400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауышпен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныппен қоштасуға арналған тәрбие сағаты. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауышпен қоштасу
Тақырыбы:Қош бол,бастауышым!
Мақсаты:
1. Білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатындығын ұғындыру.
2. Білімге, өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып, білім ордасын, ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу.
3. Білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып жоғарғы сынып мұғалімдеріне сәт сапар тілеп табыстау.
Көрнекілік: нақыл сөздер, мақал мәтелдер, шар, слайдтар

Өтілу барысы:
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! «Қощ бол,бастауышым!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізге жиналып отырсыздар. Қадамдарыңызға нұр жаусын

1-жүргізуші:
Армысыңдар,аяулы да асыл жанды ата-аналарым!

2-жүргізуші:
Армысыздар, аяулы да ,қымбатты ұстаздарым!

1-жүргізуші:

Бүгін міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз
2-жүргізуші

Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

1-жүргізуші

Бесіктегі баланың ,
Күлгенін көрген бір мұрат,

Алдына түсіп ананың ,

Жүргенін көрген бір мұрат-дегендей бұндай күнді көру бақыт деп ойлаймын.

1-жүргізуші

Олай болса, бүгінгі күннің басты кейіпкерлері №47орта мектебінің 4  -сынып оқушыларын қошеметмен сахна төріне шақырамыз!
1-жүргізуші:
Нұрай

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі

Нұрай атты сымбатты қызың ардақтап,

Бар пейілмен сіздерге басын иеді.

2-жүргізуші

Өсті талап-талғамым,

Көп нәрсені ұғындым

Маңғазданып, аз сөйлер

Алижан деген ұлыңмын

1-жүргізуші.

  1. .Өнер қуған жасынан,
    Сөз асырмас басынан.
    Намысқой біздің Аяжан
    Табылар дос қасынан
    2-жүргізуші.
    2. Би билейді талмайды,
    Әсем әнін арнайды.
    Біздің нәзік Мейірімді,
    Барлық бала тыңдайды.
    1-жүргізуші.
    3. Үндемей бәрін тындырған
    Сыныптың салмақты ұлысың
    Жымиып күлген күлкісі
    Ерасыл тұйық мінезі - ай
    2-жүргізуші.
    4. Ертеңгі күнін ойлайтын,
    Бес алам деп қалмайтын.
    Аршыл біздің Сабина
    Жалқаулыққа бармайтын.
    1-жүргізуші.
    5 Сыйлап сәлем береді,
    Үлкендерді көргенде.
    Әділетті сыныпта,
    Ізетті деп біледі.
    2-жүргізуші.
    6. Барлық істе алда жүретін
    Ән, айтып, биде билейтін
    Сыныптың белсенді аруы
    Малика өнерлі қызымыз
    1-жүргізуші.
    7. Жыр оқып тарихын ол танытқан,
    Кітап оқып білімін де дамытқан.
    Айгерім- сыныбымыздың озаты,
    Білімін ол болаттай ғып қорытқан.
    2-жүргізуші.
    8. Баян деген қызымыз
    Қатысқан талай сайысқа
    Тамылжытып ән айтып
    Жеткен талай табысқа.
    1-жүргізуші.
    9. Біліміменен үлгі болған сыныпқа,
    Отырмайды ойланбастан сынып та.
    Әнуар біздің өнегелі, өнерлі,
    Арасында достарының беделді.
    2-жүргізуші.
    10. Іс келгенде алдына
    Жан салмайтын ұлымыз
    Ер мінезді, көрікті
    Альтаир біздің ержүрек.
    1-жүргізуші.
    11. Өзі ұялшақ үндемес
    Мінезіне ешкім тең келмес
    Үндемес ұл Ерали
    Сыныпта ешкім тең келмес.
    1-жүргізуші.
    12. Бойында алаулаған жалын,
    Жақсылық толғандырып жанын.
    Гүлжан біздің қайтпай үйге
    Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.
    1-жүргізуші.
    13. Күні бойы тынбаған,
    Үлкендерді сыйлаған.
    Сабырлы біздің Аружан
    Ұқыптылыққа бойлаған.
    1-жүргізуші.
    14. Әзілді жаны сүйеді,
    Армансыз ол күледі.
    Балдаурен біздің әрқашан,
    Күлімсіреп жүреді
    Хормен:
    Құрбыласпыз,
    Тұрғыласпыз,
    16 - мыз.
    Күлімдейміз,
    Бір бақшаның
    гүліндейміз.
    Би: «Мектеп вальсі»,

  2. Келесі сөз кезегін әріптестеріміз Гүлжан мен Ералиге береміз

1-жүргізуші.Рахмет,Нурай !Жаңалықтарымызды әрі қарай жалғастырамыз

Бұл күнге жайдан-жай келе салғанымыз жоқ, бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес. Сол сәттерден үзінділерге назар аударсақ!

2-жүргізуші.: Ерали Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа! Сіздерді «Біздің қызықты сәттеріміз» атты фильмді көруге шақырамыз(Слайд көрсетіледі.)

1-жүргізуші.Алтын ұя мектебіміз туралы айта бергіміз келеді ия,Ерали

2-жүргізуші Ерали Дұрыс айтасың Гүлжан ендігі кезекті балаларға берейік

1-оқушы Мектебім асыл мектебім,
Құшағыңда көктедім,
Білім берген біздерге ,
Теріңді текке төкпедің.

2-оқушы Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

3-оқушы Мектебім-білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
4-оқушы.Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,
Әр күні балалықты  бір жүрек  бұл,
Өзіңе борыштармын  өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

5-оқушы Армысың алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем ,сені мәңгі мектебім.

6-оқушы Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен ,
Күллі шәкірт саған басын иеді.



Жарнамалық үзіліс

Хор Армандастар ,құрдастар!





Келесі кезекті әріптестеріміз Сабина мен Әділетке береміз

1-жүргізуші Әділет. Рахмет Гульжан! Сабина адамдарда қандай аналар бар? Айтып атап бере аласың ба?

1-жүргізуші.Сабина

Отан-ана, жер-ана, өз анаң,мектеп-ана, ұстаз-ана! Соны да білмей тұрсың ба?

2-жүргізуші. Әділет
-
Жоқ, Сабина білмей тұрғаным жоқ. Бүгінгі кештің назарын  мектеп-анаға, ұстаз-анаға шексіз ыстық, қуанышты,қайталанбас шын жүректен шыққан тілектер айтайын дегенім ғой!

1-жүргізуші. Сабина
Бүгін біздер осы аналарға деген   ыстық лебімізді білдіреміз!

2-жүргізуші.Әділет
Біздің жамандығымызды жасырып,жақсылығымызды асырып жүрген-Ана!Қиындықта әркез сенімен бірге болатын да –Ана!Бұл өмірде бәріміз де қарыздармыз.
1-жүргізуші:Әр ана өз баласын мейірімді болса екен дейді. Алайда, ардақта анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
Ал енді «Анам менің-ардақты» деген бейнетаспаға назар аударыңыздар

Келесі шырқалар тамаша әнімізді  қабыл алыңыздар!
Ана монолог

Сейітқазы Б. Серік А.

Би «Қыздар»тобы

Тв шоу Ата-аналарға сұрақ Жүргізушілер Ерасыл мен Альтаир

-нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат (күнделік)

-сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады? (подсказка)

-мектептегі басты адам (оқушы)

-мұғалімдер күні тойланатын ай  (қазан)

-Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады, ол не?(қоңырау)

-Қалам  мен  карындаштың  үйі (пенал)

-Әріптері жиыны (алфавит)

-Балалар білім алатын жер (мектеп)

-Бұрышсыз фигура (шеңбер)

-Түнгі жарық (ай)

Жарнамалық үзіліс

Ән Ана,әке мен сені Меккеге апарамын!

Келесі кезекті әріптестеріміз Айгерім мен Мейірімге береміз

1-жүргізуші Рахмет,Сабина әрі қарай тамашалайтындарыңыз «Ұлағатты ұстаз»деген жаңалықтармен таныстырамыз«Сәләметсіздер ме?»Мейірім, саған бір жұмбақ айтсам шешуін тауып көресің бе?

2-жүргізуші: Мейірім
Айгерім,мерекелік кешімізді бастамай-ақ жұмбақ шешіп тұрамыз ба?
Сен де қызық екенсің!-Ал, айтып көр, шешуін тауып көрейін.

1-жүргізуші:Айгерім
-Ал,тыңда онда!
Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін.

2-жүргізуші. Айгерім(таңданып, жан –жағына қарап)
-Бұл жұмбақтың шешуі күнбағыс қой!
Түсінбеймін! Күнбағыстың бүгінгі мерекеге қандай қатысы бар? Сен жұмбақ айттың, ал апайымыз мында күнбағыстарды жайқалтып, жайнатып тізіп қойыпты.
1-жүргізуші: Мейірім

Айгерім, көрдің бе? Сахна төрінде әр түрлі биіктікте әдемі күнбағыстар орналастырылыпты. Күнбағыста күннің көзін сүйетін, күннің шуағына бөленіп, оның шығу бағытына қарай басын иіп, жайқалып,жайнап өспей ме?Мені де, сені де, барлық оқушыларды да осы өсімдікке теңер едім.

2-жүргізуші:

Осындай жайқалған ан біз сияқты күнбағыстарға білім нәрімен сусындатқан ұстаздарымызға мың алғыс айтып басымызды иеміз.Келесі өнерлеріміз сіздерге арналады,құрметті ұстаздар !

Жарнамалық үзіліс

Ән.Сейтқазы Баян «Ұстазға мың тағзым»

Келесі сөзді әріптестеріміз Аяжан мен Аружанға береміз!

Рахмет!

2-жүргізуші.Аяжан.
-Аружан , дүниедегі  адамға ең жақын ,ыстық жанның бірі кім деп ойлайсың?

1-жүргізуші.Аружан.
Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі-ұстаз. Өйткені ол шәкірттің көкірек көзін ашып, дүниетанымын кеңейтіп, қиялға қанат қақтырады.

2-жүргізуші.Аяжан.
-Дұрыс айтасың. Ұстаз еңбегі ұлы еңбек. Сондықтан ұлы ақын Абай атаның

Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кепес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға.-деп айтуында терең ой жатыр.

1-жүргізуші.Аружан.
-Олай болса келесі тамашалайтын бөліміміз «Ұстаз ұлағаты» деп аталатын бөлімге де жетті.

2-жүргізуші.Аяжан.
Бізбен бірге 4 жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстазымызға және мектептегі барлық ұстаздарға шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен.Ыстық лебімізді өлең жолдарымен жеткізейік!

1-оқушы: Қаншама жыл бұл мектепті басқарады
Түлеп ұшқан жас түлек сан-салалы
Үлесі бар мектепті көркейтуге
Күлсімхан Үркенбаевна сізге алғыс жолданады.


2-оқушы: Үйреткен сөз өнердің қыр-сырларын,
Гүлденткен үлес қосып бала бағын.
Рзагүл апайға шексіз алғыс 
Жүріңіз щәкірттерге беріп дәріс.


3-оқушы: Сыныпқа кіріп келгенде 
Қимылдамас еш пенде
Жайна Уйказбековна мен Ирина Ивановна тәрбие мен тәртіпті
Ұғындырған біздерге.


4-оқушы: Орыс,ағылшын тілді оқытып, 
Тілімізді ширатқан.
Жанат Жуатхановна мен Рита Маратовна
Қабыл ал,алғыс балаңнан.

5-оқушы Қасымызда қашан да,

Қамқор болып жүреді.

Бақытгүл Қанатқызына

Алғыс айтады түлегі

6-оқушы

Көңіліңнің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Ақ ниетті кең пейіл

Суретші Айгүл тәтей осындай

7-оқушы

Сөз сөйлесе жарқын — ақ,

Күніміздей жарқылдап,

Музыка пәні сабағы,

Ән айтқызар Жанат ағай әр баланы.


Жарнамалық үзіліс

Көрініс «Берлинді кім алды?»

Келесі кезекті әріптестеріміз Әнуар мен Балдауренге береміз

1-жүргізуші Балдаурен 4-жыл бойы біздің еркелігімізді көтеріп жүрген Лязиза Арыстанбековна туралы не айта аласың ?

2-жүргізуші Әнуар Алғашқы ұстазымыз туралы әрине көп айтуға болады қатал,білімді,біздің қамымызды ойлап отбасын да ұмытып кетеді ,қысқы да нұсқа мына бейнероликтен көруімізге болады

1 оқушы: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
2 оқушы: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
3 оқушы: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!
Хор «Ұстазым»
Спорт жаңалықтарымен Алижан таныстырады.

Би Флешмоб

Ауа райымен Айгерім таныстырады.

1 - жүргізуші: Малика
Бүгін біз бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған, көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен және бастауыш сыныппен қоштасқалы отырмыз.

2-жүргізуші, Баян Құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, болды, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар едік ,енді, міне, бойларымыз да, ойлары мыз да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отырмыз.

1-жүргізуші Малика Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есеигелі отырмыз.

2-жүргізуші Баян Ендеше қызықты да, ғаламат озгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарға, ата-аналарымызға  бас иіп сіздерге көп рахмет,рахмет рахмет айтамыз Осымен біздің кешіміз аяқталды

Жарнамалық үзіліс

Хор «Мектебім,аяулы мектебім!»

Сөз кезегін мектеп директорына береміз.

Сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қараша
1058
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі