400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Батырдың ұрпағы

Материал туралы қысқаша түсінік
денгейлік
Материалдың қысқаша нұсқасы

№19 мерзімі----------------------- 3сынып

Сабақтың тақырыбы: Батырдың ұрпағы. А.Жақсыбаев.

Сабақтың мақсаты: Туған жеріміздің өткенінің де, жер-су аттарының аталуының да өзіндік тарихы болғанын, яғни, ата-баба өмірімен байланысты екенін түсінуге мүмкіндік жасау.

Сабақтың міндеті: Тақырыпты түсініп әңгімелеуге, мәтіндегі кейіпкерлердің қасиеттері мен ұлы істерін аңыздарын гөрі, шындық ретінде қабылдауға мүмкіндік беру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: «Мозайка», «Өткенге оралу», «Галереяға саяхат», «Бағытталған оқу», «Әдеби үйірме әдісі», «фотосуреттер», «Бес жолды өлең»

Сабаққа қажетті құралдар: интербелсенді тақта, А1 форматты қағаз, маркер.

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі қима қағаздары, суреттер т.б.

Сабақтың пәнаралық байланысы : Дүниетану, тарих.

Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар мәтіндегі түйінді тауып, ой түйеді. Өз ойын

еркін жеткізіп, дәлелдей алады.

2. Мәтінді талдай отырып, тарихи шындық пен өмірді

байланыстырып, салыстыра біледі.

3. Сыни ойлау, танымдық – шығармашылық белсенділік артады.

Уақыт

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1мин


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу

Осы біз қандаймыз?


Талабы биік таудаймыз. Ақылдымыз, парасаттымыз, көңілдіміз, үлкенге ізеттіміз,

кішіге қамқормыз.

Көп оқимыз, өнерліміз.

Жанып тұрған шырақпыз!

Елімізді өркендететін, бабаларға тағзым ететін

Біз қазақ елінің, болашағымыз.

2 мин

«Мозайка» әдісі

1. Топқа бөліну.

Оқушыларға қима қағаздарын тарату.


Батырлық, қайсарлық, ерлік болып үш топқа бөлінеді.

4 мин.


Үй тапсырмасы:

«Өткенге оралу» әдісі.



Білу.






Шапалақ арқылы бағалау.

Сұрақ – жауап:

1Бала Тұрар кімнің әңгімесі.?

2Мәтіннен ұмытпай, жадыңда сақтауға тұрарлықтай үлгілі сөзді іздеп тап?

3Мәтіндегі Тұрар бейнесін сипатта?

4Итжеккен сөзінің мағынасын түсіндер.

5Бала Тұрардың білім алуына не себеп болды?

6Айбаров қандай бала?

7Айбаровтың қылығына қандай мақал-мәтел айтуға болады?

Оқушылар берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлау арқылы нақты дәлелдермен жауап береді.









Оқушылар бірін-бірі шапалақтау арқылы бағалайды.

5мин.

Түсіну.

«Галереяға саяхат» әдісі арқылы өткен тақырыпты жаңа тақырыппен байланыстыру.

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға суреттер көрсету арқылы сұрақтар қою:

1.Мына суреттерден кімді көріп тұрсыңдар?

2.Қандай батырларды білесіңдер?

3. Осы батырлар туралы қандай әңгімелер оқыдыңдар?

4. Батырлар не үшін күресті?

5. Топтың атына байланысты не айтар едіңдер?

Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмаса отырып жауап береді

8мин.

Қолдану.

«Батырдың ұрпағы»

«Бағытталған оқу әдісі»






Бас бармақ арқылы бағалау.

Автормен таныстыру.

А.Жақсыбаев

Мәтінді бөліктерге бөліп оқыту және бөліктерге ат қою.

1 – топ. Ол әкесіне деген жерге дейін оқу.

2 – топ. Шүршітқырған аталып кеткенге шейін оқу.

3 – топ. Мәтінді соңына дейін оқу.

Сыни ойланып топ арасында пікір алмасып ойлана жауап береді.


1 – топ. «Әлкейдің қуанышы»

2 – топ. «Олжабай батырдың ерлігі»

3 – топ. «Батыр бабаның заттары»

Оқушылар топты бас бармақпен бағалайды.

2мин

Сергіту сәті.

(Егер сабақ ұнаса)

Оқушылармен бірге жаттығу жасау.

Мұғалімге қарап жаттығу жасайды.

8мин.

Талдау.

«Әдеби үйірме» әдісі

1 – топ. Баяндап беруші – мәтіннің мазмұнын айтады.

2 – топ. Зерттеуші - мәтіндегі оқиға қай кезде қайда болған, басты кейіпкерлер кімдер? т.б. негізгі сауалдарға жауап іздейді.

3 – топ. Сұрақ құрастырушы – топтарға ізденісті талап ететіндей, мәтін бойынша сұрақтар әзірлейді.

Берліген тапсырманы уақтылы орындау. Өзара пікір алмасады, топпен, жеке-дара тапсырмаларды орындайды және ортаға шығып қорғайды.

8мин

Жинақтау.

Шығармашылық тапсырма.




«Фотосуреттер» әдісі.

(Суреттер арқылы тақырыпты жинақтау)

1 – топ. «Батыр бабалар» деген тақырыпта эссе жазу.

2 – топ. «Батыр» - сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

3 – топ. Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтел айту.

Суреттер арқылы сұрақтар беру.

Берілген тапсырманы топпен, жұппен ойлана отырып орындайды. Ортаға шығып оқиды.



Оқушылар берілген суреттер арқылы сабақты жинақтайды.

3мин.

Бағалау.

Оқушыларға кері байланыс парағын таратып береді.

Оқушылар бағалау критерийлерін пайдаланып бағалайды. Топбасшы тобын бағалап, оқып береді.

3мин.

Кері байланыс



Әскердегі ағаларына

деген тілегін көгершіндерге жазып, көк аспанға іледі.

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін бес саусақ таратып беріледі. Өз ойын жазуды ұсыну.


Көгершіндер таратып береді.

Оқушылар кері байланыс парағын толтырады.




Көгершінді толтырып көк аспанға іледі.

1мин

Үйге тапсырма.

Мәтінді мазмұндау. Өз өлкеңдегі жер-су аттары туралы қандай аңыздар естідіңдер? Іздену.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
807
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі