Бастауышпен қоштасу
Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге және де өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы, слайдтар , гүлдер және шарлар.Үлкен самалет макеті, Аэрапорт бекеті. Билет сатып тұрған қыздар тұрады
Басталуы
Көрініс: Ұшақтардың дауысы естіліп тұрады. Оқушылар көңілсіз апайларын күтіп аэрапортта отырады.
Сүндет: Қыздар, жігіттер біздің апайымыз кассадан билет алуға кетті. Біздің отырысымыз мынау?
Қарақат: Ия Достар 4 жыл білім берген, бойымызға өнер мен білімді ұштастыра білген апайымызға алғысымызды айтпай қалай орта буынға ұшып кетеміз?
Кәне бәріміз апайға билетті кейінге қалдыруын өтініп сұрап көрейік .
Мұғалім билеттерді қолына алып кіріп келеді.
Дінмұхаммед: Апай біз сізді қимаймыз, сізден кеткіміз келмейді. Кейінірек ұшсақ болама?
Мұғалім: Балалар кейінге кешіктіруге болмайды, біздерге қоштасар уақыт жетті.Мен сендерге орта буынға ұшатын билет алдым, қоштасуымызға бірнеше сағатымыз бар.
Санжар: Апай! Балалар ендеше уақытымызды босқа кетірмей, өз өнерімізді көрсетіп, ұстазымызға деген алғысымызды айтып үлгерейік.
Аяулым: Армысыздар, әжелер мен аналар, Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Кәусар:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер, Қыран құстай балапанын мәпелер. Бүгін міне бастауышпен қоштасады, Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
Аяулым: Армысың сен, алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағым,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Мұғалім
Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.
Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -
дегендей, бұл да бір қуанышты күн.
Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Атандық, балашақтан болашаққа!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Олай болса ортаға-сынып оқушыларын Шақырамыз.
1.Сыныбымда 19 оқушы бар еді \ музыка қойылады\
Күндер өтіп аяқтадық оқуды
Менің Мөлдір деген
Шәкіртім өтеее салмақты
2.Кеше ғана табалдырық аттаған
Бүгін күн бастауышпен қоштасам деп
Келіп отыр Дінмұхаммеджан
Міне сондай оқушым бар жайдарлы
3.Білім алсаң нұрын шашар жарқырап
Бастауыш сыныпты аяқтағалы
Санжар келер
Маңдайы жарқырап
4 .Оқы десең жан таласып тұратын,
Келешекке биік мақсат қоятын
Ол менде Алихан болатын
5. Артық сөйлеп жатпайтын
Бос сөйлеген жақпайтын
Салмақты ару Сабина
Ешбір ауыр сөз айтпайтын
6. Жанжақты жігіт дарынды
Әрбір ісі жағымды
Сүндет
Спортта мықты арынды
7. Сұлуы біздің сыныптың
Білімде бірі жүйріктің
Аяулымның тұла бойында
Табылар бәрі қылықтың
8. Жылулығы бар көзінде
Жасырмай айтар сөзінде
Қызу қанды Нұрбақыт
Бар жақсы мінез өзінде
9. Өзі сұлу, өзі әдемі
Өзгеден бөлек әлемі
Әдепті біздің Айсұлу
Бәріне түзу сәлемі
10. Тиянақты ісіне
Алатын бәрін түсіне
Қарақат біздің сұлу қыз
Сұлулардың ішінде
11. Жүзінен күлкі кетпейтін
Ешкімді қапа етпейтін
Нұрислам мұқтаж адамға
Көмектеспей өтпейтін
12. Бойы ұзын, өзі әдемі
Зерденің ерек талғамы- деп
Айдарқұл Зердені шақырамыз
13. Жан-жақты жігіт дарынды
Әрбір ісі жағымды.
Ерали Алмаз
Спортта мықты арынды
14. Салмақты әрі сабырлы
Жылытады жаныңды
Сымбат біздің жанашыр
Әрбір ісі жағымды.
15.Ұстаздың тауып көңілін
Орындап барлық әмірін
Ұлан деген бұл жігіт
Көңілді сүрер өмірін
16. Тиянақты ісіне
Алатын бәрін түсіне
Гүлдана біздің сұлуқыз
Сұлулардың ішінде
17. Артық сөйлеп жатпайтын
Бос сөйлеген жақпайтын
Қайратұлы Бақдәулет
Ешкімге ауыр сөз айтпайтын
18. Ақылды әрі тәртіпті
Жоқ шығар мұндай жан тіпті
Бос сөйлемейтін Кәусар қыз
Әр ісіне ұқыпты
19. Ашық жарқын мінезі
Математик бір өзі
Балеркенің жетерлік
Сыныпқа қосқан үлесі
Хормен: Бүгін бізде бастауышпен қоштасудың мейрамы
Бәріміздің көңіліміз жайдары
Кәне бәрің келіңдер
Қолдап, қоштап беріңдер
Кәусар: Біз бүгін көзімізді ашып, көкірегімізді оятқан, білім нәрімен сусындатып, ілімнің ірге тасын қалаған бастауыш мектебімізбен қоштасамыз.
Аяулым: Білім нәрімен сусындап келе жатқан мектебіміздің директоры Турысбекова Ардақ Құттымаханбетқызына және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметов Келесбай Тастанбекұлына сөз беріледі.
Кәусар: Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.
Аяулым: Мектебім – мәңгі бапкерім
Қарызбыз саған бәріміз
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.
Кәусар: Бастауыш сынып түлектерінің мектепке арналған жыр-шумақтарына кезекті берейік.
Мектепке арналған тақпақтар айтылады:
-
Мектеп деген білім кені , жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға.
Мектеп деген даналардың мекені.
-
Мектебім- білім берер алтын ұям.
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.
Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.
Әрқашан қасиетті атың маған.
-
Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,
Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.
Өзіңе борыштармын өмір бойы
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
-
Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мақтан етем сені мәңгі мектебім.
-
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
-
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
-
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
-
Мектебім- сүйікті мектебім,
Бауырыңда түлеймін , көктеймін.
Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,
Хормен айту:
Мектеп – кеме , білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Аяулым: Бастауышта шырқалмаған жыр бар
ма ?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
Бастауышта алған білім, жырларым ,
Азық болар мәңгі талай жылдарға.
Кәусар: Патриоттық флешмобты қабыл алыңыздар!
Аяулым: Тамашалаңыздар, Көрініс: «Жыл еді»
Мөлдір :
Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауыш сыныппен қоштасып, тағы бір баспалдақты аттағалы отырмыз.
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Айсұлу:
Балашақтан болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.
Мөлдір:«Ұстаздық еткен жалықпас
үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға
қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып,
42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз –
ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын
айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің
Кәусар?
Айсұлу:
Әр шәкіртін өз баласынан кем
көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім –
мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер
айтпаған.
Мөлдір: Дұрыс айтасың Кәусар, ғылым
иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын
да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған
ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие
алған.
Айсұлу:
Ия , бұл
туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да
, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»
деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға
арнаймыз.
9.
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
10.
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
11.
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
12.
Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
13.
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың .
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
14.
Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Сағына әркез суреттерді парақтап.
Шәкірттерін жиі еске алатын.
15.
Үйретіп өмір «заңын»
Үлгілі іске нұсқадың
Ақ көңіл, іскер қашанда,
Ақылшым менің ұстазым!
16.
Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Адамның аяулы үні сияқтанып.
17.
Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,
Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
18.
4 жыл бойы білім берген мәпелеп
Анамыздай біз сыйлаймыз қастерлеп
Рахмет сізге ұстаз мың алғыс
Ұмытпаймыз жүректерде дәріптеп.
19. Айтамыз ұстаз сізге көп –көп алғыс
Қашанда қасыңыздан табылармыз
Бастауыш бар білімнің негізі деп
Біз сізді әрқашанда сағынамыз.
Хормен:Серт береміз шын жүректен,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .
Мөлдір:Келесі кезекте ән: «Оригиналсың» Орындайтындар: Нұрбақыт, Алмаз, Бақдәулет
Сүндет: Санжар білесің бе? Біздің қыздарымыз өте тамаша билейді .Олай болса ортаға қыздарымызды шақырайық
Санжар: Ортада «Құрбылар» биі, біздің мың бұралған биші қыздарымызды қарсы алыңыздар
Сүндет: Көрініс, тақырыбы «2040 жыл»
Санжар: Келесі кезекті біздің мың бұралған биші қыздарымыздың биіне берейік. «Қамажай» биі
Сүндет: Келесі кезекте Марапаттау.
Диплом табыстау.
Санжар: Мың бұрала билейтін,
Әнді де жақсы көретін.
Қыздарымыз бар біздің
Бұлбұлша сайрап, шырқайтын – деп келесі кезекте Айсұлу мен
Сымбаттың орындауында ән: «Ұстазым бар».
Осы кезде «Болашақ» қаласына ұшатын ұшақтың келіп қонғаны хабарланады.
Сүндет:біздің орта буынға ұшатын уақытымыз келмеді ау деймін?
Санжар: Иә, солай ау деймін, олай болса бәріміз қоштасу әнін шырқайық
Ән: «Бастауышпен қоштасатын кез келді»
Осымен «Аттандық, балашақтан болашаққа!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!
Қош бол, балғын балалық
Қош бол, сүйікті бастауыш !
Ұстаз сөзі:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Қанаттарың қатайды
Биікке енді самғаңдар
Білім жолы – сара жол
Ізденіңдер, талмаңдар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бастауышым - балбұлағым"

шағым қалдыра аласыз