«Бау-бақшада, бақтарда»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Бау-бақшада, бақтарда»

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін сөздермен байыту, балалардың сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бау-бақшада, бақтарда»

Мақсаты: 1. Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін сөздермен байыту, балалардың сөздігіне көкөніс пен жеміс туралы жалпы түсінікті білдіретін сөздерді енгізу.

2. Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту және дыбыстарды анық айтуға баулу
3. Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың әдіс-тәсілі: тапсырмалар орындау,санау,ойын,санамақ

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Сөздік жұмыс: бау - бақша, бақ.

Сабақтың көрнекілігі: жемістер мен көкөністер муляждары Билингвизм: Жемістер-фрукты, алма-яблоко, жүзім-виноград, алмұрт-груша., слива-қара өрік


Тәрбиеші:Жылулық шеңбері. Балалар кәне көрейік бүгін біздің көңіл-күйіміз қандай екен? Егер көңіл-күйлерін жақсы болса күннің суреттін таңдап тақтаға жапсырасыңдар, ал егер көңіл-күйлерін жаман болса бұлттын суретті таңдап тақтаға жапсырасыңдар. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін.Бәріңе сәттілік тілеймін балалар!

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі

Күз

Күз мезгілдерін атаңдаршы?

Қыркүйек, Қазан, Қараша

Балалар, біз дәрумендерді қайдан аламыз?

Көкөніс пен жеміс-жидектерден.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, олай болса біз бүгінгі ұйымдастырылған қызметімізде көкөністер мен жемістер туралы әңгімелесеміз, оларды ажырата отырып адам денсаулығына пайдасы жөнінде айтамыз.

Балалар, жемістер қайда өседі?

Жемістер ағашта өседі, оларды су құйып, баптап өсіреді

Ал көкөністер қайда өседі?

Көкөністер бау-бақшада өседі

Олар қай уақытта жинап алынады?

Оларға су құйып қопсытамыз.

Олай болса себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып, оның атауын айтып, түсін, пішінін айтып әңгімелеу.Мысалы: мынау-алма, оның түсі қып-қызыл, пішіні-дөп-дөңгелек, дәмі тәп-тәтті.

Жемістер мен көкөністердің адам денсаулығына пайдасы өте көп, балалар, оны тазалап, жуып жеуіміз керек. Оларды жеп жүрсек адамдар еш уақытта ауырмайды. Оларды күз мезгілінде жинап алып, дүкендерге сатуға шығарады, олардан адамдар әр түрлі салаттар жауып, қыстыққа дайындап алады.

Балалар көрсеткен жемістер мен көкөністердін түстерін атап пішіндерін айтады.

Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат»
Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністерді қайда өсетінін, оларды ажырата білуге баулу.

Тәрбиеші: Балалар, ортаға жемістер мен көкөністер шашылады, соны ажыратып себетке жинап салу керек және салған жемістерді атап санау керек. Ойын бірнеше рет қайталанады

Гүлназдың себетіне көкөністер мен жемістерді жинап беруге көмектесу.

Сергіту жаттығуы:

Жел үрлейді у - у - у
Құйын кетіп билейді зу - зу - зу
Қатты - қатты жел соқты гу - гу - гу
Жапырақтар қол соқты ду - ду - ду
Балалар енді сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңдерші

Жұмбақ,

Бойын жерге жасырған,

Бұрымы бар жасылдан,

(Сәбіз)

Әр жапырақ асты көк қоян,

Көк қоянды жаз балғанда жеп қоям.

(Қияр)

Қалын киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады

(Пияз)

Жарайсыңдар балалар жұмбақты жақсы шешеді екенсіндер.

«Қайда өседі?» ойыны. Тәрбиеші жеміс - жидектердің қайда өсетінін айтып отырады. Егер дұрыс жауап болмаса, балалар аяқтарымен жерді соғып, бастарын шайқайды, егер жауап дұрыс болса, қолдарын шапалақтап, бастарын изейді

Қауын қайда өседі?
Қауын тауда өседі (жерді аяқтарымен соғады).
Қарбыз қайда өседі?
Қарбыз бауда өседі (қол шапалақтайды).
Алма қайда өседі?
Алма сайда өседі (жерді аяқтарымен соғады).
Алмұрт қайда өседі?
Алмұрт бақта өседі (қол шапалақтайды).
Жүзім қайда өседі?
Жағажайда өседі (жерді аяқтарымен соғады).
Қызанақ қайда өседі?
Қызанақ жерде өседі (қол шапалақтайды).
Сәбіз қайда өседі?
Сәбіз талда өседі (жерді аяқтарымен соғады).
-Жемістерді жемес бұрын не істеу керек?

Жемістерді жуып жеуу керек.

-Жемістердің, көкөністердің мол болуы, үлкен-үлкен болып өсуі неге байланысты?

Балалар бүгін біз не жайлы әңгімелестік?

Бау-бақшада нелер өседі?Көкөністер мен жемістерді атаңдар.

- Балалар, бізге осындай дәмді жемістері мен көкөністерін сыйлаған асыл өлкемізге, жерімізге арналған тақпақты қайталайықшы.

Отаным менің кең - байтақ.
Жайнаған сансыз қаласы
Жайқалған жомарт даласы.
Ел - Отан біздің кең байтақ.
Отанның біздер баласы

Бәрің де өте жақсы қатыстыңдар

Балаларды мадақтау.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі