400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

бастауышпен қоштасу ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ақан негізгі мектебі













Бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.































Абдульманова .А.А.




Мақсаты:

  1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 
    2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. 
    Ашылуы: қазақ биі

І жүргізуші: Қош келіпсіздер, құрметті, ата – аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар! Бүгін 4 класс оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн. Өйткені, олар бастауыш кластың түлектері. Міне, бойлары да, ойлары да өсіп,бастауыш класста білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі отыр. Ендеше қызықты да,ғаламат өзгерістер сыйлаған, білімнің бастауы болған «Қош бол, білім бастауы - бастауышым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

ІІ жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би билеп, ән де бүгін шырқалар.

І жүргізуші: Бастауыш бала үшін өмір мәні,

Бастауыш бала үшін өмір сәні

4 жыл оқып, бастауышты тәмамдап

Бүгін міне қоштасады барлығы,

Саламат па, екенсің, жайсаң елім

Еңселі 54 – тің қонақтары.

ІІ жүргізуші: Бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.

І жүргізуші: Сондай –ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымыз бен солымызды танытқан,жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстаздарымен қоштасқалы отыр.

ІІ жүргізуші: Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті,

Бастауышты тәмамдайтын күн жетті.

Қошеметпен шақырамыз ортаға

Қадам басқан шәкірттерін құрметті – дей отырып, бастауыш түлектерін ортаға шақырамыз.(музыка әуенімен түлектер ортаға шығады)

І жүргізуші: Армысыздар жас достар,

Болашаққа жол бастар

Білім деген ғажаптың,

Келешегі қазақтың

Сендерден басталар.

ІІ жүргізуші: Ажырамай мектеппен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Түлектерге арналсын тілегіңіз –дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы М.Ж. Досовқа беріледі.

Хормен: Мектеп – кеме,Білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

І жүргізуші: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше оқушыларымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

Ботагөз: Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!

 Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

Аяулым: Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

Мереке: Ұлылықты аруақ тұтар үнемі

Алтын ұя ақ босаға киелі

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Исламбек: Мектеп – үйім, ұстаз – менің ата – анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа таралған.

Сағынжан: Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

Хор: «Аяулы мектебім»

Ән «Чему учат в школе»

Көрініс «Ақылды қария»: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)

1 - оқушы

- Ата, ата, арман деген не? - депті жігіт

- Арман дегеніміз - ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

2 - оқушы

Дос табу оңай ма? - депті қарт.

Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

- Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың, депті қарт.

3- оқушы

- Үйдегі алтын қазығың кім? – депті қарт.

- Ата, үйдегі алтын қазық - бала, депті жігіт.

- Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың -қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, - депті қарт.

4 - оқушы

Өмір сүру үшін не қажет? - депті қарт.

Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет, - депті жігіт.

Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от - өмір, тұз - дәм, қыз - сән, ақыл өмірдің нәрін береді.

5-оқушы

- Адамға ақыл беретін кімдер? - депті қарт.

- Ата, ана тілі ғой ақыл беретін, -депті жігіт.

- Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.

1-жүргізуші: Иә, қасиетті тіл, сөз шеберлігіне не жетсін?

2-жүргізуші: Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады деген. Ендеше туған тіліміз, ана тіліміз туралы тақпақ өлеңдерге кезек берейік.

Оқушы: Өмірімнің шырағы, ақыл ойдың бұлағы.

Ана тілі қадірлі, халқымыздың жыр - әні.

Ақыл, ой да, білім де, туған ана тілінде.

Ана тілсіз ұғылмас, ауа, жер де, күнің де.

Ақ сүтіндей анамның, ардақтаймын ана тілін.

Оқушы: Тілім барда, қазағым бар, халқым бар.

Дәстүрім бар, ата жолым салтым бар.

Кең даладай жиналмаған шалғайы,

Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдар.

Оқушы: Тілім менің — елдігім де, ерлігім,

Кемеңгерлік кемелдігім, кеңдігім.

Тілім менің мөлдірлігім, пәктігім,

Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім.

Оқушы: Ана тілім - қасиетім, дарыным,

Көз жеткісіз көк жиегім жарығым.

Бұл дүниенің терең тылсым сырларын,

Өзің ғана арқылы тек таныдым.

І жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай ,алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз - ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың алғашқы ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің? 
ІІ жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз дер едім. 
І жүргізуші: Олай болса, келесі өлең жолдарын ұстаздарымызға арнайық.

Жадыра: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,

Басталған ақ батаңның жас талабын

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың,

Өмірде сенің алар орныңа

Бәрі де жеткізе алмас бағаларын.

Әдина: Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан

Жансыз ғой әлдилеген шуақты орман

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Анамның аяулы үні сияқталған.

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады,

Біз әлі биіктерден көрінеміз

Үмітпен сеніміңіз ақталады.

Алтынбек:

Аружан:

Сағынжан: Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып, мол береді

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Әділет: 


Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты,

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.


Хор «Ұстазым»

ІІ жүргізуші: 2011 жылы қыркүйектің 1-інде ата –анамыз біздерді қолымыздан жетектеп, білім ордасына алып келді. Бас иіп, шексіз алғысымызды аналарымызға және қадірлі әкелерімізге білдіреміз.


Әкелдіңіз білім ал деп мектепке,

Жетектеп арман қуған балаңызды

Рахмет айтамыз ата – ана,

Басымызды иіп біздер мәңгілікке.

І жүргізуші: Құрметті, аналар мен әкелер, біз сіздерге рахметімізді айта отырып, келесі әнді өздеріңізге арнаймыз.

Оқушылардың орындауында ән «Қос бәйтерегім»

ІІ жүргізуші: Құрметті, қонақтар! Біздің қоштасу кешімізге 1 класс оқушылары да келіп отыр. Болашақ оқушыларға сөз берейік.

МАД тобының тақпақтары.

Жадыра: Ғылымды терең меңгеріп,

Үмітті сендер ақтаңдар!

Мектепті үздік бітіріп,

Шығыңдар білім шыңына!

Аманат осы сендерге

Болыңдар үздік тағы да

Еңбекте де оқуда. (бір оқушы кілт тапсырады)

І жүргізуші: Оқушылар, сендер бүгін бастауышпен әрі алғашқы ұстаздарыңмен қоштасқалы тұрсыңдар. Келесі сөзді 4 жыл бойы білім берген ұстаздарымызға берейік.

Ұстаз сөзі: Қанаттарың қатайды

Биікке енді самғаңдар.

Білім жолы – сара жол

Ізденіңдер, талмаңдар.

Оқушыларға дипломдар тапсырылады

Ән (хормен). «Бастауышым-балбұлағым»

(Бастаушым-балбұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып,

Рахметімді жаудырам.

Бастауышым – балқұрағым,

Лаулап жансын шам-шырағың.

Өзің берген біліміңмен

Самғап ұшты тау қыраным.

Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым – балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

1-жүргізуші: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.

Хормен:

Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

Осымен біздің қоштасу кешіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп рахмет! Қош сау болыңыздар!









№ 54 негізгі мектебі















Ертеңгілік

« Қош бол, білім бастауы-

Бастауышым! »




Өткізген: 4-класс

мұғалімі Раманкулова Ж.К.





















2014 -2015 оқу жыл.































Ақерке:

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар.

Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Аяулым:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.


Альбина:

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.


Аружан:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.


Рустам:

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағым,

Мектебіме арналады бұл әнім.

Сынып әншілерінің орындауында

«Мектебім» әнін қарсы алыңыздар.

Рустам:

Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.


Бекарыс:

Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады.

Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.


Дамир:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында.




Елнұр:

Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.


Алема:

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкірттердің серті деп біл.


Альбина:

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.


Аяулым:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.


Альбина:

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.


Аружан:

Еркелігін көтеріп әр баланың,

Сусындатып білімнің тұнығынан.

Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,

Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.


Рустам:

Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп,

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Келесі ән сіздерге арналады, ардақты да аяулы ұстаздар.


Хор: «Ұстаз-ана»

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің кермет,

Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға бишілер тобын «Жастар» биімен шақырайық.

Бекарыс:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?

17-оқушы:

Ұстаз – дана

18-оқушы:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

Алема:

«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
































Мерей:
Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым!
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Есейіп ертең кетсең де,
Шәкіртпін ұстаз алдында.
Білім – ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым.
Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым.


Ерназ:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Бастауышта білім алған өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.


Әліби:
Атағың Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбең өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.


Мерей:
Анадай бесік тербеткен,
Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің.
Суарып білім шәрбатпен,
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.

Рустам:
Ұстазым ғой әліппені үйреткен
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп
Жалындатып, жанарымды нұр еткен.


Ерназ:
- Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етемін!
РАХМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!! (Хор)
Ән «Үйретеді мектепте»








20-оқушы:

Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын,

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.


21-оқушы:

Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,

Әр балаға сен ана әкедейсің.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап, мәпелейсің.


Аяулым:

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүрегіңді ұнаттық арамызда.

23-оқушы:

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едік біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең, оң болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

24-оқушы:

Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт мұғалім.

Хор: «Ұстазым менің ұстазым»


Алема:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.




1-оқушы:

Тез үйрендік әділ мен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. 

5-оқушы:

Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін.

Рустам:

Есімде ерен ұстазым,

Шашымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің.

Мектебіміздің әнші қызының орындауында тамаша әнді қабыл алыңыздар!

Аяулым:

Ұстазым – ұлағатым, сая бағым.

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолыма әліппенің кілтін берген,

Адалдық ақ жолыңды бағаладым.

20-оқушы:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке, думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,

Енді міне, сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел танитын азамат, бір-бір мықты.

Алема:

Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,

Бар асылын бізге жиып, мол берді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүректен хан көрді.

Хор: «Анашым»

3-оқушы:

Біздер өстік, есейдік,

Қанаттандық, қатайдық.

Қоштасарда ән салып,

Би билейік думан ғып. 
7-оқушы:

Көпшілікке өнерді,

Көрсетейік керемет. (Балапан биі)

13-оқушы:

Ұмытпаймын жаныма,

Білім нәрін еккенің.

Барлығы бірге: Қош қымбатты ұстазым, Қош бастауыш мектебім! 



Мектебім, аяулы мектебім

1. Мектебім, аяулы мектебім,
Өзінсің өмірдің көктемі.
Нәр алып, қолымды созамын,
Арманға көктегі.
Мектебім келеміз тағыда,
Күн сайын өзіңді сағына.
Сыңғырлап соғылды қоңырау,
Бар бала бағына,

Қайырмасы:


Мектебім, аяулы мектебім,
Бағында гүлдей боп көктедім.
Өзіңсің білімнің бұлағы,
Нәр алып келемін.

2. Келеміз куанып біз дәйім,
Мектебім, сен жайлы жыр дайын.
Айқара есігін ашады,
Қарсы алып күн сайын.
Мектебім, өзінді сүйемін,
Білімді санама түйемін.
Аяулы ұстаздар алдында,
Басымды иемін







Ұстазым Әні: Ә. Еспаев Сөзі:А. Шамкенов


Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде әліппені жаттатқызып,

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.


Қайырмасы:

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым.

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!

Зердемді сен ашпасаң не етер едім?

Өмірден сыбағасыз өтер едім.

Ғажайып дүниенің сырын жайып,

Қияға қызықтырып жетеледің. 

Қайырмасы: 

Өзіңнен өмірге азық ала бердім,

Ұшырып мені алысқа қала бердің.

Бойымда отың кетті ұшқын атқан,

Келеді жана бергім, жана бергім!

Қайырмасы.

Толығырақ: 
https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/music/18593
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз


















Ерназ:
- Біз, бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.


Бекарыс:
- Сондай - ақ біздің ыстығымызға күйіп, суығымызға тоңа білген, оңымызбен солымызды танытқан, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулыған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.


Алема

2015 жылы қыркүйектің 1-інде ата –анамыз біздерді қолымыздан жетектеп, білім ордасына алып келді. Бас иіп, шексіз алғысымызды аналарымызға және қадірлі әкелерімізге білдіреміз.


Әкелдіңіз білім ал деп мектепке,

Жетектеп арман қуған балаңызды

Рахмет айтамыз ата – ана,

Басымызды иіп біздер мәңгілікке.


Альбина:

Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған,

бізбен бірге уайымдаған — ата - ана.

Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

Құрметті ата - аналар, біз сіздерге алғысымызды

білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.

Әліби:

Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек ау.



Аяулым:

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.









- Біз, мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.
Мағжан:
- Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!
Аңсар: Олай болса, алғашқы бөліміміз: «Ұстаз ұлағаты» деп аталады.
5 оқушы шығады:
Алихан: Ұ – ұлағатты
Мағжан: С – салмақты
Назым: Т – танымал
Қорғанбек: А – ардақты
Мерей: З – зиялы
Мерей:
Балғындарға баянды,
Сырын төккен ұстазым!
Шәкіртіне аяулы,
Нұрын төккен ұстазым!
Есейіп ертең кетсең де,
Шәкіртпін ұстаз алдында.
Білім – ойдың сұлуын
Асу еткен ұстазым.
Жүрегінің жылуын
Шашу еткен ұстазым.
- деген жылы сөзбен алғашқы ұстазымыз Шаин Имаковнаны ортаға шақырамыз!

Мерей: Сүйікті мұғалім,
Бес алсам ұнадым,
Екі алсам сынадың,
Алдыңда әрқашан,
Бас иіп тұрамын,
Сүйікті мұғалім!
Мағжан:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,
Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады – ай, қажымай.
Назым:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Бастауышта білім алған өзіңнен
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Қорғанбек:
Атағың Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбең өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.
Аңсар:
Анадай бесік тербеткен,
Түн қатып сансыз дәптерге қанша түнейсің.
Суарып білім шәрбатпен,
Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
Алихан:
Ұстазым ғой әліппені үйреткен
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп
Жалындатып, жанарымды нұр еткен.
Мағжан:
- Бүкіл жер бетіндегі ұстаздар қауымы шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, ыстығы мен суығына төзеді. Біз күлсек бірге күліп, біздің көңіліміз болмаса жаны қалмай сұрап тұратын, ұлағатты ұстаздар қандай тамаша қауым! Мен мына, бүкіл адамзат баласының атынан алғыс білдіріп, тағзым етемін!
РАХМЕТ СІЗГЕ, ҰСТАЗ!!! (Хор)
Ән «Үйретеді мектепте»
Жүргізуші:
Күндіз түні ойладыңыз бала қамын
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңын
Басқарып директор боп осы ұжымды
Баршаны аялаған алақанын – дей келе мектебіміздің директоры Есілбаев Азамат Жұмабекұлына сөз берейік.
ІІ бөлім:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар келесі бөлім «Алғыс білдіру» деп аталады. Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
«Баға жетпес, мәртебелі» номинациясымен мектеп директоры Есілбаев Азамат Жұмабекұлы марапатталады.
Сөз сөйлесе жарқын - ақ,
Күніміздей жарқылдап,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі.
Қасымызда қашан да,
Қамқор болып жүреді.
Азамат Жұмабекұлына
Алғыс айтады түлектері.
Мұғалім: «Қамқор және мейірімді» номинациясымен оқу ісінің меңгерушісі Жакина Гүлден Жолдыбаевна марапатталады.
1 - жүргізуші Анамдай мейірімді құшақ ашып,
Тұрасыз Гүлден тәтей амандасып.
Әр уақыт жылы сөзіңіз шабыт беріп,
Барамыз болашаққа қадам басып.

Мұғалім: «Тапқыр ұйымдастырушы» номинациясымен тәрбие ісінің меңгерушісі Есілбаева Динара Жанатовна марапатталады.
2 - жүргізуші Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көңіліңнің хошын - ай,
Көп шәкірттің досындай,
Ақ ниетті кең пейіл
Біздің Динара тәтей осындай.
Мұғалім: «Қадірлі емші» номинациясымен мектеп медбикесі Капарова Гүлнар Имаковна марапатталады.
1 - жүргізуші: Адамға деген мейірімнің өзінен
Бойыңыздан толған жылылық лебін сезінем.
Ақ халатты, абзал жан Гүлнәр тәтей,
Мың алғыс, ризамыз өзіңізге.

Мұғалім: «Смак» номинациясымен біздің құрметті аспазшылар Гульнар тәтей және Анаргүл тәтей
марапатталады.
Рақмет дәміңе,
Ризалық берсін бәріңе.
Аман болып басыңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біздің бойымызға сіңірген ерен еңбектеріңізге оқушылар атынан мың да бір алғысымызды білдіреміз.
Ән: «Бала тілегі»


Мағжан:

Бас иіп, шексіз алғысымызды ақ жаулықты аналарға және қадірлі әкелерге білдіреміз.


Альбина:

Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болған,

бізбен бірге уайымдаған — ата - ана.

Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.

Құрметті ата - аналар, біз сіздерге алғысымызды

білдіре отырып келесі өлең шумақтарын жолдаймыз.

Әліби:

Ыстық - ау кім - кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген - дегендей әкенің орны бөлек ау.


Мерей:

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым!


Аяулым:

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.


Қорғанбек:

Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең - ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем, еңбек етем,
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Мағжан:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Сәбиді әлдилеумен түн қаттың.
Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің
Кең құшағың, аясындай гүл бақтың.
Аңсар:

Аман болсын, аяулы анамыз,
Асқар таудай әкеміз!
Ата - анаға мың да бір рахмет!
Ән: «Анашым қартаймашы»
2 - жүргізуші: Ата - аналар атынан сөз кезегі беріледі.
(ата - аналардың ыстық лебіздері)

1 - жүргізуші: Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
Қазақ биін билесін мың бұралып,
Бименен шашу шашып бишілерім!
Би «Қара жорға»
Мұғалімнің сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, бастауыш сынып өмірінен ескерткіш болсын деп әр оқушыға куәлік табыс етеміз. Куәліктер беру үшін ортаға мектеп директорын шақырамыз.
Куәлік оқылады, әр оқушыға арналған тақпағы оқылады.
Қорғанбек мінезі бар жанға жайлы,
Ешкімді еш уақытта алдамайды.
Күліп жүр өмірде дәл осылай
Қиындыққа кездессең болма қайғы.
Назым адал жүрек, ақкөңіл қыз,
Сыйлаймыз жақсы қыз деп сіз бен біз
Өнері бар бойында тұнып тұрған,
Жолың болсын қашанда кішкене қыз.

Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,
Қате істі әрқашан мойындатар.
Әр ісіне жауапты Алихан
Арманың болашақта орындалар.

Айтар сөзім, тілегім бар.
Көп жинап білім деген тірегіңді ал.
Мерей сенің көңілің ақ, жүзің жылы,
Кең дархан сәбидей пәк жүрегің бар.

Қуаныш көп болуда сүйікті елде
Ақылды адам - бәрінен биік пенде.
Аңсар болашағың жарқын болсын
Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

Бос жіберме ешқашан уақытыңды,
Аялай біл ақылың жақұтыңды.
Мағжан сен ел сыйлар азамат боп,
Болашақтан табарсың бақытыңды.
Ән: «Мектебім»
Аңсар:
Бастауышым - Балбұлағым,
Лаулап жансын шамшырағың.
Өзің берген біліміңнен,
Самғап ұшты тау қыраның.
Мағжан:
Өтті қызық шағым,
Бастауышым - Балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!
Назым:
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым,
Азық болар, мәңгі талай жылдарға.
Мерей:
Бастауышым - бал бұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын.
Қорғанбек:
Жақсылықты әрқашанда жақтаймыз
Сөздеріңді есімізге сақтаймыз.
Үміт күтіп қарайтын болашақта
Ұстаздарым, сеніміңді біз ақтаймыз.
Алихан:
Қош бол, құтты Бастауыш!
Алғыстарым көп менің.
Ақыл - білім, тәрбиең,
Ой - санама еккенің.
Жүргізуші: Ал енді 4 сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздар.
Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз

үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
























Буквы разные писать тонким пёрышком в тетрадь
Учат в школе, учат в школе, учат в школе.
Вычитать и умножать, малышей не обижать
Учат в школе, учат в школе, учат в школе.
Вычитать и умножать, малышей не обижать
Учат в школе, учат в школе, учат в школе.

К четырём прибавить два, по слогам читать слова
Учат в школе, учат в школе, учат в школе.
Книжки добрые любить и воспитанными быть
Учат в школе, учат в школе, учат в школе.
Книжки добрые любить и воспитанными быть
Учат в школе, учат в школе, учат в школе.

Про глагол и про тире, и про дождик на дворе
Учат в школе, учат в школе, учат в школе.
Крепко-накрепко дружить, с детства дружбой дорожить
Учат в школе, учат в школе, учат в школе.

Крепко-накрепко дружить, с детства дружбой дорожить
Учат в школе, учат в школе, учат в школе.

































Находить восток и юг, рисовать квадрат и круг
Учат в школе, учат в школе, учат в школе.
И не путать никогда острова и города
Учат в школе, учат в школе, учат в школе.
И не путать никогда острова и города
Учат в…


























1.Білім нәрін толтырдық біз кеудеге
Қателікте болды бізде кей жерде
Үйретуден жалықпаған ұстаздар
Жанашыр да бола білдің көп жерде, көп жерде
 
Қайырмасы: 
Қош бол енді мектебім менің
Сенде оқып сенде көктедім
Қоштасар сәттің алтын ұяңмен
Байқамай қалдым келіп жеткенін
Қош бол енді мектебім менің
Сенде оқып сенде көктедім
Қоштасар сәттің алтын ұяңмен
Байқамай қалдым келіп жеткенін
 
2.Ұмытпаймыз біз сіздерді мәңгілік
Жадымызда бейнең тұрар жаңғырып
Келешектің алтын нұрын сепкендей
Алдымыздан арайланды таң күліп, таң күліп
 
Қайырмасы: 
Қош бол енді мектебім менің
Сенде оқып сенде көктедім
Қоштасар сәттің алтын ұяңмен
Байқамай қалдым келіп жеткенін
Қош бол енді мектебім менің
Сенде оқып сенде көктедім
Қоштасар сәттің алтын ұяңмен
Байқамай қалдым келіп жеткенін 
 



Елнұр


Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек

Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас

Еңбегін кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға-деп айтуында терең мағына жатыр


Құрметті, ата –аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі «Қош бол, бастауыш мектеп!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Бүгін 4 класс оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн! Өйткені, олар бастауыш cыныптың түлектері. Кеше ғана білім ордасына,мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз міне бүгін бой түзеп, ойларына ой қосып, бастауыш сыныпта білім алып, аяқтап, еліміздің саналы азаматтары болып,орта буынға өткелі отыр.

Әр жанұяға береке-бірлік табыс тілей отырып ортаға 4 «А» сынып оқушыларын шақырамыз.

Міне, бойлары да, ойлары да өсіп, Ендеше қызықты да,ғаламат өзгерістер сыйлаған, білімнің бастауы болған «Қош бол, бастауышым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
804
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі