Тақырыбы: «Бастауышым –бастамам, білім жолын бастаған»
Мақсаты: Оқушылардың төрт жыл бойы алған білімдерін , ой-өрістерінің жемісін, өнерлерін ортаға сала отырып, үлкен өмірге қадам басуға даярлау,достыққа , бауырмалдыққа, ата – ананы, мектепті, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: нақыл сөздер, шарлар, презентация.
Бастауышым – бастамам,
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Беліңді бу жас данам.
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Бара жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
Барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі (музыка ойналып тұрады) мектеп туралы
ІІ Кіріспе сөз.
Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Сіздер «Бастауышым –бастамам, білім жолын бастаған» атты бастауышпен қоштасу тойына жиналып отырсыздар. Қадамдарыңыз құтты болсын! Балаларыңыз осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп –кішкене балдырған еді. Енді бойлары да, ойлары да өсіп, бастауышта білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі тұр. Талаптарына нұр жаусын деп мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған, сірә, қаншаңызда.
Қол соғып қошеметпен шақыралық,
Төртінші «Б» сыныбын ортамызға.
-
Жүргізуші. Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
(Альбина)
2-Жүргізуші. Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
2-жүргізуш: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да біз алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтамыз.
1-Жүргізуші.: Бүгінгі мерекемізді ашу үшін сөз кезегін мектеп директорына береміз.
__________________________________________________
«Біз қандай едік?» слайд-шоу «Балдырғандар» әнімен
Дильназ. Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!
Арыстан.Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Али. Армысыздар өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!
Аяжан.Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
Айсұлтан.Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
Нұрәділ.Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Ерарыс.Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктедім.
Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
1 жүргізуші:Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр-алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын
Мектебіме арналады бұл әнім----
«Мектебім, аяулы мектебім» әні
-
Жүргізіші: Ойлауды, әдемі сөйлеуді, пікірімізбен бөлісіп, бірігіп жұмыс істеуді, бір-бірімізді сыйлауды, көмек беруді.
2-жүргізуші: Біз Отанды, ата-ананы, халқымызды, достарымызды, құрбы-құрдастарымызды, табиғатты, ел байлығын. Ұстаздарымызды, мектебімізді сүйеміз.
1- Жүргізіші: Біз жақсылық пен жамандықты, арамдық пен адалдықты, ақ пен қараны ажырата білеміз.
2-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, елді аузына қаратқан ақын да, егін егіп, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі – ұстаздардан білім мен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұлағатты ұстаздар алдында бас иеміз! :
Бекнұр: Үйретіп бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді,
Адамның ой – арманы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Бақарыс:Өмірге
жол бір өзіңнен бастадым,
Әліпбиді алғаш
сенен жаттадым.
Ұстаз - ана,
естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен
жауырынымнан қаққаның.
Айзере.Жүрегімде ұстаз берген
сабағы,
Өн бойыма
тамырланып тарады.
Ұмытпаймын
салған жолын, ақылын,
Мәңгі, мәңгі
есімізде қалады.
Медет. Ұстаз деген құдіретті, құнды есім,
Киелі ол, киесі ұрып жүрмесін.
Жаныңа – нұр, сәуле енбесе санаға,
Белгісіз – ау, өмір сүрер – сүрмесің.
Күллі адамзат мойындайтын үш алып,
Бірі ана, бірі ұстаз, күші анық.
Темір төзім, кәусәр сезім иесі,
Ұстаз барда надандық тұр тұсалып!
2-жүргізуші
«Білім ал, оқы, үйрен»,деп өсірді,
Жақсылыққа баулыды неше түрлі.
Бала үшін бәйек болған күні – түні
Құрметтейік ҰСТАЗ деген есімді – дей келе, келесі әнімізді ұстаздарға арнаймыз
«Ұстазым
менің ұстазым» әні
Нұрсұлтан: Слышыишь песенку ручья?
Это – Родина твоя.
Школа, где твои друзья,
Это – Родина твоя.
Мерейлі.Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Хор:
«Қазақстаным- Отаным » әні
1 – жүргізуші.
Біздің жаманымызды асырып, жақсымызды асырып жүрген ата-ана! Қиындықта әркез сенімен бірге болатын да ата-ана! Бұл өмірде бәрімізде ол кісілерге қарыздармыз
Диас.Ардақты ана, аяулы ана, қымбттым,
Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр берді,
Кең
құшағың аясындай гүл бақтың.
Арыстан.Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Ұлпан.Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Мансұр.Ардағымсың, әкетайым, асқарым.
Қанатымсың, бар байлығым, аспаным.
Сенің арқан бүгінгі күн көргеніміз,
Жанымдасын керегі не басқанын?!
Мерейлі.Әкешім мың алғыс барлығы үшін,
Анашымды бақытты қылған үшін.
Жақсы перзент адам қып, тәрбиелеп,
Еңбектеніп мәпелеп баққан үшін.
Әділет.Әке сен, жансың биік, дана тұлғаң.
Мейірім,нұры менен жаратылған,
Бар әлемнің, жақсылығын бойға жыйған,
Менің әкем, мен үшін, дара туған.
Аяжан.Әке сенің жүзіңнен қуат алам.
Жанарыңның жылуы шуақтанған,
Өзің барда,, ғажайып көрінеді,
Шынайы боп, көзіме мына ғалам.
Хор: «Анашым»
(Хор аяқталғаннан кейін оқушылар саханадан шығады)
2-Жүргізуші
Ұстаз жаққан шырақты
Өшірмейік балалар,
Бәрін - бәрін білесің
Оқи берсең кітапты - дей келе, балалар бәріңді зерделі, көңілдерің сәулелі болуға шақырамын. Келесі кезекті 4 «Б» сынып оқушыларын «Бипыл» әнімен ортаға шақырамыз.
1 –жүргізуші
Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын
4 «Б» сынып оқушысы Асылмұрат Нұрсұлтанның орындауында «Туған елім» әні
-
жүргізуші
Бастауышым – бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын деп 4 «Б» сыныбының күйшілері ортада.
-
жүргізуші
Біздер өстік, есейдік
Қанаттандық, қатайдық.
Қоштасарда ән салып,
Би билейік думан ғып.
Көпшілікке өнерді,
Көрсетейік керемет.
Сағындық Дильназдың орындауында «Сарыжайлау» әні
-
жүргізуші
Шара апамдай бұралып,
Биді билеп береміз.
Би дегенің кермет,
Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға бишілер тобын « » биімен шақырайық.
1 - жүргізуші:
Той дегенің
қуаныш,
Қызық барлық
балаға.
Құттықтаусыз
сірә да
Тойдың сәні
бола ма!
2 -
жүргізуші: Құттықтау үшін
сөзді алғашқы ұстаз Калияскарова Айгеримге
береміз.
Алғашқы
мұғалімнің сөзі
____________________________________
1-
жүргізуші:Өнегеңді
бағаласа ел екен,
Ел ішінде арта
берсін берекең.
Ұстаз - ана,
үстем болып мерейің,
Құтты болсын
бүгінгідей мерекең!
2-жүргізуші:Жылдар,
жылдар, тарихтың мол
беттері,
Сен әкелген
жақсылықтар көп тегі.
Мәңгі есіңде
қалсын, ұстаз, өтінем,
Біз бітірген
бастауышты ұлу жылдың
көктемі!
Барлығы
бірге: Қош бол,
бастауышым! Аман - есен бол, аяулы
ұстаз!
«Бастауышым – балбұлағым» әні
Жүгізуші:
Бастауышпен
қоштасу ертеңгілігі осымен аяқталады. Сау –саламат
болыңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауышпен қоштасу

шағым қалдыра аласыз