400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Батырлар-Отанымыздың қорғаны.Билер-Ұлы Даланың даналары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Дүниетану

КМЖ

6- тарау. «Атақты тұлғалар»

Күні:

Сынып: 3-сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдуллаева.З.А.

Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Батырлар-Отанымыздың қорғаны. Билер-Ұлы Даланың даналары.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

3.3.4.1 тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен билердің рөлін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • қазақтың атақты батырлары мен билерінің есімдерін атайды;

  • олардың не себептен танымалдылыққа ие болғанын түсіндіреді.

Көптеген оқушылар:

  • жоңғарлармен шайқас жүріп жатқанын бейнелейтін суреттерге, қаруланған батырларға сипаттама береді.

  • батырлардың өмір жолымен танысып, олардың тағдырларында қандай ұқсастықтар, қандай айырмашылықтар бар екенін анықтайды, қорытындылар шығарады.

  • билердің тарихтағы рөлдері туралы талқылайды, пікірлерімен бөліседі.

Кейбір оқушылар:

әртүрлі дереккөздерден өзінің туған жерінде дүниеге келген батырлар жайында ақпарат іздейді және ол жайында әңгіме құрастырады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар батырлар мен билердің тарихтағы рөлдерін түсіндіреді.

Пәнге қатыста лексика мен терминология:

Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер

Қазақтар жүз жылдан аса жоңғарлармен соғысты.

Осы соғыста қазақтан көптеген атақты батырлар шықты.

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би жоңғар тарапынан қауіп төнгенде қазақ жүздерінің басын біріктірді.

Талқыланатын мәселелер:

«Батыр» құрметті атағы кімдерге берілді? Неліктен жоңғарлар қазақ жеріне шабуыл жасады? Кез келген адам би бола ала ма?

Би нені білуі керек және оның қандай қабілеттері болуы керек?

Жазылым:

Кез келген батыр туралы әңгіме құрастыру

Тілдік мақсаттар

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, әдебиеттік оқу пәнінен алған мәдени мұралар мен тарихи ескерткіштерді сақтау және қорғаудың маңыздылығы, ежелгі түркі халықтарының өмірі, көшпелі өмір салты мен отырықшы өмір салтының ерекшеліктері, Қазақстан халықтары мерекелері мен демалыс мәдениеті тақырыптары,өз ата тегінің шежіресі, спорт түрлері, ауа райының олайсыз жағдайларында өзін- өзі ұстау ережелерін туралы білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу;

Ресурстар

Топқа бөлуге арналған парақшалар, интерактивті тақта, жұмыс дәптері, қалам мен түрлі түсті қарындаш, стикер, видеоматериалдар., постер, кері байланыс парағы т.б

Бастапқы білім

1 сыныпта «Саяхат» тарауында оқушылар Ботай мәдениетінің ерекшелігін суреттеп,түрлі дереккөздер негізінде Тұмар патшайым туралы түсінік алған, 2 сыныпта «Салт дәстүр және әдебиет» тарауында Әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі туралы оқып танысқан.3 сыныптың «Уақыт» тарауында ежелгі түркілердің өмір сүру салты туралы ақпарат алған.

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Еркін микрафон.Қонақтардан сұхбат алу.Біздің сабақтан не күтесіздер?

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Санамақ» ойыны

Жай әуенмен 1-5 аралығы бойынша санамақ ойнау,5-ші бала жаңылдым,келесі 5-ші бала шатастым,келесі 5-ші бала қателестім деп ақырғы қалған балалар жеңімпаз атанып,ал жеңілген балаларға сабақ батысында жаңылмай,шатаспай жауап беретіндеріне сенімділік таныту.


Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Алдыңғы білімді еске түсіру сөзжұмбақ шешу арқылы,түсініктеме беру

«Жұппен жұмыс»

Ежелгі көшпелілер «байлықтан, мал-мүліктен айырылып қалуға болады, бірақ ешқашан туған жеріңнің бір қарыс жерінен айырылуға болмайды» деген шындықты ананың сүтімен

бойларына сіңіріп өсті. Ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді жаулардан қорғап келді. Бабалар үмітін ақтап, ұлан ғайыр жерді сақтау, қорғау – барлығымыздың азаматтық борышымыз. ХVIII ғасырда қазақтар өз жерін қорғау үшін жоңғарлармен соғысты. Осы соғыста қазақ халқынан өзінің ержүректілігімен, мықтылығымен көзге түскен, атағы бүкіл далаға тараған батырлар шықты. Балалар, «батыр» сөзін естігенде, көз алдарыңа не келеді? Батыр сөзіне ассоциация құрыңдар

Оқушылардың жауаптары.


(Ұ, Ж) Бүгінгі сабағымыз не жайында болады, қалай ойлайсыңдар?Пиктограмма,сөздік жұмбақты шешу арқылы сабақ тақырыбын анықтау

Топқа бөлу

  1. топ Батырлар тобы

  2. топ Билер тобы

Оқу мақсатын таныстыру

Күтілетін нәтижені анықтау.Видио ролик тамашалау.


«Кездесу» ойыны




Оқушыларды топтарға бөлуге арналған сөздер.







Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы.

Кері байланыс«Иық тірескен шеңбер»

Оқушылар шеңберге бір-бірінің иығына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін білдіреді. Мұғалімнің де бұл шеңберден орын алғаны дұрыс.

  • билерді халық сайлаған;

  • билер заңдарды білу керек;

  • билер тілге шешен болу керек.

  • Оқулықтағы мәтінмен ары қарай жұмыс істейміз. Оқушылар билер туралы мәтінді соңына дейін оқиды. Талқыланатын мәселелер:

  • Неліктен үш ұлы би тарихта өшпес іс қалдырды?

  • Оқушылар:

  • олар «Жеті Жарғы» заңдар жинағын құрастырды;

  • жоңғар тарапынан қауіп төнген кезде үш жүздің басын біріктірді.

Слайд-презентацияны қарау және электронды қосымшадан тапсырма орындау.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.

Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.




Белсенді оқу тапсырмалары.

Сергіту сәті

«Психологиялық бой»

Барлық қатысушылардың көзін байлап, бойлары қысқадан ұзынға қарай орналасу тапсырылады. Сөйлесуге тыйым салынады. Кім өзінің бойының шамасын дұрыс бағамдады? Кім бойын ұзын, қысқа деп ойлап орнын таба алмады? Анықталады.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»

1-топ Сахналық көрініс.Билердің рольін көрсету.

2-топ Батырларды пазл құрастыру арқылы сипаттау

Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, 1- топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді.

Мұғалім: Тарихтағы хандардың, билер мен батырлардың бейнесі халық жадында мәңгі сақталады. Олар Отанын сүйді, оны жаудан қорғады, ұрпаққа мирас етіп ұлан байтақ жерді қалдырды.

Олар тарих төрінен орын алды. Ұлт болып сақталғанымыз үшін, тәуелсіздік туын тіккеніміз үшін, біз, қазіргі ұрпақ, оларға қарыздармыз. Оларға бас иеміз!

ҚБ «Бір сөзбен қорытындылау» стратегиясы. Біздің тақырыбымызға дәл келіп, жинақтап қорытындылайтын сөзді таңдаңдар.


ҚБ «Тілек сөз» стратегиясы.

«Өзіңді өзің жауапқа тарт. Бұл өзгелерді жауапқа тартудан да қиын. Егер өз-өзіңді жауапқа тарта білсең, сен шын мәнінде нағыз ақылдысың». Антуан де Сент-Экзюпери

Дескриптор:

  • қазақтың атақты батырлары мен билерінің есімдерін атайды;

  • олардың не себептен танымалдылыққа ие болғанын түсіндіреді.

Қортындылау.

Не білдім:Шардың ішіне жасырылған сұрақтарға жауап беру.

Не білгім келеді:Стикерге қосымша тағы билер,хандар батырлар жайлы білгілері келетін сұрақтарын жазып гүлдің күлтешелеріне тақтаға жабыстырады.

Қортындылау. «Еркін микрафон» қатысушылардан кері байланыс алынды.

Сабақ мақсатына жетті ме?













Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.









Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген

кезеңінде қолданыла аладым.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз.Бағалау тәсілдері:от шашу,Бір сөзбен қортындылау стратегиясы,тілек сөз стратегиясы,Бас бармақ арқылы бірін-бірі бағалау

Денсаулық сақтау технологиял ары.Топтық ережелер. Сергіту сәттері мен белсенді іс- әрекет түрлері.Санамақ ойыны .Иық тірескен шеңбер ойыны.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы

ережелерінің тармақтары АКТ арқылы көрсетіліп,ескертулер айтылып отырылды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?О

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ соңында кері байланыс «Еркін микрафон» әдісі арқылы алынды. Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?Уақыттық кезеңдер сақталып,нақты 40 мин уақытқа тура келді. Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген .сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты нақты өтіп жатқан тарау және тақырыпқа сай жасалған.

Оқушылар нақты оқу мақсатына қол жеткізді.

1.Хандар халық басын біріктірді.

2.Билер елді басқарды

3.Батырлар елді,жерді шапқыншылардан құтқарды.

Сабақ соңында кері байланыс «Еркін микрафон»әдісі арқылы қатысушы қонақтардан алынды.

Уақыттық кезеңдер сақталып ,нақты 40 мин уақытқа тура келді.Ауытқулар болмады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Өткенге шолу жасау мақсатында сөздік жұмбақ шешу аясында түсініктеме арқылы толықтыру оқушылардың толық мәлімет алуларына өте тиімді болды.

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туралы да

ойланыңыз)?

1АКТ арқылы билер,батырлар жайлы видио материал көруі оқушылар қызығушылықтарын арттыра тісті.

2:Кері байланысты ойынмен ұштастыра отырып «Иық тірескен шеңбер» арқылы сұрау оқушыларды бір серпілтіп тастады.


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың

жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

қажет?Нені білгім келеді? Стикерге жазған оқушылар тілегі бойынша видио материалдың көрсетілу уақытын ұзарту керектігі жайлы түсіндім. Не білгім келеді?стратегисы қай бабақта болса да өте тиімді стратегия болып есптеймін,бұл стратегия арқылы келесі сабаққа жоспар құруға көмегі өте мол.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
11.04.2019
3177
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі