Үсенов атындағы Сабынды
орта мектебінің
бастауыш сынып
мұғалімі
Байжуманова Айгуль
Советбаевна.
Сабақтың тақырыбы: Бастауышым –
балбұлағым.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімнің сара жолы мектептен
басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру.
Білімге деген құштарлығын арттыру. Оқуға, білімді болуға шақыру. 2.
Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен
қоштастыра орырып, сәт-сапар тілеу. 3. Білім ордасы-мектепті,
ұстаздарын құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Ата –
анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу.
Көрнекілігі: 4
жыл бойғы оқушылардың еңбектері, шарлар, нақыл сөздер,
суреттер.
1-Жүргізуші
Аса
қадірлі аналар мен ұстаздар және әріптес
оқушылар!
Бүгін ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы Бастауыш
атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз.
Армысыздар, жиналған ата-ана ,
ұстаз,
Той
жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып қанат қақты,
4
жыл бойы оң –солын таныған жас.
2-жүргізуші
Көз
салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен
ойымызға,
Қош
келіпсіз ұстаздар, ата-аналар
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
1-жүргізуші
Шашу, шашу, шашайық
Ақ
сандықты ашайық
Бұл
мереке , бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
2-жүргізуші
Иә,
бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той. Өйткені 4жыл бойы білім
беріп, ой-санамызды дамытқан , адалдыққа, адамдыққа тәрбиелеп,
білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен
қоштаспақпыз.
Келесі сөз той иелеріне
беріледі.
1-оқушы
1
қыркүйек күні мен
Аңқыған жұпар гүліммен
Келіп ем , қарсы алды мектебім
Сүйікті қоңырау үнімен.
2
-оқушы
Әлі
есімде, мектепке алғаш барғаным
Өз
қолыммен Әліппені алғаным
Ақтардым Әліппенің парағын
Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым.
3-оқушы
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді анамызға.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр
бастық,
Жүргеніңді ұнаттық арамызда.
4-оқушы
Балғын шақта келіп едім,
Бал
қызыққа еніп едім
Тағдырымның билігін де,
Сеніп сізге беріп едім.
5
-оқушы
Алғаш рет өзіңнен
Білім алар балалар.
Оқу
сырын өзіңнен
Біліп алар балалар.
Жастың өсті санасы
Елжірейді жүрегі
Бастауышқа бар бала
Алғыс айтып жүреді.
6-оқушы
Шәкірттердің тыңдап жауап ,
сұрағын,
Жас
анаға төгіп білім шуағын.
Хат
танытып, жол сілтеген өмірге,
Барша жанға құрметті жан
–мұғалім.
7-оқушы
Нұр
жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза
көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа
қашанда,
Өз
соқпағын тапқан мына өмірден.
8-оқушы
Ұлағат ғұмырынан нұсқа алам да,
Барлық салт- дәстүрді ұстанам
да.
Әр
шақта тәліміңе тағзым етіп,
Ардақтап бас иемін ұстаз –ана.
Ән:
« Мұғалім ол біздің.»
9-оқушы
Теңіздей тербетіліп көл
бетінде,
Бишілер билеп етті тербетіле,
Аққудай қалықтаған теңіздегі
Бишілер өнерлерін көрсетеді –дей келе бишілерге
кезек берейік.
Би
Қара жорға.
10-оқушы
Біз
барамыз артқа тастап 4 жылды,
Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны
ізгі.
Пана болған , дара болған біз үшін
,
Жанымыздан артық көрем мен
сізді.
11-оқушы
Шаттанамын мен бүгін
шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім ,
мақтанамын.
Осы
сырды үйреткен төрт сыныбым
Түстей болып , міне бүгін артта
қалдың.
12-оқушы
Өтті оқу сан сабақ ,
Бүгін үлкен салтанат ,
Оқулықпен достасып ,
Бастауышпен қоштаспақ.
13-оқушы
Өзіңсің балауса көктемім ,
Мен
сенен нәр алдым ,көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,
Рахмет саған , бастауыш
мектебім.
14-оқушы
Оқытты ұстаз анамыз
Өсті білім санамыз.
Білгір ер боп өсетін
Біз
бақытты баламыз.
Бойымызда бұла күш
Еркін өскен ұланбыз
Оқу
білім үйреткен.
Хормен : Ұстаздарға мың алғыс !
Хор: « Мектеп ана »
15-оқушы
Бастауышым- балбұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып , білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
16-оқушы
Өтті сенде қызық шағым ,
Бастауышым балбұлағым ,
Қоштасар күн жетті міне ,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
17-оқушы
Өсті міне , бойымыз ,
Өсті міне , ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.
18-оқушы
Көрмеген артық сөйлеп , артық күліп
,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті
қып.
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен
«Ұстаз» әнін жаңғыртып айтып
тұрып.
Ән:
«Ұстазым»
Жүргізуші : Достар , бүгін бізде
мейрам.Бастауышты бітіріп жатырмыз.
Бір
– бірлеріңе қандай тілек тілер едіңдер?
1-оқушы: Құтты болсын ,
құрбыжан
Алға аттаған қадамың !
Білім деп соқсын жүрегің ,
Жолыңа бестік шашамын (бестік баға
шашады)
2-
оқушы: Жайнаса бұл-бұл бүлдіршін.
Бір
сынып тағы өрлесін.
Жайқалып тұрған көктемгі
Өмірің сенің гүл болсын ! (гүл
шашады)
3-оқушы: Өмір деген сан-саналы қиыр
жол,
Адаспасаң одан да аларың мол.
Ұстаз , ана, әкенің ,құрбының
да
Саған досым тілейтінім тек ақ
жол!
4-оқушы:Шақырып алыс арманға,
Асулар күтіп тұр алда.
Өмірге ұлы самғауға ,
Жар
бола көрсін бір Алла!
Жүргізуші :
Құрметті ата-аналар , ұстаздар,
Жақсы шәкірт азамат атанады.
Халқына, ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін
Ортаға шақырайық ата-ананы –
деп
Ата-аналарға тілек кезегін
береміз.
Жүргізуші :
Бітіруші түлектер
Жүктелер бар аманат
Айтылар ізгі тілектер ,
Болмасын еш жаманат.
Би:
Өзбек биі
Көркем сөз : Тұрыңыздар , келе жатыр
мұғалім.
Жүргізуші :
Бастауышта оқыдық ,
Ойға білім тоқыдық.
Бұлар бізден жалындар,
Ертеңгі ірі ғалымдар.
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай ,
Аман – есен болыңдар- деп бастауышпен қоштасу
ертеңгілігімізді аяқтаймыз.