400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баян аспабын меңгеру әдіс-тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Баян аспабын меңгеру әдіс-тәсілдері, аспаптың шығу тарихы, құрылысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаратөбе балалар музыка мектебі



















Ашық сабақ

"Баян аспабын меңгерудің әдіс-тәсілдері"





Өткізген: Баян класының оқытушысы Гинятова А.И.

























Қаратөбе 2025 жыл



Бекітемін:

Директордың оқу-ісі жөніндегі

орынбасары: А.А.Жанахметова



Тақырыбы: "Баян аспабын меңгерудің әдіс-тәсілдері" ашық сабағы

Мақсаты:

1. Білімділік: Баян аспабының құрылысы және клавиатурасының жүйесін нақты меңгеру. Баян аспабын түйме басқыш құрылысы мен нота графикасының ерекшеліктерін біліп, нотаны парақтан оқу дағдысын қалыптастыру. Ноталарды ұзақтықпен санап ойнау (бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік)

2. Тәрбиелік: Баян аспабының ерекшелігін түсіндіру, шығармаларды орындаумен қатар әуендерді сүйемелдеудегі рөлі.

3. Дамытушылық: Мехпен жұмыс жасау. Гамма ойнауда саусақ қойылымын дағдыландыру, парақтан санап үйренуді қалыптастыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық.

Сабақтың көрнекілігі: Баян аспабы, нота жазбалары, клавиатура жүйесінің суреті, пульт, ноутбук, проектор, колонка.



Сабақтың барысы:

І-кезең. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,оқушының оқу құралын тексеру. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Баян аспабының шығу тарихын, құрылысын қысқаша еске түсіру(оң жақ корпус, сол жақ корпус, мех, жұмыс белдіктері т.б.).



Оқушының ыңғайлы отырысы мен аспапты икемді ұстауы.

Оқушының ыңғайлы отырысы мен аспапты икемді ұстауы сырнай аспабын дұрыс меңгерудің негізгі шарты болып саналады.

Оқушы орындықтың шетіне, сәл еңкейген күйде отырады. Дене салмағы орындыққа және бір-біріне алшақ қойылған екі аяғына түседі.

Әр оқушының орындығы өз бойына сәйкес болуы керек.

Сәл ілгері тұрған аяқтың үстіне аспап көрік астымен қойылады. Оң аяқ еденге тік басылып, көрікті жинағанда аспап грифінің төменгі бұрышы оң аяқтың тізеден жоғары сан бөлігіне тіреледі.

Иық белдіктері оқушының дене бітіміне сай аса тар немесе кең болмайтындай етіп, 2 иыққа киіліп, ықшамдап бекітіледі. Көрікті жинау қозғалысында аспаптың ауытқып кетпей, нық тұруы үшін, сол жақтағы иық белдігін тартып бекіткен жөн. Белдіктердің аса тартып тасталуы қауіпті, бұл жағдайда аспап салмағы аяққа емес екі иыққа түсіп, орындаушыны шаршатады.

Нәзік, қушық жауырынды оқушылардың иығынан белдіктер сырғып кетпеуі үшін, екі белдікті көлденеңнен тартып бекітетін қосымша белдік қолдануға болады.

Қолдың қойылымы

Қолдың қойылымы дегеніміз музыкалық аспапта ойнап үйрену барысында оқушының қолдары мен саусақтарының дұрыс орналасып қалыптасуы және оның аспапты ұстау тәсілі.



ІІ-кезең. Үй тапсырмасын тексеру

1. Гамма C-dur. Нон легато штрихында орындау.

2. Б.Ғизатов "Біз өмірдің гүліміз"

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар

  1. Гамма ойнау барысында қолданылатын саусақ қойылым ережесі.



1-қатар 1-саусақ

2-қатар 2-саусақ

3-қатар 3-саусақ



  1. Нон легато дегеніміз не?



Нон легато- дыбыстар бір-біріне жабыспай, тым қысқа да емес, орташа ұзақтықта, жеңіл үзіліспен орындау тәсілі.



  1. Нон легато нота жазбасында қалай белгіленеді?

Нон легатоның арнайы бір белгісі болмайды, ал кейбір жерлерде орындаушыға нұсқау ретінде non legato деп жазылады.

ІІІ-кезең. Жаңа тақырып

Жаңа шығармамен жұмыс жасау. А.Денисов «Этюд»

Ал енді осы шығарманы талдап, шығарып көрейік. Өлшемі 2/4, 16 тактіден тұрады. Ең алдымен оқушыдан нотаны парақтан оқуын сұрап, оқу деңгейін қадағалаймын. Қандай ұзақтықтар кездесетінін, олардың нешеге саналатынын сұраймын.



Этюд - белгілі бір техниканы дамытуға арналған музыкалық шығарма.

Легато — дыбыстарды тегіс, жұмсақ, бір- бірімен байланыстырып, үзбей орындау тәсілі.Нотада қалай белгіленеді:Бірнеше нотаны біріктіретін доға тәрізді сызықпен (лигамен) көрсетіледі:

Стаккато — дыбыстарды қысқаша, аздаған үзіліспен, секірмелі, айқын түрде орындау.Нотада қалай белгіленеді:Нота үстіне немесе астына кішкентай нүкте (·) қойылады.

Рiano және Forte — бұл музыкадағы дыбыс күшін (динамиканы) білдіретін итальян сөздері. Пиано (piano, p) — жай, баяу дауыспен ойнау. Форте (forte) — қатты дауыспен ойнау

Crescendo(cresc)-Дыбысты біртіндеп күшейту.Нотада «<» тәрізді белгімен көрсетіледі.

Diminuendo(dim.)- дыбысты біртіндеп бәсеңдету. Нотада «>» белгісімен көрсетіледі.



Бекіту: Қорытынды бөлім.

Оқушыдан сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақты қалай түсінгенін қорытындылап, аспапты үйренудің алғашқы кезеңін сұраймын.



Үй тапсырмасы:

1. C-dur гаммасын стаккато,легато штрихында орындау.

2. А.Денисов «Этюд». Жаңа шығарманы парақтан оқып, санап ойнау. Шығарманы ойнау барысында көрік қозғалысына көңіл бөлу.



Оқушының меңгеруін, зеректігі мен орындаушылық мүмкіндік деңгейін бағалаймын.

Олай болса, сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28.11.2025
45
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі