Ұйымдастыру
бөлімі
Ой
қозғау:
Балалар, мына
суретте кімдерді не көріп
тұрсындар?
Сұрақтар:
1.Ұлы Отан соғысы қай жылдар
аралығында болды?
(1941-1945)
2.Қазақтың Ұлы Отан
соғысы кезіндегі ұшқыш қызы (Хиуаз
Доспанова)
3.Биыл Жеңістің неше жылдығы
(80 жылдығы)
4.Ленинград маңындағы елді
мекенді азат етуге қатысқан ер жүрек мерген
қыз.
(Әлия
Молдағұлова)
5.Кеңес Одағының Батыры,
пулеметші? ( Мәншүк
Маметова)
6.Жеңіс күні (9
мамыр)
7.Мына ән сөздері кімге
арналған
Қобда, Нева суларын сүйіп
өскен .
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен
.
Аққу құстың бейне бір
баласындай ,
Сұлу сазды жастықтың күйін
кешкен.(Кеңес Одағының Батыры Әлия
Молдағұловаға)
8. Рейхстагқа алғашқы
болып ту тіккен қазақ жігіті ( Рақымжан
Қошқарбаев)
9.Жаумен 305 рет әуе шайқасына
қатысқан кім? (Талғат
Бигелдинов)
10. «Артымызда Москва»,
«Генерал Панфилов» кімнің
туындысы?
(Бауыржан
Момышұлы)
Тұлғаны
таны
1..Рақымжан
Қошқарбаев
2..Хиуаз
Доспанова
Хиуаз Қайырқызы
Доспанова (15
мамыр 1922
жыл, Ганюшкин, Гурьев
облысы — 20
мамыр 2008, Алматы)
— Екінші дүниежүзілік
соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы,
жауынгер,
батыр, Қазақстан
Республикасының Халық
қаһарманы.
3.Мәншүк
Маметова
1922 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысында
дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Мәнсия. Анасы
еркелетіп, Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей
өзін Мәншүк деп
кеткен.
4.Әлия
Молдағұлова
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда
ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова
Маржанның отбасында дүниеге
келген. Жетіру тайпасы Табын руынан
шыққан
Бейнефильм көру. (Қазақтың батыр
қыздар)
«Хат
оқу»
Әлия Молдагулованың Сапураға
жазған хаты
Мәншүк Маметованың соғыста
жазған хаты
Хиуаз Доспанованың газет
бетіндегі мақаласы
га зет бетіндегі
мақаласы

Мәншүк Мәметованың анасына жазған
хаты Оқыған: актриса Сая Тоқманғалиева «Қымбатты
мама! Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепке жүргелі
тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10 қыркүйегі еді. Өзіме бір
алма ғана тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты
күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рақмет!
Жолымыз сәтті болды. Ал қазір алғы шепте пулеметіммен фашистерді
мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз, ал күндіз
тынығамыз. Міне, қалт еткен сәтті пайдаланып, сізге жауап жазып
отырмын. Қымбатты әпкетай! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр
едім, бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі
өміріміз көңілді: фашистермен қару тілімен келіссөз жүргізіп
жатырмыз. Жеңіспен оралған соң, айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңды қатты
қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк. Менің майдангер жолдастарым
сәлем айтып
жатыр
№ 7
САБАҚ. «КҮДІКТІ ЗАТ ТАБЫЛҒАН КЕЗДЕГІ ҚАРАПАЙЫМ
ӘРЕКЕТТЕР»
Сабақтың мақсаты: балаларға
күдікті затқа қатысты сақтық шараларын
үйрету.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату.
Тақырыпты
анықтау
Суреттерді қарап шығыңдар. Сабақ тақырыбын анықтаңдар.
М ұғалім:
суреттерден не
көріп отырсыңдар? Не айтар едіңдер?
Бүгінгі
сабақтан біз күдікті заттарды анықтаған кезде не істеу керек екені жөнінде білеміз.
Білімді өзектендіру.
Өткенді
қайталау
Мұғалім:
көшеде, автобуста, супермаркеттерде қандай да бір сөмке,
пакет, қораптарды
тауып алған кездерің болды ма?
Оларды тауып алғанда сендер не істедіңдер?
Мұндай
заттар адам өміріне қауіпті болуы мүмкін
бе?
Қандай
жағдайларда?
Білімді бастапқы игеру және түсінуді
тексеру
Егер
күдікті зат табылса:
Қоғамдық
көлікте: егер қоғамдық көлік ішінде біреу ұмытып қалдырып кеткен
немесе қараусыз қалған иесіз затты тауып алсаңыз:
Айналаңыздағы адамдардан сұрап көріңіз.
Егер заттың иесі анықталмаса, ол туралы жүргізушіге дереу айтыңыз.
Тұрғын үйдің кіре берісінде: егер үйіңіздің кіреберісінде белгісіз зат тауып алсаңыз:
Көршілерден сұраңыз, бұл зат соларға тиесілі болуы мүмкін.
Егер заттың иесі анықталмаса - дереу ата-анаңызға
немесе полицияға хабарлаңыз.
Мекемелерде: егер сіз мекемеден белгісіз зат тауып алсаңыз, дереу ол зат жөнінде мекеме әкімшілігіне
немесе мекеме күзетшісіне хабарлаңыз.
Бекіту
Тәжірибелік жұмыс. Күдікті затты тауып алған
жағдайда не істеу керектігі жөнінде қасындағы оқушымен әңгімеле.
Қорытынды.
Рефлексия:
Күдікті зат – ол…………
Күдікті
зат анықталған кезде қандай нөмірлерге телефон соғу қажет?
Телефон жоқ болса, не істеу керек?
Күдікті затты ұстауға, ішін ашып қарауға бола ма? Неге?
|