400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Батыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандар көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Оқу ісі меңгерушісі: Рахметуллаева А.А.

Күні: 12.03.2018. 14.03.2018

Сынып: 9а.ә.б.в.

Пәні: География

Тақырыбы: Батыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Оқушыларға Батыс Қазақстан экономикалық ауданының географиялық орналасу жағдайына, табиғи жағдайы мен ресурстарына, халқы мен еңбек ресурстарына шаруашылықтық баға беру.

Дамытушылық мақсаты– Оқушылардың экономикалық ауданға дұрыс сипаттама беруді, табиғи жағдайы мен ресурстарына баға беруге, сонымен қатар аудан демографиялық жағдайына талдау беру қабілеттерін дамыту және географиялық ой-өрісін жоғарлату, таным белсенділіктерін арттыру, тірек білімдерді есте сақтауға үйрету, картадан көрсете білу және сипаттай алу, жаңа ұғымдарды түсіндіре алу қабілеттерін және қызуғышылықтарын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Көмір өнеркәсібінің қоршаған ортаға әсері мысалында оқушыларға экологиялық білім беру.

Оқу құралдары: Оқулық, 9сынып атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия,электрондық оқулық.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Түсіндірмелі-иллюстративті, картографиялық әдістер

І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті

І Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылар сабаққа дайындалып отырады.

ІІ Бұл сабақта экономикалық аймақтарды оқыту жоспары үйретеді.

1. Ауданның ЭГЖ

2. Әкімшілік-аумақтық құрамы

3. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарына шаруашылықтық баға беру

4. Еңбек ресурстары мен халықтың тығыздығы

5. Аймақтық салалардың мамандандыруын анықтау

6. Көмекші және қызмет ету салаларын анықтау

7. Аумақтық-өндірістік кешендері

8. Өнеркәсіп орындарындағы салаішілік байланыстар

9. Ірі қалалары

10. Аймақтың қазіргі экономикасына сипаттама беру, экономикалық және экологиялық проблемалары, оларды шешу жолдары

11. Аудан экономикасының даму болашағы Батыс Қазақстанды өтерде қалған аудандардың әрқайсысы 4 облыстан тұратынын айта кетеді. Батыс – еліміздегі ең үлкен (барлық аумағының 27%-ы) және Касий бойында орналасқан жалғыз аудан. Географиялық орнына байланысты, ол Еуропаға, Америкаға, Үнді мұхиты алабының елдерінің барлығымен жақын орналасқан. бұл ауданға оқулық мәтінін және атластағы тақырыптық карталарда пайдалана отырып, өз беттерінше сипаттама беріңдер деген тапсырманы береді. Ауданның ЭГЖ-на оқушылар өздігінен сипаттама береді. Мұнда ЭГЖ-ның басты артықшылығы – Қазақстанның (Солтүстік, Орталық, Оңтүстік) және шектесетін елдердің (Орал, Паволжье, Солтүстік Кавказ) экономикалық жағынан дамыған аудандармен көрші орналасуы, Жайық-Балтық су жолын пайдалану мүмкіндігі; ал кемшілігі – темір жолдарының тиімсіз конфигурациясы және Қарағанды-Теміртау АӨК-мен тікелей темір жол байланысының болмауы екенін анықтайды. Оның құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары кіреді. Табиғи қорлардан мұнайдың, табиғи газдың, хромның аса мол қоры мен Каспийдің байлығын атап өтеді. Шалғынды жерлер мен жайылымдықтардың молдығы, қыстың қысқалығы және қадың жұқа түсуі жайылымдық мал шаруашылығының дамуына әсерін тигізеді. Басты мәселе – жергілікті халықты сумен қамтамасыз ету. Мұнда бұл мәселені шешу жодарын қарастыру керек. Батыс – Қазақстандағы халқы ең аз қоныстанған (орташа тығыздық – 2,3 адам/км2) аудан. Қала халқының үлесі 58%, мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты Атырау, Ақтау, Орал қалаларының халқы көбейді. Қалалардың көбі Ақтөбе қаласында шоғырланған (8 қала). Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қалалар аз. Бірақ урбандалу деңгейі жоғары: Атырауда 57%, Маңғыстауда 69%, ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында – 44%. Аудандағы экономикалық белсенді халықтың үлесі 71%, өнеркәсіптегі адам саны ауыл шаруашылығы салаларына қарағанда көп.

ІІІ Тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға келесі тапсырмаларды береді: оқулықтың 267-бетіндегі 3, 4, 5 тапсырмаларын береді. Оқушылар мұғалімнің берген тапсырмаларын орындайды. 267 бет. 3) Кескін картаға БҚ-ның пайдалы қазбаларын түсіреді; 4) Орал-Ембі: Қарашығанақ мұнай-газ кен орны, Таңатар, Мақат, Доссор, Құлсары, Маңғыстау: Өзен, Жетібай, Теңге, Қаламқас, Қаражамбас. Маңғыстау алабына қарағанда Орал-Ембі алабының шикізаты кең қолданылады.

ІV Үй жұмысы: 1. §24 оқып, мазмұнын айту. 2. 268 бет – Тесттер орындау. 3. 266 бет – 1, 2 тапсырмаларын тапсырманы орындау. Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері және белсенділігі бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады, күнделіктеріне баға қойғызады.

VІ Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1551
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі