15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама
Tәуелсіздік-ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші!
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған.
«Тәуелсіздік-ұлттық
өрлеу мен рухани жаңырудың ұлы
күші!»
атты мерекелік
кешімізге
қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік
-
ең басты
құндылығымыз.
Тәуелсіздікке
қантөгіссіз,
бейбіт
түрде
қол жеткізгеннен
кейін
ғана елімізді
әлемнің
өркениетті
мемлекеттерінің
қатарына
қоса алдық. 26
жыл ішінде
тәуелсіз
Қазақ
елін қалыптастырып,
нарықтың
қиын өткелектерінен
аман өткізіп
келеміз.
Осы кезеңде
Қазақстанды
дүние
дидарындағы
ең мықты
мемлекеттер
танитындай,
сыйлайтындай
деңгейге
жеткізген
тұңғыш
Нұрсұлтан
Назарбаевтай
көреген
саясаткердің
ерен еңбегін
дәл бүгін
және әрқашанда
айтып
өтеміз.
Тәуелсіздік
күні еліміздің
барлық
азаматтары
үшін орны ерекше
мереке
деп білеміз,
себебі,
осынау
жүрекжарды
қуанышқа
толы күнді
ата -
бабаларымыз
ғасырлар
бойы армандап,
күтумен
өтті.
16
желтоқсан –
ата бабамыздың арманы орындалып,
жасампаздығымызды
жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.
1991 жылғы 16
желтоқсанда
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге
26 жыл толды.
Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы.
Қазақстанның тәуелсіз, егеменді ел ретінде танылғанына міне он тоғыз жыл толып отыр. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Қазақстан үшін ХХI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеру болып табылады.
Мемлекет басшысының көрегендігі мен дер кезінде жүзеге асырылған саяси экономикалық реформалардың арқасында экономикасын түзеп, тығырықтан шықты.
Елбасының жүргізіп жатқан саясатының арқасында Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Ең бастысы Мемлекет басшысы нақтылаған «Қазақстан 2030» стратегиясының мақсаттары мен міндеттері ойдағыдай жүзеге асырылуда.
Еліміздің негізгі мемлекеттік мақсаты – Конституциямызбен бекітілген: «Қазақстан өзін демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам мен адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делінген. Демек, қоғамда тұрақтылықты татулықты қалыптастырып, елдің тұрмыстық әл ауқатын жақсарту басты мәселе болып табылады. Біз қазір шын мәнінде дербестігімізге даңғыл жол ашып, азат ойлауды қалыптастыру жолындамыз. Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті. Сонымен қатар, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа негізделген сенімнің биік деңгейі сақталып отыр.
Тәуелсіздік – ол ұлттық мемлекеттік, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек.
2017 жылғы 12-сәуір тарихқа Рухани Тәуелсіздік бағдарламасы жарияланған күн ретінде енеді. Бұл – болашағымызды айқындап берген, Ұлттық жаңғыруға бастаған бағдарлама – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласы!
Біз Тәуелсіздігіміздің 26 жылына қадам басқанда, биыл демократиялық өзгерістерді талап еткен Конституциялық реформа жасадық. Бұл Рухани жаңғыру сол Жаңғырулардың заңды жалғасы.
Сонымен, өз ойымды қорытындылай келсем, біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп жайнауына, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген