Материалдар / бастауыштен хоштасу

бастауыштен хоштасу

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сыныппен хоштасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
476
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауышым-бал бұлағым!(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)Мұғалімнің кіріспе сөзі:Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -дегендей, бұл да бір қуанышты күн.Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп шақырайық, 4 сынып түлектерін ортамызға. (Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. )1-оқушы: Армысың сен алтын ұя мектебім,Саған айтар жыр алғысым көп менің.Жүректерге жаққан білім шырағын,Мақтан етем сені мәңгі мектебім.2-оқушы: Мектеп деген білім кені, жыр кені,Мектеп деген ғылымның ең үлкені.Мектеп деген тәрбиеші адамғаМектеп деген даналардың мекені.3-оқушы: Мектебім – білім берер алтын ұям,Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.Баулыған 4 жыл бойы ата –анамдай,Әрқашан қасиетті атың маған.4-оқушы: Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,Өзіңе борыштармын өмір бойыЕсейген шәкіртіңнің серті деп біл.5-оқушы: Өтті оқу, сан сабақ,Бүгін үлкен салтанат.Оқулықпен достасып,Бастауышпен қоштаспақ

Ән: Бастауышым бал бұлағым6-оқушыЕсігіңді ашқан балаңа,Құшақ жайдың мектебім сен қуана.Сол бір сәтті мәңгі ұмыта алам ба,Сенен артық дүниені таба алам ба?7-оқушыМектебім – мәңгі бапкерімҚарызбыз саған бәрімізӨзіңе деген парызды,Ақтаймыз талай әлі біз.8-оқушы: Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаныАйқара есік ашып тасталғаны.Бір мереке думан болып осы маңда,Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.



9-оқушы: Әлі есімде мектепке келгеніміз,Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.Жасқаншақтап, таңырқап тұрған шақта.Өзің болдың ұстазым сенгеніміз!10-оқушы: Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға,Ұқсатып ек, біз сізді анамызға.Жақын тарттың, біртіндеп бауыр бастық.Жүргеніңді ұнатып арамызда.

Ән: Не жаздық апай сізге11-оқушынұржан Шықсын енді ортаға биші қыздарТал шыбықтай иіліп мың бұралған.

Би: Қуыршақ барбиАта- аналарға арналған ойындар (қыз балалардың аналарын ортаға шақыру)6 адамды шақырып 3 менің жаман қасиетімді айтады 3 жақсы қасиетімді айтады

11-оқушыҰстазым ғой әліпбиді үйреткен,Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.Мені оқытып, өркенімді өсіріп,Жалындатып, жанарымды нұр еккен.12-оқушыЖадыраған жаздай жылы жаны бар,Жақсылықтың шырағы боп жағылар.Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдағанШәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.Хормен:Өзіңсің балауса көктемім,Мен сенен нәр алдым, көктедім.Өмірде алғашқы өткелім,Рақмет саған, бастауыш мектебім!Ән: Ұстазым

Даяна : « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім.  Балалардың ұстазға арнаған ән -жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Тамила? Тамила : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Диана : Дұрыс айтасың, ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған. Мансия Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!

Наргиз: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Ильнара : Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Нұржан : Иә, міне сағымдай өте шыққан  4 жыл ішінде, бір бірімізге де бауырдай болып алдық.

Ән: Армандастар құрдастар

Би: Джентельмент жігіттеріАта- аналарға арналған ойындар (ұл балалардың аналарын ортаға шақыру)А Ә Б В әріпперді беріп машина, қала, тамақ аттарын атап айту.

Би: Индия (Тамила Даяна Мансия)

АНТ беріп 3 сынып қабылдап алады( Бір оқушы кілт тапсырады )

Мұғалім: Ал енді 4 «А» сынып түлектерінің орындауында «Қоштасу» вальсін тамашалаңыздарОйындар: 4 ата-аналармен 4 бала (цеп жалғау)Ұстаз тілегі:Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,Сенімдердің айналыңдар серперіне.Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе. Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,Аластайтын жаныңды күз көңілден.Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.І жүргізуші: Осымен «Бастауышым-бал бұлағым!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!

















































    

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ