Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауышпен қоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
4- сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

26 Т.Өстеміров атындағы жалпы орта мектебі

4-сыныпта болатын «Бастауышпен қоштасу» ертеңгілігінің жоспары

22.05.2014ж

Сағ.1400-де


Мақсаты: Білімнің қайнар көзі, бастау бұлағы бастауыштан басталатындығын

ұғындыру;білімге,өнерге деген қызығушылығын арттыра отырып білім

ордасын,ұстаздарды құрметтей білуге тәрбиелеу;білімнің алғаш есігін

ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып жоғары сынып мұғалімдеріне

сәт сапар тілеп табыстау.


Ертеңгілік барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Барысы:

1.Кіріспе сөз.

2.Жүргізушілер.

3.Тақпақтар.

4.Әндер.

5.Билер.

6.Көрініс.

7.Ойындар.

8.Мұғалімдерге арнау.

9.Тілектер.

Ертеңгілікті аяқтау.


Ұйымдастырушы: Қойбағарова П.





























«Бастауышпен қоштасу» ертеңгілігінің барысы:

Бағдат:

Ағайын жұрт ардақты,армысыздар,

Бәріңізде есен сау бармысыздар.

Көрермен куә болсын бастауышқа,

Болашақ шәкірттердің жалғасы бар.

Дана:

Мектеп, мектеп,бақытқа толды үйің,

Ұша білсек болмас-ау, қону қиын.

Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін,

Бастауыштың билейміз соңғы биін.

Бірге:

Биылғы бастауышпен қоштасқалы отырған түлектерді ортаға шақырамыз.

Бағдат:

Оқу елге керек пе,

Керексіз бе?

Болды дау ....

Жар сап әлемге

Соғылды бір қоңырау,

Ол Ыбырай атаның

Қоңырауы боатын.

Жарық етті әлемді

Қараңғы еді дала тым.

Жырын жаттап жатамыз

Жалықпастан қыс-жазы.

Ұлы Ыбырай атамыз-

Ұстаздардың ұстазы.

Ұран тастар көп елге,

«Кел, балалар,оқылық!»

Деген сөзін көңілге

«Ықыласпен тоқылық!»

Дана:

Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап,сол ұядағы әрбір қызықты,жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті.Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ ана да,дана да,жаны шуақ та,нұрлы жүрегі Сарыарқаның самалына татитын ізгі жан барын бәріміз жүрегімізбен сеземіз.Ол ұстаз!

Бағдат:

Армысыздар, ағайын!

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Өлең оқып,би билеп,әнде бүгін айтылар.

Дана:

Армысыздар,аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар,ардақты әкелер.

Хош келіпсіз,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Бағдат:

Біз бүгін бойымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған,көп нәрсені үйреткен ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Дана:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз білім нәрімен сусындатып, көп нәрсені үйретті. Сондықтан да алғашқы ұстазымызға


Хормен: «Мың алғыс!»


Бағдат:

Қасым Аманжолов ағамыз «мектеп-кеме,білім-теңіз»деп тектен-текке

Айтпаған-ау ,сірә.Егер адамның жүрегінде ізгілік,мейірімдлік сәулесі болса,ол-мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әр-бір жеткіншектерге жеткізіп ,жү регіне сіңіру үшін қаншама тер төгеді десеңші.Адамды тәрбиелеп,оны азамат атандыру дың өзі бір үлкен күш емес пе. Сондықтан да ұстаздардың еңбегі –ұлы еңбек.

Дана :

Алғашқы рет өзіңнен

Білім алды балалар.

Оқу сырын өзіңнен

Біліп алды балалар.

Жастың өсті санасы,

Елжірейді жүрегі.

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді.

Оқушылармен таныстырып өтейік.

Ақбота:

Білімімен үлгі болған сыныпқа,

Отырмайды ойланбастан танып та.

Бағдат біздің өнегелі, өнерлі,

Арасында достарының беделді.


Ермахан:

Мынау менің сезгенім,

Ол сыныптың данасы.

Өзінің де, өзгенің

Дана болар панасы.

Мұхаммед:

Сынып намысын ақтаған,

Жүрекке сыр жаттаған.

Ермахан мектеп ұясын

Жан тәнімен сақтаған.

Самат:

Мен дәрігер боламын,

Үлкеннің де, баланың

Деп жүр біздің Ақбота

«Өзім емдеп жазамын.»


С.Нұрсұлтан:

Бастауыштың түлегі,

Ел деп соққан жүрегі.

«МАИ қызметкері болам» деп

Мұхтар біздің жүреді.


Мұхтар:

Қай кезде де ол анық,

Қайғырмайды өзі үшін.

Айдана біздің қуанып,

Қызарады біз үшін.


Аружан:

Бойында алаулаған жалын,

Жақсылық толғандырып жанын.

Рахымжан біздің қайтпай үйге,

Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.


Айдана:

«Мен үлкейіп ,толамын,

Сіздей ұстаз боламын»

Деп жүр біздің Рыскүл

Үлгісі кіші, баланың.

Назерке:

Мен инженер боламын,

Жерден алтын табамын.

Деп жүр біздің Ербол

Алтыннан мектеп саламын.

М.Мұхаммеджан:

Келеді сонау қашықтан,

Мектепке әр кез асыққан.

Аяжан біздің ақ көңіл,

Көңілі дария тасытқан.


Ә.Нұрсұлтан

Ертедегі күнін ойлайтын,

Бес алам деп қалмайтын.

Аршыл біздің Ә.Мұхаммед

Жаллыққа бармайтын

Сұлтан

Ал мен ақын боламын,

Сусылдаған қаламым.

Деді біздің Бағдаулет

«Таудан асқан талабым».


Мұх. Аяжан

Күні бойы тынбаған,

Үлкендерді сыйлаған.

Сабырлы біздің Бейбіт

Ұқыптылыққа бойлаған.


Рахымжан:

Жыр оқып, тарихын ол танытқан,

Кітап оқып, білімін ол дамытқан.

Аяжан біздің сыныбымыздың озаты,

Білімін ол болаттай ғып қорытқан.

Оспан:

Әдепті ол сақтайды,

Әділетті жақтайды.

Нұрсұлтанды біздің апайлар,

«Тәртіпті» деп мақтайды.


Ербол:

Би билейді талмайды,

Әсем әнін арнайды.

Біздің нәзік Аружанды,

Барлық бала тыңдайды.


Бейбіт:

Әзілді жаны сүйеді,

Армансыз ол күледі.

Мейіржан біздің әрқашан,

Жып-жинақы жүреді.


Бағдаулет:

Сыйлап сәлем береді,

Үлкендерді көргенде.

Мұхамедоспанды сыныпта

Ізетті деп біледі.


Рыскүл:

Тентек, бірақ ақылды,

Сыйлап жүрер жақынды.

Сұлтан біздің ұлдарды

Тәртіпке әркез шақырды.


Аяжан:

Ұстазын жанындай жақсы көреді,

Қоштасуға қимай ыстық жүрегі.

Тоғжан біздің апайына еркелеп

Бетінен сүйіп,шығарып сап жүреді.


Мұхамедоспан:

Өнер қуған жасынан,

Сөз асырмас басынан.

Намысқой біздің Оспан

Табылар дос қасынан.




Тоғжан:

Білімді,алғыр,жан-жақты,

Ұлдарымыз сымбатты.

Самат біздің әрқашан,

Досымыз болар қымбатты.

Ермахан:

Үлкені сыныптың,

Тентек емес жуас тым.

Нұрсұлтан біздің сыпайы,

Досқа адал , шынайы.

Мұхтар:

Қыздарымыз ұқыпты,

Сүйкімді, әрі қылықты

Назерке біздің әрқашан,

Таза ұстайды сыныпты.

Рақымжан:

Математиканы ұнатады,

Қыздарды кейде жылатады.

Мұхамеджан бізді әрқашан,

Күлдіреді және қуантады.


Дана:

Ән. «Наурыз»

Орындаушылар:Қуандық Р., Қожан Б., Құлтай Е.

Бағдат:

Ұстаз сөзі күн нұрына пара-пар,

Шәкірт оның әр сөзінен нәр алар.

Ізгілік пен мейірімге толы ол,

Шуақ болып жүректерге таралар.

Дана:

Ұрпақ пен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Ән шашу,әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ермахан:

Мұғалім- бұл адамның ардақты аты,

Білімді бар биікке шығар саты.

Ең алғаш осы адамнан басталады,

Сүйеді сондықтан да жақын-жаты...

Бар ғалам, барлық қоғам мұғалімді

Сыйлайды мәңгі бақи беріп бәрін.

Назерке:

Ұстаз деген қасиетті адам бар,

Біле білсең, сенің екі анаң бар.

Бірі сенің туған анаң болса егер,

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.

Туған анаң болмаса ойнамас ең, күлмес ең,

Жарық дүние күн сәулесін көрмес ең.

Ұстаз ана болмаса сен өмірдің

Мәні менен мағынасын білмес ең.

Ақбота:

Ұлы өмірге жетелеп,

Ашқан білім есігін.

Құриеттейік мәпелеп,

Ұстаздардың есімін.

Келешекке алтын бақ,

Қосар таудың үлесін.

Жасай берсін жарқылдап,

Ұстаз атты ұлы есім.

Бейбіт:

Мол өнегең,ұрпаққа мол дәрісің,

Қанаттандыр,қатайтып қолдан ұшыр.

Саған деген алғыстың шегі де жоқ,

Әрбірінің азамат болғаны үшін.

Ербол:

Басса бұрыс,жол сілтеп қате дейсің,

Әр балаға сен ана,әкедейсің.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап, мәпелейсің.

Дана: 4-сынып оқушыларының орындауында вальс.

Бағдат:

Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаны батыр да,тілінен бал тамызған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,егін салып,мал бағып тер төккен шаруа да,көкті шарлаған ғарышкер де бәрі ұстаздан білім иен тәрбие алған. Сондықтан да біз ұстаздар алдында бас иеміз.

Самат:

Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш,не ғалым.

Саған ыстық сезіммен

Қарайды жұрт,мұғалім.

Мен де өзімді әрдайым

Қамқоршым деп ұғамын.

Күліп атқан таңдайын

Жарқынсың сен, мұғалім.

Рыскүл:

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты.

Ұстаттың қағаз,қалам қолыма өзің,

Ерінбей үйреттің де әр әріпті.

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едің білімменен күш толады.

Алғыр бол,әдепті бол, сабырлы бол.

Ақылмен іс істесең іс болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.




Мейіржан:

Бастауышым – балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырамын.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Дана:

Мектеп-сенсің адалдықты үйреткен,

Мктеп- сенсің жамандықтан жиренткен.

Мектеп-сенсің жақсылықты ұран ғып,

Мектеп-сенсің мені жұртқа сыйлы еткен.

Бағдат:

Мектеп деген-білім кені,жыр кені,

Мектеп деген-ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген- тәрбиеші адамға,

Мектеп деген-даналардың мекені.

Ән. «Қазақстан» Орындаушылар: Қуандық Р, Құлтай Е.

Дана:

Балалар, бізді болашаққа не бастайды?

Хормен:

Ұстаздың көрсеткен жолы!

Ата-ананың ақылы!

Болашаққа деген сенім!

Бағдат:

Құрметті ұстаздар,біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз,сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан-жақты білім бергені үшін пән мұғалімдеріне алғысымыз шексіз.

Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп.

Өзіңе арнап жыр айтам

Ардақтап сізді өтем деп. Ұстаздарға арнау.

Бағдаулет:

Жұмыста ылғи қайсарлы,

Көрмейміз мұндай жайсаңды.

Ұжымның мықты ұстазы

Ұлбосын апайды айтсаңшы.

Ә.Нұрсұлтан:

Білімділік-тіршіліктің тірегі.

Ақмарал апай тереңнен түсіндіреді.

Сөйлегенде мәдениетті тілменен ,

Барлық жанның елжіреген жүрегі.

Аяжан:

Әдемі апай тәрбиелілікке оқытқан,

Санамызға қырын-сырын танытқан.

Ізгілік пен ізеттікке жетелеп,

Ақыл кенін блоаттай ғып қорытқан.

Ә.Мұхаммед:

Рано апай да шебер –ақ,

Үйреткен әні жип-жинақ.

Шәкірттері молайып,

Жемісін ылғи берер-ақ.

Аружан:

Рана апай мен Мадина апай

Орыс тілін танытқан,

Ойландырып ой-сананы дамытқан,

Баршаңызға тілеріміз - жақсылық,

Арналады өлең атты шабытқан.

К. Оспан:

Бояу сырын үйреткен,

Шын көңілмен ,жүрекпен.

Гүлжан апай керемет,

Сабақ берген суреттен.

Дана:

Ән: «Бала макхаббат» Орындайтын Сапаралы Мейіржан


Айдана:

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға,

Тарап демде кетеді шаршауың да.

Бал-бұл жанған балғын , жүз жәудір көздер,

Тұрғаныңда солардың қоршауында.

Сұлтан:

Ақылшым-асыл ұстазым,

Жолымды айқын нұсқадың.

Қасыма кеп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.

Жалықпай үйреттің де балаларды,

Өмірге тарту еттің даналарды.

Ізгілікке жол ашып көрсетумен,

Қара шашың қыраулап ағарады.

С.Нұрсұлтан:

Мектеп-үйім,ұстаздарым ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

Ақыл,білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім.

Сенде өсіп көктедім,

Сенсің-өмір көктемім.

Бағдат:

Мектеп-кеме, білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда,

Ұстаз берген білім қолда.




Дана:

Ұстаздар жаққан шырақты,

Өшірмейік , балалар.

Бәрін-бәрін білесің,

Оқи берсең кітапты.

-Балалар, біз кітаптан нені үйрендік?

Мұхтар:Оқуды,жазуды,есеп шығаруды,ән айтып,би билеуді үйрендік.

Тоғжан: Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды.

Аяжан:Жерімізге,елімізге жақсылық жасауды үйрендік.

Рахымжан:

Әйтекенің жарып айтқан,

Қазыбектің қазып айтқан,

Төлебидің тауып айтқан.

Ұлағатты сөзінен өнеге үйрендік.

Дана:

Көрініс. «Бөлтірік шешеннің тапқырлығы.»

Бағдат:

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым,

Ана десем әділдікті ұғамын.

Дана:

Аяулы да , алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.

Сен асқарсың,сен аспансың биіксің,

Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың.

Ән. «Анашым» Орындаушылар: Баянбай Н., Монтаева А.

Бағдат:

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін,

Махаббатың жүрегімде жүр менің,

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің,

Қандай жақсы ортамызда жүргенің.

Дана:

«Ана дегеніміз – әлемнің жан дүниесі,оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы» деген екен Расул Ғамзатов ағамыз. Олай болса ортаға жарық дүние сыйлаған аналарымызға кезек берсек.

Бағдат:

Ата-аналар мен оқушыларды қатыстыра отырып ойын өткізейік.Ата-аналарымыз сұрақтарға жауап берсеңіздер.

Ермахан:

-Балаңыздың туған күнін,ең жақын досын,оқитын газет журналдарын атап беріңіз.

Ақбота:

-Балаға үлгі болатын кім?

Бағдаулет:

-Үй ішіндегі татулық кімге байланысты?

-Балаңыздың арманын білесіз бе?

Мұхамедоспан:

-Балаңыз бос уақытын қалай өткізеді?

-Үйде бала тәрбиесіне кім көп көңіл бөледі?


Дана:

-Енді,, аналарымызбен «Мақалдың жалғасын тап» ойынын жүргізейік. Мен мақалды бастаймын,сіз жалғастырып айтуыңыз керек.

1. Атаға қарап .......... ......., (ұл өсер)

Анаға қарап .......... ....... . (қыз өсер)

2.Ананың көңілі балада, ....... ....... ....... .( Баланың көңілі далада)

3.Ата-ананың қадірін ...... ....... ........ . (балалы болғанда боларсың)

4. Атаның баласы болма, ....... ....... ..... . (адамның баласы бол.)

5. Жақсы сөз ....... ...... . (жарым ырыс)

6.Баланың жақсысы қызық, ........ ........ . (жаманы күйік)

7. Ұяда не көрсең , ........ ...... ....... . (ұшқанда соны ілерсің)

8. Балалы үй – базар, ....... ..... ...... . (балсыз үй мазар)

9.Бала тілі - ......... . (бал)

Бағдат:

-Енді балалар іс-қимылын жасырады,ал ата-аналарымыз сөзбен айтып жеткізуі керек.

Бейбіт:

Маған ілгегімді тігіп берші.

Мұхамеджан:

Мен көйлегімді кірлетіп тастадым,жуып берші.

Аяжан:

Мен ыдыстарды жуамын, сен маған балмұздаққа ақша берші.

Назерке:

Мен сабақ оқуым керек,сондықтан үй жинамаймын.

Мейіржан:

Менің көйлегім үтіктелмеген , соны үтіктеп берші.

Дана:

Ардақты да,ұғымтал ата-аналарымызға көптен-көп рахмет.

Бағдат:

Шәкірттердің тыңдап жауап-сұрағын,

Жас санаға төгіп білім шуағын.

Хат танытып жол сілтеген өмірге,

Барша жанға құрметті жан- мұғалім.

Дана:

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,

Шәкірттерін сүйген таза көңілден.

Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,

Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

-Балалар, біз нені сүйеміз?

Ербол:

Отанды,ата-ананы,халқымызды,достарымызды,табиғатты сүйеміз.

Бағдат:

-Балалар,біз нені ажырата білеміз?

Самат:

Жақсылық пен жамандықты,арамдық пен адалдықты,ақ пен қараны ажырата білеміз.

Дана:

-Балалар, біз кім боламыз?

Оспан:

Адал азамат,оқымысты ғалым, елді,жерді сүйетін нағыз адам боламыз.

Дана:

Би. «Қамажай» Қыздар тобы.

Бағдат:

Құрбыласпыз,

Тұрғыласпыз,

Барлығымыз бір сыныптаспыз.

Таланттымыз,

Талаптымыз,

Жақсы оқимыз сабақты біз.

Дана:

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық,біртіндеп бауыр бастық,

Жүргеніңді ұнаттық арамызда.

Сынып жетекшіміз Фатима апайды ортаға шақырамыз.

Хормен:

Берген білім, ерен күш,

Ұстаздарға мың алғыс.

Бағдат:

Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен.

Сөз кезегін бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Сейдазимова Ақмарал апайға береміз.

Дана:

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Сөз кезегін ардақты ата-аналарымызға береміз.

(Соңғы қоңырау соғылады.)

Бағдат:

Бітіруші түлектер,

Жүктелер бар аманат.

Айтылды ізгі тілектер,

Болмасын еш жаманат.

Дана:

Бастауышта оқыдық,

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден жалындар

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Бағдат:

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп ,толыңдар.

Қиындыққа мойымай

Аман-есен болыңдар.

Бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізді әнмен аяқтаймыз.





Ән: «Сыныптастар,құрдастар»

(«Армандастар» әні әуенімен)

Бүгін міне бастауышпен қоштасамыз,

Ұстаздар-ау,жақсы істі қоштасаңыз.

Үлкен сынып балалармен достасамыз,

Сыныптастар,құрдастар.


Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз де өмір жолын бастап едік.

Білімменен алға,

Ұмтылайық,ұмтылайық біз достар.


Білімменен көрсетелік біздер қызмет,

Білім берген ұстаздарға көп-көп рахмт.

Көрсетпесін өмір-өзен еш тауқымет,

Сыныптастар,құрдастар.


Қайырмасы:

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік,

Бәріміз де өмір жолын бастап едік.

Білімменен алға,

Ұмтылайық,ұмтылайық біз достар.


Қойбағарова Патима Ибадуллақызы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы

26 Т.Өстеміров атындағы жалпы орта мектеп

Бастауыш сыныптар оқытушысы























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
553
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12