Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Бастауышпен қоштасу 4 сынып
Бастауышпен қоштасу
Балаларды слайдқа сүйене отырып, есімдерімен шақыру.
(көңілді әуенмен би билейді)
Мұғалім сөзі: Қымабатты ұстаздар, ата-аналар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Себебі, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Балаларыңыздың бастауыш білім басқышынан жоғары сыныпқа өткені құтты болсын!
Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас-кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан,
Қоштасатын күн келді бастауышпен.
Бүгін, міне, жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап білімменен
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Жас жүректің өмірінің құштары гүл
Бағбан-ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр-дей келе осы қуаныштың иегерлерін құттықтап қол соғайық, ағайын!Келесі сөз кезегін шәкірттеріме беремін.
(жүргізушілер сөзі үш тілде амандасу)
Жүргізушілер бірге:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен бойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар
Бастауышпен қоштасу тойымызға!
Мирас:Олай болса құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар бүгінгі бастауыш сыныппен қоштасуға арналған
Бастауышым-балқұрағым
Лаулап жансын шам-шырығың – атты кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Гүлім:Бала шаққа болашақты жырлатып
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
Дархан: Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар
Ел дәстүрін мәңгі сыйла, оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар!
Мадина: Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін міне, бастауышпен қоштасады
Азамат боп, кешегі сәби еркелер!
Барлық оқушылар:
-Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Мың алғыс сіздерге, біздей түлектерден
Мың алғыс отты жүректерден!
Гүлім: Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағың
Мектебіме арналады бұл әнім.
Мирас: Дұрыс айтасың Гүлім. Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әкем де, анам да, енді міне мен де осы мектептен тәлім алудамын.
Гүлім: Ия, талай адамды білім нәрімен сусындатып, болашақтарына нақ әрі ізгі жол салып берген, әлі де сан мыңдаған адамдардың келешегін ізгілендіретін бұл киелі- қара шаңырақ!
Мирас: Бұл киелі мектебімізге қандай жыр арнасақ та жарасады.Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Дархан: Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай
Әрқашан қасиетті атың маған.
Айжарқын: Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқыламас бастауысың ұлылықтың
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сеннен нәр алдым, көктедім.
Өмірде алғашқы өткенім
Рахмет саған, бастауыш мектебім!
Ж.Нұрлан: Мектеімде шырқалмаған жыр бар ма?
Мектебімде айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жас жалын
Кетер мәіңгі сөнбей талай жылдарға.
Мектеп, мектеп-ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп –шаттық толы өмірім.
Мектеп, мектеп әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп жан анам боп көріндің.
Мадина: Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Ән»Мектебім»
Дархан: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан мектептегі анамыз-ұстаз екені бәрімізге мәлім. Достарымыздың ұстаздарға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын ұстаз туралы не айтар едің, Мадина?
Мадина: Әрине,әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім- мектептің жүрегі»-деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Дархан: Дұрыс айтасың Мадина, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Мадина: Ия, бұл туралы батыр Бауыржан атамыз «Болашақтың басшысын да,данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді »-деген екен.Олай болса келесі жыр жолдарын ұстаздарымызға арнаймыз.
Хор «Ұстазым»
Мадияр: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,
«А» әрпін алғаш сеннен бастадым.
Ұстазым естен кетпес мәңгілікке
Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.
Бірдей біздің ойымыз да, сырымыз,
Бір мектептің ұлы менен қызымыз.
Бірдей өстікоқуда да, еңбекте
Күліп-ойнап бірімізбен біріміз.
Аружан: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Жарас: Қоңыр үнді дауысың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?!
Мейірлене қарап қойып біздерге
Күн астында сабақ беріп тұрғандай.
Ұстазым! Ұстазым өзәі едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Қаламқас : Мұғалім ұстазысың балалардың
Болашақ ғалымдардың, даналардың.
Өмірде сенің алар орныңа
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға, дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап,
Шәкірттерін жиі еске алатын.
Гүлім: «Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»-деп бекер айтылмаған. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Ендеше 4 жыл бойы бізге ерінбей, жалықпай осы өмірдің қыр-сырын тануға бойларындағы асыл қасиеттерін, білімдерін санамызға сіңіруге аянбай еңбек еткен ұстаздарымызға да айтар алғысымыз шексіз!
Жандос: Оқытты ұстаз- анамыз
Өсті білім, санамыз
Білгіш ер боп өсетін,
Біз бақытты баламыз.
Бойымызда бұлан күш
Еркін өскен –ұланбыз!
Бәрі: Оқу-білім үйреткен,
Ұстаздарға мың алғыс!
К.Мирас: Түзеттіріп шалалықты
Есейттіңіз балалықты.
Ойсыз кейбір еркені
Түзетіп жөнге салдыңыз.
Ел алғысын алдыңыз.
Тәрбиеші Назира апай, Фарида апай
Сіздерге мың алғыс!
Ж.Нұрлан: Үйренеміз жалықпай
Орыс тілін шарықтай
Тіл сындырып,ән айтып
Шаттанамыз қалықтай
Бақытгүл Садыковна, Нұрғайша Атымтаевна,
Алма Маратовна тәлімдері
Сәулесін шашқан жарықтай.
Айжарқын: Сөз сөйлесе жарқын-ақ
Күніміздей жарқырап
Қызық өтіп сабағы
Өсіреді ой-сананы.
Біздермен ойнап-күледі
Сырымызды біледі.
Лаура, Әсел апайлар
Қамқор болып жүреді.
Аружан: Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіне
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңілінің хошын –ай!
Көп шәкірттің досындай
Құралай апай осындай.
Балғын: Баулыған әрбір өнерді,
Гүлсағат апай, Қанат аға өнерлі
Өз ісінің шебері
Қызықтырып өмірге,
Әнді үйретіп келеді.
Қаламқас: Мінезі жайлы, жайдарлы, қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне тамсанасың.
Күліп жүрер үнемі Ақжолтай ағай
Бейнелеудің қыр-сырын ұғынарсың!
Әлішер: Ой жіберсең бәріне,
Денешынықтыру пәніне.
Өмір сырын үйретер,
Пәндердің ең жақсысы, бірі де
Басты байлық-денсаулық екенін ұғындырған
Дина апай көп рахмет сізге де!
Назгүл: Білімнің байыбына барып терең,
Анар апай бастап еді әліппеден.
Жаны асыл ұстазымызға мың бір алғыс,
Бастаған тәрбиесін алып келем.
Көрмеген артық күліп,артық жүріп
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін өзіңізбен
Шәкірттерің алғысын айтып тұрып!
Барлық бала: Тыңдаймыз, сыйлаймыз, ұмытпаймыз,
Мәңгіге есімізде сақтаймыз.
Сіздердің көңіліңіз қымбат бізге!
Бас иіп айтамыз; Рахмет сізге!
Мирас : Алтын ұя мектебіміздің барша ұстаздарына арналған «Ұстаз-ана» әнін қабыл алыңыздар!
Гүлім: -Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш мектемізбен қоштасамыз.
Дархан:Сондай-ақ ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен де қоштасқалы отырмыз.
Мадина: -Біз бастауыш мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол- мұғалімнің еңбегі.
Мирас: -Мектеп-кеме; білім –теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда-деп ендігі жыр жолдарын білім бастауы- бастауыш сыныбымызға арнаймыз.
Б.Мирас: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.
Осы сырды үйреткен 4 сыныбым
Түстей болып міне бүгін артта қалдың.
Жүрегімде ұстаз берген сабағы
Өн бойымда тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады!
Т.Нұрлан: О, ұстаз неткен мықты төзімдісің,
Қол бастаған батырдың дәл өзісің.
Шаршасаң да, сездірмей күлімдейсің
Шәкірттерім білім алсын,білсін дейсің.
Әлішер: Жүзің жылы,құшағың кең
Сеннен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге шығамын мен.
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты
Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де бәр әріпті.
Гүлім: Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті?!
Ұстаз-Ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
Диляра: Бастауышым-балбұлағым,
Алды м сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Бастауышым-балқұрағым
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраным.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым-балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне
Қимсатықпен қол бұлғаймын!
Хор:» Қош бастауыш, мектебім»
Мирас: -Осы біздің жылдан-жылға ержетіп, марқайып келе жатқанымызға себепкер кім, бізбен бірге қиналып, қуанған кім?
АТА-АНАМЫЗ!
Гүлім: -Әрине, ол ата-аналарымыз.Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген- әке –шешелеріміз. Қиындықта да, қуанышта да әркез бізбен бірге болатын да ата-ана.
Мадина: -Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас- пейілмен баланың көкірегінен орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар- жанұя мектебінің ұстаздары болады. Қазақ жанұясы әрдайым «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты өнегелі сөздерді балаларының құлағына құйып отырған.
Дархан: -Құрметті ата-аналар! Сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Балаларыңыздың игі-тілектерін қабыл алыңыздар!
Анель: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген
Аумайсың жарығв мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін,
Ақылды балаларың оны білген.
Кеудемнен сезім сері ақтарылсын,
Болармын күні ертең-ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем
Жан ана сеніміңді ақтау үшін.
Жарас: Өмірде ана-бұлақ, ата-пана,
Өмірді өркендетер өзің ғана.
Өсірген талай көсем, талай шешен
Талай ер, талай ақын, талай дана
Анашым сенің ғана атың дара.
Балғын: Қамқорсың әке өмірде
Арманым едің аңсаған.
Теңіздей шалқып жүремін
Қуатым сенсің көңілге.
Әкелем бақыт мен саған
Сүйенер сенсің-тірегім.
Әлпештеп мені өсірдің
Ұрпағың болып жалғасам!
Гүлім: Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз.
Әкені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз- деп келесі ән шашуымызды қабыл алыңыздар. Барлық әкелер мен аналардың құрметіне «Ана-әке» әні.

