Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауышым- бақытты сәтім!

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандарға қажет. Әдіс алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

-1-

«Бастауышым бақытты сәтім!»

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар, гүлдер.

Сахнаға оқушылар вальс биін билеп шығады. Екі оқушы ұстазды алып шығады да, бір шоқ гүл беріп тұрып, мына өлең шумағын айтады:

Нурали:

Біз бәріміз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі.

Пана болған, дана болған біз үшін,

Жанымыздан артық дер ек біз сізді


Әділет:

Ассалаумағалейкум халқым менің

Сәлем деймін салтымен алтын елдің

Инабат әдептілікті сақтай тұрып

Иіліп бәріңізге сәлем бердік.


Нурали:

Үлкен адам болсыншы», - деп жан - жақты,

Үлпілдетіп балапандай самғатты.

Мейірімімен мәпелеген біздерді,

Ата - аналар аманбысыз ардақты.


Әділет:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,

Сіздермен тола берсін ортамызда.

Бүгінгі ел басқарған азаматтар,

Білім алған сіздердің арқаңызда.



-2-
Нурали:

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болып, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгінгі күн біздер үшін ерекше күн.Осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған бүлдіршіндер білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Әділет:

Армандасаң да, қиялдасаңда балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Бастауышым баспалдағым» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! (екеуі бірге)


Нурали :

Ия, Әділет. Бүгін біз сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

Әділет:

Нурали, дұрыс айтасың бізде қуаныш, бүгін бізде үлкен той! Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан, адалдыққа, адамдыққа, тәрбиелеп білімнің соқпағынан ғылымға жол ашқан бастауыш сыныппен қоштаспақпыз.

Той пердесін ашайық

Сән - салтанат жасайық,

Бұл мереке, бұл тойға

Шашу ,шашу шашайық.


Нурали:

Әділет,осыдан 4 жыл бұрын, біз 6 жастағы сәби - бүлдіршіндер сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.


Әділет: Ия , дұрыс айтасың Бізді аяулы мектебіміз үлкен құрметпен қарсы алды.Біздің әрбір өткен күнімізге, аузымыздан шыққан сөзімізге, сүйкімді қылығымызға, балаға тән қасиетімізге шын жүректен мейірімділікпен қарай білді.



-3-

1-оқушы:

Мектебім- сүйікті мектебім,

Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

Өзіңнен нәр алып көктедім.


Жаннет:

Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!


Әділет: Дұрыс айтасың Жаннет! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші.Менің атам да, әжем де , әкем де, анам да , енді мен де мектептен тәлім алудамын.


Жаннет: Олай болса Әділет, сен қарсы болмасаң, алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқап берейін!

Ән: Мектебім.

Нурали: « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ол-ұстаз!


Әділет : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

2 – оқушы:

Есімде ұстазым алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны

Бір мереке думан болып осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны

Енді міне, сағымдай боп өте шықты.

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.




-4-

3 – оқушы:

Қолыма алғаш қалам ұстатқызған

Апайым әрқашанда қымбат маған

Сабырлы да, салмақты қалпыменен

Қажымай үйретуден бір танбаған

Көреміз көзіңізден мейірімді.

Сеземіз анамыздың алақанын.

Қыран ана секілді күтіп баптап

Ұшырған ұясынан балапанын

4 – оқушы:

Біз барамыз артқа тастап 4 жылды,

Ұмытпаймыз ұстаздарды жаны ізгі.

Пана болған дара болған біз үшін

Жанымыздан артық көреміз біз сізді.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ

Таласып алушы едік біздер жаттап.

5 – оқушы:

Күтеміз ықыласпен әр сабағын.

Оқимыз жіберместен бір парағын.

Барынша игеруге тырысамыз.

Осы деп бұл заманның зор талабын

Айтамыз апай сізге көп –көп алғыс

Қашанда қасыңыздан табылармыз

Бастауыш бар білімнің негізі деп

Біз сізді әрқашанда сағынамыз.

6 – оқушы:

4 жыл бойы білім берген мәпелеп

Анамыздай біз сыйлаймыз қастерлеп

Рахмет сізге Жанна апай мол алғыс

Ұмытпаймыз, жүремізде дәріптеп.

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстазбенен.

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып

Ән. Ұстазым






-5-

Әділет:

Иә, бүгін әңгіме еткеніміздей мектеп тәрбиесіндегі басты тұлға - ол ұстаз болса, ал жанұядағы әрине ол ата - ана. Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілікті бере білген ата – анамыз. Әрбір ата- ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді.


Нурали: Әділет, дұрыс айтасың.Біз болашақта саналы да, ақылды бала болып өссек, әрбір ата- ананың арманы орындалғаны.


7-оқушы: Ыстық – ау, кім - кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген


8-оқушы:

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген, ол да сенің анашың

Тіл алмасаң кешірген, ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын, амн болсын анашым.

Жетписбай Мерейдің орындауында «Анашым»

Қымбатты да, аяулы ата-аналар! Сіздермен бірлесе отырып,

ойын ойнаймыз.

















Әділет.

Биылғы жыл біз үшін ерекше. Өйткені Егеменді еліміздің Тәуелсіздігіне 25 жыл. Осы мерекемен бүгінгі біздің бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізбен қатар келіп отыр.Ең үлкен бақыт біздің Тәуелсіздігіміз.


Атты бүгін азаттықтың ақ таңы,

25 жыл Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы.

Елі текті,киелі,қасиетті жерімнің,

Құтты болсын еркіндігі,ата – баба арманы.


Жетписбай Мерейдің орындауында «Көк тудың желбірегені»


ІІ бөлім

Нурали:

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй,-деп отырып, шәкірттеріңіздің концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар.

Әділет:

Мың бұрала билейтін,

Биді жақсы көретін.

Қыздарымыз бар біздің

Қазақ биін билейтін деп ортаға бишілерімізді шақырайық.
















Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға- дей отырып, бүгінгі «Бастауышым бақытты сәтім» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп алғысымызды білдіреміз.

Қош бол, балғын балалық,

Қош бол, сүйікті бастауышым!

Қош бол, алғашқы менің ұстазым!

«Бастауышым» әні (хормен)


Қымбатты да , аяулы менің шәкірттерім! Бүгінгі сендердің бастауышпен қоштасу мерекелеріңмен құттықтаймын. Бастауыш сынып сендерді тек әріптермен таныстырған жоқ, оның әрбір беттері сендерді бір – бірлеріңді достыққа, тәртіпті оқушы болуға, Отанды сүюге тәрбиеледі. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын! Болашақта білімдеріңді шыңдап, биіктерден көріне білулеріңе тілектеспін.

































22:45:32 - 12 -

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12