Баяндама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің мамандығым- тәрбиеші Мамандық иесі болу үшін ең алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені білім арқылы адамның қабілеттілігі артады, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы

«Қожагелді батыр атындағы орта мектеп- жанындағы интернат» КММ

тәрбиешісі Қалиев Руслан Социалұлы

Мамандық таңдау –

өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. 

Ең қиын мамандық – адам болып қалу.

Хосе Хулиан Марти

Менің мамандығым- тәрбиеші


Мамандық иесі болу үшін ең алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені білім арқылы адамның қабілеттілігі артады, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді. Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болу өз қолымызда. Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық. Бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Сонымен бірге, әр мамандықтың өз ерекшеліктері де бар. Ізгі мамандықтардың бірі-мұғалімдік дер едім. Ұстаз баланы оқытып-тәрбиелеп, елін көркейтер азамат етсе, адам жанының арашасы саналатын ақ халатты абзал жандар – дәрігер мамандығының міндеті.

Менің таңдаған мамандығым – тәрбиеші. Тәрбиешінің еңбегінің күрделігі әрбір баланың жүрегіне жол таба білуінде. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласымен бір сөзбен айтып көрсетіп қоймай, бар жүрегімен және жан – тәнімен сезіне білуі қажет. Мен Қалиев Руслан Социалұлы Қожагелді батыр атындағы орта мектеп- жанындағы интернатында 9-11 сыныбында ұл балалардың тәрбиеші болып жұмыс жасаймын. Еңбек пәні мұғалімі мамандығы бойынша жоғарғы оқу орынды бітіріп, туған ауылыма,өзім білім алған мектебімде жұмыс жасаймын. Менің өмірдегі ұстанымым – жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Күнде жұмысқа келгенде «Сәлеметсіз бе?» , «Қайырлы таң !» деген сөздерін естігенде, бойым серпіліп қалғандай болады. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын.Олардың менен күтетіндері өте көп екенің сеземін. Әр бір күніміз қызықты өту үшін оқу іс – әрекетін , тәрбие сағаттарымды қызықты өтетіндей етіп жоспарлап келемін.Көбінесе жұмысымның ұйымдастыру бөлімінде психологиялық тренингтер, сергіту сәттерінің алар орны ерекше.Әрине жұмысымның басты бағыты тәрбие процесін жүйелі жоспарлау.Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл-күй сыйлай отырып , саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзім жұмыс барысында балаларға бағыт беруші , жол сілтеуші екенімді сезінемін.

Тәрбиеші мамандығының қызығы мен қиындығы қатар жүреді, себебі біз әр баланың өміріне жауаптымыз. Бірақ мен өз мамандығымды сүйгентіктен, одан ляззат аламын.

Оқыту мен тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі патриоттық сезімді дамыту: яғни ұлттық нышандарды тани білу, оларды қастерлей білуге баулу. Мен өз сыныбымда . «Алтын күз», « Денсаулық- зор байлық», «Ұстазға тағзым етейік » ,«Күзгі сыйлық» (жемістер композициясы), «Бала құқығы» , «Елімнің еркіндігі — Тәуелсіздік» сурет көрмесі, «Қош келдің, Жаңа жыл!» т.б.
атты танымдық шаралар өткіздім. Ондағы мақсатым өз еліне, туған жеріне патриоттық сезімдерін қалыптастыру.Сөздік қорын байытып, өз ойларын тиянақты жеткізе білу.

Жалпы оқушыларым оқып білуге деген қызығушылықтары жақсы қалып-тасқан. Жиі кітапханадан қосымша кітаптар алып оқиды,сабақты себепсіз босатпайды, тәртібі, тәрбиелігі жақсы.Балалар арасында бейбіт, ұйымшыл климат қалыптасқан.Бөлмелерін таза ұстау, мектеп формасын кию, асхана кезекшілігін жауапкершілікпен атқаруы, сенбілік жұмыстарын жүргізуде олардың еңбек, көркем –эстетикалық деңгейін өте жақсы деп бағалауға болады.Бір-бірімен тез тіл табысады.Өте ұйымшыл және еңбекшіл. Мектепте өткен пәндер апталықтарында өз білімдерін көрсете білді. Мерекелерге жаппай қатысады. Бір-бірін әрқашан қолдайды. Ұйымшылдықтың арқасында балалар тәрбие жұмысына қойылған мақсаттарға жетті. Интернатта өтілген барлық іс-шараларға жаппай қатысты.  Мен өзімнің «Тәрбиеші» мамандығын таңдағаныма мақтанамын. Өйткене мен елімнің ертенің тәрбиелеп,баулып отырмын.

Ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады. Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып күш иесі. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2023
406
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі