Тақырыбы: «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың.
Саған мәңгі бас ием,Бастауышым!»
Мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау. Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: шарлар, кітаптар, банер,сөздер ,гүлдер.
Қойылым: «Мектеп сыртындағы оқушылар әңгімесі»
Мұғалім: Слайд . «Шуақты 4 жыл»
-Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді.Білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, осы үлкен өмірге дайындаған ұстаз да, мәңгілік есте қалады.Жасымыз қаншаға келсе де,мейлі ана болайық,апа болайық,әке,ата болсақ та мектеп кездерімізді еске түсірер болсақ ,ерекше көңіл-күй бойымызды билеп алады.Қажет болса, махаббат атаулысының өзі осы кезеңде орын алады.
-Армысыздар,ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Ерекшелігі сол -оқушыларымыз бастауыш сыныпты 4 жыл оқып,енді ортаңғы буынға көшкелі отыр. Осы 4 жыл бойы білім саласында біршама өзгерістер болып,сол өзгерістерге себеп, әрине ел басына туған нәубет-Коронавирустық инфекцияның салдары болатын. Сол кез осы биылғы бастауыш сыныпты бітіргелі отырған барлық бітіруші 4-сынып оқушыларының 1-сыныпта оқып жатқан кезі болатын. Енді ғана мектеп қабырғасына үйреніп,ұстазбен қарым-қатынасқа түсе бастаған,үйренген әріптері мен цифрларды ажыратуды меңгере бастаған шағы еді. Бірден карантиндік кезең жарияланып,оқушылар қашықтықтан білім алды.Сонымен қатар 2-сыныпқа көшкенімізде кезекті сыныптар ашылып,маска тағып,антисептик қолданып біраз әуреге түскен кезіміз де болды.Еліміз нәубеттен құтылып,3-4-сыныпты бұрынғыдай оқыдық. Осылайша біраз қиын кезеңді бастан өткізсек те,білім сапамызға әсерін барынша тигізсе де, жалықпай оқып,көп еңбектеніп 4 жылдық білімімізді көрсете білдік.
Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
Ендеше 4 сыныппен қоштасу кешіне арналған «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың. Саған мәңгі бас ием,Бастауышым!»
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Толқимыз,толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып қошеметпен шақырайық,
4 «А» сынып оқушыларын ортамызға.
Еңбекқор-Қайсар,Әсемай,Бекжан,Аяла.
Талантты-Асхат,Аймерей,Сержан ,Балауса.
Тиянақты-Бақдаулет,Інжу,Айтжан,Әсем.
Салмақты-Нұртас,Диана,Қанат,Мерей.
Зерек қыз-Аружан.
Көңілді қыз-Үміт.
Ізденімпаз-Інжу.
Биші қыз-Еркемай.
Ерке қыз-Ақниет.
ҚР-ның Әнұраны орындалады.
Ортаға жүргізушілешығады.
(Қайсар,Әсем,Сержан,Аймерей,Бақдаулет,Аяла)
Қайсар: Құрметті ұстаздар ,ата-аналар, қонақтар! Бүгін бізге қуанышты және өте қимастықпен бастауыш сыныбымызбен қоштасатын күн келген сияқты. Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған едік. Бүгін бастауыш сыныпты аяқтап,орта буынға көшкелі отырмыз.Осынау қимаста қуанышты сәтте бізбен бірге болғандарыңызға өте қуаныштымыз.
Аймерей: Армысыздар ардақты ұстаздар,ақ жаулықты аналар,асқар таудай әкелер! Ия, Қайсар дұрыс айтасың,бүгін қимай қоштасатын күн.Тек бастауыш сыныппен емес, білім нәрімен сусындатып 42 әріпті танытқан алғашқы ұстазымызбен де қоштасатын күн келген сияқты. Алғашқы ұстаз! Мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланы жылы жүзбен қарсы алады.Қолынан жетектеп алып партаға отырғызды.
Сержан: Достар естеріңе түсіріңдерші.Біз ұстаз- ананың көмегімен қағазға алғашқы әріптерді түсірдік, сан санауға үйрендік.Ол бізге қаламсапты қалай ұстау керек екенін көрсетті.Әріптерден құрастырып жеке сөздерді, онан әрі тұтас сөйлемдерді оқуға машықтандырды. Біз оның көмегімен қарым-қатынас жасау ережелерін игердік. Тіпті, дұрыс амандасып, дұрыс қоштасуды да үйрендік.
Әсем: Дұрыс айтасың, Сержан.Шынында ұстаз- ана таңқаларлық төзімділікпен бізді жан-жақты үйретті.Әр оқушының қасына келіп, қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетті.Содан кейін түсініксіз сөздерді зор ынта қойып ұғындырды.
Бақдаулет : Ұстаз өзі байқамастан, асқан ерлік жасады.Кенет, біздің алдымызға жаңа, бұрын-соңды естіп, көз көрмеген әлемді жайып салды.Одан біз тап сол кезде Қазақстандай үлкен тәуелсіз мемлекет бар екендігін естідік.
Аяла: Әлемде ғаламат үлкен теңіздер бар екенін, ол теңіздерде таудай кемелер жүретінін білдік.Кәдімгі базардан әкелетін жермайды жер астынан өндіріп алатынына да көз жеткіздік.
Қайсар: Олай болса құрметті ұстаздар мен ата-аналар жиналған болса , ертеңгілігімізді бастайық.Біздікі не тұрыс?
Аймерей:Дұрыс айтасыңдар достар,бастасақ, бастайық. Бастауышымызбен қоштасу сәтін кереметтей өткізейік.
Аяла: 4 жыл тынығуды білмей тыным таппаған ,Ұстазымыз да бір дем алып біздің өнерлерімізді тамашаласын.
1 Сәлемдесу:
Ұлдар:Ассалаумағалейкум, ағайындар!
Қыздар:Армысыздар, аяулы ұстаздар, ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер!
Барлығы:Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
Шашу (Аата-аналар шашу шашады)
Қайсар: Алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкемізде, анамыз да тәлім алған.
Әсем:
Достар, біз мектепте білім ала отырып, мектеп, ұстаз, әке, ана, дос, Отан жайлы ұғымдарды санамызға сіңіріп өстік. Егер әр оқушының жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі.Солай емес пе?
Дұрыс айтасың,Әсем! Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десейші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә!
Әсем:
Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр-алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын
Мектебіме арналады бұл әнім
Ән: «Аяулы мектебім» Қанатқызы І.
Аймерей: Ұстаз-ұлағатты, салмақты, танымал, ардақты, зиялы адам. Сержан: Ұстаз- бала десе елеңдеп, шын жүрегімен шәкіртінің озғанын тілеп қамқоршы болған адам.
Аяла: Ияяяя,достар екеуіңе қарасам осы бір ұстаз туралы кереметтей жақсы,жақсы сөздер айтып жатырсыңдар.Демек ұстазымыздың қадірін біліп,қоштасуға біраз ғана минуттар қалғанда қимай тұрғандарың білініп тұр.
Ән: «Ардақты менің ұстазым» Султан С.
«Жыл» әні Махамадсалиева Ә.
Бақдаулет: Біз мектепте басқа пәндермен қатар -орыс тілі, қазаақ тілі, ағылшын тілі пәндерін оқимыз. Осы үш тілде білімді меңгерудеміз.
Әсем: Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған үш тілде айтатын жырларына кезек берейік.
Қайсар: Нүр жүзі күлімдеп, әр жүректің кілтін тауып, мейіріммен баурап, мәпелеуден жалықпай, бұзық болған сәттерде жөнге салып,болашағымызды ойлап,алаңдаған ұстазымыз Гүлзада апайымызға мың алғыс!
Тақпақтар.
Ән: «Ұстазым» Амангельды А.
«Күй шашу» биі
Аяла: Мектеп бұл қызығы мен шыжығы қатар жүретін адам баласының есінде қалатын тәтті балалық шағы.Осында отырған барлығыңыздың да мектеп кезінен есте қалған қызық сәттеріңіз болған деп ойлаймын. Олай болса сол мектеп кезіндегі қызықтарды еске алып отырайық.
Әзіл әлемі: Мектеп кезіндегі қызықтар.
«Кім тапқыр» ойыны. Ата-ана мен оқушылар ойыны.
Күй: «Ортеке» Өсербай А.
Көрініс: «Әкіммен кездесу»
Ән: «Сіз оригиналсыз» Өсербай А.
Ән: «Бастауышпен қоштасатын кез келді» Сағындық Д.
Ән: «Соңғы қоңырау» Ислам А.
Сержан: Бастауышта шырқалмаған жыр бар
ма?
Бастауыштa айтылмаған сыр бар ма?
Бастaуышта алған білім, жырларым,
Азық болар , әлі талай жылдарға.
Қайсар: Құрметті қонақтар ,біздің қоштасу кешімізге болашақ 1-сынып оқушылары да келіп отыр. Болашақ оқушыларға сөз берейік.
Тақпақтар.
Сержан: Соңымыздан еріп келе жатқан мектеп алды даярлық тобының бүлдіршіндеріне бастауыштың білім кілтін табыс етеміз. Осыдан 4 жыл бұрын біз де сендер секілді бүлдіршін едік. Мектеп табалдырығын имене аттап, оқушы атандық. Енді, міне, 4-сыныпты аяқтап, бастауышпен қоштасқалы отырмыз. Мінекей, бастауыштың білім кілтін сендерге табыстаймыз. Сабақтарыңды жақсы оқып, тек алда болыңдар!
Аймерей:
Ғылымды терең меңгеріп,
Үмітті сендер ақтаңдар
Мектепті үздік бітіріп,
Ұстаздың болшы мақтаны!
Шығыңдар білім шыңына,
Аманат осы сендерге
Болыңдар үздік тағы да
Оқуда және еңбекте.( Алтын кілт табысталады)
Қайсар:
Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгін соңғы қоңыраудың сыңғыры.
Бастауыш сатының соңғы қоңырауы соғылсын!
Мұғалім: « Жақсы адамдарым» әні
Вальс
Хор : «Қимай тұрмын бастауышты»
Әсем:
Жетекші боп жүрдіңіз түлектерге,
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де.
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де
4-жыл білім беріп, алғаш білім ұясын жүрексіне аттаған кезімізде. құшақ жая қарсы алып, әрбір қателігімізді кешіре білген,жүзі жылы, құшағы кең , ойлылық пен парасаттылыққа жетелеген.әрбір балдырғанды тура жолды таңдай білсе ,бақытым сол деп қуанған –ұстазымыз, жанашырымыз Гүлзада апайды қошаметтеп ортаға шақырамыз.
Ұстаз сөзі:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, алғаш мектеп табалдырығын осыдан
4 жыл бұрын жүрексіне аттаған бүлдіршін балаларым!
Міне 4 жыл кеше ғана сияқты еді.Осы 4 жылда бойларың өсіп, ойларың толып білім деген кеменің жел қайығына еріп кетіп бара жатырсыңдар.Сендерге тілерім әрдайым ақылмен іс істеп, сабақтарыңды жақсы оқып, орта буындада мені ұятқа қалдырмай, әдепті, ұстамды болыңдар! Айта берсем әрқайсысыңның мен үшін орның бөлек.Әр ұл мен қыздың есте қаларлық сәттері де болды. Мен сендерді ешқашан ұмытпаймын. Сендерге сәттілік тілеймін!
Келесі құттықтау сөзін мектеп басшыларына ұсынамыз.
Ұстаз
тілегі:
Өлкеміздің айналыңдар
ертеңіне,
Сенімдердің айналыңдар серперіне.
Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,
Тек сәттілік – шәкірттерім
ертеңіңе.
Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,
Аластайтын жаныңды күз көңілден.
Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,
Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.
Қарлығаштай қанат қағып
самғаңдар,
Есейіңдер өмір жолын таңдаңдар.
Бастауыштан алған нұрлы білімді,
Әрі қарай, ізденіңдер, жалғаңдар, — демекшімін, бастауышта
алған білімдеріңді әрі қарай шыңдай
түсіңдер.
(Оқушы ,ата-анаға алғыс хаттар,мадақтамалар беріледі.)
Мұғалім:
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Ата-аналардың құттықтау сөзі
Ал ата-аналарға айтарым:
Қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын.
Тек биікке самғасын!
Ал түлектерге айтарым:
Алдарыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман-есен болыңдар!
-Осымен «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың.
Саған мәңгі бас ием,Бастауышым!»
атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Қош сау болыңыздар!
9
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бастауышпен қоштасу сценарий

шағым қалдыра аласыз