400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Батыс Қазақстан композиторларының шығармашылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала Батыс Қазақстан өнірінің өнер әлеміндегі белгілі композиторларының шығармашылығы туралы мәліметтерді ашады. Өлкенің өнер тарихына қызығушылық танытатын жас қаумға арналады. Болашақ жас ұрпақ өз елінің тарихын біліп , елге қызмет еикен адамдардан үлгі алсын деген нәтижесі бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан композиторларының шығармашылығы

Табылдиева С.Ж.


Жиырма бес жылдан астам тарихы бар Тәуелсіз елімізде көптеген музыкалық шығармалар дүниеге келіп,қазіргі заманға сай композиторлар шоғыры қалыптасты.2011 жарық көрген «Қазақстан композиторлары» атты энциклопедиялық жинаққа Батыс өңірінің 28 композиторы енген.Ал,бірақ,Орал қаласында туып,өзінің бойындағы бар шығармашылық қарымын басқа халықтың мәдениетінің көркеюіне арнап,әлемге танымал болған тұлғаларда болғаны белгілі.Ол – XX ғ.көрнекті татар композиторы,Татарстанның кәсіби музыкалық білім беру жүйесін қалыптастырушы, «Качкын», «Алтынчач», «Джалиль» операларының авторы Назиб Гаязович Жиганов (1921-1987).Сонымен қатар,жеке өмірлерінің әртүрлі себептерімен Батыс Қазақстан облысына келіп,кейін,өмірінің музыка мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан композиторларының қатары да аз емес.Бүгінгі таңда жаңа заманда жаңа мәдениеттің ірге тасын қалаған өңір композиторлары мен ұстаз-ғалымдар – Әшір Молдағайынов,Тұяқберді Шәмелов,музыкатанушы-ғалым Владимир Николаевич Шароновты,өнертану кандидаты,доцент Александр Васильевич Самаркин,педагогика ғылымдарының кандидаты,доцент Мендіғаным Мерганбаевна Нагимова.

Өңір мәдениетінің дамуына әлемге әйгілі скрипкашы Марат Бисенгалиевтің атқарған рөлі айрықша екені белгілі .Ол құрған Орал филармониялық оркестрі өзінің қысқа ғұмырына қарамастан ,қаламызды шет елге таныту мақсатында қатарынан үш Халықаралық скрипкашылар конкурсын ұйымдастырды.М.Бисенгалиевтің Оралдағы шығармашылық қызметі өлке тарихына алтын әріппен жазылады деп есептеп,араға 15 жыл салып,музыканттың туған халқымен қайта қауышуы –біз үшін үлкен мәртебе.

Батыс Қазақстанда тек соңғы екі онжылдықтарында екі камералық-симфония ,Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрі ,орыс халық оркестрі, «Классика» үрмелі аспаптар ансамблі, «Орда» шекті аспаптар триосы, «Назерке» халық би ансамблі,көптеген би және өнер ұжымдары ашылып,өз жұмыстарын жемісті атқаруда.Қаламызда облыстық халық драма театры,Қадір Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы ,Халықтар Достығы сарайы,Салтанат Сарайының бой көтеруі-өлке мәдениетінің даму көрсеткіші деп білеміз.Ал,өңірдің музыкалық білім беру саласы педагогика ғылымдарының докторы,профессор Махамбет Ержанұлы Ержановтың есімімен тікелей байланысты болды.

1993 жылдан бастап композитор Әшір Молдағайыновтың (1937-2005 ) шығармашылық және отбасылық ғұмыры Батыс Қазақстан облысында өз жалғасын тапты.Елге танымал өнер қайраткерінің шығармашылық қоржынында 300 астам ән,симфониялық поэмалар,оркестрлік және камералық-аспапты туындылар болды.Композитор бірден музыкадағы күрделі жанрларға мойынұынып,қаламының ұшынан «Жайық таңы» және «Нарын гүлі»атты симфониялық поэмаларын дүниеге әкелді.Ол Батыс Қазақстан ақындарының шығармашылығын тереңнен зерттеп-зерделеді.Жұбан Молдағалиев,Қадір Мырза Әлі,Ақұштап Бақтыгереева,Жанғали Набиуллин,Айтқали Нәріков,Ботагөз Баймұқановалардың поэзиясы оның шығармашылық шабытына дем беріп,қырықтан аса ән мен романс жазылды.Жергілікті ақын Владислав Ирхиннің сөзіне жазылған хор,симфониялық оркестр,және жеке орындаушыларға арналған «Кленовая ветвь» Реквиемін туындатты.Ал,Тараз қаласының 2000-жылдығына ірі монументальды жанрда «Айша бибі» (либреттосы ақын Бахтияр Әбділдаевтікі) операсын жазды. [8]

ҚР Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, атақты күйші,композитор, Тұяқберді Қажыгерейұлы Шәмеловтың (1951-2012) шығармашылығында туған жер,өскен өлке, XX ғ. Батыс Қазақстанның мәдениеті мен өнері секілді тақырыптар кең орын алды.

Т.Шәмеловтың «Туған жер» (сөзі М.Машекеновтікі), «Ауылым»-Алтын бесігім» (сөі З.Сисенгалиевтікі), «Ауылымды сағындым» (А.Асылбековтікі), «Ауылым аңсарым»( сөзі М.Райымбекұлы), «Ауылым әсем-ән сағым» (сөзі А.Асылбек), «Аяулым, арнадым мен әнімді»(сөзі Т.Шәмеловтікі) «Ару Жайық»(сөзі Ғ.Сейтақ), «Сен аман бол, Ақжайық»(сөзі А.Бақтыгереева) «Әнім сенсің, Жаңақала» (сөзі З.Сейсенғалиевтікі), «Көктем келді» (сөзі А.Асылбек), «Тырналар»(сөзі М.Машекеновтікі) әндерінде Отан тақырыбына қатысты өзіндік көзқарас байқалады.Композитордың кестелене өрілген ән әуендерінен романтикалық стильді байқауға болады.Өлең саздары дыбыс ауқымдығы бойынша жоғары-төмен бағытта төгіліп ,күйшінің қолтаңбасы анық аңғарылады.Оның төкпе орындаушылық дәстүрінде туындаған «Дәулеткерей Ақжелең», «Мәмен-Қали күмбір күй», «Еділ-патша» күйлерін өлке өнерпаздары сүйіп орындауда.Күйшінің өмірінің соңында ашылған қырларының бірі-ғылыми зерттеу жұмыстары.Абылайхан күйлерін іздестіріп,Шектінің ұрпағы Тілеуұлы Мөңке бидің үш күйін («Жиын-алқа,кеңес», «Қиқу,дәурен», «Шалқыма»)тауып,хатқа түсіреді.

Батысқазақстандық күй дәстүрінің өнегесін асыруға қомақты үлес қосқан дәстүрлі күйшілер Бақтығали Айтжанов (1948-2009) пен Мамай Отарбаев(1951-2011) есімдері аймақта үлкен құрметке ие.Жаңақала ауданының халқы бар саналы ғұмырынөзінің туған жеріне ,өскен өлкенің музыка мәдениетінің көркеюіне арнаған өнерпаз-домбырашыларын тебірене еске алып ардақ тұтады.

Әншілік өнердің жарқын өкілі ретінде Донеділ Ізмұратұлы Қажымовтың есімін барша алаш халқы мойындауда(1952).Оның лирикалық «Екеуміз»(сөзі Ұлдай Сариеванікі), «Қайыңды аруы» (сөзі З.Сисенғалиевтікі), «Айлы түн» (сөзі З.Сейітовтікі), «Сағыныш» (сөзі Қ.Ғабдуллиндікі), «Мені ойладың ба?» (сөзі М.Шахановтікі),туған жер туралы-«Ақпәтер» (Т.Жазбаевтікі), «Тасқала туралы ән» (сөзі Ғ.Сейтек), «Ақ жайық өңірі» (И.Шығайыпұлынікі), «Ақ жайық ару мекенім» (сөзі З.Сисенғалиевтікі) әндерінде биік адами қасиеттер,шынайы сезім,туып-өскен мекеніңе шексіз махаббат жырланады.

Көрнекті музыкатанушы-ғалым Александр Васильевич Самаркин

(1957-2013) өмірінің соңғы жылдары Орал қаласында,ал ғылыми-педагогикалықеңбектерін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен байланыстырғаны белгілі .Ғалым Оралда өзінің үш негізгі еңбектерін басылымнан шығарды.Олар-XIX ғ. Өмір сүрген немісғалымы Эрих М.фон Хорнбостельдің «Заметки о киргизских(казахских) музыкальных инструментах и мелодиях» (2005) атты еңбегін орыс тіліне аударғаны,мақалалар жинағы ретінде «Музыкальная культура Казахстана в зеркале критики» (2007) және «Конспект лекций по анализу музыкальных произведений» (2010) атты еңбектері .Ғұмырында А.Самаркин еңбекті көп қажет ететінмузыка тану ғылымындағы тарихи-теориялық,архивтік,әлеуметтік,ақпараттық мәселелермен жұмыстанып,ел мәдениетінің заманауи лебін айқын сезіне алды.

Композитор,дирижер,музыка зерттеуші Еркін Нұрымбетовтың алар орны айрықша (1973).Талантты музыканттың көкірегінен ерекше дыбыс иірімдерімен өрнектелген халық аспаптар оркестріне арналған «Ақжайық», «Дара тұлға-Нұрғиса», «Жаса,елім!», «Батыр баба –Ер қосай» шығармалары, «Балдырған» (саз сырнай), «Наслаждение», «Ақ еркем», (қобыз), «Элегия» (виолончель), «Мыстан кемпір», «Фонтан», «Күзгі көріністер» (фортепиано) атты оркестр сүйемелімен орындалатын бірнеше аспаптық пьеса,40 жуық әндер,оның ішінде «Оралым –асыл қалам»(сөзі А.Маемировтікі), «Қызылордам-Ақперіштем» (сөзі Ш.Сариевтікі) , «Сырым –баба» (сөзі Қ.Мырза Али), «Асқақтай бер, Астана» (сөзі Г.Сейтақ) туындылары шығарылып,халыққа бірден танымал бола бастады.Оның туындылары «Асыл адам», «Жүрек сыры», «Балдырған», «Қиыл қырғыны», «Теректі толқыны»атты жинақтарда жарияланған.Музыка зерттеуші ретінде де бірнеше еңбектер жазды.

Пианист және композитор,халықаралық конкуцрстардың лауреаты,ҚР композиторлар Одағының мүшесі Максим Михайлович Попов (1972) есімі көпшілікке танымал.Л.Собинов атындағы Саратов мемлекеттік консерваториясында білім алып (1993),шет елде кәсіби тәжірбиеден өткен ол,Батыс Қазақстан университетіндегі ғылыми-педагогикалық қызметпен қатар,көп жылдар қалалық скрипкашылар ансамбльімен ,филармонияның концерттік өмірімен шығармашылық байланысын ешқашан үзген жоқ.Композитордың бойында сирек кездесетін қасиет –импровизация өнері оған анна сүтімен дарыған.Оның камералық аспапты ұжымға арналған «Концертные произведения для ансамбля скрипачей в сопровождении фортепиано» (1 және 2 бөлім) атты ноталық жинағындағы туындылар еуропалық орындаушылық дәстүрде жазылған.Композитор өз туындыларында академиялық ,дәстүрлі және джаз музыкасының даму бағыттарын кеңінен қолданады. Шебер орындаушы және композитор Ресейдің Санкт-Петербург,Саратов,Самара,Оренбург,Суздаль,қалаларымен шығармашылық байланыста болып,концерттерін жиі өткізіп тұрады.Оның туындыларында қазақ ақындарының речитативті сарындары фанк элементтері,ал орыс музыкасының фольклорын джаз-рок жанрына тән қуат күшпен сабақтасып ,қолданылады.

Композитор,скрипкашы және дирижер Александр Сергеевич Шевелев (1951-2016).Шығармашылығында музыка өнерінің көптеген жанрлар мен бағыттары көрініс тапқан.Оның аспапты жеке трубаға арналған «Поэма»,скрипкаға арналған «Фейерверк» скерцосы облыстық филармония залында жиі орындалып ,музыкалық білім беру мекемелері түлектерінің мемлекеттік бағдарламасына енгізілуде.Камералық оркестрге арналған классикалық «Хорал»,джаз екпініндегі «Ночной крик» және т.б шығармалар жазылып,оның ішінде D Caseinov» ( D-C-As-E In Ore.Var.) атты шығармасы консерваториядағы ұстазы Д.К. Касеиновке арналған.Эстрадалық-симфониялық оркестрге арналған «Триумф Астаны» (2011г.) шығармасы да концерттік репертуарға кіріп,жиі орындалуда.Композитор өз шығармашылығында сандық көрсеткішке аса мән бермей ,ғұмыры ұзақ болмайтын туындылардан бас тартады.

Қазіргі заман Батыс Қазақстан композиторлары шығармашылығында Ақжайық өлкесіне арнайы жазылған туындылардың орны айрықша.Туған жердің тылсым күші небір сұлу туындылардың дүниеге келуіне себеп болды.Ақжайық тақырыбы Базарбай Жұманиязов,Ғарифолла Құрманғалиев,Мансур Сағатов,Илья Жақанов,Ескендір Хасанғалиев,Әшір Молдағайыновы,Қайырғали Қожанбаев,Тұяқберді Шәмелов,Александр Шевелев,Қырымгерей Қажымов,Ғафиз Есімов,Жаскелең Ғайсағалиев,С.Садыков,Ж.Куангалиев,Ж.Матханов,Еркін Нұрымбетов,шығармашылығында ауқымды түрде көрініс тапты.Сондай-ақ,өңірдің тарихи кезеңдерін К.Мусин,Б.Жұманиязов,Ә.Молдағайыновы,

Ғ.Құрманғалиев,М.Сагатов,А.Шевелев,К.Кажымов,Р.Мадреев,Е.Нұрымбетов өзтуындыларына арнау еткен.

Тәуелсіздік кезеңінде туындаған Батыс Қазақстан өңірінің музыкалық мұрасы ел мәдениетінің дамуына қосқан сүбелі үлес деп білеміз.Көрнекті Қазақстандық музыкатанушы-ғалым Ү.Жұмақанова [4] қазіргі заманғы музыка өнерінің заңды құбылыстарын сараптай келе ,композиторлар шығармашылығының құндылығына тоқталады.Батыс Қазақстан композиторларының туындыларына нақтылы тарихи және саяси оқиғалар,адам баласының жеке толғаныстары мен ішкі сезімдері жалпы қазақстандық мәдениет аясында өрбиді.Осы тұрғыда, олар жазған дүниелер

Тәуелсіз мемлекетіміздің Мәңгілік Ел ұрпақтарына арналған рухани қазына.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
1420
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі