Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауышқа ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып ойын
Материалдың қысқаша нұсқасы



Екі қырықаяқ                         Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі.)

Жолмен жүгірді.

Жүгірді, жүгірді.

 

Бір-бірімен кезікті                    Екі алақанды қосады)

Құшақтасқандары соншалық         (Сұқсаусақтарды айқастырады) 

Құшақтасқандары соншалық         Ортаңғы саусақтарды айқастырады)

                                                  (Алақандарды айқастырады)

Екеуін күштеп ажыраттық.         ( Қолдарды жібереді)



«Қомағай» саусақ жаттығуы.

Әр қатысушы бет орамалдың ұшынан ұстайдыда  біртіндеп жұдырығына жинайды.

Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек.

Қарным менің қомағай

Бәрін- бәрін жұтады.

Қомағайдың қарны енді

Сусиырдай болып кетт



Санамақ

«Кел,санайық санамақ, (Бала қозғалыстарды қайталайды)

Саусақтарға қарап ап. (Балаға қарама-қарсы отырып,тәрбиеші ортан терек,

Басбармақ, балан үйрек, көрсетіп отырады,  қолдарды құлыпқа ұқсатып Шылдыр шүмек түйеді)

Кішкене бөбек.» (Саусақтарын кезек-кезек создыра көрсетіп)




Саусақтар жүреді. 

Екі саусақпен 5-ке дейін тура және кері санап,  алға-артқа  жүреді


Құстар қанат қағады

 

Құстар ұшып барады,

Көкте қанат қағады.

Барлық құстар қосылып,

Шиқ-шиқ-деп, ән салады.


Мысық

Пеш түбінде мысық отыр, (Басбармақ, ортантерек, шылдыршүмек үшеуі жұмылады)

Екі көзін қысып отыр.         (Ортантерек пен кішкене бөбек көздері боп саусақтарды  қимылдатады)

Тышқан етін жегісі кеп,     (Басбармақ,ортантерек, шылдыршүмек

Тісі оның қышып отыр. үшеуі бір-бірін қашай қозғалтады)


Добым-добым домалақ

Добым-добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,     (Саусақтарды ұштастыра отырып, доп кейпін жасау)

Тарелкені сындырдың.                       Өлең мазмұнына қарай қимылдар жасау)

Тентек болып кеттің, деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

 

Мысық пен тышқан

 

Тышқан қашты мысықтан                   (Еденде саусақтармен қашады)

Қатты –қатты жүгірді.                            (Жылдам жүгіреді)

Орын тапты қуыстан,                            (Екі қолының саусақтарын айқастыра жұдырықтайды)

Зәресін мысық ұшырды.

 

Қарады мысық тесіктен,                         (Көздерімен жан-жаққа қарайды)

Тышқанға бері шық,-деді.                        (Қабағын түйеді)

Еденді ұрды «Тук-тук» деп,                   ( Айқасқан жұдырығымен еденді ұрады)

Тырналады, кетпеді.                                 ( Еденді тырналайды)

 

Былай-былай тартады.                                ( Айқасқан жұдырығын  екі жаққа тартады)

Бұза алмады қамалды.

Амалы құрып мысықтың,

Үйіне қарай қайтады.

 

Қуанып тышқан есікті,                                (Айқасқан жұдырығына қарап үрлейді)

Жәй ғана кеп үрледі.

«Алақай, есік ашылды»,-деп,                      (Қолдарын айқара ашады)

Ініне  қашып үлгерді.                                 ( Еденде қайта жүреді)



Мысық

Пеш түбінде мысық отыр,     

Аздап көзін қысып отыр      

Тышқан етін жегісі кеп,               

Тісі оның қышып отыр.


Добым-добым домалақ


Добым-добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,                                  

Тарелкені сындырдың

Тентек болып кеттің, деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

 

Мысық пен тышқан

 

Тышқан қашты мысықтан                   

Қатты –қатты жүгірді.                          

Орын тапты қуыстан,                           

Зәресін мысық ұшырды.

Қарады мысық тесіктен,                        

Тышқанға бері шық,-деді.                      

Еденді ұрды «Тук-тук» деп,                  

Тырналады, кетпеді.                                 

 


Былай-былай тартады.                                

Бұза алмады қамалды.

Амалы құрып мысықтың,

Үйіне қарай қайтады.


 


Қуанып тышқан есікті,                            

Жәй ғана кеп үрледі.

«Алақай, есік ашылды»,-деп,                     

Ініне  қашып үлгерді.                                 

Саусақтар шынжыр болады,


Үзілмейді тартсаңда.

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,


Гүл сыйлағым келіп тұр.

Құстар ұшып барады,

Көкте қанат қағады.

Барлық құстар қосылып,

Шиқ-шиқ-деп, ән сал


Құлпы

Ілген есік сыртына ,

Ұқсайды ма құлпыға?

Ашқың келсе аямай, (айқастыр)

Қатты тарып жұлқыла.







Ешкі

Күнде тәртіп бұзылты,

Балаларды сүзіпті.

Жемістерді үзіпті,

Мүйізіне тізіпті.

Міне, осындай алыпты.

Атам көріп қалыпты.

Мазаны ала бердің деп-,

Мүйізін қағып алыпты.


Қоян

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Әтеш

Әдемі әтеш,

Таң атпай тұрыпты.

Ойқастап жүріпті.

Жан-жаққа қарапты.

Айдарын тарапты.



Қазым

Қазым, қазым қаңқылда,

Көлде жүзіп салқыңда.

Жем шашайын жейсің бе ?

Көмпит берші дейсің бе ?

Жоқ, жоқ, жоқ

Кәмпит тәтті болмайды ас,

Арпаменен бидай шаш.

Ақ тауық

Ақ тауық-ау, ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық

Ертеменен қыт-қыттайды,

Ауламыздан шықпайды.

Шеп-шеп десем келмейді,

Берген жемді жемейді.

Ауруы қандай қауіпті,

Деп аяймын тауықты.

Деп жүрсем тауығым,

Ақ жұмыртқа тауыпты.


Құлып

Орманда бір үй тұр,

Есігінде құлып тұр.

Айтындаршы балалар,

Құлыпты кім ашады?






Торғай

Торғай, торғай, торғайсың,

Жақын келіп қонғайсың.

Жем шашайын тойып ал,

Сонда торғай тоңбайсың.


Қайық

Қайық суда жүзеді,

Сақинасын тізеді.


Доп


Айналдырған добынды,

Қытықтасын қолынды қойып (Сырты бүдір кішкентай доптарды партаға қойып, екі )

Енді көтер партадан алақанныңмен айналдыр)

Жаса солай қайтадан


Кірпі


Момақанмын, алайда, (Үш саусағыңды түйістіріп, кіріпінің жүрісін сал)

Тікенім көп, алайда. (Екі қолыңның саусақтарын айқастырып,

Кірпі кетсе қолыңа кіріпнің тікенектерін жаса

Өкпелеме, жарай ма?


Құлпы


Ілінген ексік сыртына,

Ұқсайды ма құлпыға? (Бір қолыңның саусақтарын құлпыға ұқсатып айқастыр.)

Ашқын келсе аямай, (Екі қолыңды екі жаққа күшпен тартып құлпыны ашуға тырыс)

Қатты тартып жұлқыла


Саңырауқұлақ


Саңырауқұлақ, расында (Бір қолыңменисаңырауқұлақтың қалпағын екінші қолыңмен

Естімей ме құлағын? (денесін келтір)

Шуласақ та қанша біз,

Меңірейіп тұрасың.





Күнге ұқсаймыз


Қол ұстасып дөңгелеп, (Екеуің дөңгеленіп қол ұстасыңдар.

Тұра қалдық екеуміз. (Сұқ саусақтарың мен бас бармақ)

Өзіміз де дөңгелек, (тарыңның ұшын бір -біріне тигізіп,

Күнге ұқсайды екенбіз дөңгелек күн жасаңдар)



Жаңбыр


Бұлт қабағын түйіп ап,

Бүркеп алды аспанды. (Саусақтарыңмен бұлт жаса)

Тырс, тырс, тырс, тырс, (Сұқ саусағыңмен партаның бетін)

тырсылдап,

Жаңбыр жауа бастады. (Тырсылдатып, жауған жаңбырдың дыбысын келтір)


Моншақ


Саны болар оншақты,

Шашып алдым моншақты. (Саусақтарыңмен моншақтың санын көрсет)

Шымшып, теріп аламын,

Қорабына саламын.


Тыңдамайтын доп


Добым кетті домалап, (Екі қолынның саусақтарын бір- біріне тигізіп,

Тыным таппай жорғалап. дөңгелек допқа ұқсат)

Тыным таппай жорғалап. (Добың жарылып қалды)

Кетті мүлдем қағынып,

Қалмаса екен жарылып.


Өрмекші


Өрмелеген өрмекші,

Өнеріңді көрсетші. (Саусақтарыңмен парта бетінде өрмелеп жүрген өрмекшінің)

Қалай, қайтіп тоқыдыі (қимылын келтір)

Мынау ғажап өрмекті?


Күн көжек


Күн көжек ойнайды, (Парта бетінде күн көжек ойнап жүр деп ойла да, оны ұстауға

Секіріп қоймайды. тырыс.

Қолымнан аспайды, ( Қолыннан асып кетсе де, бәрібір ұстаймын деп ойла)

Ұстатпай қашады.



Мұз бұлақ


Мынау қатқан мұз бұлақ (Бір қолыңды парта бетіне жатқызып, мұз бұлақ жаса)

Қорықпаймыз біз бірақ. (Екінші қолыңмен өзіңнің жүрісіңді келтір)

Секіріп одан өтеміз,

Ары қарай кетеміз.




Қаз


Қаз қанатын жазады,

Ұзын мойнын созады. (Екі қолыңды қаздың қанатына ұқсатып жазып, мойныңды алға )

Жақын келген баланы қарай соз. )

Шоқып, тістеп алады. (Көршіңді қолдарыңмен ақырын «шоқы»)



Ботақан


Маңдайыңнан, ботақан, (Сұқ саусағыңмен және кішкентай аты жоқ саусағыңмен )

Сипайын деп келдім ғой. Бботаның құлағын жаса. екінші қолыңмен ботаны сипала.)

Ойнақтамай тоқтасың,

Дұрыс болар еді ғой.


Қошақан


Қошақаным монтиған, (Бір қолыңның саусақтарын түйістіріп, қозыға ұқсат.)

Топ- томпақ боп томпиған. (Қозыңның жем жеп жатқанын бейнеле)

Сені жақсы көремін,

Жем, суыңды беремін.



Күн мен гүл


Көтерілсе күнім,

Ашылады гүлім. (Қолдарыңды жақындатып, алақандарыңды гүлге ұқсатып аш)

Кешкісін күн батады, (Қолдарыңмен жабылған гүлді жаса)

Гүл ұйқыға жатады.


Қорбаңдаған аю


Ну тоғайда, орманда (Сұқ саусағың мен аты жоқ кішкентай саусағыңды аюдың )

Аю жүрер қорбаңдап. (аяғы етіп, парта бетіне жүргіз)

Тікірейіп тікенін (Он саусағыңды жазып, қолдарыңды айқастырып, кірпі жаса)

Кірпі жүрер жорғалап.



Ұшақ


Ақ бұлттардан асатын, (Екі қолыңды жоғары көтеріп, аспандағы бұлтты жаса.)

Аппақ ұшақ жасадым. ( Бір қолыңның саусақтарын түйістіріп жоғары көтер де,

Алыс жерге енді ұшаққа ұқсат)

Жылдам ұшып барамын.


Тышқан


Тышқан, сенің тықырың, (Үш саусағыңды түйістіріп, тышқандардың жүрісін сал.)

Естілмесін, ақырын! (Алақандарыңды бір біріне жақындатып, тышқанның інін жаса)

Мысық кетіп қалғанша,

Мұнда келіп жасаырын.


Тордағы құс


Обал жасап құстарға,

Торға қамап ұстама! (Екі қолыңның саусақтарын бір- біріне тигізіп, құстың торын жаса)

Құс боп неге жаралды, (Қолдарыңды айқастырып, құстың қанатын жаса)

Еркін самғап ұшпаса?


Аққала


Мынау тұрған аққала

Айнымайтын ақ бала. (Екі қолыңның саусақтарын жазып, аққаланы ауада бейнеле)

Мұрны сәбіз сорайған, (Екі саусағыңмен аққаланың сәбіздің жасалған мұрнын көрсет)

Көзі көмір қап -қара


Қолшатыр


Ылғал етіп ауаны,

Жаңбыр жиі жауады. (Саусақтарыңмен парта бетін тырсылдатып, жауған жаңбырдың)

Алда алыс жол жатыр, (дыбысын келтір)

Кел, ұстайық қолшатыр.


Ара


Ара гүлден гүлге ұшып,

Бал жинауға асығады. (Алқандарыңды жазып, араның қанатын келтір.)

Аю ұрлап кетпесін деп, (Саусақтарыңды аюдың аяғы деп ойла да, парта бетіне жүргіз)

Ұясына жасырады.






Алыптар мен балықтар


Теңіздегі алыптар Екі алақаныңды бір-біріне қаратып, саусақыңды жазып, )

Ауыздарын ашады. (аузын қатты ашқын үлкен китке ұқсат)

Кіп - кішкентай балықтар

Жүзіп жылдам қашады





Шынжыр


Түрлі түсті қағаздан (Түзу ұстаған екі саусағыңды бір -біріне жақындатып, алыстату

Қиып алып аз -аздан, ( арқылы қайшының кескен қимылын келтір)

Бір- біріне жалғаймын (Бас бармағыңа сұқ саусағыңды тигізіп, жасаған дөңгелекті жаса) Ұзын шынжыр жасаймын

Қарсақ пен түлкі


Қарсақтарды түлкімен (Алақаңдарыңды бір -біріне тигіз, ортаңғы екі саусақғыңды бүк ,)

Шатастырып жүрдім мен. (сұқ саусағың мен кішкентай саусағыңды түйістір, сөйтіп,

Әзер, әзер айырдым, түлкінің құлағын жаса)

Қарадым да дүрбімен.


Үй


Қазықтарды қағамын, (Екі қолыңның саусақтарын түзу ұста да, бір- бірінің үстіне )

Кірпіштерді қаладым.

Салып алып үлкен үй, (қойып, кірпіш қалағандай қимыл жаса)

Сүйсініп көп қарадым.


Гүл тереміз


Балалардан қалмайық

Біз де тауға барайық (Екі қолыңды тауға ұқсат та, екінші қолыңның саусақтарымен )

Қызыл, жасыл гүлдерді ( тауға шығып бара жатқан өзіңнің жүрісіңді сал)

Теріп, теріп алайық.


Тоқылдақ


Тоқ, тоқ, тоқ, тоқ, тоқылдап, (Сұқ саусағыңды тоқылдақтың тұмығыдеп

Тынбай қойды тоқылдақ. ойла да, парта бетін тоқылдат)

Отыр әне ағашты

Тұмсығымен соққылап.



Торғай мен түлкі


Торғай маған сене ғой (Кішкентай саусағыңмен торғайдың аяғын

Жем берейін, келе ғой. келтіріп, қалған саусақ- тарыңды жұмып,

Жақын қалды қу түлкі торғайдың денесін жаса)

Жылдам ұшып кете ғой.




Керік


Қорбаңдайды аюым, (Үш саусағынды бүк, қалған екі саусағыңмен аюдың жүрісін сал)

Секендейді қояным.

Керік бойын созады. (Қолдарыңды жоғары көтеріп, керіктің бойына ұқсат)

Бәрінен де жоғары

Керік бойын созады.


Қасқыр


Қасқыр, қасқыр, қашып кет, (Сұқ саусағыңды бүгіп, қасқырдың тұмсығын, бас бармағың

Алты қырдан асып кет. (мен құлағын, кішкентай саусағыңмен аузын келтір)

Қазір сені сүзеді. (Сұқ саусағың мен кішкентай саусағыңды түзу ұста,

Ешкі жібін үзеді, (мен құлағын, кішкентай саусағыңмен аузын келтір)

Қазір сені сүзеді.



Бұзауқан


Жаңа туған бұзауқан (Екі саусағыңмен жаңа туған бұзаудың жүрісін сал)

Қорқып алыс ұзаудан, (Баласы мен анасына ұқсатып,бір қолыңмен екінші

Қалтаң- қалтаң етеді қолыңды құшақтат)

Енесіне жетеді.


Ұлу


Таса жолмен жасырын, (Бір қолыңның саусақтарын төмен салбыратып, пісіп тұрған)

Ұлу келді ақырын

Құлпынайды жей берді (құлпынайға ұқсат, екінші қолыңды ашып жұмып ұлуды

Ұлу келді ақырын жүрісін сал)

Тәттісін-ай дей берді.

Құлпынайды жей берді

Күні бойы кемірді,

Әбден тойып, семірді.




Гүлдің иісі


Қызыл, жасыл гүлдердің, (Екі қолыңмен саусақтарын жазып, гүлге ұқсат)

Иісін-ай , иісін!

Жұпар шашып, елітіп, (Қолдарыңды желпіп, гүлдің хош иісін сезінгендей бол)

Алып кетті үй ішін.

Африкадағы пілдер


Африкада қапырық,

Арыстан жүр ақырып. (Саусақтарыңмен арыстанның аузын ашып, ақырады келтір)

Балаларын іздеп жүр,

Піл барлығын жапырып.



Маймылдар жүр алысып,

Бір-бірімен жарысып. (Кішкентай саусақтарыңды бір-біріне тигізіп, алысқан

Жайбарақат керік тұр, маймыдарға ұқсат)

Бәрін байқап, көріп тұр.


Жұлдызқұрт


Жиырылып, созылып,

Жиырылып, созылып, (Бір қолыңмен гүлді, екінші қолыңмен жұлдызқұртты келтір)

Гүлге келген жұлдызқұрт

Қалды біраз тосылып.


Шықты сосын өрмелеп,

Дәмін татып көрем деп (Бір қолыңның саусақтарын екінші қолыңа өрмелет

Жетті әзер дегенде

Күн төбеге келгенде.

Тәтті тамақ іздеді, (Бір қолыңның саусақтарымен екінші қолыңның саусақтарын

Күлтелерін тістеді. ( кезегімен қысып, жұлдызқұрттың тамақ жегенін келтір)

Сөйтіп біздің жұлдызқұрт

Біраз жұмыс істеді.

Қайтуға ол жиналды,

Төмен қарап қиналды. (Саусақтарыңмен жұлдызқұртты бейнеле)

Амалдарын түсудің

Біраз жатып ойланды.


Тапты ақыры, саспады,

Жібін жерге тастады. (Саусақтарыңды түйістіріп, төмен түсіп келе жатқан)

Сосын жаймен, ақырын жұлдызқұртты ұқсат)

Төмен сырғи бастады.



Жиырылды, созылды,

Жиырылды, созылды. (Алақаңдарыңды ашып жұмып,

Кешке қарай өзінің жұлдызқұрттың жүрісін сал)

Достарына қосылды



«Қызық-ай»


Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)

Қой қағып  тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)

Теуіп және сүзіп-ай (аяқтарын топылдатады, «мүйіз» жасайды)

Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)

Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)

Аша алмады бұзып-ай (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)

Басын ауыртты, тапқаны (жұдырықпен аяқтарын қатты нығарлайды)

Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолмен бастарын сипайды, иықтарын көтереді)

Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)

Соғар қойдың өзін-ай (қабағын түйіп, сұқ саусақпен доқ көрсетеді)

Табылар ма жан қане (екі қолды жая иықтарын көтереді)


«Салат»

Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеідеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттай сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)

Қаймақ құйып сәндейміз (қолды жұдырыққа түйген күйі, қаймақ құйған сияқты)

қол білегін жоғары-төмен қозғайды)

Міне, дайын нәр тағам- (екі қолын алдына жайып көрсетеді)

Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді)


«Қолтырауын»

Қолтырауын қонақ күтуде (екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады)

Тістері тура шегедей (саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сәл дөңгелетң үстіне беттестіре саусақтарды сәл дөңгелете («қолтырауынның аузын ашқан сияқты» ашып-жабады)

Бұл жерден қой өтпеді ме? (қолды төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді)

Деп сұрадым ойын білмекке (алақандарын бір-біріне ысқылайды)

Ал ол болса тымпиып жатыр (көздерін қысады)

Көзін қысып қылқиып жатыр


«Кім келді?»

Қане, қане кім келді? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын созады)

Біз, біз, біз! (екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ үштарын бір мезгілде соғады)

Апа, апа, бұл сіз бе? (екі қолының бас бармақтарының ұштарын созады)

Иә, иә, иә! (сұқ саусақтарының ұштарын соғады)

Әке, әке, бұл сіз бе? (екі қолдарының бас бармақтарының ұштарын соғады)

Иә, иә, иә! (ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады)

Ағатайым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)

Иә, иә, иә! (аты жоқ саусақтардың (шылдыр шүмек) ұштарын соғады)

Қарындасым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)

Иә, иә, иә! (кішкене саусақтардың ұштарын соғады)

Біздер тату жанұя (барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады)

Иә, иә, иә! (алақандарымен шапалақтайды)

«Торғай»

Саусақтары бас

Алақан қанат (алақандар өзіне қарайды, үлкен бармақтар өріледі. Саусақтарды қозғау)


«Үкі»

Орманда қараңғы (екі қолдың білектерін біріктіре саусақтарды жан-жаққа ашады)


«Орман»

Бәрі-бәрі ұйқыда (алақандарын беттестіре жақтарына таянып («Ұйқыға кетеді»))

Үкі ғана ұйықтамапты (бас бармақ пен сұқ саусақтың ұштарын біріктіре дөңгелентіп көздеріне қояды («Үкінің көздері»))

Маңғазданып отыр қатты (қолдарын артқа жинап, кеуделерін көтереді )


«Маңғаз үкі»

Әрі-бері отырды да (қолдарын жан-жаққа жая ұшып, басқа орынға ауысады)

Қараңғыға қанат қақты


«Мысық»

Мысық біздің саққұлақ

Тышқанды жақсы есту үшін бірақ (ортаншы және төртінші саусақтар бас бармаққа тіреледі, сұқ саусақ және кішкентай саусақ жоғары қарайды)


«Қаз»

Қаз тоқтамай қанқылдайды

Жақындасан шымшылдайды (білек тік, алақан түзу. Сұқ саусақ бас бармаққа тіреледі. Барлық саусақтар бір-біріне жабысып тұрады)


«Қораз»

Қораз, қораз қоқылдақ

Ерте тұрар қоқылдап

Алтын айдар басында

Ән салар үй қасында (алақан үстінде, сұқ саусақ бас бармаққа тіреледі, қалған саусақтардың аралары ашық үстіге қарайды)


«Доп»

Он, тоғыз (алақандарымен шапалақтайды)

Сегіз, жеті (отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады)

Төрт, үш (алақандарымен шапалақтайды)

Екі, бір (отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады)

Доп ойнайық (алақандарымен шапалақтайды)

Кел, жүгір (қолдың біресе ішімен, біресе сыртымен көздерін жабады)

Тек білейік (әр сөз ырғағымен шапалақтайды)

Анық нық (әр сөз ырғағымен аяқтарын топылдатады)

Допты алып қашқан (отыра қалады


«Сөздер»

1-2 деп  санаймыз (саусақтарды біріктіріп бүгіп санаймыз, кері ашып санайды)

Әріптен сөз құрамыз (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақанына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді («күн» жасайды)

Күн – шуақты сөз екен (бас бармақ, ортаңғы терек, аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды, сұқ саусақ пен кішкентай саусақты сәл бүге «құлақ» жасайды)

Мысық-құлақты сөз екен (сұқ саусақ пен кішкентай саусақты тік ұстайды «мұйіз» жасайды. Бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақтар біріктіріле бүгіледі)

Сиыр-мүйізді сөз екен (екі қолдың барлық саусақтарының ұштарын біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды)

Қарбыз-жолақты сөз екен


«Шаян мен мысық»

Тасасында көпірдің (сол қолды шынтақтан бүге, алақандарды төмен қарата алдына ұстап «көпір жасайды». «көпірдің астына оң қол саусақтарын төмен қарата ұстай «көп аяқты шаян сияқты» жыбырлатады)

Кәрі шаян тұрыпты (алға созылған оң қолдың үстімен иықтан төмен қарай сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын жүгіртеді)

Көпірден өткен мысықтың (иықтан төмен «жүгірген» саусақтар қолдың басына келгенде саусақты оң қолдың жұдырығында қысып ұстап қалады)

Құйрығынан жұлыпты (сол қолдың кішкентай саусағы оң қолдың жұдырығында қысылған күйі 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарды бас бармақпен біресе біріктіре, біресе қайта ашып мияулаған мысықтың аузын бейнелейді)

«Құтқарыңдар, (сол қолдың кішкентай саусағын қыса ұстаған оң қолдың саусақтарын біртіндеп ашады)

Мяу-мяу-мяу! (екі қолды бірінің үстіне бірін қоя екі қолдағы барлық саусақтарды тез-тез «жүгіртеді)

Босатыңдар шаяннан!» (сөздің айтылу ырғағына сәйкес алақандарын шапалақтайды, соңғы сөзге аяқтарын топылдатады)

Қане, кім бар келіңдер!

Мысыққа көмек беріңдер!



«Сәлем»

Сәлемдесем әрдайым (екі қолдарын айқастырып кеуделеріне қояды)

Үйде және көшеде (екі қолдарын алға жаяды)

Тіпті «сәлем» - деймін мен («қанаттарын» екі қолдарын сәл көтеріп, қайта түсіріп қағып тұрады)

Тауыққа көрші үйдегі (бір қолдың сыртын екінші қолдың алақанына беттестіре саусақтарды жан-жаққа аша «күн» жасайды)

Сәлемет пе, (екі қолды жоғары соза аспанды көрсетеді)

Шуақты күн көкте! (екі қолды жоғары көтере екі жанына кезек теңселеді)

Сәлемет пе, (екі қолды төмен түсіре, қол бастарын бір-бірінің  үстіне қойып алдына ұстайды)

Нұрлы аспан көкпеңбек! (оң жаққа оң қолын жаяды)

Сәлемет пе, (сол жаққа сол қолын жаяды)

Самал жел желпіген» (оң қолдың сұқ саусағын алдына тік ұстай оңға, солға кезектестіре шайқайды)

Сәлемет пе, (бастарын шайқайды)

Кішкентай түбіртек!

Сәлем, таң жаңа атқан!

Сәлем, күн арайлы!

Сәлемге еріну!

Бізде әсте болмайды


«Өрмекші»

Күні бойы еңбекпен (оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді, керісінше қайталайды (сол қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы)

Өрмекші өрмек тоқиды (саусақтарын сыртылдатады)

Нөсер тек кенет селдеткен (оң алақанмен сол қол алақаның үстінен тез сырғанап түседі)

Еңбегін оның жоқ қылды (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақандарына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді «күн» жасайды)

Күн шықты қайта жарқырап (екі қол алақандарын беттестіре жоғары көтеріп біресе оңға, біресе солға иіледі)

Құрғады тез-ақ төңірек (барлық саусақтардың ұштарын түйістіре, тез-тез кезектестіре бір-біріне соғады)

Өрмекші өрмек тоқуға

Кірісті, дереу, тезірек



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2025
35
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11