400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Батик Матаға сурет салу техникалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Батик өнерінің отаны Индонезия. Индонезияның Ява аралында дүниеге келген өнер түрі Оңтүстік- Шығыс Азия елдерінде кеңінен дамып, бүкіл әлемге тараған. Батик матаға көркем сурет салу арқылы қайталанбас ерекшеліктер беретін қолөнер түрі. Батик сөзі Яван тілінен аударғанда ыстық балауызбен сурет салу деген мағына береді. Матаға ыстық балауызбен сурет салу техникасының атауы осыдан пайда болған. Батик өнерінің үш түрлі жасалу техникалары бар: ыстық батик, суық батик және түйінді батик.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ШҚО «№8 жалпы орта білім беретін көркемдік-эстетикалық

білім және тәрбие беру мектеп-кешені» КММ










Батик

Матаға сурет салу техникалары





















Көркем еңбек пәні мұғалімі: Мақсатқызы Гүлдана












Батик. Матаға сурет салу техникалары


Батик өнерінің отаны Индонезия. Индонезияның Ява аралында дүниеге келген өнер түрі Оңтүстік- Шығыс Азия елдерінде кеңінен дамып, бүкіл әлемге тараған. Батик матаға көркем сурет салу арқылы қайталанбас ерекшеліктер беретін қолөнер түрі. Батик сөзі Яван тілінен аударғанда ыстық балауызбен сурет салу деген мағына береді. Матаға ыстық балауызбен сурет салу техникасының атауы осыдан пайда болған. Батик өнерінің үш түрлі жасалу техникалары бар: ыстық батик, суық батик және түйінді батик.


Батик қолөнерінің жасалу жолдары мен қажетті материалдар:

Ең танымал батиктің түрлері – ыстық және суық батик. Батиктің негізі әртүрлі техникада қаланған, резервтің матаға түсірілуі және осы резервтің жүргізілуі суық батик пен ыстық батиктің арасын ашып тұрады. Кестеде Батиктің екеуінің де орындау кезіндегі негізгі кезеңдері көрсетілген және сонымен қатар матаны алудағы ұсыныстар, жасалған дайын жұмыстардың айырмашылықтары айтылған.

Ыстық батик

Негізгі кезеңдері (матаға резерв жүргізу және бояу кезінде):

· Қабаттық жазу резервпен және бояулармен

· Кракле

· Балауыздың жоғалуы

Сурет абстрактті.

Егер ыстық батик пен суық батикті салыстырсақ, онда суық батик көркемдеп бояуға көбірек ұқсас болып келеді, ал ыстық батикте жұмыс әлде қайда тереңірек, тірілеу және көлемді.


Мата
Ыстық батик жазуға жиірек мақта манаты қолданады. Ал мақта күнделікті өмірге ауыстырғысыз. Ыстық зығыр тіпті балауызды сіңдіріп алады.


Еңбек сіңіргіштігі
Осындай жұмыстың нәтижесі өте жақсы, бірақ процессі өте көп еңбекті қажет етеді. Ыстық батик – көбірек уақыт алады және құны қымбат бағалы. Суретшілер жоғары бағалайды.

Пайдаланылатын түстердің саны шектеулі. Жұмысты айқын талап етеді түрлі — түсті гаммаларда жарықтан қараңғыға нобай салу.


Суық батик

Негізгі кезеңдері (матаға резерв жүргізу және бояу кезінде):

· Нысаналау (резервтік контурдың жүргізілуі)

· Бояулармен жұмыс

· Қосымша өңдеу, матаға қызықты фактурасын беру.

Графиктік сурет, анық контуры бар. Суық батикте ақ және түрлі түсті сызық ең мінездемелі айқын нұсқаларды бөліп жатыр. Барлық сурет бөлшектерінде айқын шекаралар бар. Жазу тек қана резерв жүріп өткен сызықтың ішінде болады.

 Мата
Суық батикке арналған әрбір резервті мақта сіңіріп ала алмайды. Суық батик жазу кезінде мейлінше табиғи маталарды пайдаланады, жібек болса тіпті керемет бірақ басқа да маталарды пайдалануға болады. Табиғи зығыр мата тіпті жақсы, жібек одан артық көрінеді, табиғи тығыз (крепдешин, шифон, креп-жоржет сондай-ақ өте жіңішке жүн туаль). Синтетикалық мата берік болғанымен барлық жағдайда жазуға жарамды емес.

Еңбек сіңіргіштігі
Суық батик ыстық батикке қарағанда орындалуы жеңілірек. Туынды жасау уақыты суық батик тәсілімен ыстық батикке қарағанда өнімдірек. Сүретші бірден көркемдеп бұйымды орындай алады.
Қолданылатын түстердің санына шек қойылмайды.
Тағы бір қасиеті: осы әдіс бояудан кейін резервті жоғалтуды қажет етпейді.
Суық батик барлық тәсілдерді
ң ішіндегі ең қарапайым, қауіпсіз, қолайлысы сондықтан да матаға жазулардың ішіндегі ең әйгілісі болып табылады.



Жұмысты бастамас бұрын қажетті құралдарды реттеп алайық:

Неден бастау керек?

  1. Матаны әзірлеу

  2. Нобай әзірлеу

  3. Жұмыс орнын ұйымдастыру

  4. Раманы әзірлеп,және матаны оған керу

  5. Суретті дайындау

Матаны өңдеу

Жұмысқа таңдап алынған матаны жазу алдында жақсылап ыстық сабын суда жуу керек. Содан соң ыстық суда , суық суда жақсылап шаю керек. Себебі матаны өндірген кезде аппретті өзіне сіңдіріп алады.  Матаны шайып жатқанда 1 ас қасық соданы 1 литр суға салып шаямыз.

Оған қоса кейбір мата түрлері жуғаннан кейін красканы жаксы қабылдайды.(мысалы, натуральды жібек).

Матаны жуғаннан кейін үтіктеп алып, осыдан кейін кесуді бастауға болады.

Нобайды дайындау

Келешек жұмысқа қызықты, үйлесімді нобайды қалаған жерде алуға болады.

Жұмыс орны жарық мол түсетін және пәтерде желдетушісі бар бөлмені таңдаңыздар, жұмыс үстелін дайындаңыз. Қалыңырақ үстелді қорғауға арналған ДВП немесе картонды бетіне қойыңыз.

Жұмыстың бастамасы үшін қызықты идеялардың өзі жетеді. Көшедегі табиғат, кітап бетіндегі картина, интернет желісінен алынған әдемі суреттер т.б. Қарандашпен ойды қағаз бетіне түсіреміз.

Матаны керу

Мата рамаға біркелкі тегіс және қатты керілуі тиіс. Алдымен матаның шеттері бекітілуі тиіс (қатарынан сағат тілі бойынша, немесе айқасқан көлденең) ал содан соң ортасында әрбір бұрышынан рамалар жіберіледі. Матаны қанша керген сайын соша жұмыстың жақсы шығуына кепілдік береді. Матаның дұрыс не бұрыс керілгенін матаны саусақ сүйегімен қағып білеміз. Егер саусақ сүйегімен соққанда матадан барабанның даусы сияқты дыбыс шығуы керек. Және де тағы бір тәсілі бар, ол матаға туйреуішті тастағанда түйреуіш матадан ыршып кетуі керек.

Сонымен қатар қисайып кетулер болмауы тиіс. Мата керіліп қойылған болса оған өзгерістер еңгізудің қажеті жоқ. Матаның шеттерін скотчпен жабсырып тастауға болады , Ол жұмыстың таза шығуына көп септігін тигізеді.

Бастапқы жылдам тәжірибелік жұмыстар үшін суреттердің мұқият түсіруін талап етпейтндер матаны керуді қажет етпейді ондай жұмыстарға картонда көп септігін тигізеді. Картонға матаны қойып жан жағынан түйреуішпен қадап жұмыс істей беруге болады. Егер матаның сапасы керуге келмесе немесе мата қалын болса, онда оны жай үстелдің үстіне жайып жіберіп, жұмысты бастай беруге болады. Матаны ылғал кезінде де құрғақ кезінде де керуге болады. Ылғал матаны негізінде еркін салу батигіне қолданады ал суық және ыстық батик үшін құрғақ матаны пайдаланған дұрыс. Егер мата ылғал кезінде керілсе, ол кепкеннен кейін одан сайын тартыла түседі.

Сурет нұсқаларын тасымалдау

Суретті матаға түсірудің бірнеше тәсілі бар:

1.Дайын болған нобайды тегіс бетке қойып, матамен төнкерілген кергіш үстіңгі жағынан қойылады, жұмсақ қарандашпен жұмыстың ішкі жағынан бастыра отырып сурет салынады, мата құрылымына зақым келтірмеу үшін жуғанда кететін қарындаш пен немесе бормен немесе арнайы қарандашпен ақырын ғана қатты баспай көшіріледі. Егер қарандашпен матаның бетіне суретті салатын болсақ, онда контурды жүргенде қарындаш жүріп өткен сызықтың жанынан жүріп өтеміз содан соң жанағы сызылған қарындашты өшірп алып тастаймыз. Есте сақтаған жөн: мата қағаз емес сондықтан абайлап бастырмасаңыз өшіре алмауыңыз мүмкін.

2.Егер мата тығыз болса ,онда қарапайым тәсілмен көшіруге болады. Екі орындықты бір бірінен алшақтау қойып, бетіне әйнекті қоямыз. Астынан лампаны жағып, әйнек шынының бетіне нобаймызды оның үстіне матаны қойып ақырын ғана суретті түсіріп аламыз. Және тағы сол сияқты егер нобайымыз матаның көлеміндей болса, онда бірден контур жүріп өтуге де болады.

3.Припорох. Нобайды — поролонға пенопластқа қойылады. Сурет сызықтары бойынша тесіктер жарып өтеді. Сондай жуан инемен немесе жіңішке кішкентай шегемен «тесіліп» пенопласт немесе поролон матаның бетіне қойылады. Содан соң осы пенопласт немесе поролонның бетінен ұнтақталған бор немес синка шашылады. Жаңағы тесіктерден матаға із қалдырылады.

Түсті бекітудегі негізгі тәсілдер:

Түс жанып кетпесі үшін, және бұйымдарды жууға болатындай, красканы әрқашанда нықтап бекіту қажет. Краска әдеттегісінше нұсқау бойынша бекітіледі.

Бекіту.

Үтікпен бекіту. Бояуды бекітудегі ең қарапайым тәсілдің бірі. Бұл тәсілді жаңадан жұмыс жасап жатқан адамдарға қолайлы ыңғайлы және ол уақытты үнемдейді.

Қарапайым электрлік үтікпен үтіктеледі, ішкі жағынан булау ағымда 5-10 минут үтіктейміз. Содан соң 30-40 градустағы суда қолымен сабын суда қосымша ағартатындарсыз жуамыз.

Ыстық батик техникасына қажетті:

  1. Балауызды еріту үшін металл ыдыс суымен.

  2. Жіңішке сызықтарды түсіруге арналған — арнайы аспап чантинг қажет. Оның көмегімен жіңішке сызықтарды жүргізу өте жеңіл.

  3. Кейде сызықтарды түсіру үшін мақталы шыбықтармен қылқаламдар пайдаланылады.



Холодный батик техникасына қажетті:

  1. Резервті сақтауға арналған – арнайы пластмассалық кішкене бөтелке, және саптаулар.

  2. Арнайы жіңішке сызықтарды жүргізу үшін шыны құбырлар қажет. Құбырлардың әр түрлі каналдары бар сызықтың енін өзгертуге мүмкіндік береді. Құбырдың аузында жұқа қабырғалары болуы тиіс. Дәл осылай жуандықты алып келінетін нұсқаны тесік диаметріне емес ал кішкене құбыр диаметріне тәуелді болады. Бірақ тесік диаметрінің де маңызы бар, матаға резерв ағу жылдамдығы содан тәуелді болады. Кішкене құбыр бүгілмелі мұрын ылдисы үлкен мағынаға ие. Егер ол өте жадағай бүгілсе, онда құбырды кішкене тік ұстау керек, демек, резерв жылдам құрамды ағады.

  3. Кейбір суретшілер шыны құбырлар орнына шаштарға арналған тюбиктарды қолданады.

  4. Дайын саптаулар орнына қолданған шарикті оқтамасын алуға болады (немесе капиллярдық қарындаш ), пастасынан босатылған. Оқтамадан шарикті түйіршік инемен қажеттінше сығу, және оны жуу. Керек ұзындыққа дейін стерженьді кесіп алып, даярланған жұмсақ пластмассалық шөлмекке бұралатын кішкене қалпақпен тесікке саламыз. Стерженьді қыздырып, соңын сәл бүгу керек.

  5. Дәл осы мақсатқа жету үшін сызбаға арналған шыны құбырлар дәрігерлік тамызғыштар, қажет.


Тұздық ерітінділерімен жұмыс.

  1. Шаруашылық тұзға арналған тығыз жабылатын ыдыс.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
31 тамыз
3007
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі