400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 17 материал табылды

Бастауыш сыныпты сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сыныпты сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

DrawObject1



Түркістан облысы

Шардара ауданы

«Жаушықұм» мектеп-лицейі



Бастауыш сыныпты сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту







Бастауыш сынып мұғалімі:

Шатай Ақмарал











Тегі,аты,әкесінің аты :

Шатай Ақмарал Каюмқызы

Туған жылы және жері : 1975 жыл,

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

Ұлты : қазақ

Білімі : Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай пед колл 1995ж, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті 2005 жыл

Лауазымы және жұмыс орыны: бастауыш сынып мұғалімі.

Біліктілік санаты : бірінші санат

Алған наградалары және қашан :2014-2018ж мектепшілік,аудандық,облыстық марапаттаулар бар.

Тұрақты мекен- жайы: Жаушықұм ауылы.





Шығармашылық тақырыбым



Бастауыш сыныпты сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту















П ікір

Шатай Ақмарал «Жаушықұм» мектеп-лицейінде көпжылдардан бері бастауыш сынып мұғалімі.Оқушыларға дәріс беріп келеді. Ақмарал үнемі сабағында үлкен ізденіс үстінде жүріп өткізеді. Сыныпта ұйымдастырған ашық сабақты,сыныптан тыс шаралары жоғары бағаланып отырды. Өзінің ізденіс үстіндегі шығармашылық жұмысының « Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» атты шығармашылық жұмысын саралай отырып, мұғалімнің өзіндік тәжірибесі бар мұғалім ретінде білдім. Жұмыс бағытында көрсетілген барлық нәтижиелік жұмыстарын ескеруге болады. Жұмысының басты мақсатын ашылуындағы мәнінде жас ұрпақты салауатты өмірге тәрбиелеудегі жаңашыл ізденістермен толықтырылған деп есептеймін. Жас ұрпақтарға салауатты өмір салтын насихатауда, тәрбиені бойларына сіңіруде жұмыстанғанын мұғалімнің ізденгендігін оның жұмысы тәжірибе мен теорялық, практикалық тұрғыдан қамтылған. Өзінің жасаған барлық жұмыстарының нәтижелігіне көз жеткізе білген.

Ақмарал үнемі сабақтың әдіс-тәсілдерін мектеп оқушыларына үйретуде жаңа технологиялар мен бірге интерактивті тақталарды пайдалануда өзіндік ерекшелігімен көріне алады деп өз пікірімді білдіремін.



Бастауыш сыныптар бірлестік жетекшісі: Т.Төреқұлова



Б астауыш сыныпты сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту

Оқып бағдарламаның басты ерекшелігі – оқушылар ынтымақтаса отырып, жұмыс істейді. Оқудың екінші айында практикалық зерттеу жұмысымен айналысу кезеңінде жеті модульдің бірі — сыни тұрғысынан ойлау модульін таңдадым.

-Неге сыни ойлау табысты тіршілік әрекеті болып табылады?

Себебі, бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға болады.

Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Бұл технология – оқу мен үйренуге арналған құрылғы.
Сынып оқушылары топпен, жұппен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға үйренеді. Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеп, қорғай білуге мүмкіндік алады. Сондықтан СТО бағдарламасы қазіргі уақытта мұғалімдер қажет ететін басты технологиялардың бірі деп ойлаймын.

С ыни тұрғысынан ойлау моделін мектепте қолдану маңызды рөл атқарады. Сыни тұрғысынан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға ,бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік тәсіл. Сыни тұрғыдан ойлау модельі көңіл бөлуге тұрарлықтай, өйткені жобаның негізінде жатқан өзгеріс үлгісі түрлі мәдениеттер мен контекстер ішіндегі мыңдаған кластардағы шынай және ұзақ елеулі өзгерістің қозғаушы күші ретінде дәлелденіп отыр. Көптеген мектептерде өзгерістің тиімді үлгісінің жоқтығынан олар алға жылжи алмай келгенде RWCT жобасы мұғалімдердің құндылығы мен оқушылардың рөлін өз тәжірибелерінде танытатын кәсіби даму процесі арқылы нағыз өзгеріс енгізеді.

Ал сыни тұрғыдан ойлау сынып үшін маңыздылығы қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытады .Оқушылардың бойында бақылау, талдау, қорытынды жасау дағдылары қалыптасады, ізденушілік қабілеті артады , өзара талдайды , ынтымақтасқан түрде жұмыс жасай біледі , оқуға деген ынтасы артады .

Мұғалімдердің және келешек мұғалімдердің оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту көзқарасында өз пәнін оқыту жолдары , әдістері мен нысандары туралы кәсіби ойлауының қалыптасуына бағытталған курс ретінде қолға алынып отыр .

Қоғам неғұрлым танылған сайын , тек өзінің болашағына жақсы ықпал ететін дәстүрлерді ғана сақтап , оларды ұрпақтан-ұрпаққа берудегі жауапкершілігін соғұрлым танитын болады . Мектеп-осы мақсатқа жетудегі бірден-бір басты құрал .

С ыни тұрғыдан ойлауға үйретудің мақсаты педагогтардың оқытуда жаттанды ақпаратқа қарағанда , ондағы қойылған мәселені зерттеуге, талдауға және салыстыруға, ой толғауға және бағалауға көшуіне күш салу үшін көмектесу.

Бұл бағдарламаның басты мақсаты стратегияларды үйретуге қарағанда, стратегиялардың сабағымызда қойылған мәселені нәтижелі шешу қажеттілігі . Сондай-ақ бұрынғыдай мұғалім түсіндірмейді, тек бағыт береді. Ал оқушы өзі ізденеді және сабақ үстінде тақырыпты бір — біріне

түсіндіреді.

Сыни тұрғыдан ойлаудың негіздерін бастауыш сынып балаларымен жұмыс барысында, қажетті дағдыларды дамыту мақсатында білім берудің ерте кезеңінен дамытуға болады.Бұл жолдағы ең оңтайлы тәсіл–балалардың жеке басының тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Бізде балалардың қызығушылығын оятып, олардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін қолдануға болатын, әлемнің түрлі бөліктеріндегі және тарихтың түрлі кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар жеткілікті.

Сыни тұрғыдан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек.

О қыту жұмысы кезінде мұғалім алдына проблема қойып , оны шешудің мақсаты мен міндетін белгілейді.

Сын тұрғысынан ойлаудың құрылымын жасап және қай сатыда қандай әдістерді қолдану тиімділігін ойлана отырып жоспар жасайды .

Қызығушылықты ояту сатысы оқушыларды қалай қызықтыруға болады деген сұраққа жауап беретіндей жоспар құрады.

Мағынаны тану сатысы оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материалдар жинақтайды.

Ой толғаныс жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік алады

Мұғалімдер сабақтан кейін оқушылармен болған мәселелер мен сұрақтарды немесе сабақ жүйесінде кездесуі мүмкін болатын қиындықтарды анықтау үшін жиналады. Тынымсыз ізденіс, зерттеу, іс-әрекет өз нәтижесін бере бастайды. Үздіксіз әрекет, үзбей бірлесе оқу, ойлану, іздену, даму жақсы нәтиже береді. Қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс стратегиясы төмендегі әрекеттерді орындауға әрекеттейді .


Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін қажет әрекеттер




Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, білім деңгейін көтеруде, балаларды ш ығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған, бірін-бірі толықтырған ойлау десек қателеспейміз.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің үлгісі. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:

— қызығушылықты ояту;

— мағынаны ашу;

— ой толғаныс.

Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»

Кезеңнің мақсаттары:

— оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;

— оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;

— оқушының белсенділігін ояту;

Екінші кезең «Мағынаны ашу»

Кезеңнің мақсаты:

— жаңа ақпаратпен танысу;

— жаңа ақпараттармен өз білімімен ара — қатынас белгілеу.

Жеке тұлғаның іс — әрекеті Қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер

— мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;

— жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;

— қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.

Белсенді оқу әдістерін қолдану:

— инсерт;

— екі жақты күнделік;

— қосымша журнал;

— сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу және т. б.

Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе — эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.

Үшінші кезең «Ой толғау»

Кезеңнің мақсаты:

— қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.

— оқылған материалды талдау және қорытындылау.

— тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.

— Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.

— Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.

— өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.

— Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. — кластер құру

— әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.

— түйін сөздерге қайта оралу.

— дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.

— рефлексивті сұрақтар

— пікір алмасу.

— шығармашылық жұмыстар 

Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану балалардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды. Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті.

Қорыта келе, сыни тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланудың сабақ сапасына әсері өте мол. Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа жетелейді. Баланың логикалық ойлау қабілеті дамып, сабақтың сапасын артады. Ізденушілігін арттырып, өз ісіне сенімін нығайтады. Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді. Оқушылар сабаққа зор ынтамен қатысады, сабақ та сапалы өтеді. Егер де жаңа технология элементтерін сабақта өз дәрежесінде ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін береді. Ең бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету, мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады





























































Пән: Математика



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және фольклор

Ортақ тақырып: Теңге. Монета және қағаз ақша


Күні:4.03.2018ж

Мұғалімнің аты жөні:Шатай



Сынып: 2

Қатысқандар

Қатыспағандар


Сабақтың тақырыбы:.

Теңге. Монета және қағаз ақша


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.3.6 50 теңгелік, 100 теңгелік монеталарды, 200

теңгелік, 500 теңгелік купюраларды ажырату және

түрліше төлем жасау


Сабақ мақсаттары


Tеңгелік монеталардың құныны түсіну, бір-бірімен салыстыру арқылы қымбат монетаны арзан монетадан ажырата білу.Монеталарды құны бойынша салыстыруға үйрету




Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады

Орындалатын амалдарды, ауызша есептеулерді түсіндіріледі.


Сабақта диалог\тжазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.

Ұлттық ақшамыз теңге туралы түсінік беру.

Талқылау Ақша түрлері (қағаз, темір, ірі, ұсақ) туралы ұғымдарын тереңдету. "Теңге" ұғымын талқылау

Жазу

50 теңгелік, 100 теңгелік монеталарды, 200

теңгелік, 500 теңгелік ақшалар және сандар , шамалар



Бағалау критерийлері


• 50тг, 100тг, 200тг, 500 теңгелік ақшаларды

ажыратады

• Құны әр түрлі ақшалармен төлем жасайды



Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау.


Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,көркем еңбек, әдебиет.


АКТ қолдану дағдылары

Бейне жазба, аудио жазба.


Бастапқы білім


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


0-5 мин






Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:


Армысың досым,
Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп, 
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады). 



«Вассерман» әдісі арқылы ширату жаттығуын өткізу.

Бірінші тқрған оқушы 1 санын айтады,қасындағы оқушы 1,2 деп санайды, одан кейінгі оқушы 1,2,3 деп өз санын айтады, солай жалғастырып кете береді

«Санамақ» әдісі арқылы топқа бөлу





Оқушылар 3,5,7,9 киелі сандар арқылы топқа бөлінеді.

1 топ «1» таңбалы сандар

2 топ «2» таңбалы сандар

3 топ « 3» таңбалы сандар


Бағалау: «Жарайсың!», «Керемет!», «Өте тамаша!» мадақтау арқылы ауызша сөздік бағалау жүргізу.


Слайд






Сабақтың ортасы







5 мин

Ынталандыру

Балалар сендер алдығы сабақта 3в бөлім. Көбейту жне бөлу амалдарымен танысып алдық Осы өткен тақырыптар туралы 2 санын көбету және бөлу, 3 санын көбету және бөлу, 4 санын көбету және бөлу, 5 санын көбету және бөлу тақырыптарын біз таныстық. Балалар бүгін біз мынау тұрған жетістік жолына қарайықшы . Мұнда 4 жетістік жолы бар. Осы жетістік жолына келіп тұру қажет. Қане келіп тұрсаңдар болады.

DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject3 DrawObject4 DrawObject2

DrawObject8 DrawObject9



Балалар сендер өздеріңді осының қай жеріне тұрасыңдар.

Қанша бала осы жетістік жолына тұрғанын жазып қойамын.

Топтың аттары ----------------------------------------------------------

№ 1 тапсырманы орындау

Балаларды қайта орнына тұрғызу.

Жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.

«Миға шабуыл» ширату жаттығуы

Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -...

Жауабы: (ақша, теңге)

Мұғалім оқушылардан сұрайды.

Балалар теңге, ақша дегеніміз не?

Бізге не үшін теңге керек?

Ақшаны кім шығарған?

Осы сұрақтарға жауап беру үшін мына видеоға назар аударайық.

Қазақстан өз төл ақшасын жасау үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Харрисон» атты фирмасы қолға алды.
1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.
Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т, б суреттері салынды.














Теңге - ұлттық ақшаның атауы.
Оның түрлері: ұсақ теңгелер темір күйінде болатыны, 1, 2, 3, 5, 10 және т. б. болып ірілене беретіндігі, олардың ірі болған сайын құны артатындығы, ұсақталған сайын құны кемитіндігі туралы мағлұмат беріледі.

№2 тапсырма: Карусель әдісі арқылы орындау. Бұл әдіс бойынша бір-біріміздің тапсырмамызды тексереміз.

1-топ: 1000 теңгені ұсақтау

2-топ: 500 теңгені ұсақтау

3-топ: 200 теңгені ұсақтау беріледі

Алдарыңда қағаз ақша суреті және монеталар немесе темір тиындар жатыр солар арқылы ұсақтаймыз.

Оқушылар өздеріне берілген ақша суреті бойынша постер қорғап шығады.олар қалай ұсақтағаны жөнінде айтып береді.

Қатені түзеу үшін дәрігердің көлігі келеді.















№3 тапсырма: « теңге ілу» ойынын ойнаймыз

Видео көру арұылы № 2 тапсырма орындалады.

Д әулет Қанат Самат









1 Әр балада неше манета бар?

2 Әр балада неше теңге бар?

3 Қайсысының манетасы бәрінен артық?

4 Қайсысының ақшасы бәрінен аз?

№4 тапсырма жеке жұмыс.

Сендер мына жерде тұрған заттарды өз дастарыңа құны 350 тг тұратын кәдесый сатып алу керек. Сендер қандай ақшалармен

төлем жасай алады екенсіңдер?

Бізде дүкенші мына отырған апайлар болады.

3 50 тг





№5 тапсырма: Топтық тапсырма Дәптермен жұмыс.

№3 есепті шығар

А) 100+50*4 =300

ә) 50*2+100 =300







Бейнежазба,

















Түрлі ресурстар



Смайликтер









Жаңа сабақ















































































Сергіту сәті

1 мин


Сабақтың соңы




Қалыптастырушы бағалау

№5 тапсырма: Жұппен жұмыс.

1-тапсырма

• Құны 50тг, 100 теңгелік монеталарды тауып, белгіле.





Құны 200 тг, 500 теңгелік купюраларды белгілеп ( ) көрсет.








Жетістік кретерилері 1 мин уақыт беріледі.



ҚБ тапсырмалар жинағы







Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік, техникасының сақталуы. Құндылықтардағы байланыс

Қабілеті төмен оқушыларға «Диалог және ауызша қолдау көрсету» саралау тәсілі бойынша жұмыс жүргіземін.

Қабілеті жоғары ЖАДА аясында жұмыс жүргізеді. Қосымша тапсырмалар беру арқылы «Қарқын арқылы саралау» тәсілін қолданамын. Тапсырманы оқушылардың қажеттілігіне қарай саралап, табысқа бағыттау жолында ішкі уәжін ескере отырып таңдалды. Саралау жұмысы арқылы оқушы деңгейіне қарай тапсырма таңдалып, дереккөздердің көмегімен, оқушылардың жылдамдық дәрежесіне қарай, қолдау көрсетіп және бүгінгі сабаққа қорытынды жасау үшін осы тәсілдерге сүйендім.

Ашық сұрақтар қою арқылы қалыптастырушы бағалау жүргіземін.





Денсаулық, достық және айналадығыларға қамқорлық көрсету құндылығы дамиды.

Партада денені тік ұстап отырамыз.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті? Қандай кедергілер болды? Не сәтті өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай

өзгерістер енгіздім және неге?





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі