Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Бастауышым - балбұлағым!»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Бастауышым - балбұлағым!»
Мақсаты:
-
Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу;
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу;
3.Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: шарлар, білім кілті, фотомонтаж, слайдтар, видео-ролик, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер
Видеоролик «Шуақты 4 жыл …»
1 –
жүргізуші
- Қайырлы күн,
құрметті ұстаздар, ата – аналар, шәкірттер. Бүгінгі күн бәріміз
үшін ерекше күн.
Бүгінгі
«Бастауышым - балбұлағым!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат
етіңіздер!
2 – жүргізуші
Армысыздар,мұғалімдер,әз
жандар,
Білім іздеп инемен құдық
қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп
оқытқан,
«Өмір» деген ұзақ жолда
тарландар!
Бүгін, міне, қоштасады
бастауышпен балбұлақ,
Әні
менен жырларына тарландарым, сал
құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне,
жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың,
шамшырақ...
1 – жүргізуші
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр.
Бұл салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық!
4 «А» сыныбын ортамызға.
(Оқушылар ортаға шығады)
2 – жүргізуші
Ажырамай мектеппен бір
елі сіз,
Жақсылыққа жаралған
жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен
өзіңізге,
Түлектерге арналсын
тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім
ордамыздың басшысы
_________________________беріледі.
1 –
жүргізуші
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілімен бал тамызған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқаншы да, маңдай терін төккен шопан да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
Оқушылардың ұстаз туралы тақпақтары:
1-оқушы:
Ұстазым – ұлағатым, сая бағым.
Шәкіртті өз балаңдай аяладың.
Қолыма әліппенің кілтін берген,
Адалдық ақ жолыңды бағаладым.
2-оқушы:
Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке, думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,
Енді міне, сағымдай өте шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел танитын азамат, бір-бір мықты.
3-оқушы:
Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,
Бар асылын бізге жиып, мол берді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Баласындай шын жүректен хан көрді.
1 – жүргізуші
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
2-жүргізуші:
Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп, сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да, жақсыға да пана болған-дей келе оқушылардың Мектебім атты хорын қарсы алайық!
1 – жүргізуші
- Көктем келіп, көк
бүршігі тұр көктеп
Көк
бұлақтар таудан құлап дірдектеп.
Тау
тұлғалы, көктем нұрлы ұл - қызды,
Тәрбиелеп шығарады бұл мектеп! - дей келе 4
сынып оқушыларына арналған слайдты
тамашалаңыздар! Олай болса, бүлдіршіндердіңтәтті де
бал күндеріне көз жүгіртейік (экранға
назараударайық).
СЛАЙД (4-сынып суреттері көрсетіледі)
2-жүргізуші:
Қыздардың орындауындағы биді тамашалайық!
1 – жүргізуші
Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!
2-жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасың __________. Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе?Ендеше,сергіту сәті ретінде ата-аналармен оқушылар арасында ойын ойнатсақ деп едік,ата-аналар балаларыңыздың жандарына келсеңіздер!
1-жүргізуші:
Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше оқушылардың мектепке арнаған жырларын тыңдайық
Мектеп туралы тақпақтар!
1-жүргізуші:
Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
2-жүргізуші:
Қонақ деген ырысың мен мерейің
Енді аяңдап қонақтарға келейін
Сол кісілерге сөз кезегін берейін.
ата-аналар балаларыңызды құттықтап жіберсеңіздер
1-жүргізуші:
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін,
Сіздерге арнап айтатын тілегін де- дей отырып сөз кезегін ұстазымызға береміз!
2-жүргізуші:
Оқушыллардың жүрекжарды тілектеріне назар аударайық!
1-жүргізуші:
Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкелерін зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған еді.
2-жүргізуші:
Енді міне сауатын ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұр.
1-жүргізуші:
Ән: Қимай тұрмын
1-жүргізуші:
Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
Оқушыларымыздың ата-аналарына арнаған гүл шоқтарын табыс етсе, шапалақпен қарсы алайық!
2-жүргізуші:
Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенің.
Барлығы бірге:
Қош қымбатты ұстазым,
Қош бастауыш мектебім!
1-жүргізуші:
Алдарыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман есен болыңдар,- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.