Материалдар / «Батыстың батыр қыздары: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова»

«Батыстың батыр қыздары: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Батыстың батыр қыздары: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова» сынып сағаты
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітілді:

Тәрбие сағаты

«Батыстың батыр қыздары: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова»

Күні

13.01.2025

Сынып жетекші:

Жалгасбаева Г.А

Сынып:

10 «А»


Сабақтың тақырыбы:

«Батыстың батыр қыздары: Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова»

Қауіпсіздік сабағы: «Жалған ақпарат тарату: жаупакершілік және жаза»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға Ұлы Отан соғысының батыр қыздары Әлия, Мәншүк, Хиуаздың ерліктері туралы мәлімет беру.

  2. Тарихи тұлғалардың өмірі мен ерлігін үлгі ету арқылы патриоттық тәрбие беру.

  3. Оқушылардың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.

  4. оқушыларға жалған ақпаратты, оның ішінде Интернетте таратқаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат беру.

Құндылықтар

Заң және тәртіп

Дәйек сөз

«Тәртіп — тәрбие бастауы,тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»

Көрнекілер:

  • Батыр қыздардың фотосуреттері.

  • Слайд-презентация (өмірбаян, суреттер, марапаттары).

  • Қанатты сөздер мен өлеңдер.

  • Қосымша бейнероликтер.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу.

  2. Оқушыларды екі топқа бөліп, топ атауларын қою (мысалы, "Ерлік" және "Батырлық").

  3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.


Гимн аудиожазба

Bilim Class


Сабақ басы

II. Кіріспе сөз

Ұлы Отан соғысының тарихына қысқаша шолу.

Әйел адамдардың майдандағы рөлі туралы әңгімелеу.

Оқушылар өз ойлары мен пікірлерімен бөліседі

 




III. Негізгі бөлім(20мин)


Әлия Молдағұлова

Өмірбаяны: 1925 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Снайпер болып, көптеген жау солдаттарын жойғаны туралы әңгіме.

Батырлық ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілгені.

Мәншүк Мәметова (8 минут)

Өмірбаяны: 1922 жылы Батыс Қазақстан облысында туған.

Пулеметші болып, ерлігін майданда дәлелдеген.

Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған алғашқы қазақ қызы.

Хиуаз Доспанова (9 минут)

Өмірбаяны: 1922 жылы Атырау облысында дүниеге келген.

Ұшқыш, түнгі бомбалаушы авиация құрамында болған.

Қазақстанның тұңғыш әскери ұшқыш қызы.

Марапаттары мен тарихи маңызын талдау.

Топтық жұмыс (10 минут)

Оқушылар топта батыр қыздардың ерлігінен шабыттанып, өлең шығарады немесе эссе жазады.

Топтан бір өкіл шығып, өз жұмысының нәтижесін таныстырады


Снайпер болып, 78 жау солдатын жойып, ерлік көрсеткен. Новосокольники қаласының маңында ұрыста қаза тапты.


Батырлық ерлігі үшін 1944 жылы қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.





21 жасында пулеметші болып, Невель қаласы үшін шайқаста 70-тен астам жау солдатын жойып, ерлікпен қаза тапты.

46-шы гвардиялық түнгі бомбалаушы авиация полкінің ұшқышы болған. 300-ден астам әскери тапсырманы орындаған.

Соғыстан кейін "Халық қаһарманы" атағымен марапатталды.

Видеоролик көрсету немесе оқушының шығармашылық таныстырылымы.



















Қауіпсіздік сабағы (10 мин)

Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.

Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарына сәйкес жалған ақпарат таратушылар жазаланады:

174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру

Қоғамдық немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік, ұлттық, тайпалық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты тұтату кезінде: екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.

273-бап. Терроризм актісі туралы жалған хабар беру.

Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы жалған хабар бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

274-бап. Жалған ақпарат тарату.

Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату –бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.



Соңы

5минут





V. Қорытынды (5 минут)

1. Сабақтың түйінін шығару: «Ерлік ешқашан ұмытылмайды!»

2. Батыр қыздардың ерлігін құрметтеу – бүгінгі ұрпақтың борышы екенін еске салу.

VI. Бағалау және рефлексия (5 минут)

Әр топтың жұмысына пікір айту.

Оқушылардан сабақ туралы кері байланыс алу.

VII. Үй тапсырмасы: Батыр қыздардың ерліктері туралы қосымша материал оқып келу немесе шағын презентация дайындау








04 Маусым 2025
64
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі