"Бастауышпен қоштасу"ертеңгілігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бастауышпен қоштасу"ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауышпен қоштасу мерекесі (4 сыныпқа арналған ертеңгілік сценарийі

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы. Слайдтар.

Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Қош бол,балғын балалық» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!

Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Мұғалім: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкірт. Армандасаң да , қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне , бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан ,өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына,ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Олай болса жүргізушілерімізді ортаға шақырайық!



1-жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты

2-жүргізуші:Армысыздар әжелер мен аналар

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар

1-жүргізуші:Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!

2-жүргізуші:Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!

1-жүргізуші:Дұрыс айтасың,Назерке ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. 2-жүргізуші: : Иә,Дият есімде,ол ешқашан ұмытылмайды ғой,яғни біз тағы бір жылға есейдік.

Слайд: «Мектептегі мерекелер»

1-жүргізушіИә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

(оқушылар тақпақтарын айтады)

Ән: Мектебім.

Мұғалім сөзі:Бұл күнге дейінгі 4 жыл уақытты ескерсек,бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда рахаттана еске алатын сәттеріміз де аз емес.Бір сәт сол күндерімізді елестетер болсақ....... Құрметті қонақтар,оқушылар енді «Біздің балғын балалық» атты фильмді тамашалайық. Фильм «Біздің балғын балалық»

2-жүргізуші:

Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап,әліппемен қоштасу,дәстүрлі наурыз тойлары,аналар мерекесіне арналған ән шашулар,жаңа-жыл мерекесі,түрлі сайыстар,әдеби кештер,ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде мәңгі сақталары сөзсіз.

1-жүргізуші: Ал енді көп күттірмей кезекті өнерлі де,талапты бүгінгі күннің басты кейіпкерлеріне берейік.

Айдында аққудай сылаңдаған

Біреулер күй, біреулер жыр арнаған

Шықсын енді ортаға бишілерің,

«Қазақ биін» билеумен тамсандырған.


2- жүргізуші:Өнер десе ішкен асын жерге қояр халықпыз,

Балалықты артқа тастап есейіпте қалыппыз.

Болашақтың кілтін ұстап бір – бір маман боламыз,

Бойымызға жиған – терген білім нәрін алып біз

« Ұмытшақ оқушы » көрініс тамашалаңызыздар.

1-жүргізуші:Біздің оқушылар бастауышта сонымен қатар, орыс, ағылшын тілдерін де меңгерді.Музыкалық сауаттарын ашып, түрлі жаңа әндер үйреніп, бой сергітіп, түрлі спорт ойындарына да қатысты. Ұстаздарымызға ...... көп рақмет айтамыз!



Мұғалім:

Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр - түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
“Ең білімді және сабырлы ұстаз ” номинациясы бойынша мектеп директоры Кулянда Талмырзаевна марапатталады
« Ең білікті ұстаз» номинациясы бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Данара Валихановна марапатталады

Ең шебер ұйымдастырушы және көңілді ұстаз” номинациясы бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанар Қарабалақызы марапатталады.

«Ең қамқор , ең құрметті ұстаз» әлеуметтік педагог Дарайым Қайырқызы марапатталады.

«Ең мейірімді, ақын- ұстаз» кәсіподақ төрайымы Рая Өтеғұлқызы марапатталады

«Ең еңбекқор,тиянақты ұстаз»бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Мансия Қаймуллақызы марапатталады.

«Ең талапкер, өнерлі ұстаз» Кунсулу Есенғалиқызы марапатталады.Ең жас , шебер ұстаз» бастауыш мұғалімі Әлия Сайынқызы

Ең ардақты,аяулы ұстаз” номинациясы бойынша алғашқы ұстаз

Нурила Кенжебергеновна марапатталады

«Орыс тілін меңгерткен ұстаз» номинациясы бойынша орыс тілі пәнінің мұғалімі
Айжан Салауатовна марапатталады.

«Күміс көмей, жез таңдай ұстаз» номинациясы бойынша “Музыка” пәнінің мұғалімі Нұрлан Ғлажадинұлы марапатталады.

«Дені саудың – жаны сау» номинациясы бойынша “Дене тәрбиесі” пәнінің мұғалімі Жалғас Мақсатұлы марапатталады.

«Ағылшын тілін үйреткен ұстаз» номинациясы бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Асылай Хабдрахмановна марапатталады.

2- жүргізуші:Құрметті ұстаздар сіздердің құрметтеріңізге арнап «Елге сәлем» әнін Диаттың орындауында қабыл алыңыздар .Мұғалім.:Сонымен қатар мектебіміздегі балаларға өз жылуларын сыйлаған адамдарды да қошеметтеп,алғысымызды айтсақ деп едік.

«Біздің сүйікті дәрігер» номинациясы бойынша мектебіміздің медбикесі Мөлдір апай марапатталады.

«Кітап біздің -досымыз» номинациясы бойынша мектебіміздің кітапханашысы Жазира марапатталады.
«Тағамы ең дәмді аспаз» номинациясы бойынша мектебіміздің аспазшысы Света апай марапатталады.

1- жүргізуші: Өнер – білім, егіз ұғым екендігін танытты

Бойларына бар өнерді жиып – теріп дарытты,

Биін билеп береді енді, бүгін олар сіздерге.

Көршілес жатқан туысқан – дос, әр ұлттың.

Құрметті апайлар сіздердің құрметтеріңізге арнап «Шығыс» биін қыздардың орындауында қабыл алыңыздар.


2-жүргізуші: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.


Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

:Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

:Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

1-жүргізуші::Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

2- жүргізуші:Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың.

Ақ сүтіңмен тал бойыма нәр бердің,

Кең құшағың аясында гүл бақтың.

Аналар сіздердің құрметтеріңізге әнді қабыл алыңыздар

Ән «Аналар алтын»

2-жүргізуші:« Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің?

1-жүргізуші:Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

2-жүргізуші:Дұрыс айтасың,ғылым иесі ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

1-жүргізуші:Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды алғашқы ұстазға арнаймыз!

(оқушылардың ұстазына тақпақтары)


Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден,

Мың алғыс мына отты жүректерден!

1-жүргізуші: Өмірде ата-анаңмен бауыр қымбат,

Тай құлындай бірге өскен достар қымбат.

Сусындатып білім беріп үйреткен,

Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.Ән «Ұстазым менің» барлығы бірге

2-жүргізуші:: Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе

Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,

Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,

Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін алғашқы ұстазға береміз!

Мұғалім сөзі:Бүгінгі күн-осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол,осыдан 4жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып-біліп,қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.Осы қуанышты да қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Шәкірттеріме тілерім:Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды,білімді,ел билейтін ұландар,көркейтетін қыздар болыңдар дегім келеді.

Ұстаз оқушыларға грамоталар ұсынады


1.Назерке мінезі бар жанға жайлы,

Ешқашанда,ешуақытта шаршамайды.

Сыныбымыздың ерке қызы өзіңсің

Күліп жүр өмірде де дәл осылай

Күліп жүрген өзіңе жарасады..

Облыстық жүлдегер атағы бар

Назерке –сен елімнің ертеңісің


2.Диаттай ұлымыз бар мақтанамыз,

Әніне,өлеңіне рахаттанып шаттанамыз.

Талантымен талайды табындыртар,

Диатқа ақ тілекті ақтарамыз..

Барлық істі тез арада тындырады,

Бар жанын сала тырысады.

«Бастау» жүлдегері, атағы бар.

Диат менің мәңгі есімде қалады

3.Еңбекқор, әзілкеш бойында бар,

Әр ісі әрқашан да мойындалар.

Әр ісіне жауапты Әділбегім

Арманың болашақта орындалар.

4.Айтар сөзім, тілегім бар өзіңе.

Үлгі болғай Мәди деген ініңе.

Әли сенің көңілің ақ, жүзің жылы,

Тек жақсылық пен сәттілікті тіледім,

Кең дархан сәбидей пәк жүрегіңе.

5.Ортаншысы боп келеді жанұяда,

Кезек келді ерке қыз Лунараға

Әрқашанда күлімсіреп жүресің.

Биіңменен баурап алып кетесің.

Болашақта биік-биік шыңдардан,

Көрінеді ғой деп мен өзіңе сенемін.

6.Олжас сондай салмақты,

Есеп шығарудың шебері,

Математиканы өте жақсы көреді

Әр іске де жауапкершілікпен қарайтын

Оқушымсың сенімімді ақтайтын.

7.Әр іске де жауапкершілік танытатын

Сабақтан босқа қалмауға тырысатын.

Манас ақкөңіл бала,жүрегі кең,

Мақтан етіп өзіңді жүремін мен.

Бос жібермей ешқашан да уақытын,

Сурет салу сенің бар үлкен талантың.

Самғай бер,қанатың талмасын,

Манас, келешекте жарқын болсын болашағың.

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

1-жүргізуші: «Шөлдеген адамға бір жұтым су берген адам жұмаққа барады» деген сөз бар. Мұғалім жеткіншек ұрпаққа берген мол білімі, тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шербеті - тіршілік зәмзәмі.

2-жүргізуші: Құрметті Кулянда апай!, қош келдіңіз,

Өзіңізді мақтан етіп жүреміз біз.

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

Сөз береміз құрметпен өзіңізге,

Балаларға арналсын тілегіңіз.Мектеп директорының құттықтау сөзі

1-жүргізуші:Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.Ата-аналар атынан сөз кезегі беріледі.

1-жүргізуші: Осымен «Бастауышым - балбұлағым» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

2-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі той тағы да қайырлы, құтты болсын. Балалар әркез биіктен көрініп барлығымызды қуанта берсін.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2017
1011
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі