400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауышым балбұлағым

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бастауышым- балбұлағым

Мақсаты: Білім негізі, іргетасы бастауыштан қаланатынына ерекше мән беру, алған білімдері мен жетістіктерін іс жүзінде көрсете білу. Отан сүйгіштікке баулу, жағымды мінез–құлық мәдениетіне білімді , саналы ұрпақ болып өсуге жетелеп, бағыт-бағдар беру.

Барысы:

Мұғалім Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр –ау бүгін маған .

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап білімменен,

Орта буынға өтетін келді кезі.

Бұл оқу –тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас , біле білсең білім озар

Ақыры керек болар бір сасқанда –деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл- ойлары толысып , оң мен солдарын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Бастауышым-балбұлағым» кешін бастауға рұқсат етіңіздер.Қош келіпсіздер құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар!

Бұл салтанат қуаныш баршамызға,

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.

Қол соғып , қошеметтеп шақырайық,

4 сынып оқушыларын ортамызға.


Сабағын жақсы оқиды,

Көңілге бәрін тоқиды.

Үндемей жүріп Гүлжан қыз,

Бәрін ойлап толқиды.

Тұла бойы мейірім мен кешірім Бақдәулет айтар сыныбының шешімін. Ата- анасы еркелетіп өсірген,

Сынып үшін қымбат сенің есімің.

Кішкентай өзі, ісі бар үлкен

Тәртібі жақсы, талантты әнші.

Жақсы оқып үлгі көрсеткен

Жақсы баға алған Бейбіт еңбекпен.


Сабағында меңгерген

Жақсылықты жөн көрген.

Ата-анасы Гүлшат деп

Әдемі есім тең көрген.


Аудандық , республикалық жарыстарды дүркіреткен,

Мәнерімен бар халықты тәнті еткен.

Инабатты жарыстыр қай жағынан,

Үздік шығып, І орынды иеленген.

Өр рухы бойына тарасын деп,

Қуанды ата-анасы тұңғышым деп

Есімі Нұрсұлтан болсын деп ұлының,

Қойды атын елбасы есімімен.

Қыз қылығы қашанда жалындаған,

Ықыласы сынып үшін жалынды адам.

Мінезі ашық, ешқашан шаршамайтын

Биязы Таңшолпан қыз өзі ұяң


Жақсылығы нұр жүзінен білінбеген,

Жақсылыққа екі көзі күлімдеген.

Рауан өз білімін шыңдай білген,

Достарына қамқор болып жүре білген.


Үміт артқан ата-ананың Нұрсұлтаны,

Өмірден дәм татқызар балғындығы.

«Жігітке жеті өнер де аз»- деген бар,

Ешкімнен қалыспайды алғырлығы.


Айтқанда сөзді әуелі,

Жақсылықтың әуені.

Мадина деген қызымыз

Спортты жақсы көреді.


Келгенде сабаққа ол үйінен

Әкеледі бар жылуын үйілген.

Мейірхан жігіт ортамызда ашық қой,

Біздің жігіт осындай ,бәрің танып қой.


Инабат: Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Бақдәулет: Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу, дәстүрлі мерекемізге қош келдіңіздер!

Инабат: Бесіктегі баланың ,

Күлгенін көрген бір мұрат

Алдына түсіп ананың ,

Жүргенін көрген бір мұрат –дегендей, мұны көру де бір бақыт деп ойлаймын.Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер, 4-ші сынып оқушылары осыдан төрт жыл бұрын 6 жасар бала болсақ, бүгін міне , ес біліп, етек жиған шәкіртпіз.


Таңшолпан:

Мектебім- білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай, Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл.

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл


Рауан:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында.


Д.Нұрсұлтан:

Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Таңшолпан:

Мектебім- білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл.

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл

Тамырланып сан тарапқа тараған.


Мадина:

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық, Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.



Бейбіт:

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп ,сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін

Жаманға да, жақсыға да пана болған.



Гүлшат:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.


Гүлжан: « Мұғалім- мектептің жүрегі»-деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса , келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.


Мейірхан:

Ұстазым –ұлағатым, сая бағым,

Шәкіртті өз балаңдай аяладың.

Қолыма әліппенің кілтін берген,

Адалдық ақ жолыңды бағаладым.


Б.Нұрсұлтан:

Есімде ерен ұстазым,

Шашымнан сипап өткенің.

Аянбай бізге қыс-жазы,

Молынан мейір төккенің.

Бақдәулет:

Ұстазым, ұстазым өзің едің асқақ әнім,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың , даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың,

Өмірде сенің алар орыныңа,

Бірі де жеткізе алмас бағалардың.


Гүлжан:


Таңшолпан:

« Өзіңді мәңгі үлгі тұтамыз» !

Тұла бойың тұнған сабыр кешірім,

Айқара аштың бізге білім есігін.

Өр тұлғаңды балап шыңға, Ұстазым,

Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!

Бала елдің болашағы болғанда,

Зор пайданы тигізесің қоғамға

Мамандығың –кәсіптердің абзалы,

Адамдығың қымбат бізге одан да.

Ашық болсын нұрға толы көгіміз.

Аман болсын еліміз бен жеріміз.

Аманаттап тапсырамыз тағдырды-Анамыз деп қабылдадық сені біз.

Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,

Ұстазымыз- үлгі бізге ісі аңыз

Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан

Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!

Алғашқы ұстазым анамызбен тең келді,

Бар асылын бізге жиып, мол берді.

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Баласындай шын жүректен хан көрді.


Мейірхан:

Өмірде ата-анаңнан бауыр қымбат

Тай құлындай бірге өскен достар қымбат.

Сусындатып білім беріп үйреткен

Ұмытылмас дара тұлға ұстаз қымбат.


Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен бастауыш сынып мұғалімдеріне мың алғыс. Қабыл алыңыздар.

Гүлжан :

Арай әпкейге біз сендік

Шетел тілін үйрендік.

Ағылшынша жазып та,

Біз сөйлеуді үйрендік.

Таңшолпан:

Читать и писать на русском

Нас научила она.

Эта наша царица

Жанар Сериковна

Гүлшат:

Қамқор болып жүреді

Қасымызда қашанда ай.

Ақ ниетті кең пейіл

Тұрсын ағай осындай.

Нұрсұлтан:

Үйренеміз жалықпай,

Нота тілімен ән айтып.

Шаттанамыз қалықтай

Қайсар ағай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.

Рауан:

Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар сөзінде

Өнеге мол өзінде

Өсиет көп сөзінде

Көңілінің хошын-ай

Көп шәкірттің досындай

Ақ ниетті кең пейіл

Балагүл әпкей осындай.

Хормен:

Біздер әлі өтелмеген парызбыз,

Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз.

Аттары да аталмаған ұстаздар,

Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз.


Ұстаздарға гүл ұсыну

Рауан: Болашақтың үлкен жолын сізден сызып бастадық,

Еркеліктің , жалқаулықтың көп түрін біз тастадық.

Жылы сөзбен қарсы алып , бізді баурап алдыңыз,

Үйретем деп түрлі білім біраз шаршап қалдыңыз.

Түрлі-түрлі пәндерді де, оқитын болдық ержетіп,

Қателік болса жіберген түзетелік тездетіп,

Мықты болса ұстазың, мінді өзіңнен іздегін,

Игере алмай қиналсаң, біреуден көріп жүрмегін.

Хормен : Балалықпен тәртіп бұзсақ,кешіруді сұраймыз,

Терең білім алуды енді, мақсат етіп шыңдаймыз.

Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым етеміз,

Білімді әрі жалғастырып, арманға біз жетеміз.

Ән: «Ұстазым» Дәулетбай Нұрсұлтан

Мадина:

Хан бол, мейлі қара бол,

Дарын бол, мейлі дара бол.

Өтетін бәрі алдынан,

Ұстаздар бейне сара жол.



Аманат жүгін көтерген,

Ұстаздық оңай іс емес.

Шаршауын шәкірт өтеген,

Ұстаздар осал күш емес.


Ұстаздар- ұлттың тірегі,

Ұстаздар-мектеп жүрегі.

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі.

«Ұстазым» деген ұлы сөз,

Жүректің берген бағасы.

Мұғалім-ұстаз бола алса,

Баланың көп қой данасы.

Бақдәулет: Ф. Оңғарсынова «Ұстаз»

Концерттік бағдарламаға кезек береміз

Қорытынды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
577
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі