Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сыныпта Бастауышпен қоштасу кешіне арналған сценарий жасалды. Сценарий барысында жүргізуші сөзіндегі өлең жолдары қайталануы мүмкін, алайда ондағы идея, оның өткізілу барысы ерекше.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауышпен қоштасу

«Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,

Саған мәңгі басымды ием, бастауышым!»



Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).


Мұғалім:


Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдарыңа келген едім,

Жақсылығын сыныптың көрген едім.

4 жыл бойы сусындап білімменен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.


Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр.2020 жылы алғаш қолдарына әліппе ұстап, алғаш әріпті танып, санау мен әлемнің бір құпияларын зерттеп түрлі пәндерді меңгеріп болашаққа батыл қадам жасады. Бұл оқушылар карантин кезінде онлайн оқыды, кешегі өткен төтенше жағдай уақытында да онлайн сабақ оқып, мүлде сабақтарын қалдырған емес.

Жақында өткен Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі кезінде де біреуі қалып көрмеген. Осындай есте қалар сәттердің, осы қас қағым сәттің қалай тез өтіп жатқанын байқамаппыз. Өткен жылдың қыркүйегінде келсем де мен сыныпты қимаймын. Бастауыш сытысын аман есен аяқтағалы отырған

4 «А» сыныбының бүгінгі мерейлі салтанатына қош келдіңіздер!


Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,


4 «А» сыныбын ортамызға.


(Оқушылар ортаға шығады)

Фанфар-оқушылар шығады.




1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі басымды ием , бастауышым!» атты мерекелік шарамызға қош келдіңіздер!


5-оқушы тақпақ

1-оқушы.Амина: Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.


2-оқушы.Бекнур: Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.


3-оқушы.Әдемі: Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп,

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.


4-оқушы.Балауса: Бастауыштан киелі,

Талай дарын түледі.

Әрбір бала өзіңді

Есіне алып жүреді


5-оқушы.Бекет: Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағым,

Мектебіме арналады бұл әнім.


Алдарыңызда 4 «А» сынып оқушыларынан ән: «Мектебім, аяулы мектебім!»


Мұғалім: Өте жақсы балалар, өнерлеріңіз үстей берсін.


1-жүргізуші: Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын.

Осы сырды үйреткен бастауышым,

Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.

Алдарыңызда өнер көрсететін аяулы қыздарыңыз Хайруллина Мадина «Қазақ биі»





1-жүргізуші:

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

«А» әрпін алғаш сенен жаттадым.

Ұстаздарым естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жылы шуақ шашқаның.


Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.


Барша ұстаздардың құрметіне! Ұстаздарымызға мың алғыс!


«Ұстаз-ана» әні



Мұғалім: 4 жыл ішінде біздің балалар тек білім алып қана қоймай, өздерін спорттық жағынан да сынап көрді. Әртүрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындармен ата анасын да, ұстаздарын да қуантуда. Алдарыңызда 4 «а» сынып ұлдарынан жаттығу барысындағы үзінділері.

Бокс-Амангелді

Күрес-Әмірлан,Бекнур

Дзюдо-Омар, Бекет

Футбол-Еркін

Каратэ-Бекет, Ерасыл

Шахмат-Сұлтан,Нұрислам


Ата-аналармен ойын.

Ортада.

Әріптік ойын.


1-жүргізуші:«Мен қазақпын» биі 8қыз+Сакен


Жұлдыздарды алып шығуға Нұрислам, Омархан, Айзура,Бекнур, Азамат.

Бастауыш

Б-білімді болуды үйрендік

А-алғыр болуды үйрендік

С-Сабырлы болуды үйрендік

Т-төзімді және тәртіпті болуды үйрендік

А-ақылды болуды үйрендік

У-уәдеге берік болуды үйрендік

Ш-шыдамды және шустрый болуды үйрендік


Соңы: Бастауышпен қоштасу әні


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.05.2025
612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі