Материалдар / Бастауышпен қоштасу сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауышпен қоштасу сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауышпен қоштасу сценарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2024
218
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Сарқылмас ұлылықтың бастауысың.

Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

Мақсаты: 1.Білімнің сара жолы бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу.

2.Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазмен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы- мектепті ұстаздарын құрметтеу, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілітер: Слайд, нақыл сөздер жазылған плакаттар;

Балалар қолөнерінің көрмесі, қабырға газеті, буклеттер, шарлар, гүлдер.

Барысы: 1. Сәлемдесу.

2. Отан туралы жыр

3. Білімдерін ортаға салу.

4. Бастауышпен қоштасу.

5. Марапаттау

6. Шағын концерттік бағдарлама

Басы: Алдаркөсе әндетіп келеді.Музыка ойнап тұрады

Алдаркөсе: -Мұнда не болып жатыр?

-О,қандай керемет жасалған!

- -Мұнда не болар екен? -Кім бар екен? -Біреу бар ма?

2 жүргізуші бірге шығады: -Сәлеметсіз бе?

-Сіз кім боласыз?

Алдар: -Мен бе? Мен Алдаркөсе боламын ?

-Байдың сарайы ма десем.Бір алдап кетейін деп едім .....

1-жүргізуші: - Бұл жерде бастауышпен қоштасу кеші болады .

Алдаркөсе: Мен мектепте оқымағанмын . Менде қатыссам бола ма?

2-жүргізуші: Әрине , киімдеріңізді ауыстырып,балалардың қатарына тұрсаңыз болады. (Балалардың қатарына тұрады)

1-жүргізуші: Бүгінгі «Сарқылмас ұлықтың бастауысың! Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

2жүргізуші: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятып, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш сыныбымен қоштасамыз.

1-жүргізуші: Иә, Әрсен сонымен қатар бүгін біз сауатымызды ашып, алғаш қолымызға қалам ұстатқан, білімді етіп сауаттандырған алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы тұрмыз.

2-жүргізуші: Олай болса, не тұрыс бастауыш сынып бітіруші түлектерімізді, ұстазымызды қошеметпен ортаға шақырайық!

Бірге: Келіңіздер!

Сәлемдесу ұлдар: Ассалауағалейкум, ағайындар!

Сәлемдесу қыздар: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ардақты әкелер, ақ жаулықты аналар!

Барлығы: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, мектеп бітіруші түлектер және оқушылар

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

2-жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға.

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға

Қош келдіңіздер !

Бастауышпен қоштасу тойымызға!

1-жүргізуші: Түлектердің бақыт гүлі ашылып,

Ақылына әлем халқы бас ұрсын.

Деген асыл ниетпенен, ағайын,

Ақ жолына той шашуы шашылсын!

Мерекемізге шашу шашылсын!

2-жүргізуші: «Шашу» би қыздар тобы.

1-оқушы: Инабат. -Біз мектеп табалдырығын аттағалы отанымызды, елімізді, жерімізді, табиғатымызды құрметтеуді, қорғауды үйрендік.

2-оқушы: Әли Н. - Иә, Инабат ендеше Отан, туған жер туралы толғайық. Отан туралы (М. Мақатаев өлеңін оқу)

3-оқушы:Ақбаян. Кең жазық Отан мекенім,

Сен де өсіп көктедім.

Сені қорғау парызым,

Мұны біліп өтемін.

4-оқушы: Рахман.Туған жер ата қоныс, атамекен,

Бауыры талай жанға болған мекен,

Әр ұлттың басын қосқан бір арнаға

Қазақ елі-ұлы ел, менің өлкем.

Хор: «Тәуелсіз ел ұраны!»

1-жүргізуші: -Біз осы 4 жыл бойы не үйрендік? Біз қандаймыз?

5-оқушы: Ұлпан. -Біз мектеп табалдырығын аттап, қағазға әріптерді оқып,жазуды, сан санауды үйрендік. Әріптерден құрастырып жеке сөздерді, одан әрі тұтас сөйлемдерді оқуға машықтандық.

6-оқушы:Әлинұр.- Иә, біз дұрыс амандасуды, қоштасуды да үйрендік. Мектепте тәртіпті, тәрбиелі, ұқыпты болуға және шыншыл болуға тәрбиелендік.

2-жүргізуші : « Уақыт кезеңдері» орындайтын Ақбаян

7-оқушы: Біздің сынып өте үлгілі

-Неге дейсіздер ғой

-Сабақтан себепсіз қалмаймыз

8-оқушы: -Тәртіп бұзбаймыз

-Сауаттымыз, ұқыптымыз.Олай болса кәнеки, көрсетейікші жілігін шағып...

9-оқушы: Математикадан көбейту кестесін, көптаңбалы сандарды қосу, азайтуды орындай аламыз

Мұғалім: -Кәнеки, балалар 9*8= 9*6= 8*8= 6*9= 9*9=

10-оқушы: -Формулаларды да санап тұрып айта аламыз

Мұғалім: -Жылдамдықты табу үшін не істейміз? V=S*t

-Уақытын табу үшін...... t=

-Қашықтықты табу үшін..... S=

11-оқушы: Қазақ тілінен тіпті 7 септікті, дауыссыз дыбыс түрлерін, 9 сөз табын

мүдірмей айта аламыз.

Мұғалім: -Қане ,балалар 7 септіктің жілігін шағайықшы:

12-оқушы: Әдебиеттік оқудан айтар болсақ оқу дағдысының майталманымыз .100

cөзден кем оқымаймыз. 100% көрсете аламыз.

Мұғалім: -Әли неше сөз оқыдың? -Тұрсынай сен қанша сөз оқыдың ?

Әли: -200сөз Тұрсынай : 120 сөз

Әли Е : Бұл былай тұрсын 4 жыл бойы білімнің қиын баспалдағын басып,мыңдаған сабақтар оқыдық

Мансұр.: Ондаған ережелер жатталып,жүздеген есептер мен мыңдаған мысалдар шешілді.

Томирис: Басымызға жүздеген түсініктер қалыптасып,ал кейбіреуі әлі де сыймай жатыр

Тоғжан: Үй тапсырмасын орындауға кеткен уақытты есептемегенде,мыңдаған сағатымыз парада отырумен өтіпті

РАхман: 4 жылда 6600 қоңырау соғылды.102 сынып сағаты өтілді

Әлинұр: Қаншама шулы да,көңілді үзілістер,қызықты оқиғалар өтті десеңші!

Арман: Әрине, барлығымыз бәйгеге қосқан тұлпардай алға жүйткіп келеміз

1-жүргізуші: Сонымен қатар өнерге де баулыды.

Көрінісі: «Менің атым Қожа» романынан үзінді:

13-оқушы: -Біз осындаймыз! Бізді осындай жетістікке жеткізген кім?

Бәрі: -Әрине ұстаз.

14-оқушы: Дұрыс айтасың

Ұстаз еңбегі-ұлы еңбек

Сондықтан да ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға,-деп айтуында терең ой жатыр.

1-жүргізуші: Әр шәкіртті өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім-мектептің жүрегі» деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Ән: «Шаршама ұстаз» әні орындайтын Ұлпан

15-оқушы: Иә, айтқаның дұрыс, ел басқарған президент те, ғылым иесі ғалым да,

ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір

балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі

ұстаздан білім мен тәрбие алған.

16-оқушы: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,

Бар асылын бізге жиып , мол береді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

17-оқушы: Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,

Жирендік , ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты

2-жүргізуші «Құпия кітап» әні барлық оқушылар:

18-оқушы: Жарық күннен жылы жүзің елестер,

Құлағымда өзің берген кеңестер.

Жанарымда алыс тартқан қара жол,

Көз жұмсамда көретұғын белестер

19-оқушы: Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,

Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?

Мейірлене қарап қойып біздерге,

Күн астынан сабақ беріп тұрғандай

1-жүргізуші «Шәкірт пен ұстаз» әні орындайтын мұғалім мен Әли.

1-оқушы: Балғындарға баянды

Сырын төккен ұстазым!

2-оқушы: Шәкіртіне аяулы,

Нұрын төккен ұстазым.

3-оқушы: Есейіп ертең кетсең де,

Шәкіртпін ұстаз алдында.

4-оқушы: Білім-ойдың сұлуын

Асу еткен ұстазым.

5-оқушы: Жүрегінің жылуын,

Шашу еткен ұстазым.

1-жүргізуші: «Ұстазыма мың алғыс» әні орындайтын Шахизат пен Инабат

6-оқушы: Кеп- кешегі жабырқау қайда қалған,

Шықпаушы едік бір елі айналаңнан.

Мейірің ба , ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүниесін баланың жаулап алған.

7-оқушы: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.

Біз әлі биіктерден көрінеміз,

Үміт пен сеніміңіз ақталады.

8-оқушы: Бүгін міне жақсы күн жарқыраған

Көңілдер қуаныштан сарқыраған

Қоштасатын күн келді бастауышпен

Қиындау болып тұр -ау бүгін маған.

9-оқушы: Кеше ғана алдына барған едік

Именіп ұялып ұяға енген едік

4 жыл бойы сусындадық біліммен

Ұшатын қанат қағып келді кезім

2-жүргізуші: «Бастауыш мектеп» әні орындайтын Інжу

1-жүргізуші: Бастауышта әрбір берген сабағы

Мәңгі .мәңгі , мәңгі есімде қалады

Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

2-жүргізуші: Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз

Бейнеңіз жүректерде сақталады

Біз әлі биіктерден көрінеміз

Үміт пен сеніміңіз ақталады

Бәрі: Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден, деп сізге басымызды иеміз. Көп рақмет аяулы ұстаз!

Әли Е : Сонымен қатар, үлкен алғысымызды ата-әжелерімізге, ата-аналарымызға білдіргіміз келіп тұр.Біздің өміріміздегі ең асыл жандар ол-Сіздер деп білеміз.

1-жүргізуші: Біздің қуанышымыз бен жеңісімізге ортақ болып,әрқашан бізді қолдайтын – ол ата-ана.

2-жүргізуші : Олар бізге дүниедегі ең жақын қадірлі адамдар.Біздің парызымыз жанымызға жақын адамдарымызды құрметтеу.

Бәрі: Аяулы ата-аналарымызға алғысымыз шексіз! Сіздерге де бас иеміз!

Марапаттау. Ата-аналар мен оқушыларды марапаттау

1-жүргізуші:Біздің қоштасу кешімізге 2023жылы мектеп бітіретін 11–сынып түлектері де келіп отыр екен.Сіздерді қошаметтеп ортаға шақырамыз.(Ақбаян,Ұлпан тілек айтады. Оқушылар қоңырауды сылдырлатып барып кеуделеріне тағады)

2-жүргізуші:Сонымен қатар,2023жылы 1-сыныпқа қадам басқалы отырған бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.(Әли Е тілек айтады,оқушылар сыйлық таратады)

1-жүргізуші :Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім жырларым

Азық болар мәңгі талай жылдарға, деп келесі бөлімімізде

Концерттік бағдарлама .

2-ж «Жақсы адамдарым» әні орындайтын Еркенұр

1-ж «Жігіттер биі» орындайтын ұлдар тобы

1-ж «Алғыс» әні орындайтын Жансая

2-ж «Мен қазақпын» әні орындайтын Әли мен Мансұр

1-ж Өзбек биі орындайтын қыздар тобы

2-ж «Кластастарым» әні барлық оқушылар

1-ж «Қос бәйтерек» әні орындайтын Тоғжан

2-жүргізуші: Өтті сенде қызық шағым

Бастауышым- бал бұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын

1-жүргізуші :«Қимай тұрмын»әні орындайтын Әлинұр мен Арман

2-жүргізуші : Осымен «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың.

Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!» атты ертеңгілігіміз аяқталды .

Екі жүргізуші бірге : Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!

1-жүргізуші: Сөз кезегі біздің аяулы ұстазымыз Мария апайға беріледі.

М Сарқылмас ұлылықтың бастауысың.

Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!

ектеп директорына,ата-аналарға ,ұстаздарға беріледі.

Мұғалімнің сөзі:



























«Бекітемін»

Мектеп директорының м.у.а : А. Тажибаева

«Алматы облысы білім басқармасының Райымбек ауданы бойынша білім бөлімі»мемлекеттік мекемесінің «Қ.Шорманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









Тақырыбы:

«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың.

Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!»









4 «А» сынып

Сынып жетекшісі М. Сасықбаева

2022-2023 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!