Материалдар / Баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2023
256
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аты-жөні: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Даулетова М.О.

Мектеп атауы: «№25 орта мектеп» КММ

«Қадыр Мырза Әлі балалар әдебиетінде алатын орны»



Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық - бұл біздің жалпы ұлттық мендетіміз-деп балаларға ерекше назар аударуы бекер емес деп білемін. Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығының да балалар әдебиетінде өзіндік орны бар.

Қазақ балалар әдебиеті - өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.

Балалар әдебиеті қамтитын тақырыбы, айтар ойы, сюжет желісі мен сөз қолданысы, көркем бейнені көрсетуі жағынан өзіндік стильге  ие. Әрбір адамның сәби шағы, бала кезі – оның бүкіл саналы ғұмырындағы азаматтық тұлғасын қалыптастыруда қандай маңызды роль атқарса, бүлдіршін балғындардың ой-санасы мен таным түсінігін дамытып, оған әлеуметтік өмір мен рухани әлемді таныстырып, танытатын – балалар әдебиеті. Сондай-ақ бала түсінігі, оның күнделікті өсу, даму кезеңдері үшін қажетті тағылым көзі, жеке тұлға ретіндегі ертеңгі рухани адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін қалыптастыратын өмірдің бір түрі қызметінде де мәнді.

  «Қазақ балалар әдебиетінің хал-жағдайы қандай?», «Балалар әдебиетіне қаншалықты мән береміз?» деген сұрақтар мазалайды.  Бұрынғы  заман заманымен, қазіргі таңда да балалар әдебиеті кеш дамып, мардымсыз адымдап, кенжелеп өсіп келе жатқан салалардың бірі екендігі ақиқат.  Дегенмен қозғалыс бар, өзіндік дауысы шығатын балалар әдебиетіне көптеген ғалымдарымыздың да барынша ат салысып жатқандығын айтуымызға да болады. Солардың бірі Қадыр Мырза Әлі.

Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Қадыр шығармалары оның өзі өмір сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десе болады. Қадыр Мырзалиевтың поэзиясы сан қырлы. Олар адал еңбек, пәк махаббат, биік адамгершілік, Отан, дәуір, халық, қазақ мінезі, елге, жерге сүйіспеншіліктен бастап, барлық жақсылық атаулыға сүйсініп, соғыс қаупінен бастап, туған табиғатқа деген немқұрайлыққа дейінгі барлық әлеуметтік келеңсіздіктерге ашынады.

 Ол лирика, поэма, драма, эссе, афоризмдер, ғибратты мөлтек әңгімелер, әдеби сын, аудармалар және балалар әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты.

Қазіргі «Ұлан» (бұрынғы «Қазақстан пионері») газеті мен қазіргі «Ақ желкен» (бұрынғы «Пионер») журналынан бастау алған балаларға арналған кішігірім он шақты кітап шығарған. Ең алғашқы «Ой орманым» шыққанша балалар әдебиетімен айналысқан ақын балалар әдебиетінің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.Қадыр Мырза Әлінің өз сөзіне назар аударсақ: «балалар әдебиетінен екі нәрсе таптым, біріншіден, өзімнің әдеби өрісімді таптым. Екіншіден, балалар арқылы өзімді өзім таптым» деген екен. Орыстың ұлы жазушысы Максим Горькийдің: «Ең қиыны - балаларға арнап жазу» дейтіні бар. Балаларға арнап жаза алсаң, кез келген жанрда жаза аласың. Баланың тілін тапсаң, дүниенің тілін табасың дегендей. Қадыр ақынның балалар әдебиетімен айналысуы, алдымен, мұқтаждықтан туған. Екіншіден, «балалар әдебиеті» деген  ұғым ол заманда қазақта шынымен де жоқ еді.Жаңа тақырып, жаңа ізденіс.

   Қадыр ақынның балаларға арналған «Жаңғалақтар», «Кішкене Қожанасырлар», «Данышпан», «Ноян қоян», «Алуан палуан», «Сабақ» сынды кітіптары бар.  Барлығы да ақындық жолының бастауы, негізі деуге болады.

    Балалар әдебиетіне зор үлес қосу, балалар тілін сезіну, бала санасына кіру, «бір мезеттік бала болу» әркімнің қолынан келер шаруа емес. Орақ тілді, от жүректі Қадыр ақынның шығармашылығында балаларға базарлықтар өте көп.  Күнделікті оқиғалар, қызықты жайттарды, қарапайым жағдарлардың барлығын балғын тілдік нормаға негіздеп, үлкен шеберлік танытқан. [1]

Мәселен:

Көзім түсті апамның
 Көзіндегі жасына.
«Белгісі ме қапаның?»
Деп келдім мен қасына
Сұрамақпын,білмекпін
Жанына не батқанын.
Байқамаппын, көрмекпін,
Пияз турап жатқанын.

     Өлең түсінікті жеңіл орамдармен, балаларға қызықты тілмен жеткізілген. Қара өлең негізінде жазылған, көркемдеуіш құрал жоқ, жеңіл оқылып, тез сіңіріледі. Өлең бастамасы ой қалдыру, сұрақ туындату мәселесінен басталып, оқушыны бірден ойға қалдырары хақ. Артынша, сол түйіннің шешімін тез, жеңіл шешіп тастаған.

Дәл осындай тұрғыда жазылған «Не үшін» өлеңін алар болсақ,

Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Құлақ не үшін керек?
Ақыл-кеңес беру үшін.
Жүрек не үшін керек?
Жауларымнан қыңбау үшін.
Тіл мен жағың не үшін керек?
Ақиқатты айту үшін.
Ал аяғың не үшін керек?
Шетте жүрсем,туған жерге қайту үшін.
Ақынның сабақ жайы, мектеп тақырыбына арнаған өлеңдері өте көп.  Біріншіден, сол заман оқушысының оқуға, тіптен оқу құралдарына деген қызығушылығының ерекшелігін танытса, екінші жағынан, балаларға таныс, күнделікті қолданыстағы объектілерді жазу оқырманның жүрегіне жақын тиіп, жылы қабылданары анық.
[2]

 «Мұғалима»
Мынау менің сезгенім:
Ол — кластың анасы.
Өзінің де,
Өзгенің
Баласы — оның баласы.
Қай кезде де, ол анық,
Қайғырмайды өзі үшін.
Біздер үшін қуанып,
Қызарады біз үшін.
Күнде «бестік» алсаң сен,
Онда басқа жоқ арман.
Ал оқымай барсаң сен,
Бір тал шашы ағарған.
Жақсы болсаң шынында,
Қартаймас деп айта алам.
Жаңа оқу жылында
Жасарады қайтадан.

«Барда кетпейтін дос, жоқта шеттейтін дос»
Сия толы көк сауыт
Қаламменен дос болды.
Өтті бірге көп сауық,
Көңілдері қош болды.
Бүгін, міне, қарашы,
Сия сауыт босқа алау
Бітіп қалды сиясы
Келмей қойды дос қалам.
Бұл соңғы  екі өлеңінде психологиялық паралелизм әдісінің үлгісі анық көрініп тұр. Аллегориялық тұрғыдан жазылған өлеңнің жалпы сипаты, құрылысы өте жеңіл.  Бір оқығаннан тез ұғылып, тез оқылады...

Бүлдіршіндердің іс-әрекетінің өзі күлкіге құрылатынын ескерсек, оларға арналып жазылған көркем шығарманың юмордан тыс қалуы мүмкін емес. Кішкентай балалардың психологиясын, жас ерекшелігін ескеру – юморды қолдануда өзіндік роль атқарады. Юморлық сезім интеллектуалдық тереңдігімен, эмоциялық күрделілігімен, болмыс құбылыстарын көру, зерттеу, бағалау қабілетімен адамға туа бітетін биік қасиет. Ол – интеллектуалдық норманың бір қыры, өмірді қабылдау, түсіну, оған қатыс білдірудегі ерекше бір қабілет. Өмірдегі, адам бойындағы, заттар қалпындағы комизм белгілерін көре қою, оларды өнер туындыларына арқау ете қою – осы юморлық сезім ісі, соның үлесі, соған тиісті міндеті.Ақын бұл жағынан да құр емес.  Тағы бір ерекшелігі ретінде оның әзілсүйгіштігін айтуға болады.Өз сөзіне келер болсақ:

«Шындығында, менің жаныма өте жақын әрі сүйікті кейіпкерімнің бірі - Қожанасыр. Менің кейде қылжақбастығым да, тауып айтып кететінім де бар. Өз басым мұның барлығы да Қожанасырдан «жұққан» болуы керек деп ойлаймын. Өйткені мен Орта Азия халықтарының бәріне тән осы бір кейіпкерді әлі күнге жанымдай жақсы көремін. Тіпті кейде мен Қожанасырдан өзімді көремін. Егер шығармашылығыма көз жіберсем, балаларға арнап өлең жазуым да, балалар ақыны атануым да осы Қожанасырдай кейіпкердің ықпалы болар деп ойлаймын. Өз басым Қожанасыр туралы хикаяттардан үнемі тапқырлықты байқаймын». Балалар әдебиетіндегі өлеңдеріне де әзіл араластыра отырып, көрерменін бір күлкіге баурап отырды. [3]

Мәселен «Кәмпит» өлеңінде:

Азу тісім ауырды,
Жатып қалдым бүк түсіп.
Тауыстым бар сабырды
Бір жақ ұртым кетті ісіп.
Қарындасым монтиған,
Мұны анықтап көрмейді.
Ұртыңдағы томиған,
Кәмпитіңнен бер!-дейді.

 Басындағы жолдарында шешімі басқалай көрінген оқиға, соңында әзілге айналып, оқушыны күлкіге баурары мәлім.

   Байқасақ, күнделікті, қарапайым тілмен жазылған, жеңіл сіңімді туындылар. Балаға таныс оъектілерді, ой орамына салып, жұмбақтар туындатқан. Жалпы Қадыр ақынның ақындық тұлғасының дәрежесінің сомдалуына, терең сырлы, сан қырлы болып қалыптасуында балалар әдебиетінің үлесі зор. Соның ішінде ой иірімдерін, сөз қиысуына аса зор мән берілетін жұмбақтардың ролі ерекше.

Қадыр атамыз көптеген мысалдар жазған, әр мысалдың күрделі астары, терең сыры бар, түп тамырында үлкен философиялық ой жатқан ірі туындылар десемде қателеспеспін.

«Биялай мен Қолғап» мысалында:

«-Әже,әже! Биялай кисем қолым тоңбайды. Ал,қолғап кисем-ақ болды тоңа бастайды. Неге олай?!

-Биялайдың ішінде төрт саусағың біріне-бірі жақын тұрып жылу береді. Ал қолғапта әр саусақ өз алдына дара қалады. Жалғыздың аты жалғыз. Біраздан кейін тоңа бастайтыны сол! Жақындық бар жерде жылу бар-балам» деген мәтінде бір қарасақ, қарапайым қолғап пен биялай мәселесі сықылды. Нақтылы түрде қарасақта, биялай жылырақ болады. Дегенмен, ақынның бұл жердегі акценті -  оқырманды бірлікке шақыру, бірлік бар жерде тірлік барлығын ұғындыру.  Жылулыққа, мейірімділікке, бір-біріне деген қамқорлыққа жұмылдыру. Қарапайым мысалдың, күрделі астары анық сезіледі.

«Кімге қандай ойын ұнайды» мысалында
-Келіңіздер, бір-бірімізді сүзіп ойнайық!-деді мүйізді қоңыз Саратан.

-Сүзіскені несі, бұқа болып кеттік пе? Одан да бір-бірімізді теуіп ойнайық!-деді көк Шегіртке.

-Тебісу деген не пәле? Солда ойын болып па?! Оданда бір-бірімізді шағып!-деді Сона.

  Дәл осы мысалдан ақынның берері не, айтпағы не, егер оқырман төменгі сынып оқушысы болса, бірден ұғынбасы анық.  Мысалдың аяқсыздықдығын сезініп, одан әрі жалғасын күтеді. Дегенмен, мысал дәл осы жерден бітеді. Себебі түпкі ой шықты. Бір жағынан, әркім өзіндегі барын пайдаланады, өзіндегісін бұлдайды. Екінші жағынан, әңгіменің сонамен аяқталуы, оның түпкі ойының жүзеге асуымен түсіндірілетін тәрізді. Сона шағу процесі арқылы өз қанағатын тойдырады деген ойда келеді. [4],

Жоғарыда айтқанымдай, мысал аяқсыз, дәл осылай болуыды да тиіс етін, себебі, әр адам өз пайымына жүгініп, өз ойымен қорытады. Немесе,
«Құлақ не үшін керек» мысалында:

-Құлақ не үшін керек? –деп сұрады тәрбиеші тәтей.
-Жеу үшін!- деді атасының жанында көп жүретін қонақшыл балдырған.

-Шерту үшін!- деді бір үйдің шалдуарлау жалғыз ұлы.

-Бұрау үшін!- деді әлден тілазар болып өсіп келе жатқан бала.

-Тыңдау үшін!- деді ақырын ғана ағайынының қолында өсіп жатқан кішкене жетім.

Бұл мысалдандан да аяқсыздық танылады, жалпы мысалдың жанрлық ерекшелігінде аяқсыздық үрдісі заңдылық дейміз.  Дегенмен, алғашқы мысалды (биялай мен қолғап) алсақ, онда аяқсыздық сезілмейді. Ой шарықтау шеңберіне жетіп, дәл аяқталғандай сезіледі. Соңғы мысалдағы балалар сөзі олардың табиғи болмысымен астасып, әр қатысушының тұлғалық сапасын анықтап тұр. Қонақшыл бала «жеу үшін», тілазар бала «бұрау үшін», жетім баланың «тыңдау үшін» деуі әр типтің өзіндік болмысына сай айтылған сөздері. Қадыр Мырза Әлі біздің дәуіріміздегі әлемдік аренаға шыққан қазақ -поэзиясының көкжиегін кеңейтіп, мазмұнын сапаландыруға, көркемдік деңгейін биіктетіп, мәртебесін көтеруге айрықша еңбек сіңірген, «Қазақтың Қадыры» деп танылып, халқы ардақтаған бірегей тұлға, ерекше дарын иесі. Қадыр Мырзалиев жасөспірімдерге арналған өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, мысалдардан тұратын ондаған жинақ беріп, балалар әдебиетін дамытуға да үлкен үлес қосқан, өлеңдері әлемнің көптеген тілдеріне аударылған, өзі де Руми, Гейне, Гюго, Лермонтов, Есенин, Гамзатов, Межелайтис, Петефидің жырларын қазақ тіліне сәтті тәржімалаған көркем сөздің хас шебері еді. Ақынның озық үлгілі туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорын байытқан жауһарлар қатарынан орын алып, ұлтымыздың рухани қазынасына айналып үлгерді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

  1. Қазақ әдеби тілінің сөздігі. – Алматы: Арыс, 2011.

  2. Әдебиет терминдер сөздігі. – Алматы: Жазушы, 2001.

  3. Мырза Әли Қ. Иірім. – Алматы: Атамұра, 2004.

  4. Қабдолов З. Алғысөз // Қ. Мырзалиев. Үш томдық шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы. 1989. – Т. 1.

  5. Ергөбек ҚБаянғұмыр. – Алматы: Жазушы, 1991.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!