды гномдарға айналдырып
жібереді). Жүргізуші: Қане, гномдар,
бірігіп билеңдер кебісті табыңдар.
«Гномдар биі». Сиқыршы: Жарайсыңдар
балалар, Жақсылап би биледіңдер. Бірақ
кебіс табылған жоқ. Жүргізуші: Мен
білемін біздерге Аққала көмектеседі.
Аққала: Сәлеметсіңдер ме, балақайлар!
Мен көңілді Аққаламын. Ойын - күлкі
әкелдім, Бақыт, қуаныш сыйлаймын. Мықты
денсаулықпенен. Жүргізуші: Қош келдің,
Аққала! Біздің басымызға қиындық түсіп,
көмек керек. Кебістің бір сыңары жоқ.
Аққала: Мен сендерге көмектесемін, бірақ
бір би тамашалап алайық. «Аққалалар
биі» Жүргізуші: Ой, балалар қараңдар,
Сиқырлы үйді қараңдар. Жарығы жанып
тұр, Терезесін қағайын. Кім тұратынын
сұрайын. Сиқыршы: Кім екен? Мұнда Ақшақар
тұрады. (Үйінен Ақшақар шығады). Ақшақар:
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер қандай
әдемісіңдер. Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен
құттықтаймын. Жүргізуші: Құрметті
Ақшақар, сізді Жаңа жыл мерекесіне
шақырамыз. Ақшақар: Мен билегенді
ұнатамын. Орманда түлкімен серуендеп
жүріп кебісімді жоғалтып алдым. Сиқыршы:
Балаларға қонаққа келе жатып, кебіс
тауып алдым, кебісіңді ала ғой. Ақшақар:
Көп рахмет сіздерге балақайлар. Жүргізуші:
Ақшақар, балаларымыздың дайындап келген
биі бар, бірге билеңіз. «Ақшақарлар биі»
Сиқыршы: Балалар сіздер ән айтқанды
ұнатасыздар ма? Ендеше ән айтайық. Ән:
«Ақшақар» Ақшақар: Балалар, Аяз ата әлі
келген жоқ па? Сиқыршы: Мен білемін, Аяз
ата балабақшаға келеді. Біздің шаңғыларымыз
қайда екен? Үйге қайтатын болды. (Балалар
жұптасып қатарға тұрады да шыршаны
айналады). (Әуенмен Аяз ата шығады). Аяз
ата: Мен көңілді Аяз атамын. Құрметті
балалар Сәлеметсіздер ме қыздар мен
ұлдар. Жүргізуші: Мүмкін Аяз атаны би
билеп қуантамыз, өнерімізді көрсетерміз.
«Қонжықтар» биі Жүргізуші: Балалар,
біздің шыршамыз көңілсіз, жабырқаулы.
Қане барлығымыз бірге үрлеп шыршаның
шамдарын жағайық. (Барлығы бірнеше үрлеп
шыршаның шамдарын жағады). Аяз ата:
Ақшақар қызым менің қолғабымды көрген
жоқсың ба? Сиқыршы: Қолғап тауып Аяз
атадан сұрайды: Аяз ата мынау сіздің
қолғабыңыз ба? Аяз ата: Иә қолғап менікі
(Балалар бір - біріне қолғапты беріп,
Аяз ата балалардан алуға тырысады).
Ойын: «Қолғапты қуып жету». Аяз ата:
Жарайсыңдар балалар, жылдам екенсіңдер.
Жүргізуші: Қане, балалар барлығымыз
бірігіп ән айтайық. Ән: «Жаңа жыл»
Ақшақар: Аяз ата, балаларға сыйлықтарын
беретін кез келді. Аяз ата: Дұрыс айтасың,
мінекей сыйлықтарың (сыйлықтарын
таратады). (Аяз ата, Ақшақар, Сиқыршы өз
тілектерін білдіріп, шығып кетеді).
Жүргізуші: Келесі жылы біз сізді сағына
күтеміз. Қош
болыңыздар!
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/scenarii/7221-balabaksha.html#read
©
www.ZHARAR.com

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген