Материалдар / Бастауышпен қоштасу

Бастауышпен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Дайын сценарий. "Қош бол, бастауыш" 4-сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2024
127
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауышпен қоштасу мерекесі

«Қош бол, бастауыш» Мақсаты:Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар. Плакаттар

Мұғалімдер: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.

Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі - балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!

1.Райымбек:-Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата - аналар Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Бүгін 4 жыл бойы білім беріп, ой сананы дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Олай болса, 4 «А» сыныбының «ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШ» атты бастауышпен қоштасу кешіне қош келдіңіздер!

Аяна : Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті, 
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті. 
Қошеметпен шақырамыз ортаға, 
Қадам басқан шәкірттерін құрметті - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! (ВАЛЬС биімен ортаға шығады)

Аяна:  Осы сыныпта осы мектепте аз ғана уақыт бір сыныпта оқысақта, қаншама қызық күндерді бірге өткіздік, ендеше, сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік. 
Экранға назар аударыңыздар (слайд)

Райымбек: Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгін өскен ойымызға. Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар, Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Мұғалім: Мен үшін бәрің бірдейсіңдер қарақтарым, Орындалсын арман тілек талаптарың. Ақ парақтай келдіңдер сәби болып, Ұғындым, әрбіріңді парақтадым. Өткіздік талай күнді, талай айды, Уақыт сырғып артқа қарамайды. 1 жыл бойы сендермен бірге болдым, Өткіздік талай қызық, талай жайды. Ірге тасын қаладым, білім бердім, Саналы ұл-қыздарым бүгін менің. Ортада тұрған осы шәкірттердің, Көрейік тамашалап өнерлерін!

Айлин: Армысыздар, әжелер мен аналар, Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.


Дарын: Армысыздар өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.


Жанерке: Армысың сен, алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағым,

Мектебіме арналады бұл әнім.


Арлен: ӘЛІППЕмен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін.


Билал : Есімде ерен ұстазым,

Шашымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің.


ХОРмен:Мектеп – кеме, білім – теңіз, 
Барар жолға тез жетеміз. 
Адаспаймыз ұлы жолда, 
Ұстаз берген білім қолда.

ӘН: «МЕКТЕБІМ»

Аяна: -Әр шәкіртің өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім - мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. 

Райымбек: -Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздарымызға арнаймыз! 



1.Дарын: Байсалды мінезіңмен бір қалыпты,
Менің де көкейімде сіз қалыпсыз.
Аружан апай неткен мықты төзімдісіз,
Шәкіртім білім алсын, білсін дейсіз

Жанерке:Жүрегімді Роза апай берген сабағы,
Өн бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймыз бізге үйреткен ағылшынын

Мәңгі бақи есімізде қалады.

Үйренеміз жалықпай,АҒЫЛШЫН ТІЛІН шарықтай.

Тіл сындырып, ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Роза апай тәлімі,

Сәулесін шашқан жарықтай.


Азиз: МОНИТОР, пернетақта сөздің басы Өрмелейді компьютермен өрге тасың Бүгінде жаһандау заманында

Гүлнара апай зор ғой бізге «қашанда»


Билал:Кім білмейді мектепте

Бауыржан ағайды

Спорт десе жоқтан ол бар жасайды

Қашанда спорт залдан табылатын

Сыйлаймыз біз шынықтырушы Бауыржан ағайды.



Арлен:Орысшаны жаттаймыз,

Орыс тілінен қалмаймыз.
Ақнұр апайдың арқасында
Орысша біз сайраймыз.Ұнатады ол енді
Орысшаны білгенді,Қысылмаймыз біз енді



Дарын: Аружан апай түзеттіріп шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай. Сізден ізгі кішілікті,
Үйрендік біз кісілікті. Алғысымыз сізге біздің шексіз!
ХОРмен: БІЛІМ БЕРГЕН БІЗДЕРГЕ, РАХМЕТ, ҰСТАЗ СІЗДЕРГЕ!

ӘН: « Ұстазым»

Аяна: Бесіктегі баланың, 
Күлгенін көрген – бір мұрат. 
Алдына түсіп ананаң, 
Жүргенін көрген – бір мұрат, - деп ата – ананың өз баласына тек жақсылық тілейтіндігі баршамызға аян. Олай, болса, бүгінгі мерекелік кешімізге куә болып отырған – барша көрермендердің ыстық ықыласын тыңдайтын уақытта жеткен сияқты.Сонымен қатар үлкен алғысымызды ата-әжелеріміз бен ата-аналарымызға білдіргіміз келіп отыр. Біздің өміріміздегі асыл жандар ол - Сіздер. Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз. Райымбек: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

Аяна: Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.

Ән «АНАШЫМ» Орындайтын: «Аяна және Жанерке»

Райымбек: Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Өнеріміз бар біздің

Керемет биін билейтін,- деп ортаға бишілерімізді шақырайық.



Аяна:- Күндіз-түні ойладыңыз бала қамын. Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын. Басқарып директор боп осы ұжымды Баршаны аялаған алақанын

Ажырамай мектеппен бір елі сіз, 
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. 
Сөз берелік құрметпен өзіңізге, 
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе білім ордамыздың басшысы Нуранова Гаухар Бағдатқызына сөз беріледі. 


Мұғалім: Бір ұядан ұшты деп, Бөліп жармай қарадым
Қоштасатын сәт келді. Қош шәкіртім қарағым:
Жасыңа жас қосылды, Сыныпқа сыныбың
Көз алдымда өскесін, Баламдай боп қаласың.

Қанаттарың қатайды, Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы-сара жол, Ізденіңдер, талмаңдар.



Мұғалім: Осындай керемет балаларды өсіріп, тәрбиелегені үшін үшін мына ата аналарды марапаттағым келеді. (ФАНФАРА , МАРАПАТТАУ)



-Келесі кезекте мен сендерді марапаттағым келеді. (Музыка фанфара.МАРАПАТТАУ, ГРАМОТА беру

Сол кезде балаларға виньеткалар беріледі.)

Райымбек: Жақсы шәкірт азамат атанады, Халқынан, ата-анадан бата алады. Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін, Ортаға шақырамыз ата-ананы. Сөз кезегі құрметті ата- аналар атынан ----- беріледі.

Хор: «Бастауышпен қоштасу»

Аяна: Осымен «Қош бол, бастауыш» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ