Материалдар / Бастауышым-балбұлағым!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бастауышым-балбұлағым!

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне дайын материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қазан 2018
428
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауышпен қоштасусценарий(Бастауышым–балбұлағым)

                                      Бастауышым – бал бұлағым  

Мақсаты :  Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің  
                   негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп, 
                   еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы 
                   болуға тәриелеу.

Көрнекілігі :слайд, көрнекіліктер, нақыл сөздер

Мұғалім : Қайырлы күн , қадірлі де құрметті ұстаздар , ата-аналар ! Бұл мерекенің негізгі мақсаты – бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері  4 – сынып  оқушылар. 
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Толқимыз , толқып тұрмыз баршамыз да,
Мұндай күй болмаған шығар қаншаңызда 
Қол соғып қошеметпен шақырайық 
4-сынып оқушыларын ортамызға.  
Әсем әуенмен сахна ашылады.

Би: вальс
Мұғалім : Сіздердің алдарыңызда тұрған 4- сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын

6 жасар бала болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені , биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан ,  өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына ,               ата-аналарына  да өнерлерін көрсетуге дайын. Олай болса, кезекті бүгінгі ертеңгілігіміздің жүргізушілері Бекжан мен Аяулымға сөз кезегін берейік.

Бекжан : Ассалаумағалейкум , ағайын !


Аяулым: Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер !


Бекжан : Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !


Аяулым: Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.


Бекжан : Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.


Аяулым: Қолға қалам ұстатып,
                   Білім құйған санаға
Ән : «Бастауыш мектеппен қоштасу»

Орындайтындар: Исламбек, Рауан, Эльдар, Алихан, Нұртілек, Досымбек

Бекжан : Әділбекқызы Гүлсезімнің орындауында “Аяулы ұстазым менің» әні. Қол соғып қарсы алыңыздар.



Аяулым: Исламбек, Томирис, Эльдардың өлең жолдарын тыңдайық.


Жахан Исламбек : Бала шаққа болашақты жырлатып, 
                        Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
                        Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
                        Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !


Томирис : Армысыздар әжелер мен аналар
                        Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
                         Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
                        Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар


 Эльдар  :       Армысың сен, алтын ұя мектебім
                        Саған айтар жыр – алғысым көп менің
                         Жүректерге жаққан білім шырағын,
                        Мектебіме арналады бұл әнім !

Аяулым:  Дұрыс айтасың Эльдар  ! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші . Менің    әкем де, анам да, аға әпкелерім де енді мен де осы мектептен тәлім алудамын.
Олай болса , алтын  ұя мектебімізге арнап ән шырқайық !

Ән «Аяулы мектебім» орындайтындар: Темірлан, Ақкенже, Әлімжан, Томирис


Бекжан : Ия , мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптарымыздың 
                    мектепке арнаған жырларын тыңдайық.


Әлімжан : Әлі есімде мектепке алғаш келгеніміз     

       Ұстаздарды ең алғаш көргеніміз
              Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта
             Өзің болдың ұстазым сенгеніміз


Ақкенже:  Мектебіміз осы  ма ? -деп 
                    Жиырма шәкірт келіпті.
                    Жылы жүзді ұстазын
                    Алғаш рет көріпті.
                   
Бірін-бірі жетектеп
                    Ұстазына еріпті. 
                    Болашағы нұрлы деп
                    Ата-аналар сеніпті.



Аяулым:

Білім алдық өзіңнен,

Төрт жыл бойы ұстазым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды мына шәкіртің- деп біздің төрт жыл бойы бірге өткізген күндерден естелік ретінде слайдқа назар аударыңыздар (слайд көрсетіледі)


Бекжан:

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің кермет,

Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға сыныбымыздың бишілері Дилана мен Гүлшатты әсем бимен қарсы алайық.

Бекжан : «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің ,Аяулым?

Аяулым: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.


Бекжан: Дұрыс айтасың Аяулым, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал  тамған ақын да ,  тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі  ұстаздан білім мен тәрбие алған.

Ұлжан анамыз бен Сарбиноз құрбымыздың орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар.

Аяулым: Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Гүлшат : Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
                  Бар асылын бізге жиып, мол береді.
                  Қанатымен су себелеп асыл жан
                  Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 

Темірлан :Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
                 Жирендік, ажыраттық жамандықты.
                 Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
                  Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. 

Сарбиноз : Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
                Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай !
                Мейірлене қарап қойып біздерге 
                 Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.





Рауан : Ұстазым ! Ұстазым өзің едің асқақ әнім
                      Басталған ақ батаңнан жас талабым.
                      Ұғындым ұлылықтың , даналықтың
                       Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Бәрі :         Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
                    Мың алғыс мына отты жүректерден !

Аяулым : Олай болса Мира анамыз бен Альбина құрбымыздың орындауындағы «Ұстазым менің» әнін қабыл алыңыздар.

 Бекжан : Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .

Аяулым: Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
              Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
              Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін 
              Ақылды балаларың оны білген.
   Ән : «Ана әке» орындайтындар Ақмарал анамыз бен Ульяна құрбымыз. Қол соғып қарсы алайық.  

Аяулым: Әр ана өз баласын  мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін ! 

Бекжан: Ия , дұрыс айтасың   Аяулым. Біз болашақта саналы да , ақылды бала болып           өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе ?

Ән: Анашым құдіретіңе табынамын. Жанерке, Гүлшат, Диланаларды аналарымен қарсылайық.

Аяулым: Келесі кезекті әсем биге береміз. Сыныбымыздың ер балалары мен аналарымызды қарсы алайық.

Бекжан: Бүгінгі кешіміздің қонағы, үш жыл бойы бірге оқыған сыныптасымыз Азиза анасы Ақжарқынмен өнерін көрсетпек. Қол соғып қарсы алыңыздар.

Ән: «Ана мен бала »


Аяулым : Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
                 Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
                  Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
                  Мәпелеген баласын аман болсын анашым ! 


Бекжан: Осындай ана туралы жыр жолдарынан  кейін ата-аналарымызға сөз кезегін береміз. 
Сөз кезегін  ата-аналарға береміз.

Аяулым: Осыдан 4 жыл бұрын біз 6 жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп     табалдырығын жасқана аттаған едік.
Бекжан : Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Аяулым : Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

Гүлсезім:   Кітап қалам қолға алдық 
                      Бір сыныпқа жиналдық.
                      Ажырамай арамыз
                      Болашаққа баралық.

Досымбек : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз ,
                     
 Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.
                        Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
                        Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Альбина : Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
                   Ақылға келе алмадық ерте көніп.
                    Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
                    Мектептің ережесін үйрендік біз.

Нұртілек:  Бастауышым – бал бұлағым ,
             
   Алдым сенен балдың дәмін.
               
 Әріп танып, білім алып
               
 Рахметімді жаудырамын

Аяулым: Келесі кезекті тағы да әсем биге береміз Сахнада Исламбекті қол соғып Грузин биімен қарсы алайық

Аяулым: Олай болса сөз соңында бізбен бірге төрт жыл бойы ыстыққа күйіп, суыққа бірдей тоңып, әрдайым қасымыздан табылған ұстаздарымызға деген шәкірттік ризашылығымызды сөзбен айтып жеткізу қиын екен. Бірақ оқушылық күндерімізбен бірге олардың есімдері жүрегімізде алтын әріппен сақталады.


Ульяна
:   Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?
                   Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?
                   Бастауышта алған білім, жырларым ,
                    Азық болар мәңгі талай жылдарға.

Жанерке :    Өтті сенде қызық шағым ,
                     Бастауышым – бал бұлағым .
                     Қоштасар күн жетті міне,
                     Қимастықпен қол бұлғаймын.


Бекжан: Ән   «Алғашқы ұстазым»  орындайтын хор.

Хормен : Білім берген біздерге,
                  Рахмет, ұстаз сіздерге ! 

Бекжан: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың шақырулы қонақтары, мектебіміздің директоры Голубева Светлана Николаевна мен тәрбие ісінің меңгерушісі Сағатова Жанаргүл Мақсотқызына және бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі әрі дүниетану пәнінен білім береген Бисенова Айгүл Тілегенқызына сөз кезегін береміз.

Аяулым : Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе 
                  Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
                  Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін 
                Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып сөз кезегін алғаш ұстаз Хайдарова Аяжан Серікқызына береміз ! 

- Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Кеше ғана алдыма келген еді,

Именіп ұлы ұяға енген еді.

4 жыл бойы сусындап біліммен,

Ұшатын қанат қағып келді кезі.

-Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса бастауыш сыныпты аяқтау дипломымен марапаттауға рұқсат етіңіздер.

(оқушылар дипломмен)

-.....................................

(ата-аналарды дипломмен марапаттау)

Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің. (ұстаздың әні)





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!