Өтеген
Т.Ө., Алматы
облысы,
Ақсу ауданы, ГЭС бастауыш
мектебі
Ағылшын тілі пәнінің
мұғалімі
Бастауыш
сыныптарының
ағылшын тілі
сабағында
ойын элементтерін
қолдану.
Ағылшын тілі - елімізді әлемге танытатын,
әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің
маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының
тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету
кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген
қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді.
Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым- қатынас жасай
алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене,
қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.
Ойын
түрі - жас ерекшеліктеріне
қарамайтын, адамның көңіл күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын
түрі төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденуді,
іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді,
сондай-ақ басқада толып жатқан сапалылық қасиеттерін қалыптастыруға
үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің
бірі.
Мақсаты:
-
Ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық
материалдарды қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық
ізденістерін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
-
Оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастырып, сөздік
қорын молайту.
-
Оқушылардың тілдік мәдениеттілігі мен тілдік
іс-әрекеттер арқылы халық мәдениетінің элементтерін қолдана алу
іскерліктерін қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Ағылшын тілін игеру процесінде тұлғаны
тәрбиелеу.
-
Шығармашылық тақырыптағы тапсырмаларды
орындату.
-
Логикалық ойлауды және сөздік қорын
толықтыру.
-
Алдына қойылған сұраққа немесе
тапсырманы орындауға (сенімді, жылдам, дұрыс) жауап беруге
дағдыландыру.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Елбасы жолдауында кез – келген орта
санатты мектептің балаларының ең жоғары деңгейіндегі шет тілін оқып
үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек
делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет
тілін меңгертуге аса мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы
ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты туралы басты мәселе
мемлекеттік тілді еркін меңгерту. Шет тілін меңгертудегі басты
мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандарттарға сай
көтеру. Бұл үшін жетілдірілген әдіс шетел ғалымдарының іс
тәжірибесімен танысу қажет екендігі ешбір дау туғызбайтыны
белгілі.
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне
біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. Ойын
элементтері оқытудың бір түрі болып саналады. Бұл әдістің
тиімділігі оқушылардың белсенділігін, пәнге деген қызығушылын,
ынтасын арттыру болып табылады. Оқытудың алғашқы кезінде оқушының
тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ойын
түрлері дұрыс өткізілген сабақта оқушылардың тілді үйренуіне ынтасы
артып, сол тілді білуге қызығады.
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін
қолдану.
Оқушының
шаршауын сейілтіп, қызығушылығын арттыратын тек ойын элементтері
болып табылады. Ойын түрі оқушыны бірігіп жұмыс істеуге бағыт
береді, ізденіс дағдысын қалыптастыруына мүмкіндік
туғызады.
Ағылшын тілін оқытуда ойын
түрлерін мынандай мақсатта қолдану тиімді.
-
Алфавитті дұрыс меңгерту.
-
Орфографияны дұрыс
оқыту.
-
Оқу дағдысын дұрыс қалыптастыру.
-
Лексиканы меңгерту.
-
Оқушылардың ойын дамыту, дұрыс жазу, дұрыс айту
дағдыларын қалыптастыру.
Қорытынды
Оқушыларды шетел тілінде сөйлеуге, қарым-қатынас жасауға
шет тілін әрбір мұғалім өз сабақтарында жаттығудың бір түрі ретінде
ойындарды қолданып, сабақтың қызықты өтуіне, оқушылардың тілге
деген қызығушылығын арттыруға білім деңгейін тексеру құралы ретінде
пайдалануға болады. Ойын элементтерінің көптеген
артықшылықтары бар және әрбір заманауи ағылшын тілі мұғалімінің
өзінің әдістемелік қоржынында оқу ойындарының кем дегенде бірнеше
түрі болуы және оқыту тәжірибесінде пайдалануы қажет. Оқыту
ойындарының дәстүрлі оқыту әдістерін толығымен алмастыруы екіталай,
бірақ олар оқу процесін күшейту және ізгілендіру құралы ретінде
әрекет ете отырып, оларға өте тиімді қосымша бола
алады.