Материалдар / Бастауыш сыныптарында Қазіргі заманғы интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі, білім сапасына әсері

Бастауыш сыныптарында Қазіргі заманғы интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі, білім сапасына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныптарында қазіргі заманғы интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі, білім сапасына әсері жайлы баяндама
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Айдарова Женискул Сәтбековна

Б.Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің

бастауыш сынып оқу жұмыс жөніндегі орынбасары.


Бастауыш сыныптарында қазіргі заманғы интерактивті технологияларды қолданудың тиімділігі, білім сапасына әсері


Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелерінде қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

«Инновация» деген сөз – латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Зерттеулер бойынша «инновация» - педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс – тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.

Инновациялық іс-әрекет – дәстүрлі іс - әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады.

Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады.

Ұстаздар алдындағы міндет – жеке тұлғаның дамуына жағдай жасап, шәкірттерді жан- жақты даярланған азамат етіп шығару. Өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, мемлекеттік тілді сауатты меңгеруге қалыптастыру. Жалпы білім аймағында тілдерді оқыту ең басты орыналады. Ол оқушының қарым қатынастық мәдениетін қалыптастырады, танымдық, инабаттылық, эстетикалық мәдениетін дамытады.

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.

Бастауыш сыныптарының басты талабы – сабақтың сапасын арттыра отырып, сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып интерактивті тақтаны пайдаланып, бейнеқойылымдар арқылы сабаққа қосымша мәлімет беріп отырамын.

Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланған дұрыс. Сабақта қолданатын жаңа түрлері де сабақтың мазмұнына, мақсатына, жүру барысына қарай оқушылардың ойын дамытатын, саяхат сабағы, ертегі сабағы, ойын, жарыс сабағы, аралас сабағы, тест әдістері болып табылады.

Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой өрісі кеңейеді,ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығушылығы, белсенділігі артады. Қазақ тілі пәні сабақтарын ойын түрлері арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, ой белсенділігін арттыруға бағыттаймын.

Жалпы білімдік пәндер бойынша В.Ф.Шаталовтың ұсынған әдісі негізінде тірек-конспект, диаграмма, график, логикалық, трек-сызба арқылы теориялық материалдарды блокпен оқытып, дамыта оқыту технологиясы бойынша оқушылардың әр түрлі кезеңдерінде үздіксіз білім алуға жағдай жасап оқыта отырып дамытуға, екіншіден, өз бетінше білім жинақтауға, шығармашылықпен жұмыс істеп өмірге бейімделуіне ықпал жасаудамын.

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы аса зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.

Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан - жақты зерттеу қажет.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан- жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып табылады. Сондықтан танымдылық іс әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінде «мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының» өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс.

  1. Оқушылардың өзіндік іздену іс -әрекетінің әдістерін меңгеру талап

етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқу әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы-мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланыстығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетінше білім алуындағы белсенділігіне басты назар аударылады.

  1. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық

түрлері табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.

  1. Жаңа технологияның мақсаты ғана бойынша «оқытуды ізгілендіру» талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өзбетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек.

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет.

Бұлар әңгімелесуші, оқулық бойынша оқушылар жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп, анықтама мен ережелерін өзі шығарады. Қарапайым жаттығу – мысалдар мен оларды бекіткеннен кейін жұмыс дәптерлеріндегі деңгейлік тапсырмаларды орындауға көшеді.

Біздіңше, оқытудың жаңа технологиясы жағдайындағы оқушылардың өздігінен жүргізілетін танымдық іс - әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі

4 деңгей бойынша құрастырылып, ондағы барлық дейгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушылар да ынталану пайда болады. Мұндай технология бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдер де үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын айтады. Өйткені, оқушылар өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, әр деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ұмтылатыны даусыз. Бұл жерде «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын белгілі бір себептермен қуып жете алмайтын оқушылармен қалай жұмыс істеуіміз қажет?». Яғни, олар мыналар:

  • Барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар

үлгермеушілерге көмектеседі;

  • Сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде

мұғалімнің үлгерімі төмен оқушыларға дербес көмек көмектесуіне уақыты болады.

Деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат – сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілеттсіз» деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады. Сондай-ақ деңгейлеп оқу барысында оқушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны есепке алынып отырады. Демек, қандай оқушы болсын, өзінің жақсы оқитынына қарамастан, «оқушылық міндетті» яғни бірінші деңгейдің жұмысын орындаудан бастайды. Нәтижеде бұл барлық оқушыларды тірек білімімен қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы талаптарына сай міндетті бірінші деңгейді толық игеруін жүзеге асырады.

Оқу үрдісінде оқытудың озық технологиясын қолдану – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да біздің мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай, оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде, әр сабақта олар тест сауалдарымен жұмыс істейді.

Жоғары білім деңгейін көрсету мақсатында сабақта тиімді әдістерді көбірек қолдану керек, сабақ барысында көрнекіліктер дұрыс пайдаланылса, оқушылар сабаққа саналы және белсенді түрде қатысады, алған білімде берік болады. Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияның элементтерін қолдана білу керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ