400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауышпен қоштасу 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бастауышпен қоштасу мерекесі

Тақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа» 

Мақсаты:

Оқушылардың 4 жыл бойы алған білімдері мен жетістіктерін ата –аналарға , ұстаздарға көрсету.Алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету. Ұстаздарға алғыс айту.

Көрнекілігі: шарлар , слайд . нақыл сөздер

Барысы:

1-жүргізуші

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің  ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған  «Аттандық бала шақтан-болашаққа» атты  мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі  сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне  аттаған балаларыңыз  білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

1-жүргізуші:Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген — бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

2-жүргізуші:

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

Төртінші сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын  6 жасар бала болса,  бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт.  Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап  «Әліппемен қоштасу», «Тілашар» ,  дәстүрлі Наурыз тойлары , «Ханзадалар мен ханшайымдар» сайысы  , «Алтын күз»  мерекесі , «Анам екеуіміз», «Толағай» сияқты отбасылық сайыстар , мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

   Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген  аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі  балалық шақтан басталады.  Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен  қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі  отыр. Ендеше қызықты да  ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса оқушыларға сөз кезегін берейік!.

Слайд: «Мектептегі мерекелер»

1-жүргізуші Иә, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

1 оқушы : Ақнұр Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.


2 оқушы: Айсулу Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата- анамдай.

Әрқашан қасиетті атың маған.


Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.


3 оқушы: Жәңгірхан Мектеп – кеме , білім – теңіз,

Барар жерге тез жетеміз.

Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.

4 оқушы:  Нұртас Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.


5 оқушы: Дина Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

6 оқушы: Мұса

Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


7 оқушы:Арайлым  Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.


8 оқушы: Ершат Армысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын,

Мектебіме арналады бұл әнім  Ән : «Мектебім аяулы мектебім» 


1-жүргізуші : « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не білеміз?

 2-жүргізуші Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» — деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

1-жүргізуші Дұрыс айтасың ,Дильназ ,ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.


2-жүргізуші Иә ,Ертөре бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!


9 оқушы: Махамбет Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.


Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.


10 оқушы: Кәусәр Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсам да көре тұғын белестер.


Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

 

11 оқушы: Саят Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

 

Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың , даналардың.

Өмірде сенің алар орыныңа ,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.


12 оқушы: Дильназ Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,

Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Анамның аяулы үні сияқтанған.


Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады .


Ақнұр Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде
Секір, жүгір шымыр болар денең деп
Салауатты өмір салтын уағыздап
Денемізді шынықтырған бар күш сап 

Самат ағайға мың алғыс!


Ершат Орыс тілін үйренеміз,
Әр сөзін біз меңгереміз.
Мың алғыс айта отырып,

Светлана апайға бас иеміз!


Айсұлу Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі

Тым еңбекқор, жан-тәні де әдемі

Шет тілімен шәкірттерін қашан да

Гүлшат апай сусындатып жүреді


Дина Гүлзат апай саналады жеке-дара

Мектепте онсыз өтпес ешбір шара

Деніңіз сау болсын деп тілейді

Әніңізді жаттаған әрбір бала


Мұса Өзін-өзі тану сабағы

Біздерге қатты ұнады

Гүлвира апай көп рахмет

Үйреткен бізге жақсыны


Арайлым Мінезі жайлы, жайдарлы қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне табынасың.
Күліп жүрер үнемі Сәулет апай
Бейнелеудің қыр-сырын ұғынарсың!

1-жүргізуші Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып. 
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбен
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып. Келесі тыңдайтын
  «Ұстазыма мың тағзым»  атты әні барлық ұстаздарға арналады. ( Өлең аяқталғаннан кейін ұстаздарға сыйлықтар тапбысталады) 8 басшы , 6 мұғалім

 

2-жүргізуші Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.

1-жүргізуші Иә , Дильназ дұрыс айтасың , біздің осындай үлкен азамат болғанымыз , сол кісілердің арқасы. Әнімізде , жырымызда , осында отырған ата-аналарымызға арналады.

1-оқушы Әлішер Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

2 оқушы: Дина Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.


3-оқушы Арайлым Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!


4 оқушы: Жәңгірхан Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,-

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

Ән «Ай дидарлы анашым» 

2-жүргізуші Мың бұралса біз қарап тамсанайық,

Сіздерге жақсылықпен жар салайық.

Бишілерді сахнаға біз шақырып,

Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық – сыныбымыздың ұлдарын «Жүрегімнің есігін аш » биімен қарсы алаңыздыр

1-жүргізуші Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең мақтанышың.

Білім алып, тер төгіп еңбек етем,

Өздеріңнің сеніміңді ақтау үшін! –

Бәріміз де бала болдық ,ақын да , күйші де , әнші де ,тіпті тележүргізуші де ұстаздан білім алған соң.Сонымен елестетейік отандық жұлдыздар бір мектепте оқыса қалай болар еді. Келесі тамашалайтындарыңыз «Отандық жұлдыздар бір мектепте оқыса » көрінісі

1-жүргізуші Ертөре

Риза болшы ұстаз қауым ардақты,

Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты.

Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де,

Бастауышты орта буын жалғапты. Осы әнді барлық бастауыш сыныпта білім берген пән мұғалімдеріне арнаймыз. Бейсенбек Дильназ бен Дастанқызы Кәусәрдің орындауында «Бастауышпен қошатасатын кез келді» әнін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші Мың бұралса біз қарап тамсанайық,

Сіздерге жақсылықпен жар салайық.

Бишілерді сахнаға біз шақырып,

Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық – сыныбымыздың қыздарын « Қызбала гүл » биімен қарсы алаңыздыр

2-жүргізуші Дильназ Бастауышым – балқұрағым,
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраным. Серікжан Ертөренің орындауындағы « » әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші Мектеп - деген білім кені , жыр кені,

Мектеп - деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп - деген тәрбиеші адамға.

Мектеп - деген даналардың мекені- келесі «мектепің қызықты сәттері» атты көріністі тамашалаңыздар.

2-жүргізуші Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Мектебімде алаулаған жыр жалын

Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға – Балхаш Саяттың орындауындағы «Қимай тұрмын» әнін қабыл алыңыздар

Бүгінгі біздің бастауышпен қоштасу ертеңгілігіміз аяяқталды , көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 



































Іс келгенде алдына

Жан салмайтын қызымыз

Ер мінезді, көрікті

Кәусәр біздің ержүрек

 

Атыңнан айналайын Саят деген

Сенің жақсы ісіңе баға берем

Жеңіс туын тігерсің болашақта

Үміті зор осы сыныптың саған деген


Айсұлу деген қызымыз

Қатысқан талай сайысқа

Тамылжытып ән айтып

Жеткен талай табысқа

  

Үндемей бәрін тындырған

Сыныптың салмақты қызысың

Жымиып күлген күлкісі

Арайлымның тұйық мінезі-ай


Білімді, ақылдысы сыныптағы

Талай қиын есепті құрықтады

Махамбеттің алдында талай іс тұр

Болашақта жандырар үміт отты


Өзі ұялшақ үндемес

Мінезіне ешкім тең келмес

Үндемес қыз Динаға

Сыныпта ешкім тең келмес 



Ару қызы қазақтың

Мектептің бір озаты

Келбеті де сымбатты

Гүлім біздің ибалы

 

Он саусағынан өнер тамған

Есепті де жаңғақша шаққан

Суретшіміз кішкентай

Бекзат келді ортаға

 

Барлық істе алда жүретін

Ән, айтып, биде билейтін

Сыныптың белсенді аруы

Диана өнерлі қызымыз

 

Математика елінде жан салмайтын

Жауабын табар талай сұрақтың

Сыныбының атақты белсендісі

Арғын келеді арамызға күлімдеп

 

Ер жігіті қазақтың

Еркесі   Ақжол бір үйдің

Адалдықты жаны сүйген қашаннан

Бекзат та бар қатарынан қалмаған

 

Ер жігіті елімнің

Тұлғасы көкте самғаған

Қатысқан талай жарысқа

Спортшы Елдар сахнада  4 «а сынып жетекшісі Құралай Бақытқызы

 

Сабыр берген салмақты

Ақыл берген ардақты

Алдиярдай балаға

Білім берген жан-жақты

 

Дараласа әкесі, аялаған анасы

Ән де, би де, өнер де

Бір өзінен табылған

Аяулымға қарашы

 

Тақылдаған таңдайың

Жарқырап атқан таңдайсың

Таңшолпан атыңа сай бол болып

Жарқырасын маңдайың

 

Мықты, күшті Нұрболат

Әлсіздерді шиырған

Бала мінез Мейіржан

Өзі сондай мейірбан

 

Түрлі-түсті бояумен

Өрнектейтін әр істі

Ершатымыз сыныптың

Суретшінің нақ өзі

 

Мың салса бір баспайтын

Еш уақытта аспайтын

Аяжан мен Серіктей

Сыныпты алға бастайтын

 

Мың бұралып би билеп

Әркез алға ұмтылған

Зарина мен Айдана

Әсемдікті ұқтырған

 

 

 

Жайсаң, жуас мінезі

Айғаным бар бір ізді

Тәрбиелеп баптаған

Анасына мың алғыс

Санасына жаттаған    4 «ә» сынып жетекшісі  Гүлден Асылханқызы



27оқушы : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

28 оқушы: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік  кеп.

29 оқушы: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А» әрпін  алғаш сеннен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

30 оқушы:Бірдей біздің  ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп – ойнап біріміз бен біріміз.

31 оқушы:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

32 оқушы:Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

33 оқушы : бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

34 оқушы :Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

 

35 оқушы:Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика,химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

 

36 оқушы:Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Ана тілін оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

Ана тілін сүйеміз,

Құрметпен бас иеміз.

Ана тілмен қоштасамыз,

Әдебиетпен достасамыз.

 

 

37 оқушы: Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

38 оқушы: Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

5-шіге барған соң,

Мұғалімдер  бағалар.

39 оқушы: Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

40 оқушы:Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Индира  апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.

41Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі

Тым еңбекқор, жан-тәні де әдемі

Шет тілімен шәкірттерін қашанда

Айсұлу апай сусындатып жүреді

42Бұл тілдің сан қырларын бағындырған

Сабақтары біздерді сағындырған

Гүлмира, Гүлсара апайлар сөйлеп кетсе

Орысыңның өзінде жаңылдырған

 

43Табиғат сыйлағанда сұлулығын

Жанаттай ағайымдай ұғынды кім?

Пейзаж, натюрморт, кескіндеме

Ешқайсысы таң емес маған бүгін

 

44Марғұлан ағай саналады жеке дара

Мектепте онсыз өтпес онсыз шара

Деніңіз сау болсын деп тілейміз біз

Әніңізді жаттаған әрбір бала

 

45Кім білмейді мектепте Гаухар апайды

Спорт десе жоқтан ол бар жасайды

Қашанда спорт залдан табылатын

Сыйлаймыз біз шынықтырушы Ердос ағайды

 

46Монитор, пернетақта сөздің басы

Өрмелейді компьютермен өрге тасың

Бүгінде жаҺандану заманында

Толқын апайымның зор ғой бізге «бәсі»

ӘН: « Мейірбан ұстаз »  ор-тын  Таңшолпан

Би :  « Ча-ча-ча»      Аяулым, Серік, Данель, Арғын

«Грузин биі»    ұлдар тобы

Би:  « Таңғы жаңбыр » қыздар тобы

Ән « Бастауышым-балбұлағым»     Ақмарал, Данель

54Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап  көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз!

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

1 жүргізуші  Келесі құттықтау сөзді мектебіміздегі  директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары  Искакова Жанара Төлеубекқызына береміз.

 

Келесі сөз  директордың орынбасары   Жұртыбаева Гүлмира Бейсбековна мен  Каирбекова Зауре Айтбекқызына беліледі

2 жүргізуші:Келесі құттықтау сөзді балапандарының өнеріне тәнті болған мейірімі мол ата-аналарға берсек.

1 жүргізуші

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше,

Осымен бүгінгі кеш аяқталды.  Бірге: Кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, 
Білім іздеп инемен құдық қазғандар. 
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан, 
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар! 


Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ, 
Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ, 
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан, 
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ... 


Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті, 
Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті. 
Қошеметпен шақырамыз ортаға, 
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! 


Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да 
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. 
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық, 
4 «А» сыныбын ортамызға! 
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. 


Бала шаққа болашақты жырлатып, 
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. 
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, 
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты. 


Армысыздар, әжелер мен аналар, 
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. 
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, 
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар. 


Армысыздар, өр тұлғалы әкелер, 
Қыран құстай балапанын мәпелер, 
Бүгін міне бастауышпен қоштасар, 
Азамат боп кешегі сәби еркелер. 


: Армысың сен алтын ұя мектебім 
Саған айтар жыр алғысым көп менің. 
Жүректерге жаққан білім шырағын, 
Мектебіме арналады бұл әнім.



Ия, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық. 


Мектеп деген білім кені жыр кені, 
Мектеп деген ғылымның ең үлкені. 
Мектеп деген тәрбиеші адамға, 
Мектеп деген даналардың мекені. 


Мектебім білім берер алтын ұям, 
Ер жетіп сенде сөзім артты санам. 
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай 
Әрқашан қасиетті атың маған. 


4.Білімнің кілтіндей

“Әліппе” ұстатқан

Оқуға іркілмей

Тоқуға ұстартқан.

Қамқоры ұл, қыздың –

Мұғалім – ол біздің.



5. Қиынға төзуге

Үйреткен қашанда,

Жаманнан безуге,

Жақсылық жасауға.

Қамқоры ұл, қыздың –

Мұғалім – ол біздің.



6.Шыңдап күнде мен енді

Шынықтырам денемді

Сүйемін ән-күй сабағын

Суретті сәндеп саламын







Мектеп – кеме, білім – теңіз, 
Барар жерге тез жетеміз. 
Төрт жыл алған білім нәрін, 
Азық етіп ер жетеміз. 


! Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді, 
Бар асылын бізге жиып, мол береді. 
Қанатымен су себелеп асыл жан, 
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 





11.-Үлкендерді сыйлауды,

Құнды кітап жинауды



12.-Адалдарды сүюді,

Тентектерді тыюды,



13.-Оқуды ауыр көрме! – деп,

Ылғи да алға өрле! – деп,



14.-Жақсы істерді құп ал! – деп,

Досың үшін қуан деп.



15.-Санамай жылдың күн, айын,

Баулыдыңыз ұдайы



16.- Ұсындыңыз қол үшін:

Рақмет Сізге сол үшін!





Сонымен қатар бізге пән мұғалімдері де сабақ берді, ол мұғалімдерге де айтар алғысымыз көп.



Алтынай Сланбековнаға

Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде
Секір, жүгір шымыр болар денең деп
Салауатты өмір салтын уағыздап
Денемізді шынықтырған бар күш сап 

Алтынай апайға мың алғыс!



Айгүл Сериковнаға



Орыс тілін үйренеміз,
Әр сөзін біз меңгереміз.
Мың алғыс айта отырып,

Айгүл апайға бас иеміз!



Гүнәр Океновнаға

Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі

Тым еңбекқор, жан-тәні де әдемі

Шет тілімен шәкірттерін қашан да

Гүлнәр апай сусындатып жүреді







Гүлнәр Жумашевнаға

Гүлнәр апай саналады жеке-дара

Мектепте онсыз өтпес ешбір шара

Деніңіз сау болсын деп тілейді

Әніңізді жаттаған әрбір бала







Мадина Карпковнаға

Өзін-өзі тану сабағы

Біздерге қатты ұнады

Мадина апай көп рахмет

Үйреткен бізге жақсыны



Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай, 
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай? 
Мейірлене қарап қойып біздерге, 
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай. 


Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім... 
Басталған ақ батаңнан жас талабым. 
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың, 
Ұстаздың ұлағатынан басталарын. 


Мұғалім ұстазысың балалардың, 
Болашақ ғалымдардың, даналардың. 
Өмірде сенің алар орыныңа, 
Бірі де жеткізе алмас бағалардың 


Алғқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың, 
Ұмытылмастай қөңілде мәңгі қалатын. 
Сағына әркез суреттерді парақтап, 
Шәкірттерін жиі еске алатын. 


Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан, 
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман. 
Жатталды жан жүректе есіміңіз, 
Адамның аяулы үні сияқтанған. 


Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден, 
Мың алғыс отты мына жүректерден. 



Бастауышта шырқалмаған жыр барма? 
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма? 
Бастауышта алған білім жырларым, 
Азық болар, мәңгі талай жылдарға. 


Бастауышым – бал бұлағым, 
Алдым сенен балдың дәмін. 
Әріп танып, білім алып 
Рахметімді жаудырамын. 






Бастауышым – балбұлағым, 
Лаулап жанған шам шырағым. 
Өзің берген біліміңмен, 
Самғап ұшар тау қыраның. 


Өтті сенде қызық шағым, 
Бастауышым – балбұлағым. 
Қоштасар күн жетті міне, 
Қимастықпен қол былғаймын. 


Мектеп, мектеп бақытқа толды үйің, 
Ұша білсек болмас - ау тіпті қиын. 
Бастауыштың соңғы әнін шырқап бүгін, 
Бастауыштың билейміз соңғы биін. 


«Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты, 
Үлпілдетіп балапандай самғатты. 
Мейірімімен мәпелеген біздерді, 
Ата - аналар аманбысыз ардақты. 
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата - анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы. 


Ыстық - ау, кім - кімге де әке деген, 
Суыққа шалындырмай, мәпелеген. 
Өмірдің соқпағымен өрге тартып, 
Алдымен адам бол деп жетелеген, - дегендей әкенің орны бөлек ау. 


Әкешім тілеуімді тілеп жүрген, 
Аумайсың жарығы мол ашық күннен. 
Шаршайсын жұмыс істеп біздер үшін. 
Ақылды балаларың оны білген. 



Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге елеулі азамат болса, екен дейді. Халқымыздай мынадай нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсын» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін! 


Иә, дұрыс айтасын Айжан! Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе? 


















Анашымдай сыр шерткен,
                               Ақыл білім үйреткен.
                               Ана тілін оқыдық,
                               Ерекше зор құрметпен.
                               Ана тілін сүйеміз ,
                               Құрметпен бас иеміз.
                              Ана тілмен қоштасамыз ,
                              Әдебиетпен достасамыз.


Ойланып есеп шығартып,
                Төрт амалды  білдірген.
                Ғылымдардың патшасы ,
                 Математика данасы.



: Қазақ тілі пәнінен,
                 Білім алды балалар.
                 Сөйлемді, сөз таптарын ,
                  Етістіктің шақтарын ,
                 Жалғаулар мен жұрнақтар.
                  Ережесін жаттадық
                  5 – сыныпқа  барған соң,
                 Тіл мамандары  бағалар.


Ой жіберсең бәріне,
                   Дүниетану пәніне.
                  Өмір сырын үйретер ,
                  Пәннің жақсы бірі де.
                  Жер байлығы көп екен,
                  Игеруді қалайды.
                   Осының бәрін білдірген ,
                   Дүниетану сабағы. 




:   Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
                   Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
                   Бастауышта алған білім, жырларым ,
                    Азық болар мәңгі талай жылдарға.



Өтті сенде қызық шағым ,
                     Бастауышым – бал бұлағым .
                     Қоштасар күн жетті міне,
                     Қимастықпен қол бұлғаймын.














Көрініс: «Пәндер айтысы»
Математика: Достар, жүріңдер. Ғылымға барып ақыл – кеңес алып, даудың төрелігін сұрайық.
Ғылым: Бұл не айқай, бұл не шу?
Математика (тізерлеп амандасып, қолын көкірек тұсына қойып):
- Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.
Ғылым: Ендеше, баяндаңдар.
Математика: Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы, жерді т. б. ғалымдар есебін қалай есептей алады.
Ана тілі: Жоқ, Мәртебелі Ғылым, адам баласы ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес еді.
Қазақ тілі (жүгіне отырып, қолы көкірек тұсында):
- Қазақ тілі болмаса дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қазақ тілінде қанша әріп барын да білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.
Ағылшын тілі:
- Тоқтаныз, Қазақ тілі. Сен осылай сайрап тұрғанда мен де қарап қалмаспын. Әлемде үш тұғырлы тіл жайлағанда ағылшын тілінің орны ерекше. Өйткені, мен арқылы компьютер, бүкіл дүние жүзі ғаламторға еркін самғай алады.
Орыс тілі (басын иіп): Ғылым тақсыр, менің айтар датым бар. Орыс тілі болмаса, қалайша ол үш түрлі тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінің аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітап қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?
Дүниетану:
- Ал, мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салтын құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін. Менсіз сіздердің күндеріңіз не болмақ?
Дене тәрбиесі (спорттық қимыл көрсетіп):
- Қымбатты достар, барлығыңның сөздеріңді тыңдап мен бір ойға калдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін ең алдымен дене қозғалысы ширақ, шымыр болу керек қой.
Ғылым: Өнер, сен неге үнсіз қалдың?
Өнер: Мен достарымның сөзін тыңдап қайран қалып тұрмын. Ақыры бір - бірімізбен байланысты екенбіз деп сабырлықпен әдеп сақтап тұрған жайым бар. Олай болса, адам баласына тазалық, әдептілік, мәдениетті сөйлеу, сыпайы, тәртіпті, үлгілі болуды қалаймын.
Ғылым: Барлығынның жауаптарынды тыңдадым. Десек те өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендерінді ескертемін. Сондықтан «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп, татулықпен тарқасайық, достар.















 

Ата - аналарға сөз.
«Орта буын» хандығының патшасына сөз берейік:
Бұйрық. 2017жыл. 4 «А» сынып балдырғандары бастауыш патшалығынан орта буын патшалығына қабылдансын. Қабылданбас бұрын дәстүрге байланысты ант берілсін!
1. Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға.
(Ант етеміз – хормен бірге)
2. Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға.
(Ант етеміз – хормен бірге)
3. Орта буында оқитын басқа пәндерден қорықпауға.
(Ант етеміз – хормен бірге)
4. Бастауыш патшалығының атына кір келтірмеуге.
( Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз) – 3 рет ақырғысын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
9074
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі