Сценарий
тақырыбы: Бастауышпен қоштасу
Сценарий
мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан
басталатынын , бастауышта алған білімнің
негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2.
Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам
ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса
отырып, орта буында дәріс беретін
ұстаздармен таныстыру,әр баланың
ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар
тілеу.
3.Білім
берер ордасы- мектепті , ұстаздарын
құрметтеп, білімге деген құштарлғын
арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы
болуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: «Шуағын
төккен 4 жыл» фотомонтажы.
Слайдтар.
Қанатты сөздер мен тақырып.
Кіріспе
сөз: Мұғалім:
Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол
табар қараңғыда адасқанда .
Мал
озбас біле білсең білім озар,
Ақыры
керек болар бір сасқанда – деп Міржақып
ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп,
ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып
жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген
шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен
өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш»
мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар,
қымбатты әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі
күн осында отырған бәріміз үшін ерекше
күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл
бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне
аттаған балаларыңыз білімнің негізі
болатын бастауышта оқып, білім алып,
қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен
қоштасқалы отыр.
Бесіктегі
баланың,
Күлгенін
көрген - бір мұрат.
Алдына
түсіп ананың.
Жүргенін
көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш
сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға
шақырайық!
Толқимыз
, толқып тұрсыз баршаңыз да
Мұндай
күй болған сірә қаншаңызда
Қол
соғып, қошеметтеп шақырайық 4- сыныптарды
ортамызға!
Музыка
әуенімен бастауыш сынып түлектері
ортаға келеді.
Мұғалім:
Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып
оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала
болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған
шәкірт. Мектеп табалдырығын аттаған
күннен бастап»Әліппемен қоштасу»,
дәстүрлі Наурыз тойлары ,Мәнерлеп оқу
сайыстары мен әртүрлі тақырыпта
ұйымдастырылған көрмелер,сыныпаралық
спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен
тәрбие сағаттары балалардың есінде
ұзақ сақталары сөзсіз.
Армандасаң
да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа
келеді. Өйткені, биік асуға беттеген
аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал
күлкілі балалық шақтан басталады. Міне
, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне
өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен
қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі
отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер
сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан
,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген
ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін
көрсетуге дайын.
Бала
шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге
ой түзеткен сымбатты .
Күн
нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар
, ұстаздарым қымбатты!
Армысың
сен , алтын ұя мектебім
Саған
айтар жыр- алғысым көп менің
Жүректерге
жаққан білім шырағын ,
Мектебіме
арналады бұл әнім!
Олай
болса алтын ұя мектебімізге арнап Бота
Бисенованың
«Мектебім»
әнін шырқайық!
1
оқушы
: Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп
деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп
деген тәрбиеші адамға
Мектеп
деген даналардың мекені.
2
оқушы:
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер
жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған
4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан
қасиетті атың маған.
Арада
өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр
күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе
борыштармын өмір бойы
Есейген
шәкіртіңнің серті деп біл.
3
оқушы:Армысың
сен алтын ұя мектебім,
Саған
айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге
жаққан білім шырағын,
Мақтан
етем сені мәңгі мектебім.
4
оқушы:Ұлылықты
ардақ тұтар үнемі,
Алтын
ұя, ақ босаға киелі.
Қанат
қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі
шәкірт саған басын иеді.
5
оқушы:Мектебім
, алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың
үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді
сенің күміс қоңырауың,
Тұрады
құлағымда сыңғыр қағып.
6
оқушы:
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата-
анам,
Сеннен
өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң
ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып
, сан тарапқа тараған.
7
оқушы:
Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда
түлеймін , көктеймін.
Сен
– бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен
нәр алып көктедім.
8
оқушы:
Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар
жерге тез жетеміз.
Төрт
жыл алған білім нәрін ,
Азық
етіп ер жетеміз.
БИ:
Флешмоб
9
оқушы:Алғашқы
ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар
асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен
су себелеп асыл жан,
Әр
шәкіртін баласынан кем көрмейді.
10
оқушы:Тек
үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік
, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар
ақ жолың сенің салған,
Бар
деп ұққын әрқашан балаң мықты.
11
оқушы:
Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда
өзің берген кеңестер.
Жанарымда
алыс тартқан қара жол,
Көз
жұмсам да көре тұғын белестер.
12
оқушы:Қоңыр
үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның
жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене
қарап қойып біздерге,
Күн
астынан сабақ беріп тұрғандай
13
оқушы:
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған
ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым
ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың
ұлағатынан басталарын.
14
оқушы:
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ
ғалымдардың , даналардың .
Өмірде
сенің алар орыныңа ,
Бірі
де жеткізе алмас бағалардың.
Бәрі
:
Мың алғыс сізге біздей түлектерден, Мың
алғысмына отты жүректерден!
БИ:
Мен қазақпын
Иә
осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби
-балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп
табалдырығын жасқана аттаған еді.Енді
міне сауатын ашып, білім негізін қалаған
бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын
қатарына қосылғалы тұрмыз.
22
оқушы: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен
бастадым,
«А»әрпін
алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым
естен кетпес мәңгілікке,
Мейіріммен
жауырынымнан қаққаның.
24
оқушы:
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта
айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта
алған білім, жырларым,
Азық
болар , мәңгі талай жылдарға.
25
оқушы:Бастауышым-
бал бұлағым ,
Алдым
сеннен балдың дәмін.
Әріп
танып, білім алып
Рахметімді
жаудырамын.
26
оқушы
: бастауышым- балбұлағым
Лаулап
жанған шам шырағым.
Өзің
берген біліміңмен,
Самғап
ұшар тау қыраның.
27
оқушы :Өтті
сенде қызық шағым,
Бастауышым-
бал бұлағым.
Қоштасар
күн жетті міне,
Қимастықпен
қол бұлғаймын.
29
оқушы:Анашымдай
сыр шерткен
Ақыл-
білім үйреткен.
Ана
тілін оқыдық ,
Ерекше
зор құрметпен.
Ана
тілін сүйеміз,
Құрметпен
бас иеміз.
Ана
тілмен қоштасамыз,
Әдебиетпен
достасамыз.
Ұстаз
тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,
Сенімдердің
айналыңдар серперіне.
Ұстаздық
ақ жүректен мен тілеймін,
Тек
сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.
Айналайын
жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын
жаныңды күз көңілден.
Мен
сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек
тілеп тұратын іздеріңнен.
Марапаттау
рәсімі
Концерттік
нөмірлер:
1.
Флешмоб
2.
Би: Мен қазақпын
3.
Би: Синий иний
5.
Би: Вальс
Қорытынды
сөз Ән: Б.Бисенова. «Ең соңғы қоңырау»