Материалдар / Бастауышпен қоштасу

Бастауышпен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауышпен қоштасу.Балалық шақтан болашаққа қадам басу.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



«ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШ»



1-Ж

Құрметті ұстаздар, аяулы достар, қадірменді ата - аналар! Бүгін бізде қуаныш, үлкен той. Бүгін 4 жыл бойы білім алып, ой сананы дамытқан, адалдыққа тәрбиелеп, білімнің соқпағынан ғылымның арнасына кең жол ашқан бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.Олай болса, 4 «Б» сыныбының «ҚОШ БОЛ, БАСТАУЫШ» атты бастауышпен қоштасу кешіне қош келдіңіздер!

2-Ж

Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті, 
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті. 
Қошеметпен шақырамыз ортаға, 
Қадам басқан шәкірттерін құрметті - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! 


Мұғалім сөзі: Осыдан төрт жыл бұрын, яғни 2021 жылдың 1 қыркүйегінде мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған, кіп-кішкентай болған бүлдіршіндер қандай болды екен? Олай болса, құрметті ұстаздар, ақ пейілді ата-аналар және қонақтар сол бүлдіршіндердің тәтті де бал күндеріне көз жүгіртейік. 
Экранға назар аударыңыздар (слайд)

1-ж

Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық.

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың

Ән мен шашу шашайық!

2-Ж

Көз салып қараңызшы бойымызға, Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар, Бастауышпен қоштасу тойымызға. 2 жүргізуші бірге

Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдейсіңдер қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін!



1-Ж


Ән:Қоштасатын кез келді Алымова Амина






Каусар:

Толқып, қорқып төрт жыл бұрын

Мектепке біз келгенбіз,

Қоңырауды алғаш естіп,

Сыныпқа біз енгенбіз.

Сыныптың алғаш мұғалімі

Өзіңізді көргенбіз.

Жақсы оқып, тәрбиелі

Болуға серт бергенбіз.



Ақтөре:

ӘЛІППЕмен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін



Раяна:

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


Алдияр:

Ұстаз деген қасиетті адам бар,

Біле білсең сенің екі анаң бар.
Бірі сенің туған анаң болса егер,

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.


Каусар

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Әліпбиді алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.



2-Ж

Хор:Оригиналсың



1-ж

Мың бұрала билейтін,
Биді жақсы көретін.
Өнеріміз бар біздің


Ұстаздарға қошемет биін билейтін,- деп ортаға бишілерімізді шақырайық.











Имран:

Артық емес білгеніміз

Орыс тілін сауатты

Біз қызыға үйренеміз

Әрбір жаңа сабақты

Сүйікті Айнара ұстаз

мұғалім Сізге мың алғыс


Нурдана:

Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол өзінде

Өсиет көп сөзінде

Көңілінің хошын ай

Көп шәкірттің досындай Хормен: Айман апай осындай


Мадияр:

Үлгілі, әркез ұстамды,

Сабырлы,ізгі ұстазды.

Әкедей көріп сыйлаймыз,

Қоштасар кезде қимаймыз

Қанат мұғалімге мың алғыс




Динмухамед:

Мейірімді дәрігері мектептің,

Жүректерге әсемдікті сепкен кім?

Ләззат апай,Нұргүл апай , бас иеміз сіздерге,

Салауатты өмір салтын жыр еткен. Сіздерге алғыс білдіреміз


Айдын:

Қашанда шәкірт жанын ұға алады,

Көңілден әр уақытта шыға алады.

Жаңаберген мұғалімге , ризамыз

Бізге ұнайды әрқашан ән сабағы. Сізге мың алғыс


Алия:

Сымбат мұғалімге біз сендік,

Шетел тілін үйрендік

Ағылшынша жазып та ,

Біз сөйлеуді үйрендік. Сізге мың алғыс



Бейбарыс:

Мектеп – кеме, білім – теңіз, 
Барар жолға тез жетеміз. 
Адаспаймыз ұлы жолда, 
Ұстаз берген білім қолда.






1-ж

Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.


2-ж

Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған, бізбен бірге уайымдаған — ата-ана. Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.


Назым:

Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

Айдана:

Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген



2-ж

Құрметті ата-аналар, біз сіздерге алғысымызды білдіре отырып келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.

Ән: Аналарға арналған ән Жусупова Каусар және Дауиржанова Айзере


1-ж

Күндіз-түні ойладыңыз бала қамын.

Тынымсыз атып жатыр әрбір таңың.

Басқарып басшы болып осы ұжымды

Баршаны аялаған алақаның

Ажырамай мектеппен бір елі сіз, 
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. 
Сөз берелік құрметпен өзіңізге, 
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе білім ордамыздың басшысы Шингисова Шаттық апайымызға сөз беріледі. 


2-ж

Көңілін бар шәкірттің таба алатын, 
Кеуделерге намыс отын жаға алатын. 
Өзіңдей болса шіркін, барлық ұстаз, 
Жез таңдай, күміс көмей сөзі алтын, - дей келе келесі құттықтау сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Көптілеуова Ажар апайға беріледі.


Хор: Бастауыш мектеппен қоштасу







Мұғалім:

Бір ұядан ұшты деп,

Бөліп жармай қарадым
Қоштасатын сәт келді.

Қош шәкіртім қарағым:
Жасыңа жас қосылды,

Сыныбыңа сыныбың
Көз алдымда өскен соң,

Баламдай боп қаласың.

Қанаттарың қатайды,

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы-сара жол,

Ізденіңдер, талмаңдар.

-Келесі кезекте мен сендерді марапаттағым келеді. (Музыка фанфара.МАРАПАТТАУ, ГРАМОТА беру

Сол кезде балаларға виньеткалар беріледі.)


1-ж


Жақсы шәкірт азамат атанады, Халқынан, ата-анадан бата алады. Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырамыз ата-ананы. Сөз кезегі құрметті ата- аналар атынан ----- беріледі.


2-ж


Бастауышым-балбұлағым,

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшар тау қыраның

Осымен «Қош бол, бастауыш» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!






ЖИ арқылы жасау
13 Мамыр 2025
162
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі