Баян
аспабында белгілі
бір ойнау тәсілдерін меңгеру.
Кілтте
5 белгіге дейінгі мажор мен минор
гаммалары, олардың арпеджиосы мен
аккордтары.
Баян
аспабы бойынша 1-2 курста негізгі теориялық
білім қалыптасады. Одан кейінгі курстарда
қиынырақ шығармалар алынып, баян
техникасымен жұмыс істелінеді,сонымен
қатар гаммалар, аккордтар, арпеджиолар
ойналады.
Барлық
гаммалар, арпеджио, аккордтар баян
сабағында күнделікті тез екпінде
орындалып отыру керектігін естен
шығармауымыз керек. Гамма мен арпеджиоларды
барлық клавиатурада әр түрлі штрихтармен
(легато, стаккато) ойнау керек. Клавиатураны
жақсы меңгеру дыбыс мәдениетімен жұмысты
жақарту, бұлшық етті буынмен саусақтарды
машықтандыру, әр түрлі штрихтарды
орындауға дыбыстану техникасын жақсарту
үшін, триольдар, пунктирлық ырғағы толы
жаттығуларды ойнаған абзал. Осы
жаттығуларды әрі қарай қолдану үшін
керекті тональдікке транспорт жасау
керек. Бұл бір жағынан студенттің
транспорт қабілетін қалыптастырады.
Әр түрлі тональдікте гамманы үйрену
үшін арнайы жаттығулар беріледі. Мысалы:
1. Кейбір жаттығулар әр түрлі ұзақтықтағы
дыбыстардың суреттерін дамытуға,
клавиатурадағы оң қол мен сол қолды
дұрыс қолдануға арналады. Осы жаттығуларды
қолданғанда бастапқы екпінді сақтап
қалу керек. Басқа жаттығулар екі ноталарды
дамытуға арналады. Жаттығуларды
көрсетілген барлық өлшемдерде ойнап,
саусақтардың синхрондық жұмысына қол
жеткізу керек.
Гамма,
арпеджио жаттығуларымен жұмыс болашақ
музыка маманының техникалық орындау
шеберлігін арттыруға мүмкіндік туғызады.
Орындау шеберлігін жетілдіре түсу
үстінде күнделікті жаттығулардың маңызы
ерекше. Мұның өзі көркем шығарманың
мазмұны мен мұның толық ашуға мүмкіндік
туғызады. Бұл мәселенің төңірегінде
белгілі орындаушы – виртуоз Г. Нейгауз:
«Орындау шеберлігін кез келген түрде
дамыту дегеніміз-өнердің өзін дамыту,
олай болса оның мазмұнын ашуға
жәрдемдеседі» – деп жазады. Биік
деңгейдегі орындау шеберлігі ең алдымен
гамма, арпеджио жаттығуларымен жүйелі
түрде жұмыс жасаған кезде қалыптасады.
Этюд.
Этюдтармен
жұмыс жасаудың өзіндік ерекшелігі
болады. Орындау шеберлігін жетілдіру
үстінде гамма, арпеджио және арнайы
жаттығулардан басқа этюдтердің де
маңызы ерекше зор. Педагогикалық
тәжірибеде әр түрлі орындау ерекшеліктеріне
лайықтап жазылған этюдтер кездесе
береді. Кейде олардың қайсы біреулерінг
музыкалық шығармалар қатарына да қоюға
болады. (мысалы, Р.Шуманның этюдтері.)
Этюдтермен
жұмыс үстінде оқытушы бір ғана техника,
орындау шеберлігін жетілдіру мақсатын
көздемесе керек. Техникалық шеберлік
студенттің орындаушылық мәдениетімен
аспапта дыбыс шығару, музыкалық
ой-фразаларды дұрыс бөлу, реттеу сияқты
процестермен де тығыз қабысып жатады.
Этюдтермен
жұмыс мына бағытта жүргізілуге тиіс:
ең алдымен, орындағалы отырған этюдтың
құрылысына тоқталып, техникалық
ерекшеліктерін анықтап алу қажет. Одан
әрі нота текстімен жұмыс жүргізіп,
аппликатурасын басқа да орындау
ерекшеліктерін жетілдіре түскен абзал.
Екіншіден,
этюдты бөлшектеп талдаған кезде ғана
оның ішкі ерекшеліктеріне еркін енуге
болады. Орындауға қиын соғатын тұстарын
бірнеше рет қайта орындап, талдап, содан
соң барып шығарманың басқа тұстарымен
жалғап отырудың да өзіндік мәні зор.
Нота
тексті айқындала бастаған кезде барып
түрлі динамикалық- агогикалық белгілермен
орындау тәсілдері, мехты уақытылы
ауыстырып отыру сияқты процестерге мән
берген жөн.
Үшіншіден,
этюдты әр түрлі жылдамдықпен орындағанның
да методикалық негізі бар. Нота текстін
жаттап алу процесі этюдтың техникалық
және көркемдік мазмұнының, орындау
ерекшеліктерімен қатар жүргізілуі
тиіс.
https://cloud.mail.ru/public/3yf2/id7wbChNL