400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Батыс Рим империясының құлауы

Материал туралы қысқаша түсінік
Батыс Рим империясының құлауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Рим империясының құлауы

Батыс Рим империясының құлауы — 474 жылы орын алған ірі тарихи оқиға. Әлем тарихында бұл уақыт құлдықтың жойылу кезеңі деп есептелінеді.

Империядағы ішкі қайшылықтардың шиеленісуі

Б.з. I-II ғасырларында Рим империясы өзінің даму шыңына шықты. Сол тұста құлиеленушілік құрылыста ең жоғарғы сатысына көтерілді. Алайда б.з.-дың II ғасырының аяғынан бастап экономикада үлкен қиыншылықтар орын алды. Құлдар мен колондар қатты қаналды. Зорлық-зомбылық олардың еңбекке деген ынтасын жойды. Жұқпалы аурулар кеңінен тарап, оларды жаппай өлімге алып келіп соқты. Еркін шаруалар жұтады. Құлдар мен колондардың жалпы саны қысқарды. Орасан көп жерлер өңделмей қалды. Батпақты жерлер ұлғайды, жыртатын жерлерді орман басты. Қолөнершілер шеберханаларын тастап, ірі иеліктерге кетті. Кен өндіру мен сауда қысқарды. Б.з.-дың III ғасырында ақша айналысында құнды металдар тым азайып кетті. Бай адамдар алтын-күмістерін құпия ұстады.

Батыс Рим империясының құлауы

Рим әскери қызметінде жүрген көрші тайпалар әскербасыларының тақ үшін күресі шиеленісті. Сол тұста Рим көрші халықтардың шапқыншылық жорықтарынан қатты күйзелді. Әсіресе, Африкада қоныс тепкен германдардың вандал тайпасының шабуылдары қатты соққы болып тиді. Батыс Рим империясы билеушілерінің ішкі қырқыстарын жақсы пайдалана білген вандалдар 455 жылы Римді алады. Қаланы аяусыз тонап, қиратып, өртейді. Халқын қырып-жояды, мыңдаған адамдарын құлдыққа айдап алып кетеді. Ешбір көңілге қонбайтын осы ойрандаушылық "вандализм" деген сөзді қалыптастырды. Вандалдардың талқауынан соң "мәңгі қала" атанған Рим қираған үйіндіге айналады.




Сарқан ауданы, Шатырбай орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі Г.Омарова



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
05.01.2026
69
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі