400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Батпырауық сайысы 3 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: көркем еңбек

Мұғалімнің аты-жөні:Нәдірбекова А.С.

Абдимомынова Н.Ж.

Сыныбы: 3

Сыныптан тыс іс-шараның тақырыбы: БАТПЫРАУЫҚ САЙЫСЫ

Сабақтың мақсаты: батпырауықпен жұмыс жасау және әуеде басқару әдісін үйрету. Ой-өрісін, танымдық қабілетін дамыту. Шыдамдылыққа, эстетикалық тәрбиеге баулу.


Көрнекілігі: Түсті қағаз, желім, қайшы, батпырауық

Түрі: сайыс

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру топқа бөлу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Қайшы, қалам, қағаз, жіп , жабысқақ таспа

Іс –шараның барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. 

Амандасу.Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындық.

1-тапсырма

1-топ тапсырмасы

Симметрия деп нені айтамыз?(Бір затты қақ ортасынан бөліп беттестіргенде, екі жартысының бір-біріне дәлме-дәл келуін симметрия дейді.Симметрия табиғат сыйы)

2-топ тапсырмасы

Мозаика дегеніміз не?(ұсақ тастардан, мата қағаз қиындыларынан, шыны сынықтарынан құралатын өрнек.)

3-топ тапсырмасы

Оригами дегеніміз.....?(Жапон сөзі бүктелген қағаз деген мағынаны білдіреді.)


4-топ тапсырмасы

Табиғи материалдарды ата? (Шөп, жапырақ, бүр, жаңғақ, құс қауырсыны, бұтақ, көкөніс ағаш тұқымдары табиғи материалдар.)




5-топ тапсырмасы

Аппликация бұл.....? (Негізге қағаз, мата қиықтарын, табиғи материалдарады желімдеу, тігу, бастыру.)


Психологиялық дайындық.

Күн шуағын себеді,

Нәр аламын бойыма.

Осы күннің жылуын,

Берейін достым бойыңа.

Батпырауық- балалардың өздері жасап алып, аспанға ұшырып ойнайтын ойыны.Батпырауықты қағаздан немесе полиэтилен материалынан жасауға болады.



2-тапсырма

Жұмбақтың шешімін сурет салу арқылы жеткізу

1-топ

2- топ

3- топ

4-топ

5-топ

Қанаты бар, жаны жоқ ,
Табаны бар, аяғы жоқ .
Өзі ұшады, аспанда жүреді ,
Теңізден де, таудан да өтеді.
ұшақ


Қанжардай тісі бар,

Тасыған күші бар.

Күжірейген жалды,

Білсең айт бұл аңды

Арыстан

Ерте тұрады,

Жар шақырады

Әтеш

Мұртын сипап күні бойы,

Бетін сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

Тышқанды көп қуады.

Мысық

Аласа ған бойы бар, айналдырып киген тоны бар.

Қой



3- тапсырма

Жарыстың шарты бойынша балаларға батыпрауықты ұшыруға 3 минут уақыт беріледі. Қатысушы оны барынша жоғары ұшырып, берілген уақыт аяқталғанша жерге құлатпауы тиіс.

  1. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

  2. Тепе-теңдікті ұстау керек. 

Қорытындылау 

Сайысқа қатысушыларды марапаттау кезеңі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17.05.2019
693
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі