Баян
аспабында полифониялық шығармаларды
үйретудің
маңызы
Полифония
– батыстық құбылыс. Ол XY-XYII ғасырларда
ерекше дамыған. Солай бола тұрса да
полифониялық стиль әлемдік музыка
мәдениетінен орын алып отырған елеулі
құбылыс. И.С Бахтың полифониялық
шығармалары кейінгі композиторлық
мектептерге үлгі болып, XX-ғасырға дейін
«прелюдия және фуга» циклдары жазылып
келді.
Полифониялық
шығармалар баян аспабының да негізгі
музыкалық репертуарын құрайды. Мұндай
шығармалармен жұмыс жасау үшін мұғалімнің
тиісті тарихи – музыкалық және теориялық
дайындығы болуы шарт. Содан соң барып
таңдаған шығарманы баян аспабында
орындап беріп, күйтабақ, концерттер
тыңдатуға болады.
Алғашқы
кезеңнің негізгі мақсаты-шығарманың
көркемдік ерекшеліктерін ашып, стильдік
құпияларын (мазмұнын, формасын, музыкалық
тілін т.б) ұғындыру болып табылады.
Шығарма неғұрлым ауқымды болса, оны
талдау да көп еңбек етуді қажет етеді.
Полифониялық
шығарманы орындаудың басты бір кезеңі
– жеке дауыстармен жұмыс жасау. Екі үш
немесе төрт дауысты полифониялық
шығармаларда дауыстар өзара өріліп,
бір-бірін толықтырып жатады. Кейде
дауыстар түрлі биіктіктерде кезектесіп
түсіп, көпдауыстылық құрайды. Осындай
сәттер аса ұқыптылықпен талданып,
орындалуы шарт. Баяншы әр дауыстың дер
кезінде анық естілуін де қамтамасыз
етуі керек. Жеке дауыстардың одан әрі
дамуы, өзге дауыстармен музыкалық-фактуралық
байланысқа түсуі, түрлі динамикалық
педагогикалық ерекшеліктері де орындаушы
назарында болуға тиіс.
Түрлі
дауыстар ансамблін орындау ісі жүзеге
асқан соң, шығарманың жалпы құрылымы
(формасы), оның ішкі бөліктері, олардың
атқаратын көркемдік композициялық
қызметі айқындалып, орындау шеберлігі
арқылы ашылуы шарт. Бұл оңай шаруа емес.
Дәл осы тұста орындаушыға көп іздену
керек.
Полифониялық
шығармалардың күрделілігі олардың
құрылымына, кейде атауына қатысты болып
келеді. Мысалы «инвенция» деп аталатын
шығармалар көбіне 2-3 дауыста болса,
«Фуга» 3-4 дауысты болып отырады.
Алғашқысында
имитациялық полифония тәсілдері басым
болса, соңғысының құрылымы имитацияның
ерекше үлгісіне негізделген. Сондықтан
орындаушы фуганың композициялық
құрылымын жақсы білуі керек. Бұл реттен
фуганың тональдік құрылымының атқаратын
қызметі зор. Оның экспозициясы, ортаңғы
бөлігі, репризасы дәл осы тональдіктер
негізінде анықталады. Мысалы, экспозиция
– фуга дауыстарының кезек-кезек түсуімен
аяқталады. Одан әрі шығарманың дамуы
контрэкспозиция немесе ортаңғы бөлімге
ұласады. Оның негізгі белгісі- негізгі
музыкалық тақырыптың негізгі емес, өзге
тональдікте естілуі. Тек репризада
барып басты тақырып негізгі тональдікте
қайталанады. Міне, осы ерекшеліктерді
білмейінше, фуганың көркемдігін ашу,
түсіну өте қиын.
Полифония
– әлемдік аспаптың музыка тәжірибесінен
елеулі орын алған жанр. Оны музыкалық
білім беретін оқу орындарының барлық
сатыларында ойнап игереді. Ондағы мақсат
– болашақ орындаушылардың полифониялық
ойлау жүйесін қалыптастыру, батыс
музыкасына тән көркемдік стильмен
таныстыру.
Олай
болса, баян аспабында полифониялық
шығармаларды игеру ісінің де маңызы
зор. Сол шығармалар арқылы біздер болашақ
мамандарымызды әлемдік музыка
жетістіктерімен таныстырамыз.
Полифония
– музыкалық ойлаудың ерекше түрі. Оның
көркемдік ерекшелігі де дәл осы сипатымен
айқындалады.