жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Батырлар жырынан үзінді
Мақсаты: қазақ халқының батырларының ерліктері туралы түсініктерін кеңейт; елін сүюге, қорғауға тәрбиелеу; сөздік қорларын дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар,көрнекіліктер: батырлардың суреттері, слайд.
Тәрбиеші: Қайырлы күн! Ұстаздар, балалар «Батырлар жырынан үзінді оқу»
мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер!
Сайысқа қатысатын бүлдіршіндерді қошаметпен ортаға шақырамыз.
(ән әуенімен балалар ортаға шығады).
«Болашақ» тобының тәрбиеленушісі: Түгелбай Ерасыл.
«Болашақ» тобының тәрбиеленушісі: Мурзағали Аяулым.
«Болашақ» тобының тәрбиеленушісі:Қонақбай Жомарт.
«Айгөлек» тобының тәрбиеленушісі:Дүйсенбай Ернұр.
«Болашақ» тобының тәрбиеленушісі:Оразбай Дархан.
«Болашақ» тобының тәрбиеленушісі:Селдір Берекет.
«Балдырған»тобының тәрбиеленушісі:Чаканбай Ақмаржан.
«Болашақ» тобының тәрбиеленушісі:Бекчан Бекнұр.
«Балдырған» тобының тәрбиеленушісі:Кенжебай Айзере.
«Болашақ» тобының тәрбиенушісі: Наку Әмина.
«Болашақ» тобының тәрбиенушісі:Сәтқали Айару.
«Болашақ» тобының тәрбиенушісі: Мусаев Нұрпейіс.
Жарайсыңдар ,балалар сендер бүгін өте әдемісіңдер.Келіңдер, балалар отырыңдар.
Бүгінгі мәнерлеп оқу сайысын бағалаушы әділқазылар таныстырып өтейін.
«Манашы» бөбекжайы меңгерушісі: Бөбетай Гүлбағым.
«Манашы» бөбекжайы психолог маманы:Асабаева Гүлнұр.
«Манашы» бөбекжайы тәрбиешісі:Айсұлтанова Рахима.
Тәрбиеші:Келіңдер балалар шаттық шеңбер құрайық.Балалар сендердің көңіл-күйлерің қалай?
Балалар: жақсы.
Тәрбиеші:Ендеше балалар бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап,көзімізді жұмып,бір-бірімізге жақсы тілек тілейікші.
Балалар сендер бүгін батырлар жырынан үзіндіні мәнерлеп оқып бересіңдер солай ма?
Балалар:иә.
Тәрбиеші:Балалар сендер сондай найза ұшымен,білектің күшімн жүректі батыр болғыларың келе ме?
Балалар:иә.
Тәрбиеші: Ендеше балалар экранға назар аударайық
Қобыланды батыр
Ертеде Қараспан тауын жайлаған қалың қыпшақ елінен Қобыланды деген батыр шығыпты. Ол өте тез ержетіпті. Батырдың Тайбурыл атты тұлпары алты айлық жолды алты аттап- ақ өтеді екен.Қазан деген жау шығып елін шауып, қаласын тартып алады. Батыр намыстанып, ақ сауытты киеді,белін беліне шарболатын іледі, Тайбурылға мінеді, Қазанмен шайқасады. Қазанды аттан құлатады. Жаудың қырық мың қолымен соғысып,қырып салады. Елін қорғап, жауын жеңеді.
Қамбар батыр
Өткен заманда Қарақасқа атты Қамбар батыр ертелі-кеш аң аулап,өзінің жақындарын аң етімен бағыпты.Бір күні қалың ну тоғайды аралап келе жатса, өліп жатқан торайды көреді.Мұны өлтірген қандай аң екен деп, жан-жағына қарайды. Сол уақытта көзі оттай қызарған жолбарыс аузын арандай ашып, батырға қарай атылады.Қаһарланған батыр жолбарыстың құйрығынан ұстап алады да, айналдырып-айналдырып лақтырып жібереді. Батырдың елдігіне ел таңданады.
Алпамыс батыр
Бұрынғы өткен заманда Жиделі-Байсын жерінде Байбөрі деген бай болыпты. Жасы сексенге келгенде бәйбішесі ұл тауыпты,атын Алпамыс қойыпты.Алпамыс атса оқ өтпейтін,шапса қылыш кеспейтін батыр болып ержетіпті.Өзі жоқта қалмақтың Тайшық ханы елін шауып кетеді. Батыр бар қаруын алып,Тайшыққа бет алады.Тайшық хан түс көріп,батырдың келетінін біледі.Батырды тоқсан мыстан алдап қолға түсіреді.Хан батырды терең зынданға салады. Алпамыс ханның қызы Қаракөздің көмегімен зыңданнан шығады. Батыр Тайшықпен кездесіп соғысады.Жауының бәрін,жеңіп мұратына жетеді.
Батырлар елін сүйген, атамекенін, халқын оның ар намысын қорғау, елдігін сақтау үшін ата жауына жанқиярлық ерлікке барған.
Күресінде азаттық
Туы астында Абылай
Батырлары қазақтың:
Қаракерей,Қабанбай,
Қанжығалы, Бөгенбай,
Шапырашы Наурызбай,
Шақшаұлы Жанібек-
Айқасқан-ды аянбай! -дей отырып, батырлар елін сүйген, Отанның, халқын басқыншы жаулардан қорғаған.
Ендеше балалар «Батырлар жырынан» жатқа мәнерлеп оқимыз.
Түгелбай Ерасыл «Бөген батыр» жырынан мәнерлеп оқиды.
Шу десе,Шұбар жүрмеді,
Қалшиын қарап тұрады.
Жалмауыздай емініп,
Екі аяғын тебініп,
Шұбарды бала ұрады.
Сонда шұбар сөйлейді.
Астыңғы ерні жыбарлап,
Үстіңгі ерні қыбырлап,
Сөз айтады Шұбар ат:
« Туысым тұлпар болса да,
Ерімді алшы,аунайын,
Боздың басын шалайын!»
Мұны естіген жас бала,
Атынан түсе қалады,
Ер тұрманды сыпырып,
Шұбар аттан алады.
Сол кездерде Шұбар ат
Аунап-қунап қалады,
Боздың басын шалады.
Ақсары бас қу болып
Аспанға ұшып барады.
Құдайдан басқа пана жоқ,
Өзінен басқа қара жоқ,
Туысқан –туған және жоқ,
Бала жаяу қалады.
Тәрбиеші: Өте керемет, жарайсың.Ал ендеше, Мурзағали Аяулым «Қамбар батыр » жырынан үзінді мәнерлеп оқиды.
Айбаты күшті айуанның
Қасына қайтып жақындар
Тарығып Қамбар сөйледі.
-Алдымда ағам, артымда
Сүйеніп жүрген інім жоқ
Айналуға жерім тар,
Осыдан жетсе ажалым,
Қойылар қайда мазарым.
Жеп кетеді – ау орынсыз,
Тоғайда ұшқан қарғалар.
Қамбар айтты тұлпарға:
Қанатты туған пырағым,
Аға-іні сен едің
Тар жерде жолдас, шырағым,
Мойынның алтын табақтай,
Қамыстай екі құлағың,
Төрт аяғың қазықтай,
Төңкерген кесе- тұяғың.
Сұлулығың сүмбедей
Сымбатың мен сияғың
Ажалым жетіп осыдан
Өліп кетсем, орным жоқ,
Өзіңе мәлім бұл жағым.
Қарақасқа ат қалтырап,
Осынша неге қорқасың,
Шақ болып тұрмай тымағың
Қиын екен жалғыздық
Жабығып қатты жыладым.
Тәрбиеші: Өте керемет жарайсың, келесі кезекті Қонақбай Жомарт «Қобыланды батыр» жырынан мәнерлеп оқиды.
Қарақыпшақ Қобланды-
Атасы мұның Тоқтарбай,
Халақтан асқан болды бай.
Байлығында шек жоқ.
Айдалып бағып жайылды,
Төрт түлік малдың бәрі сай.
Жаз жайлауы Көздікөл,
Көзді көлді жайлаған.
Қалың қыпшақ жағалай,
Тоқтарбайдың дәулеті,-
Бай-кедейдің көңілі жай.
Қыс қыстауы- Қараспан,
Ат үйірінен адасқан,
Қалың қыпшақ тізіліп,
Қонса қоныс жарасқан.
Әліп таңба қыпшақтың,
Атағы озған алаштың.
Тәрбиеші:Жарайсың, өте керемет.Ендеше, Дүйсенбай Ернұр қазақ халқының батыры «Махамбет Өтемісұлының» жырынан мәнерлеп оқиды.
Мен,мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде,
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында,
Екі тарлан бөрі едім,
Бір қазақпен тең едім.
Ерегіскен дұшпанға,
Қызыл сырлы жебе едім,
Жамандарға көп едім,
Ерегіскен дұшпанның,
Екіталай болғанда,
Хан баласы Ақсүйек,
Ежелден табан аңдысқан.
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас.
Тәрбиеші:Өте керемет, жарайсың.Ал ендеше, Оразбай Дархан. «Бөгенбай батыр» жырынан мәнерлеп оқиды.
Қорықпастан шайқасып жатыр,
Бес қаруы бойында
Намыс жігер мойнында.
Жеңіссіз қайтпаған.
Қазағын сатпаған,
Бостан босқа атпаған,
Ар- намысты сақтаған.
Еш бір жаудан қорықпай,
Басқа елге қашпаған.
Қазағын еш бір атпаған.
Өз елін сатпаған.
Өз халқын сақтаған.
Тәрбиеші: Жарайсың, ендеше кезекті Селдір Берекет «Алпамыс батыр» жырынан мәнерлеп оқиды.
Байбөрі деген бай екен,
Төрт түлікке сай екен.
Кемдігі жоқ дүниеде
Бір перзентке зар екен.
Байбөрі байғұс жылады,
Көзінің жасын бұлады.
Қайдағы нәрсе қозғалып,
Қубас денен бір сөздер,
Сүйегінен өтеді.
Ағайын тума қарындас
Қубасты пайда етеді.
Малын бермей туысқан
Бәрін тығып кетеді.
Байбөрі мен бәйбіше
«Қалайша енді етем» деп,
Уайым, қайғы, қасірет
Көңілге толып сыймайды.
Тәрбиеші:Жарайсың,ендеше Чаканбай Ақмаржан «Қабанбай батыр» жырынан мәнерлеп оқиды.
Ал балалар,құлақ қой,
Түсінбесең сұрап қой.
Ерлік жыры ешқашан
Сарқылмайтын бұлақ қой.
Аңыз емес, анық іс-
Сол бұлақтан қанып іш.
Зерек болсаң зерделі,
Сөз төркінін танығын.
Көз жібермей өткенге,
Опық жеген көп пенде.
Ұмытқандар тарихын
Мұратына жеткенбе?
Тәрбиеші: Жарайсың,өте жақсы ендеше Бекчан Бекнұр.
Авторы:Жәркен Бөдешұлы.
Қазақта-соңғы батыр Кенесары,
Атанды қоңыр болмай, неге сары?
Көз еті тым сарғайып кетеді екен,
Жауынның көрінбесе төбе шаңы.....
Жалына алмас қылыш жанығанда,
Сілкініпті ол мінген жануар да.
Еркіндік,Бостандық деп тастапты
Ұран, Бойында Алты Алаштың
қаны барға.....
Қазақтың суалғаүнда құт тұмасы,
Жанарына шер болып бұқты
жасы...Тауында Кекіліктің кесілді де,
Алтынға бағаланды түкті басы...
Қонды да шыққан жаны сары құсқа,
Таң қалды ел, қара бұлтты жарып ұшса...
Тізесі бүгілмеген майданда қап,
Рухы кетті айналып сағынышқа.
Тәрбиеші:Жарайсың өте жақсы ендеше Кенжебай Айзере «Қобыланды батыр» жырынан оқиды.
Базарда бар ақ мата,
Ойнақтайды жас бота.
Бұл сөзімде жоқ қата.
Әкесімен сөйлесіп,
Қораға барды таң ата.
Барса малы аманды,
Құлдар көріп қуанды.
Қобыланды батыр келген соң,
Көтеріп қолға ту алды.
Тәрбиеші:Жарайсың ендеше Наку Әмина «Қобыланды батыр» жырынан үзінді оқиды.
Ертең Шолпан батқанда,
Қызарып таң атқанда,
Тау суындай сарқырап
Қобыландының тұсынан
Көбікті өтіп барады
Көбіктіні көрген соң
Көтеріліп Қобыланды
Айғай салып ақырды
Кел «бері!» деп шақырды.
Тәрбиеші:Жарайсың өте жақсы ендеше Сәтқали Айару «Қобыланды батыр» жырынан үзінді оқиды.
Қобыланды гулеп жөнелді,
Көп қиятқа қарамай,
Қалың қият,көп қосын,
Бәрі қалды артында,
Бірі еруге жарамай.
Сонда бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Көлденең жатқан көк тасты,
Тіктеп тиген тұяғы,
Саз балшықтай иледі.
Асып бурыл жөнелді.
Қарсы келген қабақтан
Қарғып басып жөнелді.
Сеңгір-сеңгір таулардан
Секірте басып жөнелді.
Тәрбиеші:Жарайсың керемет ендеше келесі кезекті Мусаев Нұрпейіс «Қобыланды батыр » жырынан үзінді оқиды.
Қарақыпшақ Қобыланды-
Атасы мұның Тоқтарбай,
Халықтан асқан болды бай.
Байлығында есеп жоқ,
Айдалып бағып жайылды
Төрт түлік малдың бәрі сай.
Жаз жайлауы-Көздікөл,
Көздікөлді жайлаған
Қалың қыпшақ жағалай.
Тоқтарбайдың дәулеті-
Бай кедейдің көңілі жай.
Қыс қыстауы-Қараспан,
Ат үйірінен адасқан.
Қалың қыпшақ тізіліп,
Қонса қоныс жарасқан.
Әліп таңба қыпшақтың
Атағы озған алаштан.
Сексенге жасы келгенше,
Бір бала көрмей Тоқтарбай,
Қайғыменен қан жұтып,
Ақылынан адасқан.
...Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Қабыл болған тілегі,
Жарылғандай жүрегі.
Аналықтай бәйбіше,
Қабырғасы майысқан.
Елуге жасы келгенде,
Көзім ашпай дүниеден,
Өтемін бе дегенде,
Сонда көрген арыстан:
Бір ұл, бір қыз атадан,
Қыздың аты-Қарлығаш
Қобыландыға қарындас.
Ендеше балалар,әділқазылар әділ баға бергенше, сіздермен «Атауын ата» ойынын ойнаймыз.
Мақсаты:балаларға батырдың қаруы туралы білімдерін бекіту,Тез ойлау қабілетін,зейінін , қабылдауын дамыту,
Шарты: көрнекіліктегі берілген батырдың қаруларын дұрыс атын атап айтқызу.
«Манашы» бөбекжайы» МКҚК
«Батырлар жырынан үзінді»
(мәнерлеп оқу сайысы)
Өткізген тәрбиеші:Кульмуханова Н.
Декабр айы,2018ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген