Батаның магиялық қасиеті. Бата алғанның бағы артар.
Әл-Фараби атындағы №21МГ
9 «В» сынып білім алушысы Мақсатқызы Кәусар
Зерттеушілер ғылымда әр адамның бойында белгілі зарядтық толқын жиілігінің болатыны дәлелденген деген тұжырым жасап отыр. Олар физика тілімен айтқанда, магнит және электр өрісі болады. Адам бойынан сол тоқтаусыз шығып тұратын зарядтық толқын адам аяқ басқан, отырған, тұрған жерлерге тарайды. Сол толқынды қабылдаған жер белгілі уақытқа дейін кері қайтарып тұрады. Яғни, адам бойынан барған кесапат немесе шарапат белгілі уақытқа дейін сақталып, ауаға тарап, қасындағы адамдарға ықпал етеді. Қазақ соны әуелден біліп, "сынықтан басқаның бәрі жұғады" деп жақсы адамдардың ықылас-батасын алуға тырысқан дейді.
Ертедегі батагөй қариялар ел арасындағы жақсы істің іске асуына рухани демеу болып, жаман істің алдын алып, бәтуәлі бағыт-бағдарын берген. Мәселен:
«Шырағым, ер жетерсің,
Ер жетсең, сірә, не етерсің.
Алысқа шырқап кетерсің,
Шыңдасаң, шыңға жетерсің»,- деген Барластың батасы қазақ әдебиетінде өткен «Ақын қонақтар» деген шығармасынан таныс.
Бұл «Абай жолы» романында Дулат ақынның Абайға берген осынау батасының дана ақынға жол ашар болғаны айтылады. Айта кететіні, ел арасында «Пәленшеден бата алған» деген сөз тіркесі бар. Бірақ бұл тіркесті бүгінде жиі естімейміз. Дастандарды парақтасақ, батырларға би-шешендердің бата берген кезі көп. Мысалға, әйгілі Сырым батыр Бөкей биден, Төле би Әнет бабадан, Жыр алыбы Жамбыл ұстазы Сүйінбайдан бата алғанын беске білеміз.
Батаны көпті көрген қариялар ғана береді. Ер адам отырған жерде әйел бата жасамайды. Халық арасында ғасырлар бойы сақталып келе жатқан баталар бар. Мысалы, Төле бидің Қойгелді биге берген батасы, анасының Райымбек батырға берген батасы, Шәукеннің Бөлтірік шешенге берген батасы, Соқыр Абыздың Жәнібек батырға, Қарасай батырдың балаларына, Кененнің келіндеріне, Б.Момышұлының берген баталарын халық жаттап алған. Сондықтан бата беруші қариялар да халық алдында беделін түсіріп алмауға, бата беруге лайық болуға тырысқан,– дейді әдебиеттанушы Тоқтар Әлібек.
Ал Сегіз серінің Қаныш Сәтбаевтың әкесі Имантайға берген батасында ұлы елдің жүгін арқалайтын, ақылгөй болуын тілеп, ақ батасын берген. Батасы қабыл болып, Қаныш Сәтбаев атақты ғалым болған. Осы секілді Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінде өзінің дүниеге келуі туралы естелігінде: «...Төл немерең – бел немерең ғой. Бата жөні де өзіңдікі, – десіпті ақсақалдар. Сонда Имаш бабам былай деген екен:
Алатаудың қыраны мол еді –
Қырағы болсын, құлыным.
Қойнауы суға мол еді –
Бұлағы болсын, құлыным.
Елінің тілегі зор еді –
Шырағы болсын, құлыным.
Ата тілегі оң еді –
Құмары болсын, құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді –
Сыңары болсын, құлыным.
Сонымен қатар атасы алғаш қолына алған сәтте:
«Атам еміреніп, мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:
Құрық деп берсем, құл болма,
Шыбық деп берсем, шіл болма.
Бәрінен де шырағым,
Баяны жоқ ұл болма,–деп келініне мені қайтарып берген екен». Міне, көріп отырғанымыздай, Бауыржан Момышұлына берген батасы қабыл болып, атаның емес, адамның ұлы болып еліне қызмет етті, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, ҰОС жылдары майдан шебінде өзін жақсы командир ретінде көрсете білді.
«Жалпы үлкеннен бата алған барлық адамның сол ақ батамен көгеріп, өркендеуіне септігін тигізетінен куә болып жүрміз», – дейді этнограф Серік Негимов.
Бұл бұрын. Ал, қазір қоғамнан бата алғандар жайлы сирек естиміз. «Ғайыптан тапқан алтыннан, ақсақал берген бата артық» демекші, ақ батаның қоғамдағы рөлін қайта асқақтатсақ игі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Батаның магиялық қасиеті. Бата алғанның бағы артар.
Батаның магиялық қасиеті. Бата алғанның бағы артар.
Әл-Фараби атындағы №21МГ
9 «В» сынып білім алушысы Мақсатқызы Кәусар
Зерттеушілер ғылымда әр адамның бойында белгілі зарядтық толқын жиілігінің болатыны дәлелденген деген тұжырым жасап отыр. Олар физика тілімен айтқанда, магнит және электр өрісі болады. Адам бойынан сол тоқтаусыз шығып тұратын зарядтық толқын адам аяқ басқан, отырған, тұрған жерлерге тарайды. Сол толқынды қабылдаған жер белгілі уақытқа дейін кері қайтарып тұрады. Яғни, адам бойынан барған кесапат немесе шарапат белгілі уақытқа дейін сақталып, ауаға тарап, қасындағы адамдарға ықпал етеді. Қазақ соны әуелден біліп, "сынықтан басқаның бәрі жұғады" деп жақсы адамдардың ықылас-батасын алуға тырысқан дейді.
Ертедегі батагөй қариялар ел арасындағы жақсы істің іске асуына рухани демеу болып, жаман істің алдын алып, бәтуәлі бағыт-бағдарын берген. Мәселен:
«Шырағым, ер жетерсің,
Ер жетсең, сірә, не етерсің.
Алысқа шырқап кетерсің,
Шыңдасаң, шыңға жетерсің»,- деген Барластың батасы қазақ әдебиетінде өткен «Ақын қонақтар» деген шығармасынан таныс.
Бұл «Абай жолы» романында Дулат ақынның Абайға берген осынау батасының дана ақынға жол ашар болғаны айтылады. Айта кететіні, ел арасында «Пәленшеден бата алған» деген сөз тіркесі бар. Бірақ бұл тіркесті бүгінде жиі естімейміз. Дастандарды парақтасақ, батырларға би-шешендердің бата берген кезі көп. Мысалға, әйгілі Сырым батыр Бөкей биден, Төле би Әнет бабадан, Жыр алыбы Жамбыл ұстазы Сүйінбайдан бата алғанын беске білеміз.
Батаны көпті көрген қариялар ғана береді. Ер адам отырған жерде әйел бата жасамайды. Халық арасында ғасырлар бойы сақталып келе жатқан баталар бар. Мысалы, Төле бидің Қойгелді биге берген батасы, анасының Райымбек батырға берген батасы, Шәукеннің Бөлтірік шешенге берген батасы, Соқыр Абыздың Жәнібек батырға, Қарасай батырдың балаларына, Кененнің келіндеріне, Б.Момышұлының берген баталарын халық жаттап алған. Сондықтан бата беруші қариялар да халық алдында беделін түсіріп алмауға, бата беруге лайық болуға тырысқан,– дейді әдебиеттанушы Тоқтар Әлібек.
Ал Сегіз серінің Қаныш Сәтбаевтың әкесі Имантайға берген батасында ұлы елдің жүгін арқалайтын, ақылгөй болуын тілеп, ақ батасын берген. Батасы қабыл болып, Қаныш Сәтбаев атақты ғалым болған. Осы секілді Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінде өзінің дүниеге келуі туралы естелігінде: «...Төл немерең – бел немерең ғой. Бата жөні де өзіңдікі, – десіпті ақсақалдар. Сонда Имаш бабам былай деген екен:
Алатаудың қыраны мол еді –
Қырағы болсын, құлыным.
Қойнауы суға мол еді –
Бұлағы болсын, құлыным.
Елінің тілегі зор еді –
Шырағы болсын, құлыным.
Ата тілегі оң еді –
Құмары болсын, құлыным.
Бұл жер батырлар төрі еді –
Сыңары болсын, құлыным.
Сонымен қатар атасы алғаш қолына алған сәтте:
«Атам еміреніп, мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:
Құрық деп берсем, құл болма,
Шыбық деп берсем, шіл болма.
Бәрінен де шырағым,
Баяны жоқ ұл болма,–деп келініне мені қайтарып берген екен». Міне, көріп отырғанымыздай, Бауыржан Момышұлына берген батасы қабыл болып, атаның емес, адамның ұлы болып еліне қызмет етті, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, ҰОС жылдары майдан шебінде өзін жақсы командир ретінде көрсете білді.
«Жалпы үлкеннен бата алған барлық адамның сол ақ батамен көгеріп, өркендеуіне септігін тигізетінен куә болып жүрміз», – дейді этнограф Серік Негимов.
Бұл бұрын. Ал, қазір қоғамнан бата алғандар жайлы сирек естиміз. «Ғайыптан тапқан алтыннан, ақсақал берген бата артық» демекші, ақ батаның қоғамдағы рөлін қайта асқақтатсақ игі.
шағым қалдыра аласыз


