400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бастауышым шамшырақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауышпен қоштасуға арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауышым шамшырақ- балғын бөбек балбұлақ!

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын , бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2. Бастауыш сыныбымен , алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3.Білім берер ордасы- мектепті , ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру.Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда .

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы , тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған « Қош бол, бастауыш» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Қош келіпсіздер , құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

«Талаптарына нұр жаусын!» деп «Бастауышым шамшырақ- балғын бөбек балбұлақ!» атты ертеңгілігімізді бастайық.

1-жүргізуші:

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!


Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4- сыныптарды ортамызға!


(Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.)


2-жүргізуші: Құттықтау сөзін мектебіміздің директоры Базарбекова Балапан Қайнашқызына береміз.

1-жүргізуші:

Армысыздар жас достар,

Болашаққа жол бастар.

Білім деген ғажаптың,

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

2-жүргізуші:

Қоштасу тойын бастайық,

Ән мен биге басайық.

Өнерімізді көрсетіп,

Құрметіне бұл тойдың.

Ән мен шашу шашайық.

1-жүргізуші:

Ерте,ерте ерте ме екен, әлде мүлде келер келер күн бе екен, әлемде мектеп деген мықты патшалық болса керек. Оның тұрғындары сондай ақылды, білімді, өнерлі болыпты. Ол патшалыққа жамандық атаулы мүлде жоламаған екен. Ол патшалық үш хандықтан тұрады екен. Ең кіші «Балбұлақ» хандығында кішкене бүлдіршіндер өмір сүріпті. Тәп-тәтті бүлдіршіндер кез келген мейманды тәтті қылықтарымен баурап алады екен. Уақыт өте келе 10 жасқа толған «балбұлақтар» «Орталық хандыққа өтеді. Ол хандықта алған білімдерін жалғап, сапалы білім мен өнерге баулитын Жоғары хандығына өтіп отырыпты. Бүгін міне, 2017 жылдың 20 мамыры да айтулы күн болмақ. Дәл осы күні «Балбұлақ» хан өзінің үлкен ағасына қонаққа келген болатын.

Орта буын хандығының патшасы:

Пай, пай, қош келдің бауырым!

Бастауыш патшалығының ханшайымы:

Қош көрдім, ағатай! Өзіңді сағынған екенмін. Кел төс қағыстырып амандассам деп едім.

Орталық хан: Әрине, еркем! Кел, кел.

(Екеуі құшақтасып амандасады)

Балбұлақ хан: Аға, менің хандығымнан тағы бір қарлығаштарым ұшқалы отыр. Ақ батамды тілеп, сенің хандығына өткелі отырған бүлдіршіндерімнің жұмысымен келген едім. 2013 жылы тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған кішкене бүлдіршіндер бүгін міне ақыл- ойлары толысып , оң сен солды танып, жақсы мен жаманды ажырата алатын шәкірт болды.

Орталық хан:

Е, бауырым, уақыт деген сиқыршы ғой! Міне көзді ашып жұмғанша кешегі кішкене бүлдіршіндер де есейген екен. Сенің хандығыңнан келген барлық балаларға өте разымын. Десек те, сен білесің, менің хандығыма өту оңай емес, мен хандығыма өнерлі, білімді, шығармашыл балаларды қабылдаймын.

Балбұлақ хан:

Аға, жылдағы дәстүрді бұзбағым жоқ! Ендеше сол балалардың өнері мен білімін көрсетер сәтте келген екен. Ал, ендеше сынақтан өтуге дайынсыңдар ма?

Мектеп туралы тақпақтар:

1-оқушы: Гүлжайна

Мектебім- білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған төрт жыл бойы ата-анамдай.

Әрқашан қасиетті атын маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күн балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкірттіңнің серті деп біл.

2-оқушы: Әділет

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

3-оқушы: Нұрай

Мектебім, алтын ұям, нұрын жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып

Сүйкімді сенің күміс қоңырауын,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Ән: «Мектебім»

1-жүргізуші:

Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек.

Сондықтанда ұлы ақын Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,- деп айтуында терең ой жатыр.

Ұстаз туралы тақпақтар

1-оқушы: Гүлжайна

Алғашқы ұстаз, ерекше тұлға дара шың,

Ұмытылмастай көңілде еркін қалатын.

Сағына әркез суреттерді парақтап.

Шәкірттерін жиі еске алатын.

2-оқушы: Әділет

Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А» әрпін алғаш сенен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.

3-оқушы: Нұрай

Мейірің бе, ұстаздық жүрегің бе?

Жан дүнриесін баланың жаулап алған.

Нұр құйған санасына зейіндінің.

Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.

Дарытты адамдықты шәкіртіңе,

Дамыттың дарын отын бейімдінің.

Ән: «Ұстазым»

2-жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайрандаған.

«Қыз өссе» елдің көркі деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам!»- деп мың бұралған бишілерімізге кезек береміз.

Би:

Көрініс: «Пәндер айтысы»

Математика (тізерлеп амандасып, қолын көкірек тұсына қойып):

-Ғылым аға, біз пәндер сізден бір даудың төрелігін сұрай келдік.

Ғылым:Ендеше, баяндаңдар.

Математика: Қымбатты мәртебелім, өмірде менің орным ерекше. Өйткені адам баласына керегі мен. Мен есеп болмасам, адамдар сағатты, сауданы, жерді т.б. ғалымдар есебін қалай есептей алады.

Ана тілі: Жоқ, Мәртебелі ғылым, адам баласы ана тілі болмаса тіл қоры, тіл байлығы, сөйлеу, тілдесу мәнін білмес еді.

Қазақ тілі: (жүгіне отырып, қолы көкірек тұсында):

-Қазақ тілі болмаса дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыра алмас еді. Қазақ тілінде қанша әріп барын да білмес еді. Буын, жұрнақты ажырата алмас еді. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алмас еді.

Ағылшын тілі:

-Тоқтаңыз, Қазақ тілі. Сен осылай сайрап тұрғанда мен де қарап қалмаспын. Әлемде үш тұғырлы тіл жайлағанда ағылшын тілінің орны ерекше. Өйткені, мен арқылы компьютер бүкіл дүние жүзі ғаламторға еркін самғай алады.

Орыс тілі: (басын иіп): Ғылым тақсыр, менің айт ар датым бар. Орыс тілі болмаса, қалайша ол үш түрлі тіл болмақ? Мен арқылы адамзат баласы сөз мәтінің аударып, ресми тілде сөйлеп, орыс тіліндегі көптеген кітаптар қоры арқылы білімін шыңдап жатыр емес пе?

Дүниетану:

Ал, мен арқылы адамзат баласы таза ауада дем алып, денсаулығын нығайтып, табиғат аясында тынығып, салауатты өмір салтын құра алады. Мен оларға таза ауа беру арқылы ерекшемін. Менсіз сіздердің күндеріңіз не болмақ?

Дене тәрбиесі: (спорттық қимыл көрсетіп):

-Қымбатты достар, барлығынның сөздерінді тыңдап мен бір ойға қалдым. Сіздер айтқан құбылыстарды іске асыру үшін ең алдымен дене қозғалысы ширақ, шымыр болу керек қой.

Ғылым: Барлығынның жауаптарынды тыңдадым. Десек те өмірде адам баласына әрқайсыңның керекті екендеріңді ескертемін. Сондықтан «Біріміз-бәріміз үшін, бәріміз- біріміз үшін» деген ұранды қағида етіп, татулықпен тарқасайық, достар.

1-жүргізуші: Ендігі кезекті аналарымызға арналған әнге береміз.

Ән:Аяулы ана

Гүлжайна

Өтті сенде қызық шағым.

Бастауышым- балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!

Қош бол, қош бол (Бірге сыныппен)

Сүйікті бастауышым!

Ән: «Бала тілегі».

Вальс!!!

«Орта буын» хандығының патшасына сөз берейік:

Бұйрық. 2013 жыл. 4 сынып балғындары бастауыш патшалығынан орта буын патшалығына қабылдансын. Қабылданбас бұрын жылдағы дәстүрге байланысты ант берілсін!

1.Бастауыштағы қызықты күндерді мәңгі естен шығармауға.

(Ант етеміз- хормен бірге)

2.Әліппе ұстатқан алғашқы ұстаздың еңбегін ақтауға.

(Ант етеміз- хормен бірге)

3.Орта буында оқитын басқа пәндерден қорықпауға.

(Ант етеміз-хормен бірге)

4.Бастауыш патшалығының атына кір келтірмеуге.

(Ант етеміз, Ант етеміз, Ант етеміз)- з рет ақырғысын.

Мұғалім:

Өздеріңмен адымдап аспандаймын,

Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын.

Бастауышты бітіргелі тұрған сендер,

Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.

Мен үшін бәрің бірдей, қарақтарым,

Орындалсын арман, тілек талаптарың.

Самғандар биіктерге, қайырмасын

Енді ғана қатайған қанаттарың.

Иә, қатайды қанаттарың.

Тағы бір өтсем бе деймін санап бәрін,

Мінекей, бүгін міне бәріңе де,

Қимастықпен қараймын мен ШӘКІРТТЕРІМ!!!

Мұғалім: Жұлдызынды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, бастауыш сыныпты аяқтағалы тұрған түлектер!

Ұстаздарыңыз соған тілекші. Жолдарыңыз болсын, түлектер!

Аттанар ұрпағым бақ жолына,

Түссін деп тура нақ жолына,

Арнайы ақ матадан жол төседік,

Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!

(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
591
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі