400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Батырлар жыры – қасиетті қазынам»

Материал туралы қысқаша түсінік
БАТЫР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Батырлар жыры – қасиетті қазынам»
Мақсаты:

  1. Батырлар жыры” туралы алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру. Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататынын ұғындыру. (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып)

  2. Батыр жырларынан мәлімет бере отырып, ерлікке, адамгершілікке  баулу.

  3. Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд,безендірілген сахна, кітаптар көрмесі,т.б
Түрі: сайыс
І. Барысы:

Мұғалім:  Құрметті  ата-аналар,ұстаздар, оқушылар! Батырлар жыры-ауыз әдебиетінің ең бай да көне жанрлардың бірі.  Бұл жырларды жыршы жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан - ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат - мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. “Алпамыс батыр”,  “Қобыланды батыр”, “Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қазақ батырларының ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады.
Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз осы батырларымызға арналады.

Атыңды аңыз ән қылып,
Жырлайды алыс-жақының.
Ұмытпайды мәңгілік
Халық нағыз батырын!- деп тәрбие сағатымызды бастаймыз. Хор: «Атамекен»
Жұмбақ
1)Бұл адамның қайраты мыңға татыр,
Ерлік ісін ұрпағы жырлап жатыр.
Елін, жерін басқыншы жаудан қорғап,
Жаратып Тайбурылды мінген батыр. (Қобыланды батыр)

2)Көрсетіп ол әрқашан қыран қылық,
Кедейлерді жарылқап мың аң қырып.
Қоңыраттың елінен бұл кім батыр
Жауға шапқан астына Шұбар мініп? (Алпамыс батыр)

3)Қара қасқа ат мініп таңнан шапқан,
Менмен қалың қалмақты қан қақсатқан.
Қыз Назымды жар қылған бұл батыр кім,
Тек жеңіспен оралған барған жақтан. (Қамбар батыр)

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызайын деп тұрмын.
1. «Қобыланды батыр»
2. «Алпамыс батыр»  
3. «Қамбар батыр»
Келесі кезеңіне өтпес бұрын, экранға назар аударайық.
( Батырлар туралы видеоролик көрсетіледі 10 мин)

Бүгінгі тәрбие сағатымыз 5 кезеңнен тұрады.
І.   Сөзжұмбақ шешу. (5мин)
ІI.  «Ел қорғаған батырлар» әр топ постер қорғайды. (5мин)
ІІI. «Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, батырлар жырын айтамыз»
(Мәнерлеп жатқа жыр айту)
IV. Сурет көрмесіне шолу ( Батыр портретін салу )
V. «Атадан қалған асыл сөз »
( ата-аналар арасында мақал-мәтелдер сайысы)
VI. «Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар»
(ер балаларға арналған спорттық жарыс )
VII. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (ата-аналар ермексаздан бес қару жасайды)
VIII. Марапаттау.

Қорытынды. Мұғалім: Ортақ сұрақ: Қобыландыдай, Алпамыстай, Қамбардай батыр болуға ер адамдарда қандай қасиеттер жетіспейді?
–   Қазақ батырларының қазақ елі үшін, жері үшін күресіп, сондай батырларымыздың арқасында жеңіске жетіп, өз алдымызға тәуелсіз мемлекет болып отырмыз. Біздің болашағымыз, тыныштығымыз үшін жанын қиған ерлерді ұмытпай әнге, жырға қосып ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп отыру – біздің парызымыз. Ата – бабаларымыздан қалған асыл мұрамыз туған жерімізді, халқымызды қорғау сендердің азаматтық борыштарың. Сондықтан жүректеріңнен Отанға деген шексіз сүйіспеншілік орын алсын.
«Міне, жігіттер, керемет жігіттер!» биімен жігіттерді ортаға шақырамыз.
Мәнерлеп оқу «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»
Саяттың орындауында «Мен қазақпын!» әні. Қабыл алыңыздар!
Еліміз аман,
Жеріміз тыныш
Аспанымыз ашық болсын!- деп ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
1149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі