15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауышпен қоштасу
1-жүргізуші:
Алтыннан да ардақты асыл жанды ұстаздар, оқушылар, ата-аналар!
2-жүргізуші:
Сәлемімізді ізгі ниетпен қабыл алыңыздар!
Балалар: Ассаллаумағалейкум, Қыздар: Сәлеметсіздер ме? ( хор )
1-жүргізуші:
Таң нұрындай білім нәрін сепкен алтын ұя бастауыш мектеппен,
2-жүргізуші:
Мейірім нұрын шашқан, ізгілік пейілі дархан аяулы ұстаздарымызбен
Қоштасқалы жатырмыз! (хор)
1-жүргізуші:
Балғын шақта келіп едік гүл алып,
Қолымызға қалам ұстатып, білім берген
Асыл жанды ұстаздарымыз Нышанкүл апай және Әсел апайларымызбен (қоштасқалы жатырмыз) (хор)
2- жүргізуші:
Ұстаздарымызға сөз кезегін берейік:
1-жүргізуші:
Жылы лебіздеріңізге рақмет!
1-оқушы:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
2-оқушы:
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жаныма сіңді сенім асыл киең
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім, саған мәңгі (басымды ием! ) (хор)
2-жүргізуші:
Бексапар мен Орынкүлдің орындауында « Мектебім » әнін қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
Рақмет саған, мұғалім Өтепберген Ақыпбековтің өлеңі
3-оқушы:
Әріптерді үйретіп, Сырын айтқан кім бізге?
Жақын болған кім бізге Десек, ол жан-мұғалім,
Жамандықтан жиреніп, Таласады, сірә кім?
Ақыл болған кім бізге? Аңыз, ертек, ән жырдың,
Десек, ол жан- мұғалім, Бәрін бойға құйғыздың.
Таласады, сірә кім? Санамызға сен біздің
Қапастағы елдердің Бар асылды сыйғыздың.
Мұңын айтқан кім бізге? Жақтың білім шырағын
Көрікті сан жерлердің, Рақмет саған, мұғалім.
2-жүргізуші:
Би. « Балауса »
1-жүргізуші:
« Ұстаздар » Тұманбай Молдағалиевтің өлеңі
4-оқушы:
Мұғалім, асыл ұстаз, ардақтылар Көңіліне балалардың күн орнатып,
Жүйріктен жүре келе саңлақ туар. Барасың болашаққа тура тартып.
Қасиетті қолдарыңмен өздеріңнің Өзіңді бердің түгел туған елге,
Көңіліне балалардың шам жақтыңдар. Не жақсылық жасайсың бұдан артық.
2-жүргізуші:
« Ұстазы жақсының ұстамы жақсы » дегендей, мектебіміздегі біздерге білім берген Айткүл апай, Аманкүл апай, Гүлжаһан апай, Өскен ағай, Феруза апай, Үрзада апай сынды ұстаздарымызға мың алғыс! (хор) дей отырып, мына әсем әнді сіздерге арнаймыз.
2-жүргізуші:
Маржан мен Анарбайдың орындауында « Ұстазым » әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Ұстаздарымыз бізге Отан - ұлы, Отан - қасиетті деп тәрбиелеп келді.
1-жүргізуші:
-Иә, Отан туралы ақын – жазушыларымыздың небір шығармаларымен таныстық.
1-жүргізуші:
Мұқағали Мақатаевтің «Отан» туралы өлеңін тыңдаңыздар.
6-оқушы:
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн қыран сәні бар.
Көк туды қастерлеп, сүйіп те
Көтеріп ұстаймыз биікте.
1-жүргізуші:
Ән. Бексұлтанның орындауында « Көк тудың желбірегені » әні
2-жүргізуші:
М. Мақатаевтің өлеңі « Қазақстан »
2-жүргізуші:
Би. « Мекенім Қазақстан »
7-оқушы:
Е, адамдар, тыңда мені құлақ түр
Ата- ана жанашырың мәңгі бұл.
Ардақтайық, құрметтейік әрқашан
Қамқоры бол, қолғанаты бол тірек.
8-оқушы:
Қанат туралы хикая
1-жүргізуші:
Қабылбекова Аяужанның орындауында « Ана, әке » әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
« Мектеп қызығы » көрінісін көріп тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
« Достық » биін қабыл алыңыздар.
8-оқушы:
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірің,
Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілің.
Мектеп, мектеп – әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп – жан анам боп көріндің.
2-жүргізуші:
Би. « Нозлигулим »
1-жүргізуші:
Білім негізін қалаған бастауыш мектебіміздегі барлық ұстаздарымызға алғыс айта отырып, уәде береміз.
-
Сіздер берген тәрбиені шыңдаймыз
-
Еріншек болмаймыз, жақсы істі қолдаймыз
-
Ата – ананы құрметтейміз
-
Үлкендерді сыйлаймыз
-
Ережені сақтаймыз
-
Алған білімімізді ары қарай шыңдаймыз
-
Тәрбиелі боламыз
-
Табиғатты қорғаймыз
-
Әділ, шыншыл боламыз
-
Айтқан тілді аламыз
Әрқашан да үміттеріңізді ақтаймыз
1-жүргізуші:
Жігіттер биін қабыл алыңыздар
2-жүргізуші:
Бүгінгі бастауышпен қоштасу мерекесінің сәні « Қоштасу вальсін » қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
« Бастауышпен қоштасу » мерекесі көңілге бір қуаныш, бір мұң сыйлағандай.
- Қуаныштысы – орта білім буынына көтерілеміз.
- Мұңдысы – 4 жыл оқыған алтын ұя мектебімізбен қош айтысамыз.
- Әттең, бастауыш мектебіміздің құшағында мәңгілік шәкірт болып қалар ма едік?
2-жүргізуші:
Жаңбырменен жер көгерер
Батаменен ел көгерер
деп дана халқымыз айтқандай, ұлағатты ұстаздарымыз бен ардақты ата- аналарымызға сөз кезегін берейік.
Мектебіміздің тәрбие - ісі жөніндегі орынбасары Тұрмағанбетова Сандуғаш апайға сөз кезегін берейік.
1-жүргізуші:
Біздің қамқор ата- аналарымызға сөз кезегін берейік.
ен бүгінгі « Бастауышпен қоштасу » мерекесі аяқталды.
Қош бол бастауыш мектебім!
2-жүргізуші:
4-ә сыныбын қошеметпен шығарып салайық.
1-жүргізуші:
4-е сыныбын қошеметпен шығарып салайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген