Бастауышым - балбұлағым

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауышым - балбұлағым

Материал туралы қысқаша түсінік
Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәриелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бастауышым – балбұлағым  

Мақсаты :  Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәриелеу. Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы , слайдтар , гүлдер мен шарлармен 
сахнаны безендір
у 1-Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі де, құрметті ата -аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз, білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып, бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. 2-Жүргізуші: Бүгін міне, бастауышпен қоштасады балбұлақ, Ән менен жырына тарландарым, сал құлақ. Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан, Лаулап жансын болашағың шамшырақ - дей келе, бүгінгі «Бастауышым балбұлағым» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-Жүргізуші: Жас жүректің өмірінің құштары гүл,

Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен,

Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

2-Жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрмыз баршамыз да, Мұндай күй болған шығар қаншаңызда. Қол соғып, қошеметпен шақырайық. 4 сыныпт оқушыларын ортамызға! Әсем әуенмен бастауыш сынып оқушылары ортаға шығады. 1- Жүргізуші: Осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәтте келіп жетті. Осынау алтын ұяда теңдесі жоқ дана да, ана да, нұрлы жүрегі Сарыарқаның самалына татитын ізгі жан барын бәріміз жүрегімізбен сеземіз. Әрине, ол ұстаз! Ендеше ортамызға алғашқы ұстазымыз Айида апайымызды шақырайық. Мұғалім: Құрметті ата- аналар, ұстаздар! Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 сынып оқушылары, осыдан 4 жыл бұрын 6 жастағы бала болса, бүгін міне ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр. Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бір мұрат. Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, - дегендей, бұл да бір қуанышты күн.Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым, Орындалсын арман тілек талаптарың. Ақ парақтай келдіңдер сәби болып, Ұғындым, әрбіріңді парақтадым. Өткіздік талай күнді, талай айды, Уақыт сырғып артқа қарамайды. 4 жыл бойы сендермен бірге болдым, Өткіздік талай қызық, талай жайды. Ірге тасын қаладым, білім бердім, Саналы ұл-қыздарым бүгін менің. Ортада тұрған осы шәкірттердің, Көрейік тамашалап өнерлерін.
2-Жүргізуші: Мектебіміздің ең басты тірегі, Біз деп соққан әркез оның жүрегі. Салтанатты кешіміздің бастауын, Барша қауым өзіңізден тілейді. Мектеп директоры Бахраман Аманжолға құттықтау сөз кезегін береміз.
1-жүргізуші: Армысың сен алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағын, Мақтан етем сені мәңгі мектебім. 2 жүргізуші: Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық Дінасыл: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені.

Асылжан: Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата –анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл,

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Даниял: Өтті оқу, сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Оқулықпен достасып,

Бастауышпен қоштаспақ

Қош бол, құтты Бастауыш!

Алғыстарым көп менің.

Ақыл - білім, тәрбиең,

Ой-санама еккенің.

Арда: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. Тамырланып , сан тарапқа тараған.

1- Жүргізуші: Бүгін бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той. 2-Жүргізуші: Өйткені, жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адамгершілікке, адалдыққа баулыған, қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен, әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстазымызбан қоштаспақпыз. Томирис: Бала шаққа болашақты  жырлатып, Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты . Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, Армысыздар , ұстаздарым қымбатты! Кенжегүл: Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім, Басталған ақ батаңнан жас талабым. Ұғындым ұлылықтың, даналықтың, Ұстаздың ұлағатынан басталарын. Ерқанат: Тек үйреттің әділдікті, адалдықты, Жирендік, ажыраттық жамандықты. Жалғастырар ақ жолың сенің салған, Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. Нұржан: Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді, Бар асылын бізге жиып , мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Ән: Мусин Нұрсұлтанның орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар. Флешмоб: 1- Жүргізуші: Осыдан 4 жыл бұрын 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік. 2-Жүргізуші: Енді міне, сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. 1- Жүргізуші: Нұржанат ендеше, бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа? Дінасыл: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік, Ақылға келе алмадық ерте көніп. Бойымыз бірте- бірте үйренісіп. Мектептің ережесін үйрендік  кеп. Арда: Бастауышым- бал бұлағым , Алдым сеннен балдың дәмін. Әріп танып, білім алып Рахметімді жаудырамын. Гүлдина: бастауышым- балбұлағым Лаулап жанған шам шырағым. Өзің берген біліміңмен, Самғап ұшар тау қыраның. Ахмет: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма? Бастауышта айтылмаған сыр бар ма? Бастауышта алған білім, жырларым, Азық болар , мәңгі талай жылдарға Нұрқанат: Өтті сенде қызық шағым, Бастауышым- бал бұлағым. Қоштасар күн жетті міне, Қимастықпен қол бұлғаймын Данияр: Байсалды мінезіңнен бір қалыпты, Менің де көкейімде із қалыпты. Ұстаттың қағаз, қалам қолыма өзің, Ерінбей үйреттің де әр әріпті. Қоссаңдар бірді екіге үш болады, Деуші едің, білімменен күш толады. Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол, Ақылмен іс істесең іс болады. Даниял: Үйретіп бізге алғаш Әліппені, Ұстазым ғылымға жол салып берді. Адамның ой арманы мақсаттары, Оқудың сәулесімен жарық көрді. Елдос:

Хор: «Ұстазым» Көрініс: «Білімбек пен Жалқаубек» 2-Жүргізуші: Ата- ана ісінен бала көпті үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін де бойға сіңіре білу- әр баланың парызы. Әр ата- ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Сондықтан да 4 жыл бойы оқығанда, ата- ананың да еңбегі де зор. 1- Жүргізуші: Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың, Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, Мәпелеген баласын,аман болсын анашым! Берікқызы Томиристің орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар. 2-Жүргізуші: Қуаныш Исламның орындауынды «Әке ана» әнін қабыл алыңыздар. 1- Жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз. Сөздеріңіз ді ынта қойып тыңдаймыз. Жан жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғалімдеріне алғысымыз шексіз. Бізге білім берген пән иелері мен ұстаздарға мына өлең жолдарын арнаймыз.

Ұстаздарға арнау. Кенжегүл: Гүлсайра, Саманта апайларға Ұрпақ қамын анасындай ойлайды, Болашаққа жетелейді, толғайды. Өркениетті адам болам десеңіз, Шет тілін білсең артық болмайды. Томирис: Ақмарал апайға Бала шаққа болашақты жырлатып, Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, Ақмарал апай бізге әркез қымбатты. Асылжан: Айида апайға Бітірдік бастауыш сыныпты, Ер жеттік буындар қатайды. Үйреткен білімнің қыр сырын, Қимаймыз Айида апайды. Біз енді кішкентай бала емеспіз, Біздерді орта буын деп атайды. Әрқашан есімізде ұстаймыз, Алғашқы ұстазымыз Айида апайды. Көрмеген артық күліп, артық жүріп, Шәкірттеріңді баулыдың тәртіпті ғып. Қоштасамыз біз бүгін Айида апай, Шәкірттердің алғысын айтып тұрып. Данияр: Маржанкүл апайға Білім, өнер бәріне бар талабы, Әрқашанда ашық жарқын қабағы. Маржанкүл апайдың мөлдіреген жанары, Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады. Ерқанат: Жайдарман апайға Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың, Сондықтан да ұстазыма ұқсадың. Ақ көңілде, қарапайым қашанда, Құрметтейміз өзіңізді ұстазым. Даниял: Ақбота апайға Орыс тілін танытқан, Ойландырып ой сананы дамытқан . Баршаңызға тілерім жақсылық, Арналады өлең атты шабыттан. Ердәулет: Баубек ағайға Бояу сырын үйреткен, Шын көңілмен , жүрекпен. Баубек ағай керемет, Сабақ берген суреттен. Арда: Темірбек ағайға Шынығамыз жүгіріп, ойнаймыз көп, Тартыламыз турникке, қуамыз доп. Барлық бала ол пәнді жақсы көрет, Барлығымыз спортшы боламыз деп. Нұрсұлтан: Лаура апайға Лаура апай шебер ақ, Үйреткен әні жып жинақ. Шәкірттері молайып, Жемісін ылғи берер ақ. Ахмет: Айгерім апайға Сырғып артқа сәби шағым, жас шағым, Өте шықты бастауышта қас қағым. Айгерім апай таныстырды біздерді, Компьютердей жаңа заман аспабын. Нұржанат: Төрегелді ағайға Ой  жіберсең  бәріне Өзін-өзі  тану  пәніне Өмір  сырын  үйреткен Әдептілікке  баулыған Төрегелді  ағайға  мың  алғыс 2-Жүргізуші: Мың бұралған бишілерімізге кезек береміз. Би: «Өзбек» 1-жүргізуші: Жетекші боп балаңызға жүрдіңіз бе? Бізді ойлап  көңіліңіз жүдеді ме? Достарым тыңдаңыздар ата ана сөзін, Сіздерге арнап айтатын тілегін де,-дегендей құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз. 2 жүргізуші: Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән – мағына жатыр десеңізші! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да бәрі –бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Хор: «Ұстазым». Бәрі : Мың алғыс сізге біздей түлектерден, Мың алғысмына отты жүректерден

Вальс:

1-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз, 

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз кезегін берелік құрметпен өзіңізге Шәкірттерге арналсын тілегіңіз,-дегендей  сөз кезегі алғашқы ұстазымызға беріледі Диплом, алғыс хаттар   оқушылар мен ата-аналарға табыс етіледі. Шәкірттеріме тілерім: Егеменді еліміздің көк байрағын биіктен желбіретер ақылды, білімді, ел билейтін ұлы, көркейтетін қызы болыңдар дегім келеді. 2 жүргізуші: Біз бәріміз артқа тастап 4 жылды, Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі Пана болған, дара болған біз үшін Жанымыздан артық дер ек біз сізді І жүргізуші: Демеңіздер біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Сау болып тұрыңыздар кездескенше, Осымен бүгінгі кеш аяқталды. Бүгінгі «Бастауышым балбұлағым!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет. Қош, сау болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.11.2018
615
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі