Материалдар / БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНА ДИКТАНТ ЖАЗЫП ҮЙРЕТУДІҢ 15 АРНАЙЫ ӘДІСТЕМЕСІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНА ДИКТАНТ ЖАЗЫП ҮЙРЕТУДІҢ 15 АРНАЙЫ ӘДІСТЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
1-4 сынып оқушыларын диктант жазып үйретудің 15 тәсілі
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Диктанттар жинағы.
1-4 сынып

1 сынып.
Әліппе кезеңі.

Көру диктанты.
т, А, Т, а, п.
Дыбыстық диктант.
ғ, н, л, р.
Буындық диктант.
қа, нақ, рух, ға.
Сөздік диктант.
нан, сана, алаша.
Терме дикатнт.
Әсем бөлмеде жалғыз отыр. Ол әндетіп билеп жүр.
Осы сөйлемдердегі “Ә” дыбысы кездескен сөздерді теріп жазу.

Бақылау диктанты.
Аа, Ее, Ққ, Іі, Рр, Ңң, Шш, Тт.
Құрамында “а” және “р” әріптері бар төрт сөз ойлап жаз.

Сөздік диктант.
а) Дауысты дыбыстардың астын сызыңдар.
Ағаш, сабақ, есік, төбе.
ә) Дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
Өсімдік, парта, қалам, кітап.
б) Мына сөздерді буынға бөл.
Айран, шелек, еден, дүкен.

Бақылау диктанты.
Жанарда қалам бар. (3 сөз)

Бөлмеде гүл өсіп тұр. (4 сөз)

Қыс мезгілі. Балалар аққала жасады. (5 сөз)

Алтыбақан құрылды. Ән салынып би биленді. (6 сөз)

Қыр асында сайда
Жатыр үлкен айна. (көл) (7 сөз)

Жыл құстары ұшып келді. Оқушылар оларға ұя жасады. (8 сөз)

Көшіру диктанты.
Төлдер.

Көктем шығып қой қоздап,
Қозыларын емізді.
Сиырымыз бұзаулап,
Бізге уыз жегізді.
“Төлдер” сөзін буынға бөл.

Сөздік диктант.

а) циркуль, цирк, цемент, айтыс, сынып, сағат.
“Ц” дыбысы бар сөздердің астын сыз.
ә) ірімшік, ыдыс, ілгек, ырыс, есік, жұмыс.
б) ұршық, үркек, ұн, үн, ұнтақ, үскір.
Жуан дауыстыларды тап.

Бақылау диктанты.
Жаза.

Ерболат ұрыншақ бала. Түскі тамақ алдында тентектік жасады. Анасы оны бұрышқа тұрғызды.
(12 сөз)
Грамматикалық тапсырма.
“Тамақ” сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Сөздік диктант.

  1. Жіңішке дауысты дыбыстарды тап: ине, жіп, кілт, терезе, емен.

  2. Сөздерді буынға бөл: Әйнек, парта, гүлдер, суретші, сүлгі, қайың, таңертең, ауа, қайшы, қоңырау.

Ана тілі кезеңі.
Өздік диктант.

Қала аттарын алфавит бойынша көшіріп жаз.
а) Қостанай, Рудный, Жетіқара, Арқалық, Лисаковск, Жамбыл, Павлодар, Шымкент, Өскемен, Теміртау, Орал.
ә) Мына сөйлемді дұрыс құрастыр:
Еріді қар. Болат кесті ағашты. Ойнады Әсет доп.
б) Мәтінде неше сөз бар.
Құмырсқалар кішкентай болғанына қарамастан ұйымшыл келеді.
в) “Мектеп” тақырыбына байланысты мәтін құрастыр. (2-3 сөйлем)
г) Заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жаз:

Қасқыр.
Малдың жауы қасқырды,
Шопан ділдеп басқа ұрды.
Сыпырып ап терісін,
Көршісіне тапсырды.
д) Кім? Кімдер сұрағына жауап беретін сөздерді жазу.
Үлгі: оқушылар – оқушы.

Диктант.
Қоңыр үйрек.

Жаз. Күн ыстық. Әкем екеуміз шөп шабуға бардық. Шабындықтың шөбі қалың екен. Ойламаған жерден үйрек ұша жөнелді. Мен шошып кеттім.
(20 сөз)

Көмекші.

Күн жексенбі болатын. Жерде жылтылдаған қырбық қар бар. Есет қалың киініп далаға шықты. Ол қар күреп жатқан атасына көмектесті. (20 сөз)

Нөсер.

Кенет нөсер құйып кетті. Арасында – бармақтай бұршақ. Аспаннан сатырлап жерге түседі. Бір кезде нөсер басылды. (15 сөз)

Бақылау диктанты.
Гүлдер.

Жайлауға келіп рақаттандық. Маусымның гүл жарған сарғыш, ақшыл көк шөптері самал желмен тербеледі. Біз гүл тердік. (16 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Заттың сынын білдіретін сөздерді тауып, астын сыз.

Мереке.

Біздің Еркін биыл тұңғыш рет мектептегі жаңа жыл мерекесіне барды. Жасыл шыршаны айнала қоршаған өз достарымен бірге ән салып би биледі.
(20 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
“Мерекесіне” сөзін тасымалда.

Сөйлемдегі сөздердің байланысын тап:
Ағай сыныпқа көңілді кірді. Қарлығаш ұясына қонды.

Сандарды сөзбен жаз:
8,9,50,40,7

Диктант.
Екі дос.

Үзіліс кезінде балалар Мұратты ортаға алып шашылған мақта жайында сұрады. Елеусіз қалып қоған Асқардың көзіне жас келді. Өзінің қорқақ, өтірікші атанғанына ұялып жылап жіберді. (24 сөз)

Терме диктант.

Жұматай сол жылы бірінші сыныптан бастап жақсы оқыды. Атасының ақыл айтқанына төрт жыл болды. Жандос бүгін бес алды.
Аталған сөйлемдерден сан есімді тауып астын сыз.
Тыныс белгілерін қой.
Темір үндемеді ағаштың бұтағын кім сындырды қош бол алтын ұям
Диктант.
Қарлығаш.

Арада екі күн өткен соң қарлығаш оралып қораға ұя салды. Өзіне серік тауып жаздай мекендеп жүрді. Асан ылғи бақылап отырды. Күз келіп құстар қайта бастағанда бұл қарлығаш та көрінбей кетті. (28 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Асан ылғи бақылап отырады сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.

Бақылау диктанты.
Қуаныш.

Талғат бірінші сыныпты үздік бағамен бітірді. Соңғы қоңырауда оған мақтау қағазын тапсырды. Талғаттың қуанышында шек жоқ. Ол қағазын ең алдымен анасына көрсетті. Талғатқа анасы қуанып батасын берді. (27 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Өздік диктант.

I. Жоғалған әріпті қойып, көшіріп жаз.
Сер… ен, қара… ым, жа..а, саб…н, ..йрек, жа…лау, сылдырма… .
II. Заттың сынын білдіретін сөздерді қойып жаз.
… гүл, ….. адам, … оқушы, ….. дәптер, ….. жол, …… қыс.
III Сұраулы сөйлемге айналдыр.
Атам қалаға келді. Бүгін төрт сабақ болады. Бүгін күн жылы.

Көшіру диктанты.
Мақалдар.

I. Өнер көңілдің – анасы,
Ақылдың баласы.

II. Досың саған қараса,
Қасың жерге қарайды.

III. Білім арзан, білу қымбат.

2 сынып.
1 – сыныпта өткенді қайталау.
Түрлі диктанттармен басқа да жазу жұмыстарын жүргізуге арналған үлгілік мәтіндер.
У әрпінің емлесі. Сөдік диктант.
Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы.
Тапсырмалар:
1) Сөздерді буынға бөліп жаз.
2) Дауысты дыбыстың астын бір сызықпен, дауыссыз дыбыстың астын екі сызықпен сыз.
3) Осы сөздерді қолданып, екі сөйлем құрап жаз.

Көшіру диктанты.
Көктем.
Қары еріп даланың,
Арықтардан су ақты.
Ақ жүзіндей ананың,
Күндер келді шуақты.
(Ш.Әлдібеков)
Тапсырма.
У әрпі бар сөздерді тап.

Бақылау диктанты.
Жайлауда.
Әкем екеуміз жайлауға бардық. Онда мен гүл тердім. Жайлаудың ауасы өте таза. Жиі-жиі жаңбыр жауады. Біз атқа мініп қой бақтық. (21 сөз)
Диктант.
Күз болды.
Күз болды. Жапырақтар қурай бастады. Жұрт саудырап кепкен пішендерін қораларына тасып жатыр. Қырман дәнге толды. (15 сөз)
Тапсырма.
Қурай сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Ы, І әріптерінің емлесі.
Сөздік диктант.
Жазушы, толқын, қызық, халық, берекелі, бейбітшілік, әңгіме, тәрбиеші, әнші. (9 сөз)

Буындық диктант.
Іс, іс-кер, іш, іш-ті, ки-ді, ы-дыс, Ы-рыс-ты.
Аш-ты, ме-йір-ім-ді, піс-ті, мұ-ға-лім, шаң-ғы, іл-ді.

Көшіру диктанты.
Оқушы боламын.
Мен оқушы боламын,
Жақсы баға аламын.
Таудай үлкен талабым,
Содан жақсы сабағым.
(Б.Сарыбасова.)
Тапсырмалары.
1) Ы-әріптерінің астын сыз.
2) Ы-дыбысы бар сөздерді буынға бөліп жаз.

Диктант.
Аңшылық.
Қазақ даласында аңшылықтың кең тараған түрі – аңды бүркітпен аулау. Бүркіт ұстаған адамды саятшы дейді. Бүркітті аңшылар тез қолға үйренгіш деп есептейді. (21 сөз)
Тапсырма.
1) Бүркіт сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2) Соңғы сөйлемдегі жіңішке дауысты дыбыстарды тауып, бір сызықпен сыз
И әрпінің емлесі.
Сөздік диктант.
Инабатты, иек, инелік, иманды, киік, қасиет, мәдениет, Нәзима, Қалима, сыйлық, тыйым, сыйласу. (12 сөз)

Көру диктанты.
Әрқашанда таң атпай,
Оятады сағаттай.
(әтеш).
Тауық, үйрек – үй құстары. Торғай – кішкентай құс.
Тапсырма.
Дауыссыз й — дыбысының астын сыз.
Көру диктанты.
Иіс.
Жайнатқан кең аймағын,
Атам бағбан айтулы.
Киімінен әрдайым,
Көк иісі аңқиды.
Дастарханы толы дәм,
Айнадай бар ыдысы.
Апамның ақ қолынан,
Шығады нан иісі.
(Қастек Баянбай)

Тапсырма.
И — әрпі бар сөздердің астын бір сызықпен сыз.
И — әрпі бар сөздерді буынға бөл.
Сөздік диктант.
Кітап, қалам, тиін, сыйлық, мүйіз, жиырма, кітапхана, лайық, рұқсат, оймақ. (10 сөз)

Ю, Я әріптерінің емлесі .
Терме диктант

1 )Әміре Қашаубаев – қазақтың атақты әншісі.Әміре Қашаубаев кедей шаруа жанұясында туып өскен.Әміре ауылдық Жаяу Мұса,Майра Уәлиқызы сияқты әншілермен танысып,өнерін одан әрі шыңдай түседі.
2) Ақбілек қиюын қиыстырып,бар өнерін салып,текемет басты(Ж.Аймауытов).Көз алғысыз әдемі оюлардың өңі кетіп қурай бастаған(Ғ.Мұстафин) Қыр мұрынды ,қою қара қасты ,қара торы жігіт кіріп келді.(Ғ.Мүсірепов)

Ү,Ұ әріптерінің емлесі
Сөздік диктант

Үлкен,сүлгі,бұрыш, бүгін,ұқыпты,түн,бұлбұл, үрей, үкі, ұйықтады. (10 сөз)

Диктант
Немере

Әжейдің немере қызы бар еді. Бұрын немере қызы кішкентай болатын.Ол ылғи ұйықтап жататын. Ал әжей өзі нан пісіріп, үй сыпыратын. Кейін әжей қартайды.Ал немересі әжесі үшін нан пісіретін болды. (Л.Толстой)

Тапсырма
1)Соңғы сөйлемдердегі сөздердің байланысын тап және сыз
2)Немересі сөзін тасымалда.

О,Ө әріптерінің емлесі
Сөздік диктанг

Шөбере, Ботагөз, төлдер,көзілдірік, Қостанай,ой, ойыншық, отыру,осы, сол, Орынтай ,орындық, отау, отын, Отан,оқ, өрік,дөңгелек,өшіргіш,өтірік.

Көшіру диктанты.

Тойдың сәні-ән-жыр, ойын-сауық. Асаба тойды өзі бастап, қыздырып әкетеді. Қонақтарға сөз берудің өзіндік реті болады. Әнші көпшілік алдында өнерлерін көрсетеді. (23 сөз) (Сен білесің бе?)
Тапсырма
О,Ө әріптері бар сөздерді тап, буынға бөл.

Өздік жұмыс

Дәр…гер, с..з, …сірді, ..ң, к…л,
Осы сөздерге сөйлем құр.
Жіңішке дауысты дыбыстардың астын бір сызықпен сыз.

Дауыссыз дыбыстардың емлесі.
Қ,Ғ әріптерінің емлесі
Сөздік диктант

Қайық,қиын,қозы,шаңғы,шағала,ғасыр,ғалым,сағыныш,сұңқар,қозғалыс, қараңғы,қарындаш.

Шығармашылық диктант

Сурет бойынша Қыс мезгілі.
Қыс …. . Қыс айлары: …., ….., …… . Қыста …… демалыс болады. Біз демаламыз, …… . Балалар ….. жақсы көреді.
Тапсырма
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жаз.

Өздік диктант
Тоқтар Әубәкіров –ғарыш әлеміне ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері.Тоқтар ата-анасынан жастай жетім қалып,апасының тәрбиесінде болған. Ол ұшқыш болуды армандаған.
Тапсырма
Сөйлемдерді көшіріп жазып,дауыссыз дыбыстардың астын екі рет сыз.
Қатаң дауыссыз дыбыстарды теріп жаз.

Б,п әріптерінің емлесі
Сөздік диктант

Клуб,штаб,қап,сап,кітап,мектеп,шөп.
Тапсырма
Ы,і әріптерінің тиістісін қосып жаз. Үш сөйлем құр.

Н,ң әріптерінің емлесі
Көшіру диктанты
Мақалдар

1.Еріншектің ертеңі бітпес.
2.Күшіңе сенбе ,біліміңе сен.
3Досыңа ат берсең,
Ақырын жүр деме.
Тапсырма
Н,ң әріптерінің астын сыз.
Н,ң әріптері бар сөздерді буынға бөл.

Сөздік диктант

Шаңғы, аңшы,теңіз,нанбайды,қоңырау,көгершін,қоян. (7 сөз)

Диктант
Пайдалы кеңес.
Кітап-сенің досың. Кітапты күтіп ұста.Бетін бүктеме.Кітап-білім бұлағы. Кітапты көп оқу керек. Көп оқыған көп біледі.(19 сөз.)
Тапсырма
Үш буынды сөздерді буынға бөліп жаз.
Кітап –сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Көшіру диктанты.
Аққала.

Жиналдық та көп бала,
Соқтық әне, аққала.
Аққаламыз әдемі,
Қарай қалдық шаттана.
“Бала” сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Көшіру диктанты.
Қыс.

Ақ қар басқан дала әлі,
Жазылмаған парақтай.
Қоян қорқып қарады,
Жан – жағына алақтай.
“Қыс” туралы шағын әңгіме құрастыр.

Сөз және оның құрамы
Бақылау диктанты.
Әжесінің баласы.

Есін білетін күннен Алмас әжесіне үйір болды. Жанынан бір елі аттап шықпайды. Дүкенге де бірге барады. Сірә, әжесіндей ертегіні көп білетін адам жоқ шығар жер бетінде. Алмас әжесінің осыншалықты ертегілерді қайдан білетініне таң қалды. Қалай ұмытпайтынына қызығады. (36 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
“Ертегілерді” сөзін тасымалда.

Бақылау диктанты.
Желге мінген желөкпе.

Мұрат таудан төмен қарай шаңғы теуіп келе жатқан. Шаңғының тура жолында өздері соққан аққала тұрған болатын. Мұрат оны қағып өте шықты. Аққаланың басындағы шелек Мұраттың басына киіліп қалды. Сыпырғыш та желөкпе баланың қолында кетті. Аққала қатты ренжіді. (36 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
“Таудан” сөзінің түбірі мен қосымшасын ажырат.

Сөйлем және оның түрлері
Гүлді баптау.

Жандостың апасы сары құмыраға әдемі қызыл гүл өсірді. Оған өзі су құйып, баптап күтуші еді. Осыны үнемі көріп жүрген кішкентай Жандос та гүлдерді баптағысы келіп кетті. Анасы жұмысқа кеткенде дастархандағы гүлдің суретіне су құйды. Су еденге төгілді. Жандос суретке су құюға болмайтынын енді түсінді. (41 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1) 1-ші сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.

Диктант.
Орман тамашасы.

Біз орманға бардық. Бір теректің айналысы қарақатқа тұнып тұр екен. Себетімізді толтырып ауылға қайттық. Құдайберген алдымыздан жүгіріп шықты. Бір себет қарақатты бере қойдым. Киіз үйге келіп шай іштік. Апам қаймақ пен бауырсаққа тойғызды. Сыртқа шықтық. Күн күлімдеп тұр.
(37 сөз)

Бақылау диктанты.
Доп.

Сұлтан үйде кітап оқып отыр еді. Мұншама қызық болар ма! Ол өзін — өзі ұмытып, қым-қиғаш оқиғаның ішіне еніп кеткендей. Кенет қатты тарс-тұрс, шатыр-шұтыр дыбыс шықты. Басын көтерем дегенше доп кеудесіне топ ете түсті. Сұлтан есін жиды. (38 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Сұлтан есін жиды. Сөйлемдегі етістікті тап.

Диктант.
Қаракөк қозы.

Қозы тез өсті. Ең алдымен екі айыр мүйізі жылдам өсіп жетілді. Өзімен бірге туған төлдердің төбесінен қарайды және ерке. Мектептен келген Дәмірдің соңынан еріп жүргені, ойнақтап, секіреді. Құйрығының ұшы аппақ. Бұл да оның ерекшілігі еді. (35 сөз)

Бақылау диктанты.
Ағаттық.

Бейбіт мектепке келгенде балалар тыста ойнап жатқан. Сөмкесін қойғалы сыныпқа кірді. Өз партасына жақындағанда қызылды – жасылды бір затқа көзі түсті. Анықтап қараса, шоколад екен. Шоколадты қолына алды. Бірақ жеуге дәті бармады. Шоколадты орнына қойды. Далаға шықты. Үрейден құтылып, қуанып кетті. (40 сөз)
Грамматикалық тапсырма:
1-ші сөйлемдегі дауыссыз үнді дыбыстардың астын сыз.

Көшіру диктанты
Кім жомарт?Не жомарт?
-Кім жомарт?
-Батыр жомарт
Халық үшін жанын берген!
-Кім жомарт?
-Ұстаз жомарт –
Бар балаға тәлім берген!
-Не жомарт?
-Жер жомарт –
Адамзатты асыраған!
-Не жомарт?
-Күн жомарт –
Жерге нұры шашыраған!
(М.Әлімбаев)

Зат есім
Көшіру диктанты.
I.Көбелек.
Ақ көбелек, көбелек,
Айтқаныма көне кет.
Жаңбыр жауып келеді,
Жаңа – жаңа себелеп.

II. Алатау.
Қошқар мүйіз киелі,
Қарала тақия киеді.
Абыз ата Алатау,
Құздарды жапқан кілемі.

Диктант.
Қызғалдақ пен Қарасора.

Қызғалдақты бір бала үзіп алды да алақанымен сипап құшырлана иіскеді. Қызғалдақпен бала жүзі төңіректі нұрландырып жіберген. Бала Қарасораға қарамады. Жапыра басып жүгіре жөнелді. Қарасора өскен жерді диқандар жыртып тастады. (28 сөз)

Бақылау диктанты.
Қарамұрын.

Қарамұрын есейді. Адам иісін аңдар мен құстардың иісінен жаңылмай ажырататын болды. Орманда жеміс – жидек көп. Қарамұрын солармен қоректенетін болды. Сондықтан жылқымен сиырға тиіспейді. Адамға тіпті жуымайды. (25 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
2-ші сөйлемдегі жуан дауысты дыбыстардың астын сыз.

Көшіру диктанты.
Алғыр тазы.

Иттің бір тұқымы – тазы. Тазы итпен бабаларымыз аң аулаған. Тазы – артық қырым еті жоқ ит. Онымен қасқыр, түлкі, қарсақ, мысықтан гөрі итті жақсы көрген.
Ит адамға қолқанат болып, мал күзеткен. Ақын, сазгер Ақан серінің де жүйрік тазысы болған. (37сөз)

Диктант.
Аэропорт.

Кішкентай Айгүл демалысқа шыққан әке-шешесімен бірге Алматыға ұшатын болды. Қуанышында шек жоқ. Апасы жол жабдығын әзірлегенше, әкесі екеуі ұшаққа билет алуға кетті. Аэрофлот кассасының алды ығы – жығы кісі. Бірақ кезек тез жылжыды. Кассаға барып билет сатып алды. (38 сөз)

Көшіру диктанты.

Қаздар аспанда тізіліп ұшып барады. Сапар қаздардың ұшқанын қызықтап, қарап тұр. Ол қол бұлғап құстарды шығарып салды.
(17 сөз)
Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сұрағына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Етістік.

Бақылау диктанты.
Көктем.

Көктем шықты. Дала қырмызы жасыл кілем жамылды. Арық бойларын мөлдір су қуалап, күн көзімен жалтылдап ойнай бастады. Жас шыбықтар бүршік жарып, жапырақ жайды. Жер гүлденіп, дала түрленді. (27 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Не істейді? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөзді тап. Астын сыз.

Диктант.
Хрусталь.

Әсем бөлмеде жалғыз болғанымен көңілді еді. Өзімен — өзі болып, әндетіп билеп жүрді. Сонан соң, диванға барып отырды. Анасына көмектескісі келіп кетті. Қолына шүберек алып, серванттың қасына барды. Хрусталь вазаны алып, сүрте бергенде, қолынан түсіп кетіп, сындырып алды.
(37 сөз)

Көшіру диктанты.
Мысықтың айласы.
I. Сайынның тағы да,
Іші қатты пысыпты.
Жатып алып жанына,
Умаждады мысықты.

II. Жұлқылауын қойды да,
Суға сала бастады…
Жіп тақты да мойнына,
Талға байлап тастады.

III. Бейімбет Майлин жазушы Ғабит Мүсіреповпен бірігіп, “Амангелді” кинофильміне сценарий жазған. Бейімбет Майлин есімін халық қашанда қадір тұтады.

Диктант.
Шар.

Көкесі жұмысын ысырып шар үрлеуге кірісті. Көк шарды үлкен етіп үрледі. Аузын буды. Жіп тақты. Айбек көк шарды ұстап жүгіре жөнелді. Көп кешікпей Сапақ келді. Жүні жығылып қалған. Шар жарылған. Көп кешікпей Айбек келді. (35 сөз)

Сын есім.

Бақылау диктанты.
Әже өнері.

Маржан қалада оқитын. Жазғы демалыста ауылға келді. Әсіресе әжесін сағынып қалыпты. Қасынан шықпады. Әжесінің қолынан келмейтін ісі жоқ. Түрлі-түсті оюлар салып, текемет басады. Әшекей — өрнекті сырмақ сырады. Тоқыған алашасы көздің жауын алады. Үй мүліктерінің көбі әжесінің қолынан шыққан. (39 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
1. Мәтіндегі сын есімдерді тауып, сұрақ қойып, астын сыз.
2. “Әшекей” сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Диктант.
Менің күшігім.

Менің күшігім бар. Өзі сүп-сүйкімді, әрі пысық. Күшігімнің аты – Ақтөс. Айтқаныңды екі етпейді. Қозыларды да сол бағады. Үйді де күзетеді. Есік алдына бөтен мал келе қалса, қуып жібереді. Менің сондай күшігім болғанына өте қуанамын. (33 сөз)

Көшіру диктанты
Бағдаршам
Үш көзді батыр,
Жол көрсетер батыл.
Үш көзі үш түрлі:
Қызыл ,сары,жасыл.
Жұмбақ
Дөп-дөңгелек доптай
Іші қызыл шоқтай
Дәмін татып көрсең
Одан дәмді жоқтай
Тапсырма
Сын есімдерді тауып астын сыз.

Сан есім.

Диктант.
Демалыста.

Нұрлан менің сыныптасым. Биыл екеуміз де екінші сыныпқа көштік. Үйіміз фермада. Екеуміздің әкеміз бақташы. Нұрлан жазғы демалысты балық аулаумен өткізді. Әкесіне де мал қайыруға көмектеседі. (24 сөз)

Көшіру диктанты.
Өтірік өлең.

Туғаннан соң мен – дағы
Он жасымда омала
Бесігімде жатыппын.
Тыныш жатпай онда да –
Алты қоян атыппын.

Өздік жұмысы.
Аяз.

Бірде ағасы Мұрат пен інісі Марат екеуі қардан жасалған дөңге ойнауға барды. Ол екеуі ұзақ уақыт сол дөңде ойнады. Бір уақытта інісі жылап жіберді. Мұрат інісіне қараса, бетін аяз шалыпты. (29 сөз)

Өздік жұмыс.
“Біздің сынып” тақырыбына шағын мәтін құрастыр.

Өздік диктант.

  1. Заттың қимылын білдіретін 3 сөз жаз.

  2. Заттың атын білдіретін 5 сөз жаз.

  3. Заттың сапасын, түр – түсін білдіретін 2 сөз жаз.

  4. Буынға бөл.
    Көбелек, терезе, орындық, нан, айна.

  5. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сыз. Дауысты -, дауыссыз =.
    Достық, ескерткіш, кезекші, шүберек, өшіргіш. (5 сөз)

Диктант.
Аулада
Біздің үй өте үлкен.Ол бес қабатты.Ауланы таза ұстаймыз.Ауламызда қызыл,ақ,көк гүлдер өседі.Оларды өзіміз күтеміз. (19 сөз)

Тапсырма
Сөйлемдердің ішінен сан есім мен сын есімдерді тауып астын сыз,сұрақ қой.

Бақылау диктанты.
Әдепті бала
Автобусқа сегіз-тоғыз жасар бала мінді.Билет алып,бір бос орынға отырды.Екі-үш аялдамадан кейін автобусқа алпыс-жетпіс жастағы әже мінді.Бала әжеге өз орнын ұсынды.Әже оған алғыс айтты.(31 сөз)

Тапсырма
Сан есімдерді тауып, сұрақ қой.

3 сынып
2-ші сыныпты қайталау.

Сөздік диктант.
Көркею,есею,молаю,таяз,пияз,сия,сыйымды,сипау,уыз,жуу,уқалау,уәде.
(12сөз)
Тапсырма
Төрт сөзге сөйлем құр.

Өздік жұмыс
Әр топқа жататын сөздерді топтап жаз.
1 Көлік түрлері:
2 Туыстық қатынасты білдіретін сөздер:
3 Табиғат құбылысын білдіретін сөздер:
4 Дене мүшелері.

Дауыссыз үнді дыбыстарының астын сыз.
Шығармашылық диктант.
1 Өседі,қаптап,жерде ,арша таулы.
2 Аласа ,бойы, болады, аршаның.
3 Жанады, өте, жақсы,ол.
4 Көгеріп, тұрады, ол, қысы-жазы.
Тапсырма.
Сөздердің орнын ауыстырып сөйлемдерді дұрыс құр

Сөздік диктант
Циркуль,аэропорт,чемодан,қаһарман,вокзал,веллосипед,фабрика,ферма,щетка,хабар,айдаһар,хаттама.(12 сөз)
Тапсырма
Қалаған төрт сөзді буынға бөл.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!